Қобыланды батыр



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата15.12.2019
өлшемі0,65 Mb.
#53622
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қобыланды батыр жыры (Марабайй жырау нұсқасы) толық



 
Қобыланды батыр 
 
Кешегі ӛткен заманда, 
Дін-мұсылман аманда, 
Қарақыпшақ Қобыланды, 
Атасы мұның Тоқтарбай 
Халықтан асқан болды бай. 
Байлығында есеп жоқ, 
Айдалып бағып жайылды, 
Тӛрт түлік малдың бәрі сай. 
Жаз жайлауы Кӛздікӛл 
Кӛздікӛлді жайлаған 
Қалың Қыпшақ жағалай. 
Тоқтарбайдың дәулеті, 
Ішкені мас, жеген тоқ, 
Бай-кедейдің кӛңілі жай. 
Қыс қыстауы Қараспан, 
Қараспан кӛкке таласқан. 
Ат үйірінен адасқан, 
Қалың қыпшақ тізіліп, 
Қонса қоныс жарасқан. 
Әліп таңба Қыпшақтың 
Атағы озған алаштан. 
Сексенге жасы келгенше 
Бір бала кӛрмей Тоқтарбай, 
Қайғыменен қан жұтып, 
Ақылынан адасқан. 
Шӛл иесі сұңқар қиясыз, 
«Еш нәрсе кӛрмей дүниеден, 
Ӛткенім бе – деген – тұяқсыз» 
Тоқтарбайдың зарына 
Қалың Қыпшақ қайысқан. 
Әулие қоймай қыдырып, 
Етегін шеңгел сыдырып, 
Жеті пірге танысқан. 
Әулиеге ат айтып, 
Қорасанға қой айтып, 
Қабыл болған тілегі, 
Жарылғандай жүрегі, 
Аналықтай бәйбіше 


 
Қабырғасы майысқан. 
Елуге жасы келгенде, 
Кӛзімді ашпай дүниеден 
Ӛтемін бе дегенде, 
Сонда кӛрген арыстан. 
Бір ұл, бір қыз атадан, 
Қыздың аты – Қарлығаш, 
Қобыландыға қарындас. 
Алты жасқа келгенде, 
Арыстан туған Қобыланды – 
Қазынадан қамқа киеді, 
Ӛзімнің еншім болсын деп, 
Тобылғы меңді торы атты 
Енші қылып мінеді. 
Қобыландының тілегін 
Бүкіл Қыпшақ тіледі. 
Қайыры кӛп халқына, 
Енді түсіп салтына, 
Таулар күйіп, тас жанған. 
Алты жасар баланың 
Елбеңдеген зарпына,* 
Ӛзі алты жасында, 
Кәмшат бӛркі басында, 
Тобылғы торы ат астында, 
Қаршығасы қолында, 
Тазысы ерткен соңында, 
Жеті пірге сыйынып, 
Баратұғын жолында, 
Тоқтарбайдың жылқыда, 
Тоқсан құлы бар еді, 
Тоқсанының бастығы 
Естеміс деген ер еді. 
Естемісті кӛруге 
Жылқыға бала жӛнелді. 
Жылқыға бала барған соң, 
Баурап малын алған соң, 
Тоқсан құл мен Естеміс, 
Риза тауып қалған соң. 
Қолғанат пен құйрыққа 
Енді Тоқтар кенелді. 


 
Қобыландыны барған соң, 
Естеміс ерің баулиды. 
Күнде киік аулайды, 
Кездессе жауын жаулайды. 
Жылқыда жатып Қобыланды 
Екпіні оттай қаулайды, 
Қаршығасы қолында, 
Құмай тазы соңында, 
Кӛрсе киік заулайды. 
Естеміспен екеуі 
Қонып жатса бір тауда, 
Намазшамнан ӛткенде, 
Құтпан мезгіл жеткенде, 
Құлағына батырдың 
Бір дауыс кеп шулайды. 
Ту сыртынан сол таудың 
Бұрқыраған бу шықты, 
Шуылдаған шу шықты. 
«Бұл не қылған дауыс?» – деп. 
Естемістен сұрайды. 
Айтпасына қоймайды, 
Сонда Естеміс сӛйлейді, 
Сӛйлегенде бүй дейді: 
«Арғы астында бұл таудың 
Қызылбастың елі бар, 
Жасыл байтақ жері бар, 
Айдынды шалқар кӛлі бар, 
Кӛктім аймақ ханы бар, 
Неше мың сан жаны бар, 
Қанша жиған халқына 
Кӛрсетіп тұрған сәні бар. 
Құртқа деген қызы бар, 
Жұртына жайған назы бар, 
Ай астына аспанға 
Құрды бақан қақтырып, 
Алтын теңге аттырып, 
Теңгені атып түсірген 
Құртқаны сұлу сол алар, 
Соның даусы бұл дауыс, 
Кӛптен шыққан бұл хабар. 


 
Кӛңілің ауып, шырағым, 
Бұған болма ынтызар. 
Шарға салып басыңды, 
Бола кӛрме сен құмар». 
Қанша айтса да Естеміс, 
Барғысы келіп баланың, 
«Түсірем – деп – атып дәл, 
Кәміл пірлер болса жар». 
Естеміс тағы сӛйлейді: 
«Қой, шырағым, жассың ғой, 
Қабырғаң сенің қатқан жоқ, 
Омыртқаң ӛсіп жеткен жоқ, 
Жіберуге қорқамын, 
Тілімді алсаң, рұқсат жоқ. 
Барғанмен кезек келмес-ті, 
Баланы кӛзге ілмес-ті, 
Бағып жатқан Құртқаны, 
Қырық бес кез Қызыл ер, 
Шырағым, тектен бермес-ті». 
Отырып бұлар кеңесті. 
Мінген аты ала еді, 
Қылшық жүнді қара еді, 
Тоқтау салды Естеміс, 
Жібергісі келмей баланы. 
«Батаңды бер, кӛке», – деп, 
Алдын-артын орады. 
Жад* қыламын, Естеке, 
Жеті кәміл бабаны. 
Барғысы келіп батырдың 
Тоқтамайды табаны. 
Естемістей еріңнің 
Таусылғасын амалы 
Батасын беріп қол жайып, 
Жад қылады Құданы,* 
Үстіне сауыт кигізді, 
Жанына байлап болатты, 
Беліне садақ ілгізді. 
«Тапсырдым,- деп Жалғызға!» 
Амандасып жүргізді. 
Жүрегі таймай баланың 


 
Ерлігін кәміл білгізді. 
Тобылғы меңді торы атпен, 
Дӛңгелетіп жӛнелді, 
Атып жатқан жеріне 
Іркілместен келеді. 
Келгендігін баланың 
Кӛктім аймақ кӛреді. 
Айбатынан сескеніп, 
Баланы келген сынады. 
Қобыландыдай тӛрені: 
«Қазақтың ері келді», – деп, 
Кӛктім аймақ патшасы 
Кезекті бұған береді, 
Кәміл пірлер жебеді. 
Қолына алып толғанып, 
Қозы жауырын жебені 
Ат үстінен шіреніп, 
Сонда тұрып тартады. 
Кәміл пірлер сенгені, 
Құрулы бақан басында 
Екі бӛліп ұшырды 
Ай астында теңгені. 
Құртқа кӛріп батырды 
Шашу шашып басына, 
Бұралып келді қасына. 
Нұрына тойып тӛнгені,– 
Кӛзі кӛрмей ӛңгені, 
«Іздеген теңім келді»,- деп, 
Патшаға салып жеңгені. 
Айтқан серттен қайта алмай, 
Отыз күн ұдай ойын қып, 
Қырық күн ұдай тойын қып, 
Кӛктім аймақ атасы 
Қыз Құртқаны бергені. 
Жұртын жиып той қылып, 
Аққа белін шешіпті, 
Пайғамбар құда несіпті, 
Құртқа сынды сұлуды 
Қобыландыдай батырға 
Берейін деп жатқанын 


