Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2017-2018 учебном году


,8,9 -сыныптарға ұсынылған бақылау жұмыстарының нормалары



бет24/67
Дата20.06.2018
өлшемі2,45 Mb.
#43681
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67

6,8,9 -сыныптарға ұсынылған бақылау жұмыстарының нормалары

Оқу жылы бойы алған білім деңгейлерін анықтау мақсатында 5 бақылау жұмысын өткізуді ұсынамыз.



    1. Бастапқы бақылау жұмысы (тест). Алынатын бұл жұмыс түрі былтырғы оқу жылындағы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тестің 20 сұрағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 6- сынып 60-70 сөз, 8-сынып 80-90 сөз, 9-сынып 90-100 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары - 20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға

  • 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл. «2» деген баға қоймауды ұсынамыз. Себебі, оқушының оқу жылының бірінші күнінен бастап пәнге деген қызығушылығы мен ішкі уәжі жоғалады.

1 бақылау жұмысы - І оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы І тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша (мәтін тыңдалады, тыңдалған мәтін бойынша тест түріндегі сұраққа жауап береді), 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі

бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.

2 бақылау жұмысы - ІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойыншабағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.

3 бақылау жұмысы - ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.



4 Жылдық бақылау жұмысы (тест) - оқу жылының қорытындысы бойынша алынады. Алынатын бұл жұмыс түрі жыл бойы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 15 сұрағы лексико- грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (2 мәтін беріледі. 5-сыныпта 50-60 сөз, 6-сынып 60-70 сөз, 7- сынып 70-80 сөз, 8-сынып 80-90 сөз, 9-сынып 90-100 сөзден тұрады) . Барлық тест сұрақтары-25, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға

  • 33-40 балл, «4» деген баға 25-32, «3» деген баға 9-24, «2» деген баға

    1. балл.



Лексика–грамматикалық тест үлгісі 6-сынып


      1. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз

  1. к, қ, п, с

  2. х, р, м, т

  3. ж, б, з, ң

  4. л, ғ, у, д

  5. ц, ч, Һ, н
      1. Төмендегі берілген мақалдан септік жалғауы бар сөзді тап.


Жолдасы көптің – олжасы көп.

  1. жолдасы

  2. көптің

  3. олжасы

  4. көп

  5. олжасы көп
      1. «Ровесники» сөзінің аудармасын табыңыз.


  1. құрдас



  1. құрбы

  2. дос

  3. адал дос

  4. жан дос
      1. Сөздердің қайсысы туынды түбір, көрсетіңіз.


  1. аспанда

  2. сызғыш

  3. аста

  4. ақылым

  5. менде
      1. «Данияр» сөзінде неше буын?


  1. 3

  2. 4

  3. 5

  4. 2

  5. 6
      1. Біз отыр...


A)-мыз

  1. -сыңдар

  2. -сыздар

  3. -мын

  4. -сың
      1. Ауыспалы осы шақтағы сөз тіркесін табыңыз.


  1. ән салмақ.

  2. ұзақ қарап отырды.

  3. ашық айтамын.

  4. жақсы түсіндіңіз бе?

  5. біз тыңдадық.
      1. «Читатель» сөзінің аудармасын табыңыз.


  1. оқытушы

  2. оқу

  3. оқырман

  4. оқушы

  5. жабдықтау
      1. Заттың түр-түсін, сапасын, дәмін білдіретін сөз табы


А) зат есім В) етістік С) сын есім

D) сан есім Е) есімдік


      1. Келер шақтағы етістікті табыңыз.


  1. кешікті

  2. айтқан

  3. отыр



  1. жүзеді

  2. айтты
      1. Етістіктің жедел өткен шағын табыңыз.


А) жеткізер В) жеткізген С) жеткізді

D) жеткізеді Е) жеткізетін


      1. «Арық ...» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз.


А) қалам В) аспан С) ағаш

D) қой


Е) дәптер
      1. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты ... !


А) қайтар В) қорға С) өткіз

D) апат Е) күрес


14.Септеулік шылауды көрсетіңіз


А) туралы, арқылы, үшін В) әрі, бен, және

С) себебі, өйткені, сондықтан Д) бірақ, дегенмен, алайда

Е) сонша, сондай, соншалық

15. Болымсыз етістікті көрсетіңіз


A) жиеніме B)айналсам

  1. тәрбиеле

  2. досыма

  3. бармады



Оқылым тапсырмаларының үлгілері


Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз. Қолғанат

Аслан шаруаға ұқыпты. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайды. Ағайынды бесеуіміз. Аслан бәрімізден үлкен. Ол күнде бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Аслан әуелі кішкентай қарандасымызды жуындырады да, шашын тарап, өріп береді. Содан соң бәрімізге шай қайнатып береді. Бәрімізді мектепке шығарып салады.

Анам оған: «Менің қолғанатым!» - дейді.

1.Бір үйде неше ағайынды бар?


A) бесеу

B)алтау


  1. үшеу

  2. төртеу

  3. екеу
  1. Мәтінде қандай синоним бар?


А) қолғанат, көмектесу В) жуындыру, өру

С) көмек, жұмыс

D) қарындас, ағайын Е) ояну, шығарып салу

  1. Мәтіндегі негізгі ой қандай?


А) қамқор болу, көмектесу В) адал болу, ренжітпеу

С) тазалықты сақтау, шашын өру

D) ерте ояту, шай қайнату Е) шай қайнату, жуындыру

  1. Әуелі кімді жуындырады?


А) қарындасын

В) кішкентай қарындасын С) інісін

D) кенже інісін Е) сіңлісін

  1. Аслан қандай


А) ұқыпты, тап-тұйнақтай таза В) қамқор, әділетсіз

С) кішіпейіл, адал

D) сыпайы, өтірікші Е) атақты, ұқыпты

Тыңдалым тапсырмаларының үлгілері


Мәтінді тыңдап, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Есеннің ойыншық машинасы бар. Машиналы болғалы Есен қатты өзгеріп кетті. Бізбен ойнамайды. Өзімен-өзі. Бірде жақын келіп: «Айдап көрейінші», - деп өтіндім.

  • Жоқ,- деді Есен.- Мен жүргізушімін. Жүргізуші рульді ешкімге бермейді. Папам айтқан.

  • Бұл шын машина емес қой, - деймін. - Бәрібір, - дейді Есен...

Бірде Есеннің машинасы жоғалып кетті.Ал сапарға кеткен шешем інім екеуімізге екі машина әкеп берді. Қуанышымызда шек жоқ. Есік алдында ойнап жүрдік. Есен бізге қызыға қараумен болды.

  • Еркін, - деді інім маған. - Бізде машина екеу ғой. Біреуін Есенге сыйлайық.

Мен Есенді аяп кеттім. Машинаны Есенге ұсындық. Есеннің жүзі жайнап шыға келді.



Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:


  1. Есен неге қатты өзгеріп кетті?

А) машиналы болғалы В) ойыншық алғалы С) өзімен-өзі ойнағалы

D) шофер болғалы Е) папасы айтқалы


  1. Есеннің жүзі ... шыға келді


А) жайнап В) қуанып

С) көңілденіп

D) шаттанып Е) серпіліп

  1. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.


А) күлме досқа, келер басқа В) сыйлағанды сыйла

С) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл

D) жолдасы көптің – олжасы көп Е) еңбектің наны тәтті

  1. Есен қандай бала?


А) қызғаншақ В) еңбекқор С) шыншыл

D) қолғанат Е) өзімшіл


  1. Кімнің қуанышында шек жоқ болды?


А) Есеннің В) Еркіннің С) інісінің

  1. өзінің Е) екеуінің

Ескерту. Әр сынып бойынша алынатын бақылау жұмыстарының, сөйлесім әрекеті түрлері бойынша тапсырмаларының, тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымын пән мұғалімдері бағдарламалық материалдарға сәйкес өздері құрастырады.
29-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны

Пән

Жұмыс

Жазба жұмыс

Сөздік

Бар

Қазақ

2

1

1

4

Бірыңғай орфографиялық және сөйлеу режимі оқушы дәптерінің жүргізілуіне, дәптерлердің пәндер бойынша саны мен пәнге арналуына, оқушылардың бақылау жұмыстарын тексеру тәртібіне бірыңғай талап қояды.

«Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге бақылау жұмыстары мен тест тапсырмалары орындалады).

«Қазақ тілі» пәнінен сөздік жұмысына арналған дәптері

Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:


  • ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

  • күн ретімен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан жол тасталмай барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.Үлгі:

Қазанның тоғызы Сынып жұмысы:

  • үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;

  • жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);

  • тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:

Бала Бақа Барыс;

  • сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

  • мәтін азат жолдан басталады;

  • сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;

  • талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;

  • ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады. Баға тапсырмадан кейін сол жаққа нүктесіз қойылады.

Талдау жұмыстары қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).

Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса, қызыл жолда дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс.

Дәптерге, мүмкіндігінше, мұғалімнің ескертулері жазылып отырады

(Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).

Пән бойынша дәптерлерді тексеру тәртібі:



    1. 6,8- сыныптарда үй жұмысы аптасына 1 рет тексеріледі

    2. 9-сыныпта үй жұмысы екі аптада 1 рет тексеріледі;

4. 6,8,9-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы ұсынылады).

Оқушының қабілеті мен икем дағдыларын қалыптастырып, әрі қарай дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше. Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәнінен сабақтан және сыныптан тыс

ісшараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады:

22 наурыз – Наурыз мейрамы;

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қоғаушылар күні;

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;

6 шілде – Астана күні;

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні;

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні;

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

«Қазақ тілі» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша әдістемелік қызмет көрсетудің, оқу пәндері бойынша сыныптан тыс шаралар мен тәжірибе жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі құрылғысы болып табылады.

Осыған байланысты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2017-2018 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптардың қарастырылуы ұсынылады:

Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.

«Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2017-2018 оқу жылының отырыстарында келесі тақырыптарды қарастыру ұсынылады:



  • Білім сатылары бойынша Қазақ әдебиетін меңгертудің деңгейлік ерекшеліктері;

  • Сөйлеу әрекеттері бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;

  • Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында оқушыларды тілдік қатынасқа үйретудің жолдары;

  • Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері.

Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:

  • nao.kz (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми айты);

u-s.kz (Ұстаздар сайты);

ustaz.kz (Ашық сабақтар сайты);

testent.ru/news/uroki (Урокиказахскогоязыкаврусской школе);

sabak.ucoz.org/news (Сайт творческих учителей Казахстана);

plani.kz(«Планы.kz» планирование для учителей Казахстана);

agartu.com («Просвещение"-

казахстанскийпедагогическийинтернетжурнал);

testent.ru (Сайт для подготовки к ЕНТ и КТ 2015 – Образовательный сайт);

obrazovanie (Каталог Казахстанских ресурсов);

abiturient.kz (Сайт о современном образовании в Казахстане).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет