ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТАМ УРОВНЯ ОСНОВНОГО СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ (6, 8, 9 классы)
ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
В образовательную область «Язык и литература» школ с русским языком обучения.входят учебные предметы «Казахский язык», «Казахская литература», «Русский язык», «Русская литература», «Родной язык»,
«Родная литература», «Иностранный язык», курс «Абаеведение».
«Казахский язык» для школ с русским/ узбекским/ уйгурским/ таджикским языком обучения
«Қазақ тілі» пәнін қазақ тілді емес мектептерде оқыту негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасауға негізделген.Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында сабақта коммуникативтік – танымдық мақсат жүзеге асу үшін сөйлеу әрекетінің бес түрі іске қосылады. Олар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім.
Тыңдалым– «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – есту арқылы түсіну. Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғымды білдіреді.
Тыңдалымды жете меңгеру үшін қойылатын талаптар:
тыңдауға ұсынылатын мәтінде, әңгімеде, пікірде айтылатын басты ой түсінуге жеңіл болуы керек;
үннің ырғағы мен әуені дұрыс естілуі қажет;
тілді жақсы үйрену үшін, тыңдалым бірінші сабақтан бастап үздіксіз жүргізілуі тиіс;
оқушының тілге қатысты білімі мен дайындығы ескерілген жөн;
тыңдалымға қатысты жұмыстардың бәрі бақылауға алынған дұрыс. Тыңдалымға қатысты көңіл аударатын мәселелер:
-мәтінді түсінудің түрлерін меңгерту;
тақырыпты дұрыс белгілеу;
мазмұны мен құрылысына қарай мәтінді жіктеу.
Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты, үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің мәні зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.
Сөйлеу әрекетінің ерекше бір түрі ретінде оқылымның маңызы: 1) тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады; 2) оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой- санасын байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады; 3) оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйретуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды.
Айтылым - адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу әрекетінің бір түрі. Өзіне таныс (отбасы, өмірі, оқуы туралы) тақырыптар бойынша өз ойын түсінікті етіп жеткізе отырып, қарапайым тіркестер мен сөйлемдер арқылы сөйлесе алады. Күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттайалады. Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізу.
Айтылым процесін меңгеру үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:
үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік; 2) қоршаған орта жағдайының әсері; 3) жеке бастың қабілетін ескеру; 4) сөйлеудің түпкі мақсатын айқындау.
Сонымен, айтылым – санамен қабылданатын сыртқы дүниенің әсерін ауызша сөйлеу арқылы жарыққа шығаратын, қатысымдық тұлғаларды қамтитын күрделі сөйлеу әрекеті.
Жазылым термині – «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу,ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. Жазылым– тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген: лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Өзіне қатысы бар немесе ұнайтын мәселелер туралы шағын хаттар мен хабарландыру, шағын шығарма, эссе жазуға, сурет, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастыруға мүмкіндігі бар. Жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін сауалнамаларды толтыра алады.
Тілдесім – сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.
Тілдесім (общение) – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат (информация) негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы өзінен- өзі белгілі.
Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады. Осы тұрғыдан келгенде, оларды келесідегідей жіктеуге болады: ресми тілдесім; бейресми тілдесім; қалыптасқан тілдесім; кәсіби /мамандыққа қарай/ тілдесім; әлеуметтік тілдесім; дербестік тілдесім.
Оқыту, үйретуге қатысты тілдесім екі түрлі болады: І. Тікелей тілдесім.
ІІ. Жанама тілдесім.
«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сай мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары жіктелді (25-кесте).
25-кесте – ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары
Үздіксіз білім берудің сатысы
|
Сыныбы
|
Деңгейле р
|
Игерім атаулары
|
Негізгі мектеп
|
6
|
А2
негізгі деңгей
|
А2. 2 Қалыптасу қарсаңындағы толық игерім
|
8
|
В1
Орта деңгей
|
В1Қалыптасқан толық игерім
|
9
|
В1.1 Қалыптасқан жетік игерім
|
Стандартта Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес қазақстандық әдістемеші-ғалымдар қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі А1, А2, В1, В2, С1, С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады .
26-кесте – Тілді білу деңгейлерінің жіктелуі
Қарапайым деңгей
|
А1 Бастапқы игерім
|
Негізгі деңгей
|
А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім
|
Орта деңгей
|
В1 Қалыптасқан игерім
|
Ортадан жоғары деңгей
|
В1+ Тереңдетіле қалыптасқан игерім
|
Жоғары деңгей
|
В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім
|
Жетік деңгей
|
В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім, С1 Кәсіби игерім
|
Стандартта ҚР жалпы білім беретін қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер де көрсетілген.
27-кесте – Қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер
Аталымдар мен өлшемдер
|
Тілді меңгеру деңгейлері
|
Негізгі деңгей (А2)
|
Орта деңгей (В1)
|
Тілдік деңгейлер бойынша игерім кодтары
|
А2.1
|
А2. 2
|
А2+
|
В1
|
В1.1
|
Тілдік деңгейлер бойынша игерім атаулары
|
Қалыптасу қарсаңындағы игерімдер
|
толық
|
толық
|
жетік игерім
|
Сыныптар:
|
6-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
Оқушы меңгеруі тиіс лексикалық минимум
|
130-150
|
130-150
|
130-150
|
Барлығы:
|
420-450 сөз
|
Бір минута оқуға тиісті сөздердің (шартты) мөлшері
|
70-75
|
90-100
|
90-100
|
Тыңдаған/ оқыған мәтінді мазмұндаудағы сөз саны
|
30-35
|
40-50
|
50-60
|
Айтылымдағы сөз саны
|
40-50
|
60-70
|
70-80
|
Жазбаша мәтін құраудағы сөз саны
|
40-55
|
70-85
|
85-100
|
6, 8, 9 - сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығына сәйкес «Қазақ тілі» пәні оқу жүктемесінің көлемі:
оқыту орыс тілді мектептерде:
6-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 8-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 9-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында –136 сағат. оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:
6-сынып–аптасына 2 сағат, оқужылында – 68 сағат; 8-сынып– аптасына 3 сағат, оқужылында – 102 сағат; 9-сынып– аптасына 2 сағат, оқужылында – 68 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, бақылау жұмысы) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап,
саралап, даралап оқыту ұсынылады. Оқушылардың қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйрету мақсатында белсенді оқыту, коммуникативтік технология, интерактивті оқыту негізінде және сабақты «Блум таксономиясы» стратегиясы бойынша ұйымдастыру, сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын қолдану қажет.
Қазақ тілін сауатты үйрету үшін оқушыларға берілетін бақылау жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте оқушылар қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, грамматикалық құрылысын меңгеруге, ойын еркін жеткізуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге, сонымен бірге қазақ тілінде сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. Оқушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін түрлі жаңа технологиялардың тиімді жақтарын алып, оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту жолында жұмыс жасау қажет.
28-кесте – Қазақ тілінен бақылау жұмыстарының саны
Сынып
|
Бақылау жұмысы
(әр тоқсанда)
|
Тест тапсырмалары
(әр тоқсанда)
|
6
|
2
|
2
|
8
|
2
|
2
|
9
|
2
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |