INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL «GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA» ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023 51 объективті – мәні мен субъективті – мағынасы болады. Соған сәйкес, білім берудің өзі ішкі
психологиялық жағынан алып қарағанда өзара тығыз байланысты екі бірліктен: мәнді беру мен
мағынаны беруден тұрады. Нақты оқу сабақтарында бұларды сырттай қарап ажырату өте қиын.
Бірақ оқыту процесіндегі білімді игеруде мән мен мағынаны ажыратып қана қоймай, оларды
беруді арнайы түрде жоспарлауға да болады. Оқыту процесінде білім беруші білім алушыларға
қандай да бір білімнің объективті жағын, яғни білімнің мәнін береді, ал білім алушылар оның
мағынасын қабылдайды. Сондықтан, бұларды бір-бірінен ажыратып бөлуге болмайды. Білім
беруші өзінің оқытушылық іс-әрекетінде білім алушыларға бір жағынан осы білімнің
объективті мәнін, ал екінші жағынан білімнің мағынасын түсіндіру арқылы осы білімге деген
олардың субъективті қатынасын қалыптастырады. Білімнің объективті мәнін жеткізу арқылы
білім алушылардың теориялық тұжырымдамалары мен фармалды-логикасын қалыптастырса,
білімнің субъективті мағынасын жеткізу арқылы олардың осы білімге деген бейнелі түсінігін,
сол білімнің практикалық маңызын қалыптастырады.
Оқыту процесінің өзі білім беруші мен білім алушылардың өзара қарым-қатынасында
жүзеге асады. Қарым-қатынас процесінің тиімділігі осы процестің үш жағының, атап айтқанда
оның коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік жақтарының тиімділігімен
анықталады. Көптеген педагог-практиктердің оқыту процесінде қарым-қатынастың
коммуникативтік жағына ғана шамадан тыс көңіл бөлуі, яғни оқытуда білімнің мәніне, оның
теориялық жақтарына барынша назар аударуы мен білімінің мағынасына көңіл бөлмеуі, яғни
оның практикалық жағын елемеуі білім алушылардың танымдық іс-әрекетін біршама
төмендетеді. Оқыту процесінде берілетін білімнің теориялық жағында студенттердің
логикалық ойы, ал оның практикалық жағында бейнелі ойы қалыптасады. Сондықтан, білімнің
мағыналық жағы студенттердің көрнекі-бейнелі ойын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Жалпы алғанда студенттердің осы айтылған логикалық және бейнелі ойлау әрекеттерін
түбегейлі қалыптастырып, дамыту үшін ең алдымен оқыту процесінде берілетін білім олардың
нанымына айналуы қажет. Наным арқылы студенттер өзін қоршаған дүниенің қыр-сырын
танып біліп, оған деген саналы қатынасын сезінеді, соған қарап мінез-құлқы мен іс-әрекетін
реттейді. Білімнің нанымға айналуының екі түрлі тәсілін атап көрсетуге болады. Оның бірі,
студенттердің ішкі ойлау әрекетінде әртүрлі бейнелер туғызатын білім берушінің өмірден
алынған мысалдары болса, екіншісі, білім берушілердің өзінің беріп отырған біліміне деген
эмоциялық қатынасы болып табылады. Өмірден алынған мысалдар студенттердің бейнелі-
ойлау әрекетін қалыптастырса, білім берушінің өзінің беріп отырған біліміне деген қатынасы
олардың логикалық ойлау әрекетін қалыптастыруға көмектеседі. Сондықтан, студенттердің
логикалық және бейнелі ойлау әрекетін тиімді қалыптастыру үшін оқыту процесінде білімнің
мәні мен мағынасын бір-бірінен бөлмей екеуін қатар беру қажет. Сонда ғана адамның
танымдық іс-әрекетінің тұтастығын қамтамасыз ететін студенттердің логикалық және бейнелі
ойлау әрекетін оқыту процесінде дамытуға болады.