Қобыланды батыр



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата15.12.2019
өлшемі0,65 Mb.
#53622
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қобыланды батыр жыры (Марабайй жырау нұсқасы) толық

Қобыландыға сенгізді. 
Уағда байлап, қол беріп, 
Тайбурылға мінгізді. 
Қарлыға бұл сӛзді айтқасын, 
Енді атына мінеді, 
Бадана кӛзді ақ сауыт 
Денесіне киеді. 
Беліне байлап болатты 
Қарына найза іледі. 
Қараман мен екеуі 
Кӛбіктінің кӛп жылқы 
Және сүзіп жӛнелді. 
Құба кӛлден ӛткенде, 
Сары ӛзенге жеткенде, 
Кӛбіктінің Тарлан ат 
Құйрығын құстай тарайды, 

79 
 
Шекесінен қарайды, 
Кіндігінен жарайды, 
Әуеге қарап есінеп, 
Ием бе деп кісінеп, 
Жау екенін білгесін, 
Сыртына құйрық салады, 
Кӛк ат қашып барады, 
Барса, барсын кӛк ат деп, 
Екеуі қумай қалады. 
Қалаға кӛк ат еніпті, 
Есітті дүбір Кӛбікті. 
Ат барғасын желікті, 
«Қарлығажан, қайда?» – деп, – 
«Ат ертте», – деп демікті, 
Аңдып тұрған Қарлыға 
Кӛбіктіге келіпті: 
«Ұйқыңды бұзба, Кӛбікті, 
(Сорлы әкем, неге желікті); 
Мал иесі жануар 
Жем жеймін деп келіпті». 
Кӛбіктіні жатқызып, 
Ақмоншақ аттың үстіне 
Алтыннан тұрман ер салып, 
Аз ғана азық, жем салып, 
Қобыланды еске түскенде, 
Қыздың шері қозғалып, 
Ақмоншақ атқа мінеді, 
Беліне семсер іледі, 
Денеге сауыт киеді. 
Тӛбеге шашты түйеді, 
Ноғай бӛркін киеді 
Қобыландының соңынан 
Дӛңгелетіп жӛнелді. 
Қуып жетіп бұларға 
Әкесінің жылқысын 
Бірге айдасып келеді, 
Қаладан қиғаш ӛткенде, 
Сары белге жеткенде, 
Күн сәскеден ӛткенде, 
Бұзылып аттың жүрісі 

80 
 
Оттамайды жусайды, 
Бүгежектеп жүрмей келеді. 
Ақмоншақ аттың інісі, 
Ӛзі-ӛзінен ылаңдап, 
Келеді бітіп тынысы. 
Жылқы ішінде ала-ды, 
Қылшық жүнді қара-ды, 
Әуеге қарап есінеп, 
Ием бе деп кісінеп, 
Жау екенін білгесін 
Шекесінен қарады, 
Кіндігінен жарады, 
Құйрығын сыртқа салады. 
Қайта айналып кӛкбесті, 
Шаһарға қарап жӛнелді. 
Жалғаса қуған үшеуі 
Қайтара алмай қалады. 
Қандай заман болар деп, 
Қарлыға сұлу налыды, 
«Барса, барсын, кӛк ат», – деп, 
Басын қосып үшеуі 
Бір тӛбеге барады. 
Кӛбіктінің үстінде 
Тоғыз қабат ақ сауыт 
Шапсаң, қылыш кеспейді, 
Атсаң, мылтық ӛтпейді. 
Қобыландыдай батырға 
Қарлыға сұлу сӛйледі: 
«Оған қылар амалы 
Кіндігінің тұсында 
Кем соғылған тӛрт кӛзі 
Жел соғарлық самалы. 
Мерген болсаң, батырым, 
Кіндікті байлап атпасаң, 
Басыңа салар қараны». 
Қараман естіп бұл сӛзді 
Тоқтамайды табаны, 
Қарлыға менен Қараманды 
Ілгері қарай жӛнелтіп, 
Жолын тосып Кӛбіктінің 

81 
 
Қобыланды жалғыз қалады. 
Жылқыны қуып барады, 
Бір құдайға тапсырып, 
Қобыландыдай баланы. 
Қисайған оғын түзетіп, 
Кӛбікті қашан келер деп, 
Қобыланды тосып тұрады. 
Қашып барып кӛк бесті 
Қалаға барып еніпті, 
Естіді дүбір Кӛбікті. 
Ат барғасын желікті 
Кеткенін қыздың білген соң, 
Қаһарланып Кӛбікті, 
Кӛк бесті атқа ер салды, 
Бір күндік азық жем салды, 
Ат басындай тас шоқпар 
Кӛбікті батыр қолға алды. 
Енді мініп атына: 
«Менің келер, келмесім 
Екіталай енді», – деп, 
Амандасып халқына, 
Бұрынғы тартып салтына, 
Жылқысын алған жаулардың 
Кӛбікті түсті артына. 
Белес-белес бел еді, 
Ӛзінің туған халқына 
Белгілі туған ер еді. 
Ертең Шолпан батқанда, 
Қызарып күн шыққанда, 
Тау суындай сарқырап, 
Ақ сауыты жарқырап, 
Қобыландының тұсынан 
Кӛбікті ӛтіп барады. 
Кӛбіктіні кӛрген соң 
Кӛтеріліп Қобыланды 
Айқай салып ақырды, 
«Кел бері!» – деп шақырды. 
Садағын қолға алады, 
Оғын кезеп Қобыланды 
Сонда тұрып сӛйлейді: 

82 
 
«Сынғыр, қолым, сындың ба? 
Шыққыр кӛзім, шықтың ба? 
Шынымен қазам жеттің бе? 
Шын бұйрығым біттің бе? 
Қысылған жерде дем берер 
Ықылас ата, Шашты Әзіз, 
Жеті кәміл пірім-ай, 
Сарт болып-ақ кеттің бе? 
Жалғыздық қайғы басымда, 
Жолдасым жоқ қасымда, 
Мұндай қайғы кӛріп пе ем 
Ӛзімнің ӛмір жасымда? 
Кәміл пірлер, жар болмай 
Салғаның ба уайым? 
Бір ӛзіңе сыйындым, 
Жарылқаушы Құдайым!». 
Бұл сӛзді айтып Қобыланды 
Қорамсаққа қол салды, 
Бір салғанда мол салды 
Кӛп оғына жол салды, 
Әр оғының басында 
Жолым үйдей шоқ қалды. 
Қалмақты ердің қасы деп, 
Нақ кіндіктің басы деп, 
Қыз айтқан жердің тұсы деп, 
Ӛлер жерің осы деп, 
Салдыр-гүлдір еткізіп, 
Оқ масаққа жеткізіп, 
Қобыланды тартты бір оқты, 
Бір де болса ірі оқты, 
Жанына азап берілді, 
Азап емей немене? 
Кӛбіктінің денесі 
Кеудесінен бӛлінді. 
Атта қалып бӛксесі, 
Оқпен ұшып кеудесі 
Қобыландыдай батырдың 
Қабыл болды тәубесі. 
Жәрдем беріп бабасы 
Шамасы келер күн болса, 

83 
 
Қылуға қайрат жарады. 
Кӛбіктідей батырдың 
Жерге түскен кеудесі 
Екі қолымен еңбектеп, 
Артында қалған шоқпарға 
Тағы да кетіп барады. 
Шылбырын қолға алады, 
Оқпен түскен кеудесі 
Қару қылар шама жоқ, 
Жан-жағына қарады. 
Қобыланды келіп қасына 
Заман ақыр тақалды, 
Саудагер сатар бақалды*, 
«Қыз жау» деген осы деп, 
Айтып отыр мақалды, 
Екі қолдап Кӛбікті 
Жұлып отыр сақалды. 
Болмады енді қашпасқа. 
Ізденіп болмас бос басқа 
Балдағы алтын болатпен 
Қобыланды тартты қақ басқа. 
Шалқасынан сылқ етіп, 
Жерге түсті сор қасқа. 
Ақыл айтып ӛлтірткен 
Айла қанша қыз жасқа! 
Кӛбіктіні ӛлтіріп, 
Сәтіне ісін келтіріп, 
Кӛк бесті атты жетелеп, 
Жүретін жолын тӛтелеп, 
Қарлығамен қосылып, 
Жібектейін есіліп, 
Қарлығамен екеуі 
Аударыспақ ойнайды, 
«Қобыландымен бірге ӛлсем 
Армансызбын Алла», – деп 
Күліп-ойнап барады. 
Осы барған жолында 
Биік-биік қыр екен, 
Оқпанды сай жыра екен, 
Сайым ұлы Қараман 

84 
 
Алдындағы тоғайда 
О да күтіп тұр екен 
Шыға келді алдынан: 
«Шешен сӛйлер дауға», – деп, 
Қайрат қылдың жауға, – деп, 
Олжа салғын, құрдасжан, 
Беріңіз бізге сауға», – деп, 
Қобыланды сонда сӛйледі: 
«Жая менен жал құрдас, 
Шекер менен бал құрдас, 
Кӛбіктінің кӛп жылқы 
Олжа қоспай ал, құрдас». 
Қараман тағы сӛйлейді: 
«Мал саттым базар бӛзіне, 
Салса жылқы тоқтайды 
Арқаның бәрі кӛзіне, 
Жаман-жақсы десең де 
Наз қыламын ӛзіңе. 
Олжаның келдім кӛзіне. 
Құлағың сал сӛзіме, 
Тағы да сауға ӛзіме 
Кӛбіктінің кӛрдім ӛлгенін, 
Ӛлтіріп ердің келгенін, 
Кӛбікті қызы Қарлыға, 
Жӛн еді қоса бергенің». 
Қобыланды сонда сӛйлейді: 
«Құртқа баққан Тайбурыл 
Астымда дӛнен мінгенім. 
Тайбурылды мінгесін 
Дұшпанға теңдік бермедім. 
Он үш жасқа келгенше 
Басыма келген кемшілік 
Кӛбіктіден кӛргенім 
Кӛп қайғының ішінде 
Менің бүйтіп жүргенім. 
Мынау тұрған Қарлыға 
Ата-ана, ел жұртын 
Қиып шықты мен үшін, 
Артықша тиіп пайдасы 
Кӛбіктінің ӛлгені, 

85 
 
Қарлыға қыздың айласы. 
Кӛбіктінің кӛрдің ӛлгенін, 
Тәңірім бақыт бергенін. 
Қызметі белгілі, 
Артықша мақтап қайтейін, 
Ӛзі сүйсе бергенім». 
Сол уақыттар болғанда, 
Қарлыға тыңдап тұрғанда, 
Қараман келіп сӛйлейді: 
«Мұңлық пенен Зарлық», – деп – 
Түйенің кӛркі нарлық, – деп, – 
Жүктің кӛркі сандық, – деп, – 
Қарлығадай сұлуды 
Жетелеп алып жӛнелді: 
«Құрдасжан берді, алдық – деп, – 
Татулыққа қандық», – деп. 
Мінген аты дӛнен-ді, 
Кӛкке тойған кӛбең-ді, 
Байдың қызы жамылар 
Масаты менен беренді. 
Азырақ тұрып сӛйлесіп, 
Үшеуі тоқтап бӛгелді. 
Тізе қосып үшеуі 
Кӛбіктінің кӛп жылқы 
Гулетіп айдап жӛнелді. 
Бірнеше күн ӛткен соң, 
Әкеліп қосты жылқыны. 
Қазаннан алған кӛп елге, 
Жатыр екен қосындар 
Тастап кеткен жерінде. 
Даярланып жатқан кӛп Қият 
Екеуі қосқа келген соң, 
Дүркірей кӛшіп жӛнелді. 
Атқа мініп желгендей, 
Ер қадірін білгендей, 
Қобыландының Тайбурыл 
Ұмтылып аяқ баспайды, 
Бір нәрсені сезгендей. 
Қобыланды құлға ұқсайды, 
Мезгілсіз жылап, қақсайды. 

86 
 
Бекер жылап не қылсын 
Жан серігі Бурыл ат 
Ілгері аяқ баспайды. 
Омырау қағып ақсайды. 
Бурыл ат ақсап жүрмегенсін, 
Қалың қосын кӛше алмай, 
Күн батпай қонды Ақсайға. 
Қол Ақсайға қонғансын, 
Қарлығаны алып оңғансын, 
Қараман барып алғандай, 
Қосынға олжа салғандай, 
Ақымақ Қият бірталай 
Қараман атты батырды 
Кӛтеріп аттан алады, 
Ақ кілемге салады. 
Арыстан туған Қобыланды 
Атын ұстар кісі жоқ, 
Қобыландыны кӛп Қият 
Кім екен дер ісі жоқ. 
Мінген аты қызыл-ды, 
Іс тағдырға сызылды. 
Олжаға кӛңілі біткесін 
Қияттардың бұл жерде 
Қайтуға кӛңілі бұзылды. 
Байдың қызы жамылар, 
Масаты мен қамқасын. 
Қобыландыға қарамай 
Үдере кӛшті кӛп қосын. 
Қобыландыдай батырдың 
Аты ақсап жүре алмай, 
Жұртта жалғыз қалғасын 
Шыбын жанын қинаған 
Кӛздің жасын бұлаған, 
Сӛйтіп алған олжасын 
Қият алып кеткесін, 
Жалғыздықтан жабығып, 
Ӛксіп жылап қамығып, 
Сүйекке намыс жеткесін, 
Қарамандай құрдасы 
Кӛптігіне мастанып, 

87 
 
Есіне алмай кеткесін, 
Сонда Қобылан сӛйледі: 
«Жақсының ісі бітеді, 
Жаманның ісі жатады, 
Шыбын жанды қинаған, 
Кӛздің жасын бұлаған, 
Бүйтіп алған олжамды 
Қият алып кетеді. 
Ақылсыз туған мен ақымақ, 
Бүйтіп жалғыз шыққанша, 
Қараспан тауды жайлаған 
Қалың Қыпшақ жұртымнан 
Онды-бесті соңыма 
Қосшы ертсем нетеді? 
Шыныменен шамдансам, 
Қосын түгіл Қияттың 
Еліне күшім жетеді. 
Үйге барсам, түзім жоқ, 
Түзге барсам, үйім жоқ, 
Ӛстіп жалғыз жүргенде, 
Ӛтесің бе дүние боқ? 
Жалғыз туған мен сордың 
Алдымда сүйеу ағам жоқ, 
Құдайдан басқа панам жоқ, 
Қазақ кӛппін дегенде 
Кӛппін деп айтар тілім жоқ. 
Артымда ерген інім жоқ, 
Жалғыздықтан мінім жоқ. 
Білмей қалдым басымнан 
Ӛткеніңді дүние боқ. 
Мінажат* етіп жылаймын 
Ӛзімнің нашар халімді 
Жазым болып, кӛз жұмсам 
Жау талайды малымды. 
Атадан алтау екен деп 
Ӛзімнен тӛмен жаманға 
Болймын неғып жалынды! 
Қай уақытта кӛремін 
Үйдегі кемпір-шалымды? 
Құлым десең, құдая, 

88 
 
Бүгін маған кӛрсетші 
Ататұғын таңыңды. 
Ойла менің қамымды, 
Тағдырымды бітіріп, 
Тауыс менің нанымды! 
Осы таңнан ӛткізбе, 
Күн шығуға жеткізбе!» 
Бұлайша деп Қобыланды 
Түн ортасы болғанда, 
Тайбурылын тұсады. 
Алып туған қатардан 
Шаһзада кісі еді. 
Құрбысында адам жоқ 
Қобылекеңдей мүшелі. 
Жамандар қылды ӛсекті 
Жылап-жылап Қобылекең 
Тоқымын қылды тӛсекті. 
Қараман қылды мастықты, 
Жылап жүріп Қобыланды 
Ерден қылып жастықты, 
Тоқымын тӛсеп, ер жастап, 
Етпетінен құлады, 
Ұзынынан сұлады. 
Алтынды ерге сүйеніп, 
Ӛксіп, ӛксіп жылады. 
Жылап жатып Қобыланды. 
Ортасы түннің болғанда 
Кӛзі ілікті ұйқыға. 
Кӛзі ұйқыға кеткенде, 
Мезгілі таңның жеткенде, 
Кӛк есегі астында, 
Ақ сәлдесі басында, 
Сырлы асасы қолында. 
Ӛзі хақтың жолында, 
Он сегіз мың ғаламның, 
Он бесі бар қасында, 
Жеті кәміл бабасы 
Келді жетіп қасына: 
«Ояумысың, Қобыланды, 
Ұйқыдамысың, Қобыланды, 

89 
 
Бұл сапарың болмады. 
Мінген атың бозды ғой, 
Арқам сӛзге қозды ғой, 
Саған келген бәлені 
Қорғаймын деп Қобыланды, 
Алтын тонның етегі 
Тамтық қалмай тозды ғой! 
Құланнан атқан қодықты, 
Кӛлден тартқан борықты 
Кеше түсте әкеңе – 
Тоқтар шалға жолықтым. 
Оқпанды сай жыра екен. 
Асқар-асқар бел екен, 
Сенің әкең Тоқтар шал, 
Тізесіне тон жетпей, 
Бұтында жоқ ыстаны, 
Қара табан қойшы боп, 
Әкең қойда жүр екен, 
Алпыста шешең Аналық 
Арқан есіп, жүн түтіп, 
Қайғыменен қан жұтып, 
Қасіретті кӛп тартып, 
Қозы бағып, бүкеңдеп, 
Құрт қайнатып жүр екен. 
Қарындасың Қарлығаш 
Әбестесі* қарында 
Бес кесесі қолында, 
Белдемшесі белінде, 
Қызылбастың елінде 
Шай қайнатып жүр екен. 
Ӛзіңнен қалған Құртқаны 
Қалмақтың ханы Алшағыр 
Аламын деп жүр екен. 
Қалмақтың ханы Алшағыр 
Алтынды таудың астында. 
Тастан соққан қорғанды, 
Бүгін үш күн болады 
Шауып кетті еліңді. 
Сындырып кетті беліңді, 
Кесіп кетті желіңді, 

90 
 
Ӛзің есен-сау күнде 
Қыпшақты жауға бергенің – 
Ол да саған ӛлім-ді. 
Қайғы тартқан еліңе 
Сатамысың теріңді? 
Үстіңе келген дұшпанға 
Кӛрсетсейші кӛрімді. 
Жалған айтар дей кӛрме 
Жеті кәміл піріңді!» 
Бабасы айтқан хабармен 
Қобыланды шошып оянды. 
Кӛзін ашып қарады, 
Таң сарғайып атыпты. 
Таң шолпаны батыпты. 
Мақпал тӛсек мамықты 
Оянып ӛксіп қамықты, 
Жау шапқасын халықты, 
Ойына жұрты түскесін, 
Байлауға Құртқа түскесін, 
Мұны біліп Бурыл ат 
Күйініп ақсап жүр екен. 
Пірден хабар тиген соң, 
Ақсағынан жазылып, 
Құландай ойнап қалыпты. 
Белгілі тӛбе бел екен, 
Қыз да болса, ер екен – 
Сауғаға берген Қарлыға 
Қараманның жанынан 
Ұйықтап Қобылан жатқанда, 
Шылбырын шешіп белінен 
Майқара мен бетеге, 
Жусан менен кӛдеге, 
Ақмоншақ пен Бурылды 
Қарлыға бағып жүр екен. 
Қос бүйрегі бүлкілдеп, 
Кӛздің жасы мӛлтілдеп, 
Бір қадам басып жүре алмай 
Қарлығадай сұлуға 
Әрең жетті еңкілдеп. 
Қобылан келіп сӛйледі: 

91 
 
«Жолдас болдың, Қарлыға, 
Алланың кӛп қой жарлығы. 
Жер астына бір түсер 
Бұл пенденің барлығы. 
Құдіреті күшті Құданың 
Осы кӛптің ішінде 
Жалғыз маған түсіпті 
Қысым қылған тарлығы. 
Жау шауыпты елімді 
Жау басыпты белімді, 
Жау кесіпті желімді. 
Менен қалған байтақ ел 
Кӛрген сияқты кӛрімді. 
Қалмақтың ханы Алшағыр 
Алтынды таудың етегінде 
Тастан соғып қорғанды, 
Шауып кеткенге ұқсайды, 
Қараспан таудағы елімді. 
Жалған айтар демеймін 
Жеті кәміл пірімді, 
Айтамын саған сырымды. 
Жылқы ішінде аламын, 
Қылшаң жүнді қарамын, 
Кӛмек берер демеймін 
Сейілдің ұлы Қараман. 
Әйел де болсаң, қатар ең, 
Мұңымды саған шағамын. 
Қош, Қарлыға, аман бол, 
Қалмақ алған халқыма, 
Кӛмегім жоқ артымда. 
Жалғыз кетіп барамын. 
Тәңір оңғарса жолымды 
Алаулаған қалмақтан 
Кегімді барып аламын. 
Қарлыға сонда сӛйледі: 
«Ер де сасар болар ма, 
Етегін басар болар ма? 
Сіз сияқты батырдың 
Елін жау алар болар ма? 
Әуелі алла анайым, 

92 
 
Хақ жаратқан Құдайым, 
Бӛлініп үйден шыққасын 
Сіз болар ма деп едім, 
Тәңірі қосқан жұбайым. 
Сізден басым қалғанға. 
Соншама жеймін уайым. 
Сіз деп бақи дос болып, 
Сүйіп шыққан Қобыланнан 
Кеудедегі шыбынның 
Несін аяп қалайын! 
Қайғы тартып қан құсса, 
Запыран етіп май құсса, 
Шабылған елге кете гӛр, 
Бүлінген елге жете гӛр! 
Белгілі түбі бел болса, 
Еретұғын ер болса, 
Қараманға барайын, 
Оған да жүр деп қарайын! 
Ерсе жинап қолымнан, 
Ермесе тастап соңымнан, 
Ертең түстен қалмаспын, 
Қобыланды, мен де барайын!» 
Қарлыға бұл сӛзді айтқасын, 
Тайбурылға мінеді. 
Қарына семсер іледі. 
Беліне байлап болатты, 
Ақ сұңқар құстай қанатты 
Жануар асыл Бурылды 
Қараспан тауға қаратты. 
Күн тимеген сауырға, 
Жел тимеген бауырға 
Қамшымен соғып қанатты, 
Бурыл атты «Шүу!» – деді. 
Құбылып Бурыл гуледі. 
Ертемен шапқан Қобыланды 
Кешке шейін шабады, 
Келіп жетті жеріне, 
Жақындады еліне, 
Намаздыгер ӛткенде, 
Құтпан мезгіл жеткенде 

93 
 
Екпіндеген Бурыл ат 
Етпетінен жығылды. 
Жығылғасын Қобыланды 
Аттан түсе қалады. 
Жерді сайып қарады, 
Ертеңгі таң атыпты, 
Бұйырған дәмін татыпты. 
Жазығы мал демесең 
Адамнан ақылы артық-ты. 
Ел барында Құртқаның 
Екі мезгіл жем берген, 
Жаныменен тең кӛрген 
Алтыннан соққан қораға 
Бурыл құлап жатыпты. 
Мінген аты құла-ды, 
Ертемен шауып бұлады, 
Құртқаның баққан жұртына 
Тоқымын тӛсеп, ер жастап, 
Батыр Қобылан құлады, 
Алтынды ерге сүйеніп, 
Елі-жұртын сағынып, 
Ӛксіп-ӛксіп жылады. 
Осы жерде Қобыланды 
Таң атқанша болады. 
Таң сарғайып атқанда, 
Таң шолпаны батқанда, 
Жан-жағына қараса, 
Жұрты жатыр, елі жоқ, 
Батпағы жатыр, кӛлі жоқ, 
Қаңғырып жүріп далада 
Ӛткенің бе, дүние боқ. 
Таң атқан соң, батырың 
Тағы түсті жарысқа. 
«Байлауда Құртқа жатқанда, 
Жан серігім, қарышта!» 
Асқар-асқар беліне, 
Белден кӛшкен еліне 
Ертемен шауып Қобыланды, 
Бұлаңдаған Бурылмен 
Жүгіртіп келді Қобыланды 

94 
 
Айна кӛлде Құртқаның 
Ордасын тіккен жеріне. 
Жұртын кӛріп Құртқаның 
Кӛзіне батыр жас алды. 
Неше батыр болса да. 
Буыны балқып босады. 
Жұртына кӛзін салады, 
Қараса, күлдің ортасы 
Кӛтеріңкі кӛрінді. 
Күл ішінде не бар деп, 
Қобыланды күлді қарады. 
Ашып күлді қараса, 
Жая менен жал екен, 
Түрлі тағам бар екен, 
Ӛзін қалмақ алғанда, 
Кӛк арбаға салғанда, 
«Кез болса бұған батыр, – деп – 
Тауып азық қылсын», – деп, – 
Ақылды туған Құртқаның 
Бӛтен нәрсе тастарға 
Шамасы келмей сұлудың 
Кӛміп кеткен наны екен. 
«Бұйырғаны Құдайдың 
Осы шығар бізге», – деп, 
Шетінен тістеп алады. 
Қоржынға батыр салады. 
Тайбурыл атты Қобыланды, 
«Айт, жануар шүу!» – деді. 
Құбылып Бурыл гулейді. 
Табаны жерге тимейді. 
Кӛлденең жатқан кӛк тасты 
Тіктеп тиген тұяғы 
Саз балшықтай иледі. 
Арандай аузын ашады, 
Аяғын топ-топ басады. 
Ертеден шапқан Қобыланды 
Кешке дейін шабады. 
Жете алмады қалаға, 
Бекер шапты далаға. 
Сылтауды анық табады 

95 
 
Түнге дейін шабады. 
Түн ортасы болғанда, 
Есіктің алды ығын-ды, 
Бола жазды шығынды, 
Шығын болмай не қылсын? 
Екпіндеп шапқан Тайбурыл 
Етпетінен жығылды. 
Қобыланды түсе қалады, 
Жерді байқап қарады, 
Аллаға тілім жазықты, 
«Аты арыса, қарны ашса, 
Қылсын деген азықты» 
Қыз Құртқа қағып кетіпті. 
Кез бойы алтын қазықты. 
Қолын жерге салыпты, 
Тайбурылдың астынан 
Қобыланды тауып алыпты, 
Ол қазықты бес бүктеп, 
Ат қоржынға салыпты, 
Атына Қобылан мініпті, 
Тайбурылды тайдырмай 
Табан жолға салады. 
Артық туған Қобыланды 
Таң атқанша шабады. 
Таң салқыны жеткенде, 
Ағыны қатты Бурылмен 
Алтынды таудың етегіне 
Аңқытып жетіп келеді. 
Алшағырдың шаһарын 
Батырдың кӛзі шалады, 
Шаһарға жетіп барады. 
«Еменнен кестім найза, – деп 
Пенделік тартқан халқыма 
Тигіземін пайда», – деп 
Күн шыққанша шаһарын 
Екі айналды Қобыланды. 
Енуге есік қайда деп, 
Енуге есік таба алмай, 
Кіруге тесік таба алмай. 
Күн шыққанша батырың 

96 
 
Айналып жүрді сыртында. 
Қуыстау жерге жеткенде, 
Мүйістеу жерге жеткенде, 
Жылқыда құмай аланы, 
Атадан дақ дараны, 
Жалғызым деп Тоқтар шал 
Жоқтаушы еді баланы: 
Уа, қозым деп зарлаған, 
Жас қозыдай маңыраған, 
Саулы інгендей аңыраған 
Сыртта жүрген Қобыланның 
Құлағын жарып барады. 
Қалайша жоқтар екен деп, 
Құлағын батыр салады. 
«Келелі түйем ішінде – 
Қайырлы бураға ұқсаған 
Қайырлы туған Қобылан – 
Ботам, сенен айрылдым. 
Алалы жылқы ішінде – 
Тұяғы бүтін тұлпардай, 
Кӛзге түсер сұңқардай 
Құлыным сенен айрылдым. 
Келісті түзу мысқылдай – 
Ай мүйізді қошқардай 
Тілеп алған жалғызым 
Қозым, сенен айрылдым. 
Кӛл айнала шаңдатқан – 
Байламаса, тынбаған 
Кӛк ала бұқаға ұқсаған 
Мен бұзаудан айрылдым. 
Ішіме толған кӛп қайғы 
Аһ ұрсам да кетпейді. 
Дұшпанның берген тері тон 
Тіземе тартсам, жетпейді. 
Ал десем де Тәңірге 
Ӛлшеулі ӛмір бітпейді. 
Жалғызым барда кӛңілім тоқ. 
Құлынымнан айрылып 
Табаныма тиді шоқ! 
Бұл қорлықты кӛргенше 

97 
 
Тигені артық ажал оқ! 
Айы біткен айда ӛлер, 
Күні біткен күнде ӛлер, 
Жалғызым деп зарласам, 
Сүйексіз тілім дӛңгелер! 
Атаңа нәлет, Алшағыр, 
Кӛрсеттің ғой ӛкімді! 
Жалғызым тірі бір келер, 
Асықпай тұр, қызылбас, 
Сыбағаңды сол берер! 
Жалған дүние сырғанақ, 
Шыныменен айрылсам, 
Жалғызым, тезірек келмесең 
Мені бір Құдай ұрғаны-ақ! 
Дұшпанға пенде болғанша, 
Бұл бейнетті кӛргенше, 
Жалғызымнан айрылып, 
Неге ӛлмедім мен шұнақ? 
Қорлық берді бұл дұшпан 
Тоқсанға келген жасымда, 
Пенде болып кәпірге, 
Қойын бақтым осында! 
Жалғызым менің келер ме? 
Пірлерден тиіп бір хабар, 
Тайбурыл атпен желер ме? 
Соры қайнаған мен сордың 
Жаратқан жаппар Құдайым 
Кӛзімнің жасын кӛрер ме? 
Я болмаса, сол жақта 
Қазасы жетіп ӛлер ме? 
Я болмаса жарылқап, 
Пірлері хабар берер ме? 
Я болмаса Құдай-ай, 
Менің мұндай жайымды 
Кӛңілге түскен уайымды 
Жалғызым менің білер ме?» 
Сол уақыттар болғанда 
Қозы Кӛрпеш – Баяндай 
Ӛлім Хақтан аянды-ай, 
Алпыста шешесі Аналық 

98 
 
Ұйқысын ашып оянды-ай: 
«Қырғауылдай кӛжекті 
Талықтым тасып тезекті, 
Жалғызымды жоқтаймын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет