Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2017-2018 учебном году


ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТАМ УРОВНЯ ОСНОВНОГО СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ (6, 8, 9 классы)



бет52/170
Дата03.06.2022
өлшемі2,45 Mb.
#145898
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   170
Байланысты:
1523245509220 (1)

ОСОБЕННОСТИ ОБУЧЕНИЯ ПРЕДМЕТАМ УРОВНЯ ОСНОВНОГО СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ (6, 8, 9 классы)




ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»

В образовательную область «Язык и литература» школ с русским языком обучения.входят учебные предметы «Казахский язык», «Казахская литература», «Русский язык», «Русская литература», «Родной язык»,


«Родная литература», «Иностранный язык», курс «Абаеведение».

«Казахский язык» для школ с русским/ узбекским/ уйгурским/ таджикским языком обучения


«Қазақ тілі» пәнін қазақ тілді емес мектептерде оқыту негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасауға негізделген.Қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында сабақта коммуникативтік – танымдық мақсат жүзеге асу үшін сөйлеу әрекетінің бес түрі іске қосылады. Олар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім.
Тыңдалым– «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – есту арқылы түсіну. Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға жазылған аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғымды білдіреді.
Тыңдалымды жете меңгеру үшін қойылатын талаптар:

      1. тыңдауға ұсынылатын мәтінде, әңгімеде, пікірде айтылатын басты ой түсінуге жеңіл болуы керек;

      2. үннің ырғағы мен әуені дұрыс естілуі қажет;

      3. тілді жақсы үйрену үшін, тыңдалым бірінші сабақтан бастап үздіксіз жүргізілуі тиіс;

      4. оқушының тілге қатысты білімі мен дайындығы ескерілген жөн;

      5. тыңдалымға қатысты жұмыстардың бәрі бақылауға алынған дұрыс. Тыңдалымға қатысты көңіл аударатын мәселелер:

-мәтінді түсінудің түрлерін меңгерту;

  • тақырыпты дұрыс белгілеу;

  • мазмұны мен құрылысына қарай мәтінді жіктеу.

Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты, үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің мәні зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.

Сөйлеу әрекетінің ерекше бір түрі ретінде оқылымның маңызы: 1) тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады; 2) оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой- санасын байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады; 3) оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйретуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды.
Айтылым - адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу әрекетінің бір түрі. Өзіне таныс (отбасы, өмірі, оқуы туралы) тақырыптар бойынша өз ойын түсінікті етіп жеткізе отырып, қарапайым тіркестер мен сөйлемдер арқылы сөйлесе алады. Күнделікті өмірдің негізгі аспектілерін сипаттайалады. Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізу.
Айтылым процесін меңгеру үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:

  1. үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік; 2) қоршаған орта жағдайының әсері; 3) жеке бастың қабілетін ескеру; 4) сөйлеудің түпкі мақсатын айқындау.

Сонымен, айтылым – санамен қабылданатын сыртқы дүниенің әсерін ауызша сөйлеу арқылы жарыққа шығаратын, қатысымдық тұлғаларды қамтитын күрделі сөйлеу әрекеті.
Жазылым термині – «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу,ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. Жазылым– тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген: лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи әрекет.
Өзіне қатысы бар немесе ұнайтын мәселелер туралы шағын хаттар мен хабарландыру, шағын шығарма, эссе жазуға, сурет, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастыруға мүмкіндігі бар. Жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін сауалнамаларды толтыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет