Рөлдік ойындар - тиімді интербелсенді әдістердің бірі.Педагогика саласында зерттеу жүргізетін ғалымдардың басым көпшілігі оқу/оқытудың ойын әдістерін кәсіби дамуды қамтамасыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсілдер деп есептейді. Өйткені іс-әрекет арқылы үйрену/үйрету – танымның ең тиімді тәсілі екендігі баршаға аян: адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөлдік ойындар студенттердің өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолдарымен» жасауды меңзейді.
«Ойын» сөзі сабақта инсценировканың орын алып, әрекеттердің спектакль түрінде көрсетілетіндігін меңзейді. Ал «рөлдік» сөзі әр қатысушының белгілі бір рөл орындайтынын және де бұл рөлдің басқа рөлдердің қатарында болып, олармен тығыз қарым-қатынаста болатындығын білдіреді. Бұл қарым-қатынас өмірде орын алған қарым-қатынастарды қайталайды, сол себепті де рөлдік ойындар қоғамда кең етек алған проблемалар мен оларды шешудегі тиімді әрекеттерді меңгеруді мақсат тұтады. Мұнда студенттер пікірталастағыдай өз түсініктері мен көзқарастарынан туындаған позицияларды ұстанбай, өздерін басқалардың орнына қояды.
Бұл әдіс студенттерде жинақталған теориялық білім, практикалық тәжірибе, өмірде ұстанатын құндылықтарды еркін түрде меңгеру және қолдану дағдыларын қалыптастырады. Рөлдік ойындарда студент өзінің теориялық білімдерін өмірде (практикада) кездесетін ситуациялар мен жағдаяттарда қолданады. Ол мұндай ойындарда проблемалардың мазмұны мен мән-жайын дұрыс түсінетіндігін көрсетеді, олардың шешу жолдарын қарастыру арқылы өзінің шығармашылық (креативтік) деңгейін дамытады.
Рөлдік ойындарды жүргізу алдында оқытушының әдістемелік тұрғыдан жан-жақты дайындалуы шарт, ол әсіресе келесі мәселелерді алдын-ала мұқият талдап алуы керек:
ойынды өткізудің әдістемесі (ойын шарттары мен ережелері, мақсаттары, кезеңдері, қатысушылар, т.б.);
ойынның мүмкін нәтижелерін болжау;
ойынның нәтижелерін қорытындылау.
Рөлдік ойында студенттердің тобы бүкіл қоғамның кішірейтілген моделі немесе қоғамдық процестің бір көрінісі ретінде қарастырылып, оларға ойын түрінде қоғамдық қатынастарды (проблемаларды, ситуацияларды, т.б.) қайталау, модельдеу, имитациялау, «ойнап шығу» тапсырмасы беріледі. Сол себепті де рөлдік ойындардың басты тақырыбы – «қоғамды» ойнау, қоғам проблемаларын қарастыру және талқылау.
Рөлдік ойындарда қатысушылардың топтары әртүрлі қоғамдық топтардың рөлдерін орындап, мәселен: мемлекет, өкімет, парламент, партиялар, бизнес өкілдері немесе субъектілері (компаниялар, фирмалар, кәсіпорындар, банктар, жинақтаушы қорлар), жалдамалы жұмысшылар немесе әлеуметтік топтар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мемлекеттік бюджет тарапынан қызмет жасаушылар), әлеуметтік сипаттағы келесідей ситуацияларды «ойнайды»:
- парламентте заң қабылдау немесе заңға өзгертулер енгізу,
- парламентте өкімет әрекеттерін партиялар мен әлеуметтік топтар тұрғысынан талдау және баға беру (мысалы, экономикалық дағдарыстан шығу саясаты),
- парламент немесе өкімет отырысында әлеуметтік топтардың ахуалын қарастыру,
- келісім шарт жасау (мемлекетаралық, мемлекет пен жекеменшік компаниялар, компания мен қызметкерлер арасында),
- қызметкерлерді таңдау (кастинг) және жұмысқа қабылдау,
- компанияның бір жылдық (тоқсандық) жұмысын талдау және бағалау,
- компанияның дағдарыстан шығу жолдарын талқылау,
- компанияның рынокқа шығу мақсатында өз өнімдерін презентациялау,
- компанияның даму мәселелерін талқылау және т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер:12, 14,22,33
№ 9-Семинар тақырыбы: Кәсіби акмеологияда креативтілікті дамытудың психологиялық негіздері
Акмеологиялық бағыттылыққа аса сəйкес келетін ойын технологиясы – бұл нақты жағдаяттарды зерттеу негізінде оқыту (кейс-стади).
Кейс-əдіс – бұл миниатюрадағы іскерлік ойын, себебі ол кəсіби іс-əрекетті ойын əрекетімен үйлестіреді. Аталған технологияның мəні бойынша, оқу материалын білім беруші микропроблема түрінде ұсынады, ал білімді шешімді құрастыру бойынша белсенді зерттеуші жəне шығармашылық іс-əрекет нəтижесінде меңгереді. Аталған технологияның негізгі мақсаты ретінде білімгерлерді белсендіру алынады, ол өз кезегінде мамандарды кəсіби даярлаудың тиімділігін арттырады, сонымен бірге оқу мотивациясының деңгейін білімгерлердің оқу үдерісіне деген кəсіби қызығушылығын ынталандыру есебінен өзгертеді.
Қатысушылар шынайы өмірлік жағдайды талқылауға енудің нəтижесінде белсенді позицияны ұстанады. Олар ойдан құрастырылған емес, нақты деректер мен оқиғалармен кезігеді. Бұл əдістемеде топ үлкен рөл атқарады, сондықтан талқылау кезінде өңделетін идеялар мен ұсынылатын шешімдер бірлескен күшқуаттың жемісі болып саналады.
Ең алдымен, ойынның қарым-қатынас, оқыту жəне өмірлік тəжірибені жинақтау құралы ретінде күрделі əлеуметтік-мəдени феномен болып табылатынын ескеру қажет. Күрделілік ойынның формаларының алуан түрлілігімен, оған серіктестердің қатысу тəсілдерімен жəне ойынды жүргізу алгоритмдерімен анықталады. Ойынның əлеуметтік-мəдени табиғаты оны оқытудың алмастыруға болмайтын элементі етеді.
Ұсынылатын әдебиеттер: 9,11,16,35,40
№ 10-Семинар тақырыбы: Мен кіммін?
1. Оқытушы сабақта қарастырылып жатқан тақырып бойынша кемінде екі шешімі (немесе екі позиция, пікір, көзқарас ұстануға мүмкін) бар проблеманы студенттерге жария қылады.
2. Студенттер төрт адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.
3. Топ ішінде студенттер қарама-қарсы көзқарастар бойынша екі-екіден бөлініп, жұптаса отырып, өз позициясын қорғауға дайындалады (бұл жерде студенттер жұптарға өз қалауы бойынша немесе тіпті оқытушы нұсқауымен бөлінуіне болады).
4. Жұптар уақытша бұзылып, студенттер аудитория ішінде өз жақтастарын тауып, басқа жұптар құрып, өз дәлелдерімен бөліседі, оларды толықтырады.
5. Студенттер алғашқы жұптарына қайта оралып, басқа студенттерден естіген дәлелдерін ортаға салып талқылайды, алдағы пікірталасқа дайындалады.
6. Жұптар топ ішінде кезекпен екінші жұпқа өз позициясын жеткізеді. Қарсы жақ мұқият тыңдап, туындаған ойларын қағазға түртіп отырады.
7. Екі жұп бір-біріне сұрақтар қойып, жауап беріп, өз ұстанымдарын жақтап, пікірталасқа кіріседі.
8. Пікірталас тоқтатылып, екі жақ келісім мен мәмілеге келетіндей ортақ шешімді іздестіреді. Мұнда әр жақтан ұтымды дәлелдер ескеріледі.
Ұсынылатын әдебиеттер: 13,19,23,38,42,45
№ 11-Семинар тақырыбы: Кемелдену кезеңі
Мақсаты: Кемелдену психологиясы мәселесі бойынша ғылыми мақалаларды талдау дағдыларын қалыптастыру.
Тапсырма: эмпирикалық зерттеуді қарастырған Даму психологиясы мәселесі бойынша мақалаларды конспектілеу және талдау(кейінгі 2-3 жылдағы «Вопросы психологии», «Психологический журнал» мерзімдік басылымдарын қарау). Мақаланың Даму психологиясы мәселесіне арналғанын дәлелдей алу; зерттеу мақсатын қалыптастыру; мақаладағы ғылыми зерттеу қандай міндеттерді шешетінін түсіндіру; зерттеуде қолданылған Даму психологиясы әдістерін анықтай алу.
Өткізу барысы: топ 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Топтарда дайындалған мақаланың конспектісі талданып, жақсысы таңдалады. Топ таңдалған конспектіге сүйене отырып тапсырма орындайды, баяндамашыны таңдайды. Баяндамашы жұмыс қорытындысын мәлімдейді.
Өткізуге әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін оқу әдебиетін қарастыру:
Бақылау сұрақтары
«Ересек» деген түсініктің күрделілігін ашып көрсет.
Ересектік кезеңге жетудің критерилерін ата.
Ересектік кезеңнін әлеуметтік даму жағдааятының ерекшелігі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер: 6, 8,1 16,17,21
№ 12-Семинар тақырыбы: Эриксон бойынша есею кезеңдері
Сабақтың бұл кезеңінде оқытушы студенттердің өздерінің жаңа біліміне баға беру процесін ұйымдастырып, болашақта (сабақтан кейін, ертеңгі күні) жаңа білімді қалайша өздігімен толықтыру және жетілдіру ісімен айналысатындығы туралы ойларымен бөлісуге шақырады.
- Презентация. Кезекпен әрбір топтың атынан бір студент (шешен, спикер) ортаға шығып, берілген уақыт ауқымында (1,5-2 минут) плакатта келтірілген өз тұжырымдарын жария қылады, оларды қорғайды, оқытушы мен басқа топтардың сұрақтарына жауап береді.
- Қорытындылау. Оқытушы әр топ келтірген шешімдердің тиімді жақтарына тоқталып, қысқаша комментарий береді. Өз тарапынан проблема шешудің басқа да жолдарын ұсынады, сол тұрғыдан студенттерді өз тұжырымдарына толықтыру мен өзгертулерді енгізуді сұрайды.
- Толықтыру. Студенттер топ ішінде (2-3 минут) өз ұсыныстарын тағы да бір рет сараптап шығып, жасаған өзгертулері жайында аудиторияны хабардар етеді.
- Бағалау. Студенттердің алған білімдерін анықтау мақсатында оқытушы оларға жекелей жазу жұмысын орындауды тапсырады (6-10 минут). Жазу жұмысының Эссе, Еркін жазу, Дөңгелек үстел, т.б. тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы орынды.
- Жариялау. Егерде уақыт жеткілікті болса, студенттер топ ішінде өздерінің жазғандарын әріптестеріне оқып береді. Әр топтан бір жұмыс (студенттің қалауы немесе басқа студенттердің тілектері бойынша) бүкіл аудиторияға оқылады. Оқытушы барлық студенттерден жазба жұмыстарын жинап алуына болады немесе тек өзіне тексеру үшін керекті жұмыстарды жинап алып (мәселен, оншақты жұмыс), қалған жұмыстарды қабырғаға іліп қойып, үзілісте студенттердің олармен танысуды және бағалауды (мәселен, ұнаған жұмысқа жағымды комментарий жазылған постер іліп қоюға болады) сұрайды.
Оқытушы тексеру үшін жиналып алынбаған жұмыстар студенттердің портфолиосында болуы керектігі туралы ескертеді.
- Үй жұмысы. Сабақта меңгерген жаңа білімдерін тереңдету мақсатында оқытушы студенттерге тапсырмалар беріп, олардың орындалуын жазбаша түрде (мәселен, 3-4 беттік эссе немесе кесте, схема, график, жоспар, т.б. түрінде) келесі сабақта өткізуді тапсырады.
- Қорыту. Оқытушы сабақта қарастырылып, өз шешімін тапқан проблемаларға қысқаша тоқталып, бір-екі студенттен сабақтың қалайша өткендігі («Ұнады-ұнамады, Пайдасы бар – пайдасы шамалы» тұрғысында) туралы пікірін сұрайды.
Ұсынылатын әдебиеттер: 7, 18,21,26,47
№13-Семинар тақырыбы: Кемелдену және қарттық шақ ерекшеліктерінің мазмұны
Мақсаты: Даму дамуы жайлы психологиялық білімдерді бекіту.
Тапсырма: негізгі ұғымдарды қолдана отырып жас кезеңдерін сипатта:«жаңадан пайда болу», «дағдарыс», «дамудың әлеуметтік жағдайы», «іс-әрекеттің жетекші типі».Баланың ақыл-ой дамуын суреттеп, тұлға қалыптасуының алғышарттарын қарастыр.
Өткізу формасы: кіші топтардағы жұмыс.
Өткізуге әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін оқу әдебиетін қарастыру:
Ұсынылатын әдебиеттер: 8,11,16,19,26
№14-Семинар тақырыбы: Кемелдену кезеңіндегі дағдарыс
Мақсаты: Даму дамуы жайлы психологиялық білімдерді бекіту.
Тапсырма: негізгі ұғымдарды қолдана отырып жас кезеңдерін сипатта:«жаңадан пайда болу», «дағдарыс», «дамудың әлеуметтік жағдайы», «іс-әрекеттің жетекші типі».Баланың ақыл-ой дамуын суреттеу-сөйлеу, қабылдау, зейін, ес, ойлауды дамыту.
Өткізу формасы: кіші топтардағы жұмыс.
Өткізуге әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін оқу әдебиетін қарастыру:
Ұсынылатын әдебиеттер: 4, 8,17, 18,25,34,48
№15 -Семинар тақырыбы: Қарттық кезең дағдарысы
Мақсаты: психикалық даму мәселесіндегі дүниеге көзқарастық тұрғыдан келуді қалыптастыру.
Тапсырма: Л.С.Выготский еңбегін конспектілеу. История развития высших психических функций. Собр. соч. Т. 3. М. , 1983.Дамудың негізгі генетикалық заңын қалыптастыру.
Өткізу формасы: топтық пікірлесу.
Өткізуге әдістемелік ұсыныстар: бұл сала бойынша білімді тереңдету және кеңейту үшін, студенттердің өзіндігін дамыту үшін оқу әдебиетімен өзіндік жұмыс жасау керек, яғни конспектілеу және интеллектуалдық мәселелерді шеше алу іскерлігі.
Ұсынылатын әдебиеттер: 5,9,12, 18,27,36,45
Достарыңызбен бөлісу: |