 
Қырық бес кез Қызыл ер 
Хабарын мұның есітті. 
«Меніменен күресіп, 
Жықса алар», – десіпті. 
«Аты-тонын олжалап, 
Аман қайтса жарар», – деп, 
Ӛзінше желдей есіпті. 
Бетіне жан қаратпай, 
Кӛңілі әбден ӛсіпті. 
Бұл сӛзді естіп Қобылан: 
«Артымда жау қалдырман, 
Берсе Құдай несіпті». 
Мініп алып атына 
Қызыл ерге келеді, 
Келіп те сӛйлей береді: 
«Қобыланды келді, шықсын»,– деп, 
Дауыстап хабар береді. 
Шықпағасын Қызыл ер 
Жүгіріп үйге енеді. 
Тӛсекте жатып Қызыл ер 
Қобыландыны кӛреді. 
«Аяғыммен күрес», – деп, 
Бір аяғын береді. 
Алпыс құлаш ала арқан 
Қызыл ердің ілулі 
Босағада тұр еді. 
Іліп алып аяққа, 
Мініп алып торы атқа, 
Дүрілдетіп жӛнелді. 
Қызыл ерді сүйретті, 
Сүйреткі қылып үйретті. 
Ішінде шеңгел тікенге 
Ӛкпе-бауырын түйретті. 
Тақымға салып сүйретіп, 
Қабырғасын күйретті. 
Менсінбеген дұшпанды 
Ақыл тауып үйретті. 
Кӛкпар қылып дұшпанын, 
Тау мен тасты күңірентті. 
Қорлықпенен ӛлсін деп, 


 
Қызыл ерді еңіретті. 
Тасқа соғып боршалап, 
Кеудесінен жан кетті. 
Домаланды жерге бас. 
Қобыланды сынды жас бала 
Істі орнына келтіріп, 
Құртқаға келіп сӛйледі, 
Кӛңілі ердің желпініп. 
«Сұлтаным не қылды екен», – деп. 
Құртқа сұлу жүгіріп, 
Алдынан шыққан ентігіп, 
Кӛктімге хабар береді. 
Дұшпанынан құтылып, 
Кӛңілдері жайланды. 
Жӛнелтуге Құртқаны 
Кӛктім аймақ ойланды. 
Алтынмен ішін безеген, 
Сырты күміс ақ отау 
Келістіріп түзеген, 
Арттыруға сайланды 
Қырық түйе қазына, 
Қырық құл мен қырық күң 
Қосып берді қызына. 
Ел-жұртымен қоштасқан 
Құртқа сынды сұлудың 
Жұрт таң қалды назына, 
Сӛйлеген сӛз базына. 
Кӛктім аймақ кӛрісіп, 
Ертеңгі Шолпан батқанда, 
Сарғайып таң атқанда, 
Жӛнелтуге Құртқаны 
Жүгін артып жатқанда 
Қобыланды бала келеді, 
Кӛктімге сәлем береді: 
«Еншісін бӛліп Құртқаға, 
Бәрін де беріп жатырсың, 
Бергенің маған не?» – деді. 
Кӛктім аймақ атасы: 
«Шырағым, балам, кел! – дейді, – 
Бергенім саған біл, – дейді, – 


 
Тӛбеңде тұрған тӛрт бұлт. 
Еншің, балам, сол, – дейді. 
Жаз болса, шығар күн жақтан, 
Қыс болса, шығар жел жақтан, 
Жау келсе, түсер жау жақтан, 
Шырағым, балам, сен, – дейді. – 
Тапсырдым сені соған, – деп, – 
Енді атыңа мін», – дейді. 
Атасымен қоштасып, 
Құртқаны алып ұзатып, 
Елге қарай жӛнелді. 
Кәміл пірлер жебеді, 
Ісі жӛнге келеді, 
Мінген аты ала еді, 
Қылшық жүнді қара еді, 
Қобыландыдай батырың 
Кӛшті тартып барады. 
Бірнеше күн жол жүріп, 
Аз ғана емес, мол жүріп, 
Ӛткен күнді санады. 
Бір күндері болғанда 
Қара жолдың үстінен 
Қалың жылқы жарылып, 
Екі жақта қалады. 
Құртқа сынды сұлуың 
Күймеден басын шығарып, 
Жылқыға кӛзін салады. 
Ортасында жылқының 
Кӛк ала бие жусап тұр, 
Құртқаның кӛзі шалады. 
Тоқтатып қойып күймесін, 
Ағытып тастап түймесін, 
Шақырып алып, сұлтан, деп, 
Қобыландыдай баланы, 
Биені кӛріп сынады. 
«Мынау жатқан кӛп жылқы 
Кімдікі? – деп сұрады, – 
Сонау тұрған биені 
Мені берсең де алғын», – деп 
Батырға әмір қылады. 


 
Батыр Қобылан күледі, 
Әзіл айтып іледі: 
«Басымды оққа байлаған, 
Сені берсем, қыз Құртқа, 
Бір елдің малын алармын», – деп, 
Езу тартып күледі. 
«Осы жатқан кӛп жылқы 
Немере туған ағамыз 
Сәлімбай байдың жылқысы. 
Жанындай мені кӛреді, 
Не сұрасам береді». 
Тағы Құртқа сӛйлейді, 
Сӛйлегенде бүй дейді: 
«Құлақ салып сӛзіме 
Бері таман кел, – дейді, 
Тобылғы меңді торы атың 
Жауға мініп шабуға 
Жарамайды бұл, – дейді. 
Жан серік атың, сұлтаным, 
Кӛк ала бие ішінде, 
Кӛк бурыл құлын бар, 
Жан серік атың сол, – дейді. 
Бұл сӛзімді біл, – дейді. 
Құртқаның сӛзін сынарсың, 
Жылқысы болса ағаңның, 
Ала гӛр бірақ сен», – дейді. 
Құртқаның сӛзін есітіп, 
Қондырып кӛшін сол жерге, 
Енді атына мінеді. 
Ойлау жерден орғытып, 
Тегіс жерден сырғытып, 
Аяңдамай желеді, 
Сәлімбай байдың тоқсан құл, 
Қара Кӛжек бастығы, 
Сәлем беріп келеді. 
Келіп сӛйлей береді: 
«Асқар тӛбе белсің, – деп, 
Қатар кӛшкен елсің, – деп, 
Ағамызға сәлем де, 
Келінін алып келемін, 

10 
 
Кӛрімдігін берсін де, 
Келінін келіп кӛрсін де, 
Қырық нарға артқан қазына 
Бәрін де келіп алсын де, 
Бұл сӛзіме нансын де, 
Кӛрімдігі Құртқаның 
Кӛк ала бие жылқыда 
Інім десе берсін де, 
Бұл сӛзіме сенсін де». 
Қара Кӛжек ал сонда, 
Батырдың сӛзін есітіп, 
Елге шапты жосылтып, 
Бұрқыратып тозаңын, 
Желге қарсы есілтіп, 
Жылқыға жау тигендей 
Елдің шетін шошытып, 
Байға жетіп келеді, 
Қара ала атты кӛсілтіп 
Келіп сӛйлей береді: 
«Қобыланды батыр жіберді, 
Ағама дұғай сәлем деп, 
Келінін алып келемін, 
Қырық нарға артқан қазына 
Бәрін де соған беремін. 
Кӛрімдігін берсін деп, 
Келінін келіп кӛрсін деп, 
Бұл сӛзіме сенсін деп, 
Кӛрімдігі Құртқаның 
Кӛк ала бие жылқыда, 
Інім десе берсін деп, 
Қобыланды мені жіберді, 
Береді деп биені 
Үзбей отыр күдерді». 
Кӛжектің сӛзін есітіп, 
Сәлімбай бай сӛйледі: 
«Бұл жібердім қалаға, 
Бұзау, баспақ, танаға, 
Арнап едім балаға, 
Бір тайдың несін сұрайды 
Әкете бермей далада. 

11 
 
Бір тай түгіл Қобыланнан, 
Жалғыз жаным садаға, 
Қалағанымды алдым деп, 
Мақтанып барсын алдына 
Тоқтар сынды ағаға». 
Байдың сӛзін есітіп, 
Қара ала атты кӛсілтіп, 
Қайта шапты балаға. 
«Қалағаныңды берді», – деп 
Шыбын жаным құрбан қып, 
Қара Кӛжек арада. 
Баладан болып садаға 
Ұстап беріп биені, 
Жад қылады иені. 
Қарны жерге тиеді, 
Құртқа сұлу күймеден 
Қарғып түсіп биені 
Маңдайынан сүйеді, 
Кӛшіне тіркеп жӛнелді 
Кӛк ала бие шұрқырап, 
Кӛбік шашып бұрқырап, 
Емшегі бұлақ иеді. 
Айы-күні жетіп тұр, 
Тууы тұлпар қиын боп 
Жүруге халі бітіп тұр, 
Ішінде тұлпар тулайды, 
Биенің тынысы бітіп тұр, 
Қасына адам жолатпай, 
Құртқа жалғыз күтіп тұр. 
Кӛк ала бие дӛңбекшіп, 
Домаланып сұлады. 
«Тұншығып тұлпар қалар», – деп, 
Құртқаның жаны шығады. 
Тонын жарып тұлпардың, 
Құлынға тыныс қылады. 
Сонда жатып құлындап, 
Бурыл тұлпар туады. 
Тұяғын жерге тигізбей 
Үстіндегі шешініп, 
Құртқа сынды сұлуың, 

12 
 
Алтын тонға орады. 
Аузын үріп сыпырып, 
Маңдайынан иіскеп, 
Шүкір ғып Хаққа тұрады. 
Аршын басты Бурылы, 
Қабырғада қанаты, 
Сұлтанымның жан аты. 
Күн түсірмей кӛзіне, 
Жел тигізбей ӛзіне, 
Үстіне шатыр тіккізді. 
Құртқа сынды сұлуың 
Айтса сӛзін ӛткізді. 
Кӛп нӛкерін жүгіртіп, 
Не керегін жеткізді. 
Үйір болып сол жерде, 
Қырық күнге шейін Бурылға 
Қулықтың* сүтін емізді. 
Және қырық күн біткенше, 
Қысырдың сүтін емізді. 
Сексен күні біткесін, 
Тоқсан күні жеткесін, 
Арымасын, талмасын деп, 
Маңқа, қолқа* болмасын деп, 
Жеміне қосып қыз Құртқа, 
Қызыл дәрі жегізді. 
Бурылға қыз Құртқа 
Түндікпенен күн берді, 
Түтікпенен су берді, 
Дәрілеген жем берді. 
Құртқа сынды сұлуың 
«Отауды жығып, тиес», – деп, 
Қобыландыға дем берді. 
Алтыннан жабу оюлап, 
Бурылға қыз Құртқа 
Құлағын тігіп қиюлап, 
Балағына түсірді. 
Елі түсіп есіне, 
Дүйсенбі күні бесінде, 
Отауды жығып кӛшірді. 
Бурылын құндақтап, 

13 
 
Биені тіркеп кӛшіне. 
Асқар тӛбе бел еді, 
Белден кӛшкен ел еді, 
Кӛшті тартып келеді. 
Бірнеше күн дегенде 
Тоқтарбайдың жанына 
Отауды әкеп тігеді. 
 
Әлқисса, Қобыланды батыр әкесі Тоқтарбайдың жанына 
отауын тігіп жатып, әкесіне келіп: 
– Мен кеткелі жылқыдан біраз айлар болды. Сонан бері 
тоқсан құл мен малдан хабар бар ма? – деп сұрады. 
Жоқ, шырағым, құлдан да, малдан да хабар жоқ, –  деді. 
Құйған шайдан ішпей, ашытқан балдан ішіп, «Мен малдың 
хабарын біліп келейін», – деп жүріп кетті. 
 
Базарда бар ақ мата, 
Ойнақтайды жас бота, 
Бұл сӛзімде жоқ қата. 
Әкесімен сӛйлесіп, 
Атқа мінді күн бата. 
Отарда жатқан жылқының 
Қарасын кӛрді таң ата. 
Барса малы аман-ды, 
Құлдар кӛріп қуанды, 
Қобыланды батыр келгесін 
Кӛтеріп қолға ту алды. 
Судай тасып жұбанды, 
Қыдыр дарып, бақ қонған 
Келгеннен соң Қобыланды. 
Бӛтен сӛзді қоялық, 
Не қылып жатыр қыз Құртқа, 
Енді содан сӛз қозғап, 
Ақ қағазды боялық. 
Естеміске қосылып, 
Ит жүгіртіп, құс салып, 
Қобыландыдай батырың 
Жата берсін балалық 
Аз ба, кӛп пе жатқаны 
Қобыландының, қаралық. 

14 
 
Құртқаның баққан Бурылы 
Жасқа толып, тай шықты, 
Жалтырап маңдай ай шықты, 
Тайдан құнан бұл шықты, 
Тасқа тиген тұяғы 
Кӛмірдей ойып жаншыпты. 
Құнаннан шығып – дӛнен-ді, 
Күн кӛрмеген кӛбен-ді, 
Жуандап мойны ӛссін деп, 
Бір байталға жіберді. 
Бестісінде үйретті. 
Жібек арқан құлаштап, 
Таралып мойны ӛссін деп, 
Ұзын байлап сүйретті. 
Алты жасқа ақтатты, 
Ӛзіне ӛлшеп Бурылдың 
Алтыннан тұрман қақтатты. 
Ат болар деп батырға 
Бурылын мақтатты. 
Құртқа сұлу батырға 
Қарағай найза саптатты. 
Алмас қылыш соқтырып, 
Күмістен қынын шақтатты. 
Бурылының қыз Құртқа 
Кекілін, жалын тарайды. 
Күніне неше қарайды, 
Салдырып оған сарайды, 
Баласындай жебеді. 
Күніне неше баулыды, 
Атқа қылған еңбегі 
Күннен-күнге кӛбейді. 
Алты жасқа толғанша 
Қобыландыдай батырың 
Үйге, сірә, келмеді, 
Бар еді Құртқам демеді. 
 
Әлкисса, сол кезде Қызылбастың елінен Қазан деген ер 
шығып, Ноғайлының жерін, Қырлы қала, Сырлы қала деген 
екі қаласын тартып алды. Қырлы қалаға бектерін, Сырлы 
қалаға жендеттерін жатқызып, жатып алды дейді. 

15 
 
 
Қызылбастың елінен 
Қазан деген ер шықты. 
Жӛн білмеген шер шықты. 
Ноғайлының кӛп елін 
Олжалап шауып жаншыпты. 
Бағынбаған адамын 
Қырып, жойып таусыпты. 
Жерін, малын олжалап, 
Қатарынан асыпты, 
Мал-жанына қарамай 
Ноғайлы елі қашыпты. 
Олжалап жанын басыпты, 
Ноғайлының кӛп елін 
Қаратабан десіпті. 
Қырлы қала, Сырлы қаласын 
Тартып алып ер Қазан 
Гүрілдеп судай тасыпты. 
Сырлы қала дейтін қаласы 
Қорғансыз сырты ашық-ты, 
Қырлы қала дейтін қалаға 
Атарман да шабарман, 
Бектері басын қосыпты. 
Қырлы қала маңынан 
Жау жүре алмас десіпті, 
Кӛңілі сондай ӛсіпті. 
Қызылбастың ағасы, 
Қырлы қала шаһарының 
Бір жағы судың жағасы, 
Алты қабат ор қазып, 
Тереңдігін мол қазып, 
Бекіткенін қарашы. 
Қырық жерден құйдырып, 
Болаттан соғып қақпаны 
Алпыс батыр жапқаны 
Жер жүзіне жайылды, 
Ноғайлының кӛп елін 
Шауып алып жатқаны. 
 

16 
 
Әлқисса, Қазанның бұл хабарын тӛменгі қырық мың үйлі 
Қиятта Сейілдің баласы Қараман батыр естіп, аттың жалын 
тартып, атадан ер болып туғасын, Ноғайлының жеріне 
қызылбастарды қондырып қоюымыз сүйекке таңба емес пе 
деп, елінен аттанып шықты. 
 
Қырық мың үйлі Қияттан 
Қырық мың әскер қол алып, 
Ақ қара бас ту алып, 
Қызылбасқа жол алып, 
Кӛшірем деп Қазанды, 
Бұ да күшті мол алып, 
Боз ат шалып Құдайға, 
Жұртын жиып қуанып, 
Қияттан шыққан бес батыр 
Қарақозы, Аққозы – 
Қатардан асқан қос батыр, 
Қаражан ұлы Қосдәулет – 
Топты бұзған бұл батыр 
Қара Боқан жауырыншы 
Түнде қалың жол тартар, 
Ғайыптан болжап сӛз айтар. 
Қарамандай батырдың 
Қабағына қар қатты, 
Кірпігіне мұз қатты, 
Қазанның естіп хабарын 
Ұйқы кӛрмей түн қатты, 
Ноғайлыны алды деп, 
Сүйекке таңба салды деп, 
Ӛлейін десе жан тәтті, 
Кірейін десе, жер қатты, 
Қырық мың әскер қол алып, 
Қайырын сұрап сапардың 
Қызылбасқа жол тартты 
Қостанып шыққан қосынға 
Қараман батыр толғапты: 
– Тілімді алсаң, азамат, 
Жаппарға жан аманат, 
Қараспан тауын жайлаған 
Қалың Қыпшақ елі бар, 

17 
 
Қобыланды деген ері бар, 
Дуа тиген керемет, 
Атағы жұртқа мәлім ед, 
Баса жүріп қонысын, 
Барса ертіп алайық, 
Ермесе бата сұрайық, 
Жақсыдан тиер шарапат! 
Жасы құрдас менімен, 
Мұңы мұңдас менімен, 
Жылы жылдас менімен, 
Мақұл кӛрсең әлеумет, 
Сӛз айтамын шынымен, 
Жүрейік соның жолымен!» 
Ақылдасып кӛп Қият, 
Мақұлдасып сонымен, 
Баса жүрді жолымен. 
Қараспан таудың етегіне 
Келіп қонған Қараман 
Ауыр әскер қолымен, 
Кӛп әскерді кӛргесін, 
Жай емесін білгесін, 
Қобыландыдай батырың 
Енді атына мінеді. 
Жақындап қарсы келеді, 
Естемісті жіберіп, 
Кім екенін біледі. 
Естеміс барып қосынға 
Достығына сенеді. 
Батырға атой* береді, 
Қобыланды да келеді. 
Қараманмен кӛрісіп, 
Амандық сұрап білісіп, 
«Жол болсын, құрдас», – дегенге, 
Қараман құрдас не деді: 
 
Әлқисса, Қараман батырдың Қазанды алуға бара 
жатқандығын айтқан жері: 
 
«Мен Сейілдің ұлы Қараман, 
Қазанға кетіп барамын. 

18 
 
Жүрмеймісің, құрдасым. 
Қол ағалық* қыламын» 
Замандасым, мұңдасым, 
Заманың бірге сырласым, 
Жылың бірге жылдасым, 
Жасың бірге құрдасым, 
Қазанның алған шаһарына 
Сапар тартып жол шектім. 
Жүрмеймісің жолбарысым? 
Қобыланды сынды, батырым, 
Жасыңнан артық ақылың, 
Жұлдызың туған жоғары 
Білемін, Қобылан, данасың! 
Дұға тиген ер едің, 
Кезіңе келген дұшпанның, 
Білемін, Қобылан, оңбасын! 
Осы қылған сапарға 
Кетемін ертіп сені деп, 
Әдейі келдім, жолбарысым!» 
Сонда Қобылан сӛйледі, 
Әзіл айтып іледі, 
Езу тартып күледі, 
«Мінетін атым қолыңда, 
Барар-бармас жолымды 
Хабар салып алайын 
Үйдегі Құртқам біледі 
Алты жыл болды баққалы, 
Түндікпенен күн беріп, 
Түтікпенен су беріп, 
Бағымды бастан алмасын. 
Алды-артымды шалмасын, 
Қияметтік жолдасым, 
Жан серік атым қолында, 
Үйдегі Құртқам біледі. 
Менің де барар-бармасым». 
Бұл сӛзді айтып Қобыланды 
Шатырға қайтып келеді, 
Келіп сӛйлей береді: 
«Мынау келген кӛп қосын 
Сейілдің ұлы Қараман 

19 
 
Қазанға қылған жол, – деді. 
Алып келгін Бурылды, 
Жүр деп отыр бұл, – дейді. 
Барамын бірге мен», – дейді. 
Базарда бар ақ мата, 
Ойнақтайды жас бота, 
Бұл сӛзімде жоқ қате, 
Қобыландының жанынан 
Естеміс шыққан ел жата. 
Тоқтарбайдың жанында 
Құртқаң тіккен отауға 
Естеміс келді таң ата. 
Таң сарғайып атқанда, 
Шолпан жұлдыз батқанда, 
Ақ отаудың ішінде 
Құртқажан ұйықтап жатқанда. 
Естеміс келіп сӛз қатты, 
Күн шыққан жоқ, таң атты, 
Дауыстап тұстан сӛйледі: 
«Үйдемісің қыз Құртқа, 
Түздемісің қыз Құртқа, 
Әйел болдың амал жоқ, 
Егер еркек болғанда, 
Болар ең жұртқа бір тұтқа. 
Мінген атым қызыл-ды, 
Іс тағдырға сызылды. 
Жол қылмаққа дұшпанға 
Батырдың кӛңілі бұзылды. 
Мінуге керек қазанат, 
Беліне керек шар болат, 
Денеге керек жалаңқат*, 
Жаппарға жан аманат, 
Жалғыз емес Қобыланды, 
Қияттан шықты қолқанат, 
Батырың мініп шабуға, 
Асыл туған, Құртқажан, 
Жарамай ма, жарай ма? 
Алты жыл баққан Бурыл ат». 
Сонда сұлу қыз Құртқа 
Қылаң етіп, қылт етіп, 

20 
 
Сылаң етіп, сылт етіп, 
Шекеде шоғы бұлт етіп, 
Алтынды тоны жылт етіп, 
Сауулы інгендей ыңқылдап, 
Күшігендей сыңқылдап, 
Сүмбіледей жылтылдап, 
Буыны түсіп былқылдап, 
Алтын қалпақ дулыға, 
Шекесінде жарқылдап, 
Мақпал тӛсек мамықтан, 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет