Ұсынылатын әдебиеттер: 4, 8,17, 18,25,34,48
15-тақырып. Қарттық кезең дағдарысы Қартаю үрдісіндегі психофизиологиялық функцияның өзгеруі.
Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік өлшемдері мен факторлары.
Қартаю және психологиялық жас
1. Қартаюдың биологиялық және әлеуметтік өлшемдері мен факторлары.
Адамның соңғы өмір уақытын - қартаю деп атаймыз ( 60-70 жас аралығы ). Б.Д.Бромлей қарттық кезеңнен басқа ( 55-70 жас аралығы ) солу-қажу, 70-тен жоғары кезеңді төмендеу деп атады. Э.Эриксон бойынша, өмірдің соңғы жылдарын кемелденудің соңы деп атаймыз. Өйткені, мұндай атау адам өмірінің аяқталу кезеңінің мазмұнына көбірек сай келетін секілді. Сондай-ақ, бұл кезеңді көптеген адамдарда “қартаю – қуаныш емес” деген түсінігіне сай келе бермейді.
Жо.ғарыда айтып өткендей, кемелддік пен соңғы кемелдікті ажыратып тұратын – бұл зейнетке кету факторы болып табылады. Бұл көбіне кризистік кезеңді тудырады, яғни бұл зейнетке кету кризисі“ де п аталады.
Ең алдымен, әдеттегі тұрмыс салты бұзалады, адам өзін керексіз, тастанды сезініп, ендігі кезекті қоғамдық өмірге қатысы жоқтығын түсінеді. Өзінің әлеуметтік статусының төмнедеуі, жылдар бойы жинақталғаг өмір ырғағының жоғалуы, әдетте, адамның жалпы физикалық және психологиялық жағдайының нашарлауына да әкелуі мүмкін, сондай-ақ кейбір жағдайларда өл імге де әкелуі мүмкін.
“Зейнетке кету кризисі”, әдетте, немерелерінің өзіндік-жеке өмір сүруінің бастауымен тереңдей түседі, әсіресе, өзін жанұяға арнаған әйелдер үшін. Өмірдің соңғы кезеңдерінде биологиялық қартаю процісі тез жүреді. Физикалық күші таусыла бастайды, денсаулықтың жалпы жағдайы нашарлай бастайды, кейбір психикалық функциялардың деңгейі төмендей бастайды, ең алдымен еске сақтау процесі мен ас қорыту мүше лерінің қызметі бұзылады. Бұл регрессивті процестер адамдардың хронологиялық және биологиялық жасына сәйкес әр түрлі сәйкес пайда болып отыратын көптеген адамдарда паспорттық жас психологиялық жасқа негізделіп ке леді.
Қазіргі кезде Қазақстанда әйелдер өмірінің ұзақтығы 80 жас болса, ал ерлер өмірінің ұзақтығы 60 жас болып табылады. Бірақ та, статистикалық мәліметтер бойынша, өлім жастық шақта немесе бөьек кезінде де келуі мүмкін. Зейнетке кету көбіне биологиялық қартаюмен сәйкес келе бермейді, және де материалдық жағдайының төмнедеуіне де алып келеді. Сондай-ақ, өмір серігінің өліміне байланысты, немесе туысқандарын жоғалтумен байланысты да кризис тереңдей түсуі мүмкін.
Э.Эриксон бойынша, қарттық кезеңде “адамның көңіл бөлу фокусы” болашақ туралы уайымдары өткен тәжірибеге ауыстырылады. Одан кейін психологиялық өткен шақ ұлғайып, нақты мерзімдік перспектива қысқарады. Осыменен, психологиялық қартаю, қарттық сезімінің туындауы қалыптасады. Сондай-ақ Э.Эриксон, бұл жерде дамудың негізгі екі сызығын бөліп көрсетті. Егер де адам “өзгелер туралы уайымдап, олардың жағдайларын жасап, өзгелер үшін үлгі болған болса, онда бұл адамда өткен тәжірибесінен қалған жемістерді қайта жаңғырту туралы идеялар туындауы мүмкін. Мұндай адамда өзінің бүкіл өмір барысындағы тұлғалық дамуындағы бағалау өлшеміне байланысты “эго-интеграция” процесі пайда болуы мүмкін”. Э.Эриксонның ойынша, эго-интеграция психо-әлеуметтік кризиске қарағанда қарттық кезеңге маңызды фактор болып табылады. Егер де адамның дамуы прогресс ивті сипатта болатын болса, ол өзінің бүкіл даму жолына қанағаттанып, кәсіби қызмет саласымен қатар, неке мен жанұяда да үйлесімді қатынаста болуы мүмкін. Өзінің шеберлігінің жалғасын өзіннің ұл-қыздарын көргенде, немесе берген тәрбие, білімінің нәтижесіне қанағаттанатын болса, онда адам қарттық кезеңге көңілі толып, келер өлімнен қорықпайды. Тек осындай жағдайда ғана, Э.Эриксонның айтуынша, адам нағыз қарттыққа жете алады, сүрген өмірінің даналығын сезіне алады. Даналық – бұл өлім алдындағы өмірдің шартсыз маңыздылығын саналы түрде түсіну. Егер де, адам өзінің өткен өмірін “жүзеге аспай қалған мүмкіндіктер мен қателесу” деп санайтын болса, онды өмірдің қорытынды кезеңінде оның бойында эго-интеграцияның болуы мүмкін емес. Ал, өз кезегінде, эго-интеграцияның жоқтығы “өмірді қайта жасау” секілді өкінішпен байланысты өлімнен жасырынша қорқуына алып келеді. Мұндай жағдайды Э.Эриксон адамның дамуындағы өкіну-қайғыру кезеңі деп атаған.
2. Қартаю және психологиялық жас.
Жоғарыда атап өткендей, қарттық шақтың белгілерінің бірі – бұл психологиялық қартаю болып табылады. Бұл кезеңде қарт адамдарға өзінің өткен өмірін бағалаудан басқа эго-интеграцияға жету үшін «өмірге қызығушылықтың» қажеттігін атап өтеді. Ол өзінің немерелерінің тәрбиесіне қажет екенін, саяси оқиға-құбылыстарға, денсаулықты нығайтуға арналған дене дене шынықтыру бағдарламаларының және т.б. қажеттілігін де атап өтеді.
Сондай-ақ, қарттық кезеңдегі психологиялық жастың артуы оның міндетті бөлігі болып табылмайды. Өмі рдің соңғы кезеңі болып табылатын бұл жас физикалық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жоғалту уақытыьнда субъективті тартымсыз сипатқа ие болады. И.С.Конның мәліметтері бойынша, қарт өздерін «орта жасқа» жатқызады, тек кейбіреулері өздерін кәрімін деп санайды.
Нақты жағдайда пси хикалық жағдайының нашарлауымен, денсаулығының төмендеуімен, қоғамдық қатынастар шеңберінің кемуімен, материалдық жағдайының төмендеуімен байланысты болған кезде ғана адам кәрілік сезімін, жас өзгеруінің негативтілігін с езінуі мүмкін.
Шығармашылық-кәсіби өмірі ұзаққа созылған адам кәрілік кезеңде де психологиялық жасын үй лесімді сақтап қалады. Қазіргі кезде геронтологтар негізгі назарын кәріліктің медико-биологиялық себептері мен уақытынан бұрынғы өлімнің себептерін апнықтауға бұрып отыр.Бұл мәселелердді шешу үшін әдеттегі өмірді 100-150 жасқа дейін созу керек болады. Геронтопсихологиядағы маңызды мәселелерді шешуде ең алдымен псрхологиялық Дамутерін дұрыс қалыптастыру болып табылады.
Психологиялық жасты өлшеу, ескеру кейде жеке тұлғаның даму спецификасын болжамдауға және түсінуге көмектеседі. Кемелдік кезеңдегідей, қарттық шақта да өзін жас сезінуі жеке тұлғалық өлгемге байланысты болып келеді. Ең соңғы кезең өте маңызды болып келеді. Жеке тұлғаның қарқынды дамуы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, өзін-өзі толық аша білуі кез келген жас кезеңінде болуы мүмкін.
Психологиялық жас хронологиялық жасқа қарағанда ауқымырақ болып ке леді, сондықтан да оны өмірдің сапалығы деп атайды. Адам өзін қашан туылғанын, қандай жастық категорияға жататынын сезінгеннен гөрі, ол қалай өмір сүретінін, өзін қалай сезінетінін, қалай қабылдайтынын сезінген маңыздырақ болып келеді. Біздің эрамыздың басында өмір сүрген Л.Сенеканың айтуынша, «біздің өміріміз алтын секілді, көлемімен емес, салмағымен өлшене білсін, оны іспен өлшейік, уақытпен емес...» деген.
Қарттық кезеңнің дамуының үш нұсқасын бөліп көрсетуге болады:
1. Өмір сүріп үлгеру.
2. Қызмет түрлерінің, әрекет түрлерінің ауысуы.
3. Кемелік кезеңдегі өмір мазмұнын сақтай білу.
Өмір сүріп үлгеру. Бұл психологиялық болашақтан айырылумен сипатта лады. Ол жеке тұлғаның әр алуан бағыттарында орны алуы мүмкін. Адамның гедонистикалық бағыттылығын да өзінің қарттық шағына дейін өмір сүріп үлгермейді. Адамның эгоистік бағыттылығында өмір сүріп үлгеру дамуға тән сипат болып табылады.
Кемелдік шақтан қарттық шаққа өтудегі қызмет түрлерінің ауысуы жеке тұлғаның бағыттылығында да көрініс беруі мүмкін.
Қартаю үрдісіндегі психофизикалық функцияның өзгеруі жайлы Е.Ф. Рыбалко, Б.Г. Ананьевтің, Д.Б. Бромлейдің, М.Д. Александрованың, А.И. Устинованың еңбектеріне сүйенеміз. Онтогенетикалық эволюция адамның қартаюына байланысты өзгереді. Б.Г. Ананьев: «Қарттық кезкңде онтогенетикалық эволюцияға адамның өмірлік жолы мен оның белсенділігі өзгереді», - деп ескертті.
Д.Бромлейдің айтуы бойынша, адам психикасында жағымсыз өзгерістер болады. Адамның өмірлік қабілеті білім жағына емес, сондай-ақ тақырыптарға да байланысты. Осндай ғалымдардың көзқарастары өзгерген жоқ: қарт инженерлерде – вербалды емес функциялар көп, қарт бухгалтерлер жастар сияқты арифметикалық әрекеттерді жылдам әрі жақс орындайды. М.Д. Александрованың зерттеу қорытындысы бойынша өткір көз, жақсы көру ұшқыштарда, қартайған шақта да сол қалпы қалады.
Көптеген зерттеушілер психологиялық өзгерістерді аналогиялық турде сипаттайды:
Интеллектуалды тоқырау;
«ішкі дүниеге» эмоционалды күтім.
Қарттық шақта тек регрессивтік құбылыс қана емес, сонымен қатар даму кезеңі жүреді. Қартайған кезде адамда «керегі жоқтық», «жарамсыздық» және т.б. сезімдер болады. Бұл жаста интеллектуалды және шығармашылық белсенділік жақсы көрінеді.
Геронтогенезде болатын эволюциялық – инволюционды үрдіс бүкіл онтогенез бойы жүреді.
Индивидуалды жастық өзгерістер геронтогенездің басты белгісі болып табылады. Индивидуалды ерекшеліктер үлкен рөл атқарады. Сөзге жасалған эксперименттер қорытындысы бойынша, қартайған шақта сөз қоры көп екені дәлелденген. Есту қабілеті 40 жастан бастап төмендей бастады. Орташа диапазондар өзгерісі көп болмайды. Бояу сезімталдығы 25-80 жас аралығында төмендейді, бірқалыпты болмайды. 50 жасқа дейін сүйек тістері өзгермейді, 50 жастан кейін біртіндеп өзгереді. Ал көз мөлшермен өлшеу, көрудің сенсорлығы 69 жасқа дейін өзгермейді. Көрудің өткірлігі мен көлемі ерте нашарлай бастайды (50 жаста). Дене бөлімдерінде сезімталдық әр түрлі және өмірлік мәні арқалай болады. Логикалық ойлау жақсы сақталып, образды ойлау керісінше тез нашарлайды. Көптеген ақыл-ой дағдыларына қартаю еш әсерін тигізбейді. Бірақ ақыл-ой және дене қимыл қозғалыстар жылдамдығы азаюы мүмкін. Есте сақтауға әдістемелер, тесттер жүргізгенде қарт адамдар толық, нақты, түсіндірген жағдайда ғана бірқалыпты жақсы қорытынды алуға болады.
Бірақ жастармен салыстырғанда , әрине, олардың көрсеткіштері төмен болады. Деменция деп танымдық үрдіс дефектілерін айтамыз (амнезия, жеке бастың өзгеруі, кемақылдылық). Көптеген адамдар осы кезеңде кем ақылдылықты міндетті түрде кездесетін құбылыс түрінде қарастырады. Геронтологтардың айтуынша, бұл кезде деменция құбылысының басымдылығы туралы мағлұмат әсіресе үлкейтіліп алынған. Деменция барлық жағдайда шындыққа сәйкес келмейді. Қарт адамдардың кейде еске сақтауының әлсіздігі, сананың шатасуы адамдар арасында жалған түсініктің дамуына үрткі болады. Тағамның дұрыс болмауы, үнемі ұйқының дұрыс ұййымдастырылмауы, депрессия, қорқыныш, үрей, т.б. қарт адамдардың ғана емес, сонымен қатар жастарда да ойлау үдерісінің бұзылуына әкеледі. «Кемақылдылық» диагнозы қойылып, Альцгеймер ауруының бір формасымен ауыратындар саны аз мөлшерде кездеседі. Бұл ауру кезінде ми жасушалары прогрессивті түрде өзгереді. Альцгеймр ауыруының шығу себептері әлі де зерттелмеген.
Қарттық кезеңдегі жекебас.
Қартаю өмірдің бір сатысы, оның мәртебесі өзгереді, зейнеткерлікке шығады. Бұл сатының ерекшелігі келесі сатыға ауыспайды: Қоршаған ортасы, дене әл-күші азая бастайды. Қартайған шақта көмек сұрау, әлсіз болу көптеген қарт адамдардың психологиясына әсер етеді. Кейбіреуі тез бейімделіп, ал кейіреуі көпке дейін бейімделе алмай жүреді.
Қарттық шаққа бейімделу жайлы бірқатар теориялар бар. Мысалы: Д.Левинсон мен Э.Эриксон қартаю кезінде даму сапаларын қарастырған. Басқалары жеке тұлғаның дамуы тоқтамайды деп айтқан. Қартаю кезеңі ерлер мен әйел адамдарда түрліше болады. Ер адамарда әйел адам мінезіне тән рекшеліктер пайда болса, әйел адамдарда керсінше агрессивті, басшылық мінез көріністері басым келеді. Бұл шақта жұмыстан босатылудың әсері ерекше. Зейнеткерлікке шығу немесе жұмыстан босап қалу денсаулығына, қаражатына, әріптестерінің қатынасына ықпал етеді. Егер адам жұмыстан етуін өзі алдын ала ұйымдастыра, оған зейнеткерлікке шығу оңай болады.
Мәртебенің өзгеруі жанұяға, жеке аралық қатынастарға да байланысты болады (апа-ата болу, науқас жұбайын күту және т.б.), жолдасынан, жақын достаррынан айырылу қартайған кезде қатты күйзеліске әкеледі. 65 жастағылар арасында жесір әйел адамдар ерлерге қарағанда 5 есе көп. Олар екінші реет тұрмысты сирек құрайды. Қартайғанда жалғыздық оларға үлкен әсерін тигізеді. Еңбекке қабілеттің дамуы, байланысы бұл шақта анық көрінеді. Толық дамымаған жеке тұлғаларда еңбекке қабілеті жақсы болмайды. Қартайған шақта келесі жеке тұлғалар өзгеруді шығармашылық белсенділігін, еңбек қабілетін сақтаған: Г.Галилей, И.Кант, Ламарк, И.Павлов (73-77 жас аралығында соңғы еңбектерін жазған), Вальтер, Гюго, Микеланджело, Ренуар, Колд Мане. Қарайғанда шығармашылық еңбек қабілетін сақтауға және жоғары шығармашылық қабілет иесі болуға келесі факторлар әсер етеді:
- қызығушылығының кеңдігі, белсенділік, әр түрлілік;
- өзін-өзі ұйымдастыру;
- өз жұмысына сын көзбен қара;
- адекватты өзін-өзі бағалау;
- креативтілік;
- мотивтер;
- мақсатына жетудегі тұақтылық;
- еңбек сүйгіштік.
Қартаюдағы даму.
Интеграция күрделі жекебастың мінздемесі, жекебас дамуының кезеңі, мұнда өзіне қатынасы, өміріне деген көзқарасы, қоғамға және адамдарға қатынасының қосындысымен анықталады. Бұл кезеңде адам өз өмірін сол түрінде қабылдап, жетістіктер мен жеңілістерге келісіп, өмірін өкінбей өткізуге, өмірінің жаңадан бастамайтынына көну жағдайында болады. Мұндай адам өзін, өмірін қорғауға дайын болады.
Бұл интеграцияға жеткенде адам үшін өлім қорқынышсыз болып келеді.
Д.Бромлей қарттық шаққа үйренудің, беййімделудің 5 түрін көрсеткен:
1. Конструктивті жағдай: адам іштей тыныш, қоршаған ортамен эмоционалды жақсы, өз-өзіне қатынасы сыни жағдайда болады. Қартаюды факт деп қабылдайды, өлімді дұрыс құбылыс деп қарастырады. Мұндай адамдар қоғамда беделі бар болып, солардың көмегіне сенеді.
2. Тәуелділік белгісі: индивиттерге тән; пассивті, басқаларға тәуелді, ұмтылмайды, өз жұмысын ерт тастайды, жанұя, ортасы оларға көмек корсетеді, сондықтан оларда эмоционалды ауытқушылықтар, күйзеліс болмайды.
3. Қорғаныс: жұмысқа берілген адамдар. Өз мәселелері жайлы айтқысы келмейді. Өлімнен қорқады, сыртқа белсенділік көрсетпейді.
4. Өшпенділік: «Кекшіл аталарға» тән , агрессивті, достарына, жақын адамдарына, қоғамға ескертулер жасайды. Өлімді адекватты қабылдамайды, жастарға қызығады, өлімге қарсы тұрады, қорқады.
5. Өз-өзіне бағытталған өшпенділік: өткен жағымсыз жағдайлар мен қиыншылықтарды ойламайды, еске алғысы келмейді, қарттыққа қарсыласпайды, өмір соққыларын пассивті қабылдайды, махаббатқа қанағаттанбау, депрессия, қайғыдан босау үшін өлім керек деп қарастырады.
Жоғарыда айтылған ерекшеліктер адамдарда жеке бастың түрлі мінездерінде кездеседі.
Е.М.Храпавицкая қартаю үрдісін төмендегідей сипаттайды:
Жағымсыз белгілері:
- Регрессия – әрқашан көмекке шақыру;
- изоляция;
- қоршаған орта қызығушылығын өзіне қарату;
- кемелдену шағын сақтап қалу;
- жаңаға қызығушылығының болмауы;
- өткізіп алған мүмкіндіктерге өзін кінелеау;
- эмоционалды тұйықтылық;
- басқалардан көмек қажет етпеу;
- жалғыздық, жарамсыздық сезімі;
- өлімнен қорқу;
- қайғы қасіреттен құтылу үшін өлімді қарастырады;
- сыртқы дүниеге өз кемшіліктерін көрсетпеу.
Жағымды белгілер:
- жақсы, ұйымдасқан, позитивтілік;
-өз-өзіне сенімділік;
-әлеуметтік белсенділікті сақттау;
-өзін-өзі рефлекстеуге қабілеттілік;
-жабысқақ құндылықтарға қарсы түралы;
-өз бетімен білім алу, демалу;
-өз денсаулығын күту;
-жақсы көңіл – күй;
-өлімге қалыпты, дұрыс жағдай сияқты қарау;
-жастарға жақсы қарау;
-өлім алдында өмір мәнін түсіну.
Сонымен, қартаю басқа жастық кезеңдері сияқты даму кезеңі болып табылады, сондықтан бұл кезде өмір мәне мен мақсатын түсінеді, жеке бастың прогресивті және регрессивті де өзгеруі мүмкін. Жас ерекшелік кезеңінің бір бөлімі геронтопсихология болып табылады. Геронтопсихология дегеніміз қартаю, ұзақ өмір сүру, қарттықтың психологиясын зерттеу болып табылады. Неміс геронтологтарының зерттеулері бойынша, әйел адамдардың ер адамдарға қарағанда қартаюы сылбыр өтеді. Бұл кездегі белсенділік жеке басты сақтап қалу үшін немесе индивидуалдылықтың әлсіреуі мен психофизиологиялық функцияда өшу барысын «өмір сүруге құлшыну». Бұл екі нұсқау бейімделу заңына бағынады, бірақ өмірдің түрлі сапаларын көрсетеді. 60-70 немесе 80 жастағыларға қарағанда 90 жатсағылар туралы мағлұматтар ғылыма аз кездеседі. Шын мәнісінде адам қанша жыл өмір сүре алады деген сұраққа геронология 120дан 180 жас деп көрсетеді. Қарттық кезеңнің тағы бір ерекшелігі – шығармашылық қабілеттерінің өріс алуы. Жапон суретшісі Хокусайдың айтуынша, оның 73 жасқа дейін салған суреттерті түк те емес, оның айтуынша, оның шығармашылық толысуы одан кейін басталған. Тициан өзінің керемет шығармаларын 100 жасқа келгенде салым дейді. Верди, Рихард Штрауз, Щютц, Сибелиуз, т.б. өздерінің музылық шығармаларын 80 жаста шығарған дейді.
Танатология (грек сөзі - «танатос» - өлім) адамның өлімінің бағытын зерттейді. Өлім адам өміріндегі сыни жағдаяттың бірі олып табылады. Физиологиялық жағдайда өлім барлық өмірге қажетті функционалдың тоқтауының көрсеткіші. Психологиялық деңгейде ол жақын адамдармен туған-туыс, дос жарандарға жеке тұлғалық мәнділігін көрсетеді. Өлу дегеніміз жақсы адамдарды тастап, өзін жеке тұлға ретінде сезінуді тоқтату. Осы уақытқа дейін өлім туралы тақырыпта зерттеулер жүргізілмеді. Кейінгі кездері психологтар бұл тақырыпта кеңінен қарастыуға кірісті. Американ зерттеушілерінің зерттеулеріне қарағанда, қарттық кезеңде адамдар өлімге жастарға қарағанда жеңілірек қарайды. Жастардың егер саған өмір сүретін уақытын 6 ай ғана болса, сен бұлл уаақытты қалай өткізер едің деген сұраққа, олар бұл уақытта серуен, саяхат немесе аяқталмай қалған істерімді аяқар едім деп жауап береді. Қарттардың алдына қойған мақсаттары мен құндылықтары басқадай. Олар көбінесе рухани, медитация, т.б. мәселелермен шұғылданар едім деп жауап береді. Зерттеуге қатысқан адамдардың тек 10 %-ы « өлімен қорқасыз ба?» деген сұраққа «ия» деп жауап береді. Зерттеуге қатысқан адамдардың келесі қорқынышы өлім үрдісінің ұзақ, аурушаң түрде өтетіндігіне де алаңдаушылық білдірді. Элизабет Кюблер – Росс өлімді жүйелі түрде зерттеушілердің алғашқы бірі болды. Кюблер – Росс өлім үрдісіне байланысты 5 деңгейді атайды: Бекерге шығару, ашу, саудаласу, депрессия, қабылдау.
Бекерге шығару дңдейінде адам өзінің өлімін мойындаудан бас тартып, әртүрлі диагнозармен пікірлерді ұстанады.
Адам өзінің өлімін сезінген кезде, оның қоршаған ортаға деген ашу-ыза сеімі кернейді. Өлгелі жатқан адам өзінің бболашаққа құрған жоспарларының іске аспайтындаған сезініп, ашу, ыза жағдайында болады.
Саудаласу деңгейінде адам өзінің өмірін ұзарту үшін барлық әдістерді жасауға ұмтылады. Ол дәрігерлерен, Құдайдан, басқа адамдардан көмек сұрайды.
Саудаласу деңгеййінде жетістікке жетпегендіктен, адам депрессияға түседі. Бұл кезеңде адам туған-туыс, дос-жарандармен қошасып қайғырады.
Соңғы деңгейе адам өзінің өлімін сезгеннен кейін тағдырға бой ұсынып, өлімді қабылдайды.
Өлімнің бұл деңгейлерінің барлығын өту міндет емес. Бірден өлмейтін адамдар өзерінің өлетіндігін қабылдайды. Олар өздерінің соңғы сәттерін өткен өмір туралы ойлар құшағында өткізеді. Қарттық кезеңде адам өзін-өзі тануға ұмтылады. Аамның соңғы сапарда кетудің де бірнеше жолары бар. Соның бірі хоспис.Хоспис - өзінің соңғы сапарын тәуелсіз, жекелей өткізуде ауру адамдарды госпитализациялаудың жүйесін айтамыз. Эвтаназия («жақсы өлім») үмітсіз аурумен ауратын адамдар да өлімді туғызатын дәрігер іс-әрекетін айтамыз.