Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет50/117
Дата27.12.2023
өлшемі3,05 Mb.
#199598
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   117
Байланысты:
Сборник МНПК

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL 
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA» 
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023 
50 
бөліктерден тек продуктивті танымдық процесті бөліп алып зерттеу тұтас жүйеден тұратын 
танымдық іс-әрекеттің бірлігінің бұзылуына алып келеді [3].
Соған қарамастан А.М. Матюшкин, М.И. Махмутов және т.б. ғалымдар өзара тығыз 
байланысты осы айтылған таным процестерінің екі типінен тек продуктивті іс-әрекетті бөліп 
алып зерттегенді жөн деп санайды [4; 5]. Сондай-ақ, олар оқушының продуктивті танымдық іс-
әрекетін мәселелі (проблемдік) оқыту ғана дамыта алады деп есептейді. Бірақ, А.М. Матюшкин 
бір оқушы үшін мәселе болып табылған шешілетін міндеттердің екінші бір оқушы үшін мәселе 
болып табылмайтындығы жөніндегі сұрақты өз зерттеулерінде жауапсыз қалдырады. Оның 
себебін А.М. Матюшкин сыныптағы оқушылардың әлсіздігі мен күштілігінен іздейді. Ол былай 
деп жазады: «мәселелі-топтық оқытудың нәтижелері туралы алынған мәліметтер жеке-дара 
мәселелі оқыту нәтижелерінен төмен болады екен» [5, 95-96 бб.]. оның айтуына қарағанда 
сыныптағы әлсіз оқушылардың мәселені өздігінен шешуге шамасы жетпейді. Ол үшін сынып 
оқушыларының бәрі де мәселеге шығармашылықпен кірісу керек. Олай болса, адамның 
продуктивті танымдық іс-әрекетін дамытады дейтін мәселелі оқытудың өзі де жеке-дара 
оқытуда тиімді болғанымен, топтық оқыту жағдайында тиімсіз болып табылады. 
И.И. Ильясовтың айтуына қарағанда, - «репродуктивті оқу білім, ептілік және дағдыны, 
логиканы дамытуға мүмкіндік береді, ал продуктивті оқу шығармашылық қабілеттерді 
дамытуға мүмкіндік береді. Оқудың осы екі түрі бірін-бірі өзара толықтырушы болып 
табылады» [6, 145 б.]. Сондықтан, танымдық іс-әрекеттердің бұл екі түрін бір-бірінен бөліп 
ажыратып қарастыруға болмайды, - дейді И.И. Ильясов. Олай болса, студенттердің логикалық 
ойлау әрекетінің қалыптасуына негіз болатын репродуктивті оқыту әдісі мен бейнелі ойлау 
әрекетін, яғни шығармашылығын қалыптастыруға себеп болатын оқытудың продуктивті әдісін 
бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Сол секілді адамның танымдық іс-әрекетін үнемі 
толықтырып отыратын оның логикалық ойлауы мен бейнелі ойын да бір-бірінен бөліп алуға 
болмайды. Біз бұл жерде И.И. Ильясовтың ойына толық қосыламыз. Өйткені адам күнделікті 
өмірде кездесетін әртүрлі күрделі міндеттерді кейде өзінің өткен тәжірибесіне, яғни логикалық 
ойлауына сүйеніп шешетін болса, оның көмегі болмаған жағдайларда сол міндеттерді көз 
алдына елестетіп көрсететін бейнелі ойлау әрекетіне сүйеніп те шешеді.
Солай болса да кеңес психологиясында жүргізілген зерттеулердің басым көпшілігі адамның 
продуктивті танымдық іс-әрекеттерін оқып-үйренуге бағытталады. Дегенмен мәселелі 
міндеттерді шешкізу жағдайында танымдық іс-әрекетті зерттеген А.М. Матюшкин мәселені 
әртүрлі жолдарды таңдап алып шешетін субъектінің танымдық іс-әрекетін не анықтайтындығы 
жөніндегі сұрақты ашып көрсете алмады. Атап айтқанда кейбір адамдар мәселені шешуде 
өзінің өткен тәжірибесімен ғана шектеліп қойса, кейбіоеулері мәселені шығармашылық жолмен 
шешеді. Мәселені шешудегі адамның іс-әрекет типін таңдап алуының себебі не? Міне осы 
секілді мәселелер А.М. Матюшкиннің зерттеулерінде өз шешімін таба алмады. Біздіңше бұл 
мәселе әрбір адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болса керек. Кейбір адамдар 
күрделі міндеттерді өзінің өткен тәжірибесіне, яғни репродуктивті ойлау іс-әрекетіне сүйеніп 
шешсе, кейбіреулер мәселені шешуде өзінің продуктивті ойлау іс-әрекетіне сүйенеді. 
Ойлаудың осы айтылған екі түрінің адамдағы басымдылығын анықтау үшін американ 
психологі Дж. Гилфорд Оңтүстік Калифорния штаты университетінде қабілеттерді зерттеу 
бағдарламасының тестісін (ARP) жасады [7, 28 б.]. Бұл тест адамдағы дивергентті және 
конвергентті ойлау типтерін салыстырып зерттеуге негізделген. Дивергентті ойлау күрделі 
міндеттерді шешуде күтпеген жерден жаңалық ашуға алап келетін, адамның шығармашылық 
ойлауы болып табылады. Ал конвергентті ойлау мәселені шешуде оның жалғыз ғана шешімімен 
шектелетін адамның репродуктивті ойлауын сипаттайды. Дж. Гилфордтың тест тапсырмалары 
адамның репродуктивті және продуктивті танымдық іс-әрекетін эксперименттік тұрғыдан 
зерттеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда репродуктивті және продуктивті іс-әрекет 
типтерінің бірінің адамда басым болуы, оның тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. 
Адамның қоршаған ортаны танып білуге бағытталған іс-әрекетінің нәтижесін білім деуге 
болады. Білім сөзбен бекітілген ұғымдардың жүйесі. Кез келген ұғымның екі жағы: оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет