Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет52/117
Дата27.12.2023
өлшемі3,05 Mb.
#199598
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   117
Байланысты:
Сборник МНПК

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Байтикова Ш.С. Соотношение наглядных и вербальных компонентов умственной 
деятельности человека: Дис. ... кандидата психол. наук. – М., 1977.
2. Мұқанов М.М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы, 1980. 
3. Якиманская И.С. Знания и мышления школьника. – М., 1985. 
4. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. – М., 1972. 
5. Махмутов М.И. Проблемное обучения. – М., 1975. 
6. Ильясов И.И. Структура процесса учения. – М., Изд-во Московского университета, 1986.
7. Дружинин В.Н. Психология общих способностей. – СПб.: Изд-во «Питер». – 1999. 
 
 


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL 
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA» 
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023 
52 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН 
ДАМЫТУ 
 
Қапан Гүлбақыт Уалиханқызы 
Педагогика және психология институты, 6В01101 – Педагогика және психология 
мамандығының 2 курс студентті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 
Ғылыми жетекші: психология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
Кулымбаева Алмагуль Карибековна 
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 
Алматы, Қазақстан 
Аннотация:
Мақалада танымдық белсенділік, деңгейлер, деңгейлер және 
танымдық белсенділіктің әдістері, сондай-ақ оқытушылардың өз қызметіне қосымша 
білім беру жағдайында танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін қолданатын әдістері 
қарастырылады. 
Тірек сөздер:
бастауыш сынып жасы, танымдық процесстер, танымдық 
процестің түрлері, қабілет, ойындар, ойын жаттығулары, серуендер, жаттығулар, 
Бүгінгі заман талабына сай сапалы білім болу үшін әр оқушының танымдық 
процестері жақсы даму керек. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеттері 
бірдей емес. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, оқу процесін құру педагогтың 
шеберлігіне байланысты. Ол үшін педагог жас ерекшеліктеріне қарай әдіс-тәсілдерді 
қолданып, таным процестерін зерттеу керек. Өз бетінше ойлайтын, дамыған жеке тұлғаны 
қалыптастыру үшін осы жаста танымдық процестерді дамыту өте маңызды. Психикалық 
процестер сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. [1,10б.]. 
Танымдық процестер: қабылдау, зейін, елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу – адамның кез 
келген әрекетінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде әрекет етеді. Өз қажеттіліктерін 
қанағаттандыру, қарым-қатынас жасау, ойнау, оқу және жұмыс істеу үшін адам әлемді 
қабылдауы, белгілі бір сәттерге немесе әрекеттің құрамдас бөліктеріне назар аударуы, не 
істеу керек екенін елестетуі, есте сақтауы, ойлауы, пайымдауы керек. Демек, танымдық 
процестердің қатысуынсыз адам әрекеті мүмкін емес, олар оның ажырамас бөлігі. Олар іс-
әрекетте дамиды және өздері ерекше құбылыс болып табылады. Балалармен педагогикалық 
жұмысты бастағанда, ең алдымен, балаға табиғаттан не беретінін және қоршаған ортаның 
әсерінен нені меңгеретінін түсіндіру керексонда ғана бала дамиды. Шындықты бейнелеудің 
негізі танымдық процесі – қабылдау. Оның негізі – адамның сезім мүшелерінің жұмысы. 1 
және 2 сынып оқушыларының қабылдауы әлсіз дифференциациямен сипатталады. Ұқсас 
заттарды салыстыруға, олардың арасындағы айырмашылықтарды табуға үйрету керек. 
Ерікті қабылдаудың дамуында сөздің маңызы зор. Егер 1-2 сыныптарда сөздік материалды 
қабылдау көрнекілеуді қажет етсе, 3-4 сыныптарда бұл аз дәрежеде талап етіледі. Ойын 
және оқу әрекетінің нәтижесінде қабылдау дербес әрекетке, бақылауға айналады.
Қабылдаумен тығыз байланысты тағы бір процесс – оқушылардың қиялдауы. 1-сыныпқа 
қарай балаларда ерікті қиял элементтері пайда бола бастайды. Психикалық бейнелерді 
жасау барысында бала өзіндегі идеяларға сүйенеді. Санада жаңа бейнелердің жасалуы 
идеялардың кеңеюіне және олардың түрленуі мен үйлесуі арқылы жүзеге асады.[3, 21 б.] 
Зейін басқа да когнитивті процестердің дамуының негізі болып табылады. 
К.Д.Ушинский зейінді «есік» деп таныды, ол арқылы адамның жан дүниесіне тек сыртқы 
әлемнен кіретіннің бәрі өтеді» ...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет