59
Жауды кӛрген мезгілде
Арыстан туған Қобыланды
Жан-жаққа кӛзін салады,
Қырық мың атты қызылбас,
Жалғыздығын білгесін
Енді ортаға алады,
Тұрған жерде қамады.
Артық туған Қобыланды
Жалғыздығын білгесін,
Қамағанын кӛргесін,
Жалғыздық айтып жабығып,
Бір Тәңірге зарығып,
Сонда тұрып налыды:
«Ӛзі болат, ӛзі ӛткір
Бұрынғы ердің найзасы,
Бақ қараған пенденің
Басында болар айласы,
Алды, артымда таяу жоқ
Қараспан толған кӛп елдің
Кәнеки, енді пайдасы?
Мініп шықтым үмітпен
Жолдасым бурыл дӛненді,
Кӛкке тойған кӛбенді,
Қызылбас қашып, мен қалсам,
Ерлігімді кім айтар,
Қараспанды жайлаған
Қалың Қыпшақ кӛп елге?!
Жар болғай, Алла, ӛзіме,
Шыбын жаным кӛрінді
Бүгін менің кӛзіме.
Кәміл пірлер, құлақ сал,
Ауыздан шыққан сӛзіме,
Жазым болып мен түссем,
Бір найзадан қан құссам,
Үстімдегі ақ сауыт,
Астымдағы Тайбурыл
Жалғызыңның исі деп,
Кім апарып кӛрсетер,
Кемпір-шалдың кӛзіне?
Бурылға жаптым кӛк мауыт,
60
Сыйынған пірім ер Дәуіт.
Шабамын кәпірге ауыт-ауыт.
Бүгін қанға боялсын
Балғаң тиген ақ сауыт –
Бекітіп соққан ер Дәуіт
Жауды кӛріп, қызды арқам,
Қашар ма жаудан мен салқам?
Бүгінгі күні не кӛріп,
Иманмен ӛтсем жоқ-ты арман.
Толғамалы ақ сүңгім
Шаншылар майдан күн бүгін.
Былғары садақ, Бұқар жай
Тартылар майдан күн бүгін.
Алтын құндақ ақ берен
Атылар майдан күн бүгін.
Толғамалы ақ сүңгім
Шанша алмасам, маған серт!
Қанға тойсаң, саған серт!
Былғары садақ, Бұқар жай,
Тарта алмасам, маған серт!
Бел күшіме шыдамай
Беліңнен сынсаң, саған серт!
Алтын құндақ ақ берен,
Ата алмасам, маған серт!
От алмасаң, саған серт!
Таямай атса, оқ ӛтпес,
Шуақ шықса, күн ӛтпес,
Жаңбыр жауса, су ӛтпес,
Жағасы алтын, жеңі жез,
Бадана кӛзді ақ сауыт,
Бекітіп соққан ер Дәуіт,
Қалмақтың қалың қолынан,
Шашақты найза жолынан,
Бұл әскердің ӛзінен
Қылышының жүзінен
Тая жүрсем, маған серт!
Ата-анам сүйген ақ денем
Оқ дарытсаң, саған серт!»
Қобыланды айтып болғасын,
Қиналарын білгесін,
61
Бауырын жазып Бурыл ат
Шиыршық атып ойнайды,
Батыр туған Қобыланды
Ерегіскен жауының
Басын жоймай қоймайды.
Шабайын деп батырың,
Тал бойын алды аршындап,
Астындағы Бурылдың
Тасқа тиген тұяғы
Қар кешкендей қаршылдап.
Қыл қобызға жағады
Қарағайдың шайырын,
Шабайын деп батыр тұр,
Қырылуға кәпір тұр,
Алла берсін қайырын.
Алтын қалпақ, жез телпек,
Баса киіп кӛзіне.
Кӛп, әлеумет, құлақ сал,
Аузымнан шыққан сӛзіме,
Қырық мың атты қызылбас,
Қырық кісідей кӛрінбес
Батырыңның кӛзіне
Тікелеп атқан оқтары
Тікенектей қадалмас,
Қобылекеңнің жүзіне.
Қабағынан қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып,
Қатуланып қаттанды,
Буырқанып бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды,
Топтанып тұрған кәпірге
Қобыланды батыр жол салды.
Жалғыз ӛзі батырың,
Жойып кетіп барады,
Қойға тиген қасқырдай
Сойып кетіп барады,
Жолбарыс шапқан құландай,
Шоршып кетіп барады,
Үш мың атты бір сайға,
Тӛрт мың атты бір сайға,
62
Аламын деп қайтарда
Қойып кетіп барады.
Қайтарында алмаққа
Тізгінінен қосақтап,
Түйіп кетіп барады.
Ақ білегі қан болып,
Тұла бойы сал болып,
Жау үстіне жол салып,
Үкімін жауға мол салып,
Кӛмегі жоқ соңында,
Жаны Құдай қолында,
Туырлықтай ту алып,
Туды қанға суарып,
Қырық мың атты қызылбас,
Әрі-бері қозғалды,
Қырылмағаны аз қалды,
Қызылбас қашып жосыпты,
Қашқанына қойсын ба?
Батырың алдын тосыпты.
Ықтиярсыз найзалап,
Біріне-бірін қосыпты.
Бӛлек-бӛлек қылады
Есебі жоқ қырады.
Бірін шауып, біреуін
Қылышпенен ұрады.
Атуымен оқ қалды,
Тартуымен дӛп қалды,
Қобылекеңнің сүңгісі
Қызыл қанға боялды.
Кӛбісі тұрып шәрінің
Ұйқысын ашып оянды.
Қашпағанды Қобыланды
Алты күн ұдай ұрысып,
Бітіруге таянды.
Үкімін жауға мол салды
Жетінші күні сәскеде
Жаудың бәрін тауысып,
Ақ найзаға сүйеніп,
Қобыланды жалғыз бұл қалды.
Сол қаланың әйелі
63
Ерлерінен айрылып,
Бәрі де жесір, тұл қалды.
Бұл қырғанға қоймады,
Қобылекең бұған тоймады,
Шәрін тегіс бұзсам деп,
Ат қоймаққа ойлады
Қазанның Қырлы қалаға.
Қобыланды тұрып сыйынды
Жеті кәміл бабаға.
Ақ сұңқар құстар шүйіліп,
Ел шығармай салаға,
Мал шығармай далаға.
Қаладан атын қарғытып,
Кіндіктен оғын сырғытып,
Қаланың аузын қан қылып,
Қақпаның аузын шаң қылып,
Тұлымдысын тұл қылып,
Айдарлысын құл қылып,
Солқылдаған мырзасын
Табанға салып жүн қылып,
Алтын артты шанаға,
Қарамай қатын-балаға,
Ӛтірік емес, жан аға,
Қырық қақпалы Қазанды
Он сегіз күн дегенде
Бұзып-жарып батырың,
Малын-жанын ызғытып,
Қақпаның аузын аштырып,
Айдап шықты далаға!
Есіктің алды мойыл-ды,
Ашыққан Қият тойынды.
Жаманның ісі бола ма?
Атадан алтау туғанмен,
Асылмен белін буғанмен,
Қай күнде жаман оңа ма?
Ызғытып малды шығарып,
Қобыланды батыр келеді.
Қияттың жаман әскері
Кӛп олжаға кенелді.
Қаладан сыртқа шыққасын.
64
Кӛше алмай қосын бӛгелді,
Атадан жаман туғандар,
Арамтамақ олжаға
Беті-қолын жуғандар,
Қоста отырып кеңесті,
Кеңескенде не десті?
«Қобыланды елге барғанда,
Қаланы ӛзім алдым дер,
Олжаны ӛзім салдым дер,
Босқа келіп, бос қайтты
Қияттың мың сан нӛкері дер.
Әлі кімге жетер, – деп, –
Қобыланды елге сау барса,
Қадіріміз кетер, – деп, –
Жалғыз атты Қыпшақты
Ӛлтіріп кетсек нетер», – деп,
Далада отырған кӛп жаман,
Қобылекеме бой ұрды.
Бой ұрғанмен не қылсын.
Күңкілдесіп кӛп жаман,
Түн ортасы болғанда,
Күңкілдің арты қойылды.
Айтса-дағы қылмады,
Мұрады қабыл болмады.
Қараман біліп бұларды:
«Қас жаманы жігіттің
Жолдасын ерген қарақтар,
Қойыңдар», – деп бұйырды.
Батырлар мінер қызылды,
Жал-құйрығы ұзынды,
Іс тағдырға сызылды,
Бес күндей малы тойынып,
Алтыншы күні Қияттың
Қайтуға кӛңілі бұзылды.
Қосындар жүгін артқанда,
Кӛшейік деп жатқанда,
Бос қайтам ба жаудан деп,
Іздеп келіп бұл жерге,
Қараман батыр кезінді.
Қобыландыға келеді:
65
«Ай, Қобыланды, құрдасжан,
Қайратыңды мен кӛрдім,
Бәрекелді, ер, – дейді, –
Найзам тимей дұшпанға
Арманда барам мен, – дейді.
Осы бүгін естідім,
Жақын жерде бір шаһар
Кӛбікті хан бар дейді.
Жүрсең соған барайық,
Жылқысын айдап алайық.
Қазаннан алған бұл малды
Баға тұрсын халайық.
Кӛбікті келсе малына,
Салайын жәбір жанына,
Кӛбіктіні ӛлтіріп,
Бір тояйын қанына.
Кӛбікті де ер дейді,
Қайратымды кӛр дейді.
Найзам тимей дұшпанға
Арманда барам мен», – дейді.
Қобыландыдай батырдың
Мақұл кӛріп бұл сӛзін,
Асып-тасып екеуі
Алланы алмай аузына,
«Барайық десең, жүр», – дейді.
Ер салды атқа батырлар
Алтынды тұрман тағынып,
Екі батыр жӛнелген,
Сыйынбай пірге жаңылып,
Кӛп қосынға тапсырды
Қазаннан алған кӛп елді.
Қараман, Қобылан екеуі
Кӛбіктінің шаһарына
Сапар қылып жӛнелді
Базарда бар ақ мата,
Ойнақтайды жас бота,
Бұл сӛзімде жоқ қата,
Кӛп қосыннан екеуі
Сапарланды ел жата.
Кӛбіктінің шаһарын
66
Қарасын кӛрді таң ата.
Бӛлінбеген ұйқыға,
Жыртылмаған құлпыға,
Екі батыр кез келді,
Құба кӛлде Кӛбікті.
Отар салған жылқыға.
Кӛк алалы кӛп жылқы,
Бӛрі құлақ ен жылқы,
Гулетіп жылқыны алады.
Айқайлап жайған кӛп жылқы
Бір уыс болып қалады.
Тізе қосып екеуі
Айдап кетіп барады.
Биік-биік қыр екен,
Оқпанды сай жыра екен,
Кӛбіктінің Тарлан ат
Жылқы ішінде жүр екен
Жамандатқыр Тарлан ат
Құйрығын құстай тарады,
Кіндігінен жарады,
Кесесінен қарады,
Әуеге қарап есінеп,
Ием бе деп кісінеп,
Жау екенін білгесін,
Сыртына құйрық салады,
Қайта айналып шаһарға
Тарлан ат қашып барады.
Жалғаса қуған екеуі
Қайтара алмай қалады.
Жетпедім деп Тарланға
Астындағы Бурыл ат
Басын жерге салады,
Қырық үш күндік кемдігі
Бурыл атты қамады.
Құртқаның сӛзі келді деп,
Батыр Қобылан сенеді.
Таң шолпаны батқанда,
Қызарып күн шыққанда,
Дем алам деп азырақ,
Бауырында бір таудың,
67
Қобыланды ұйықтап жатқанда,
Қалаға кӛк ат еніпті,
Есітті дүбір Кӛбікті.
Ат барғасын желікті,
«Жау тиді ғой малға» – деп,
– Ашуланып демікті.
Базардан келген қасық-ты
Тарлан атқа кідіріп
Ер салғанша асықты,
Ат басындай тас шоқпар,
Тақымына басыпты,
Тарлан атты Кӛбікті
Еріндіктеп алады,
Беліне терлік салады,
Тас шоқпары тақымда,
Айдауға кеткен жылқының
Соңынан қуып барады.
Жебелі найза қолынан,
Жұлдызы туып оңынан,
Ерте Шолпан батқанда,
Сарғайып таңы атқанда
Тау суындай сарқырап,
Ақ сауыты жарқырап,
«Таста, - деп, малды», - барқырап,
Кӛбікті жетті соңынан
Кӛбікті келе сӛйледі:
«Ел иесіз дедің бе?
Жер иесіз дедің бе?
Мал иесіз дедің бе?
Жан иесіз дедің бе?
Отарда жатқан жылқымның
Отарын бұзған кім едің?
Ӛрісте жатқан жылқымның
Ӛрісін бұзған кім едің?
Тыныш жатқан жылқыма
Оқ тастаған кім едің?
Кӛк орайлы шалғынға
От тастаған кім едің?
Жусап жатқан жылқымның
Жусауын бұзған кім едің,
68
Батыр жігіт қайдасың?»
Батырлар табар айласын,
Жақсы кісі жаманға
Кӛп тигізер пайдасын,
Сол уақытта Қараман,
Кӛбіктіні шанышпаққа
Оңтайланды найзасын
Қараман ерлік бастады,
Ерлігін Алла қоспады,
Қараманның найзасын,
Денесіне тигізбей,
Кӛбіктідей батырың
Қолындағы шоқпармен
Допша қағып тастайды.
Ұмтылумен Кӛбікті
Қараманды ұстады,
Желкесінен қысады,
Күшіктейін шыңғыртып,
Қараманды Кӛбікті
Тақымына басады.
Қулық пенен сұмдықты
Кӛбікті тағы ойлады.
Оянып кетсе болмас деп,
Қобыландыны Кӛбікті
Ұйықтап жатқан жерінде
Тоғыз қабат тор салып,
Бекітіп әбден байлады.
Енді үзіліп кетпес деп,
Қобыландыны Кӛбікті
Оятпаққа сайланды.
«Тұр», – деп еді Кӛбікті
Қобыланды батыр тұрмады.
Ұйқысын Қобылан бұзбады.
Болады деген мұндай іс
Үш ұйықтаса ойда жоқ,
Жиып алды Кӛбікті
Қару-жарақ бойда жоқ.
Хабарсыз жатып дұшпаннан
Басынан ӛтті дүние боқ.
Аңдаусыз жерде Қобыланды
69
Пенде болып дұшпанға
Табанына тиді шоқ.
Бір уақытта оянып,
Қобыланды батыр кӛсілді,
Дұшпан деген батырдың
Әлі де жоқ есінде,
Кӛбіктінің байлаған
Тоғыз қабат торының
Бес қабаты шешілді.
Кӛбікті тұр таң қалып,
Қобыланды қалды сандалып,
Қобыланды батыр сасады,
Басынан бақыт қашады,
Ыза болып Қобыланды,
Жын қаққанға ұқсады.
Кісен салып Кӛбікті,
Қараман мен Қобыланның
Аяқ-қолын тұсады.
Қос батырдың бұл жерде
Бағы тайып басынан,
Пірлері тайып қасынан,
Жан торсыққа ұқсады.
Жеті кәміл бабасын
Жад етуге жаңылып,
Енді қара басады.
Қос батырдың қос тұлпар,
Жылқыға айдап қосады.
Ел қаптайды салаға,
Мал қаптайды далаға.
Жаудың қолы тиді ғой
Қапияда балаға.
Ұлы бесін болғанда,
Тақымында қос батыр –
Кӛбікті тартты қалаға.
Белес-белес бел еді,
Тарлан атпен желеді,
Асып туған қатардан,
Кӛбікті де ер еді.
Дұшпанын батыр байлап ап,
Қаласына келеді.
70
Қалыңнан соққан қарсақтай,
Салақтатып екеуін
Қақпасына енеді.
Аттан келіп түсіпті,
Кӛзі-басы ісіпті.
Қобаған мұрын, қой кӛзді,
Талма бетті, нұр жүзді
Қарлыға деген қызы бар.
Қарлығаны шақырып,
Дауыстап Кӛбікті сӛйледі:
«Үйдемісің, Қарлыға,
Түздемісің, Қарлыға,
Алланың қатты жарлығы,
Жер астына бір түсер
Осы кӛптің барлығы.
Қайысқан болат сынғандай
Желіккен кӛңіл тынғандай.
Екі пенде әкелдім,
Берсем сені күйеуге,
Бас жетімің қылғандай!
Кӛк шыбын қонсын қабаққа,
Іріткі беріп тамаққа
Жауып таста, Қарлыға,
Бұл екеуін апарып,
Кілт есікті лабакқа!»*
Қарлыға мінген кер еді,
Маң-маң басып келеді,
Байлауда жатқан батырды
Қарлыға сұлу кӛреді.
Аты әйел демесең,
Бұл шаһардың бегі еді.
Жерде жатқан екеуін
Боғжамадай қолтықтап,
Қарлыға алып жӛнелді.
Кӛк шыбын қонды қабаққа
Іріткі берді тамаққа.
Жауып шықты Қарлыға.
Бұл екеуін апарып,
Кілт есікті лабакқа.
Кӛбікті мініп аласын,
71
Ағынан кӛпті қарасын,
Той қылуға жар салып,
Енді жиды қаласын,
«Қобыландыны байладым,
Құртып жаудың қарасын», –
Алшағырға жіберді
Қасына жолдас кісі ертіп,
Шақырып алып баласын.
Жеті атадан кегі бар
Алшағыр енді шапсын деп,
Қараспан таудың ағасын,
Біршымбайға бар, – деді. –
Сүйіншіге Шағырдың
Қанікей менен Тінікей,
Қарындасын ал, – деді.
Біршымбай кетті жүріп жол,
Сүйінші деп бармаққа,
Алшағырдай қалмаққа,
Қанікей менен Тінікей
Қарындасын алмаққа.
Бара тұрсын Біршымбай,
Ұзын сӛзді қысқартып,
Келейін енді қыз жаққа.
Қарлығадай сұлуың,
Батырды жауып лабакқа
Үйіне қайтып келеді,
Әуеге қарап жүреді.
Кӛбіктідей батырдың
Қарлығаның анасын
Мұсылманнан олжалап
Алып келген қыз еді.
Содан туып Қарлыға
Анасының сол кезде
Ӛліп кеткен кезі еді.
Ӛлерінде анасы
Кӛзінің ағы-қарасы –
«Менен туған қыз болсаң,
Мұсылманның, шырағым,
Етегін ұста», – деп еді.
Шын мұсылман анасы,
72
Әйел де болса ер еді.
Шешесінің бұл сӛзі
Кӛңіліне келеді.
Бірнеше күн ӛткесін
Қарлығадай сұлуың
Қобыландыға келеді.
Батырларды кӛреді.
Екі батыр зарланып,
Жатқаннан соң байлауда
Кәміл пірі жебеді.
Пірлері медет бергесін,
Қобыландыны кӛргесін
Нұры шарпып батырдың
Балқыды сұлу денесі.
Қобыландыдай батырдың
Аруағы асады,
Қобыландының айбаты
Арыстанға ұқсады.
Ілгері аяқ баса алмай,
Аяғын кейін басады.
Қарлыға қайтты үйіне,
Қарлығадай сұлудың
Кӛңіліне түсті түйіні,
Түйінді шешпей жүруге
Сұлуға болды қиын-ды,
Қиын емей немене?
Қобыландыдай батырға
Ғашық болып сұлуың
Жата алмады үйінде.
Жылай берді енді ӛксіп,
Қобыланды еске түскенде.
Үйінен шығып паналап,
Тар кӛшені сағалап,
Аяғын басып жүре алмай,
Кӛрінгенді саялап,
Қобыландыға келіп жағалап.
Екеуі жатса лабакта
Ай тумас жақтан ай туды,
Күн тумас жақтан күн туды,
Бұл несі деп қараса,
73
Қара тамды ағартқан
Қарлыға қыздың сәулесі.
Қарлыға келіп сӛйледі:
«Есіктің алды ақтақыр,
Ақтақырда мал жатыр,
Байлауда жатқан қос батыр,
Есермісің, сермісің?
Бекер жатқан ермісің?
Қолыңды шешіп, қашырсам,
Еліңе барып мақтанып,
Қарлыға қыз қашырмай
Ӛзім қаштым дермісің?
Мейіз берсем жермісің?
Далада жатқан жылқымды
Айдап қашқан ермісің?
Қараман сонда сӛйледі:
«Менің ӛзім нашармын,
Кілттің аузын ашармын
Бұл бейнетті кӛргенше,
Шеш қолымды, Қарлыға,
Рұқсат берсең қашармын».
Қобыланды сонда сӛйледі:
«Ай, қаш, залым, қасымнан
Қиямет салма жасымнан,
Дәулет құсы ұшты деп,
Тіліне дұшпан кӛнбедім.
Ӛшті болған әкеңнен
Ӛшімді алмай кетпеймін.
Кекті болған әкеңнен
Кегімді алмай кетпеймін,
Жаз жайлауым – Кӛзді кӛл,
Қыс қыстауым – Қараспан.
Ат ізінен адаспан.
Алты жаста ат міндім.
Он үш жасқа мен келдім.
Аман қалған жоқ еді
Қызылбас тиіп жанасқан.
Таңбам әліп Қыпшақпын,
Мұсылманда жоқ еді,
Ӛзімнен артық күші асқан.
74
Таулар күйіп, тас жанған
Қобыланды деген зарпыма,
Қорған болып отырғанмын
Туғаннан-ақ халқыма,
Асықпасаң, Қарлыға,
Бір мінерсің Бурылдың
Жайдақ сауыр артына.
Әуелі Құдай бағындым,
Ата-анамды сағындым,
Жауға пенде болғаным –
Жау жақындап келгенде,
Қара басып ӛзімді
Жеті пірді жаңылдым,
Ұйқы басып кӛзімді.
Ықылас ата Шашты Әзіз
Омар менен Оспандай,
Ішім толып пұшманға-ай*,
Жеті пірді жаңылып,
Жазым түстім дұшпанға-ай,
Егер пірді жад етсем,
Дұшпан батыр болар ма?
Хош, Қараман, аман бол,
Қайтасың ба елдерге?
Бізден сәлем дегейсің.
Азаулы деген кӛлдерге,
Асқар, асқар белдерге,
Қараспан тауды жайлаған
Қалың Қыпшақ елдерге!
Ел ішінде сәлем де
Замандас, құрбы, теңдерге,
Ит жүгіртіп құс салған,
Найза ұстаған ерлерге.
Және де сәлем дегейсің,
Тұлпар мініп, ту алған
Елдегі жолдас бектерге.
Мені жауда қалды деп,
Аяққа кісен салды деп,
Үлкен аға, кіші іні
Зер салмасын біздерге
Аһ, дариға дүние-ай,
75
Асқар-асқар белдерім,
Азаулы деген кӛлдерім,
Қараспанды жайлаған
Қалың Қыпшақ елдерім.
Ол елде де кӛп еді
Кӛсіліп найза кӛп ұстап,
Жекелеп шапқан ерлерім.
Қызылбастың елінде
Қол-аяғым байлаулы
Пенделікпен жатырмын.
Жазым болып, кӛз жұмсам,
Кім жоқтайды, беглерім?
Бүгін туған күндерім,
Қолдамады пірлерім.
Мені жауда қалды деп,
Не қылайын жанды деп,
Артымнан жоқтар ағам жоқ,
Алладан басқа панам жоқ.
Мені жауда қалды деп,
Неғылайын жанды деп,
Ізімнен жоқтар інім жоқ,
Жалғыздықтан мінім жоқ,
Қазақ кӛппін дегенде,
Кӛппін деп айтар тілім жоқ,
Қарағай садақ, қырық кез оқ,
Күмбезі алтын белге тоқ.
Қызылбастың елінде
Пенде болып жатырмын
Жазым болып, кӛз жұмсам,
Бетімді жабар кебін жоқ.
Арқанменен арыған
Шабын айыл қарыған,
Жан серігім Бурылға,
Қай қызылбас от берсін?
Қай қызылбас су берсін?
Тоқсанда атам Тоқтардың
Тасқа тиді тұяғы,
Алпыста шешем Аналық,
Үзілді ғой қияғы,
Қарындасым Қарлығаш
76
Ӛшкен шығар шырағы.
Жан қосағым қыз Құртқа,
Арыстаны – мен пенде
Қандай екен сияғы?»
Әлқисса, Қобыланды бұл сӛзді Қараманға айтып болғасын:
Қарлығадай сұлуың
Шықпас ойын білгесін.
Қобыландыдай батырға
Тұрыңыз деп жалынды,
Жүрегі оттай қабынды,
Қараман мен екеуі
Кӛтере алмай налыды!
Келіп еді кеше қолтықтап,
Бүгін мұнша ауыр деп,
Мойындары салынды.
Қараман тұрып сӛйледі,
Сӛйлегенде бүй деді:
«Пірі тайған мезгілде,
Кӛтеріп келдің сен, – дейді, –
Қазіргі жатқан кезінде,
Кӛтере алмас ел», – дейді.
Қарлыға сұлу есітіп:
«Жылқыға барып, Қараман,
Атыңды ұстап мін, – дейді, –
Қобыландының Тайбурыл,
Жетелеп алып кел, – дейді. –
Ақылын таптым мен, – дейді, –
Ердің жаны аты деп,
Ӛз жанынан артық деп,
Тақымына Бурылдың
Бұрау салып шыңғыртса,
Шығады сонда шын», – дейді.
Бӛлінбеген ұйқыға,
Жыртылмаған құлпыға,
Қарлығадай сұлуың
Ӛзі қайтып үйіне
Қараман кетті жылқыға.
Таң атқанша Қараман
77
Ӛкпесін алып қолына.
Бір шыбындай жанын сап,
Қобыландының жолына,
Сәске түсте жетеді
Кӛбіктінің малына.
Ӛз атын ұстап мінеді,
Тайбурылды жетелеп,
Қалаға түнде енеді.
Қарлығадай сұлуға
«Келемін кешке» – деп еді.
Қараман менен Қарлыға
Лабақтың келіп алдына,
Қыл шылбырмен бұрау сап,
Бурыл аттың санына,
Құлындай қылып шыңғыртты,
Жәбір қылып жанына.
Бурылдың даусын есітіп,
Қобыландыдай батырдың
Салды ойран тамына.
«Не қылсаң да маған қыл,
Бурылға, сірә, қағылма».
Тамды бұзып Қобыланды
Далаға шықты қабына.
Қобыланды батыр шыққан соң
Ӛзінің ахуал хал-жайын
Батырға айтты Қарлыға:
«Дүниенің кеңдік, тарлығы,
Басыма менің түсіп тұр,
Ғашықтықтың зарлығы.
Сеніменен бірге ӛлсем,
Анамның айтқан ӛсиеті
Болады кәміл барлығы.
Сӛзімді тыңдап, батырым,
Бурылыңа мін, – дейді, –
Қарыңа сүңгі іл, – дейді. –
Кешегі жатқан жылқыға
Тағы да барып ти, – дейді. –
Тарлан қашар жылқыдан,
Қумай-ақ қой сен, – дейді. –
Тәңірі жазса Тарланды
78
Кӛбіктіге міндірмей
Алармын қолға мен, – дейді. –
Кӛбіктінің қанаты
Жылқыдағы кӛк аты,
Бұл сӛзіме сен, – дейді. –
Кегің болса бұл жауда
Сӛйлесерсің соңынан,
Бұл сӛзімді біл, – дейді, –
Екеуіңнің батырлар,
Сауыт-сайман қаруың
Бәрі де менің қолымда
Берейін алып жүр, – дейді. –
Қаруыңды, батырым,
Қойғамын тығып мен, – дейді. –
Кереметім кӛр, – дейді. –
Қобыланды мен Қараман,
Кел соңыма ер», – дейді.
Ертіп барып сұлуың
Сарайына енгізді,
Сақтап қойған жерінен
Қаруын батыр кӛргізді,
Ақ сауытын кигізді,
Ақ семсерді ілгізді,
Шын достығын, Қарлыға,
Достарыңызбен бөлісу: |