Шаршағанда тоқтаймын,
Жан қосағым, Тоқтар шал,
Берші маған кезекті?!
Кӛп жылама, серігім,
Ойыным менен күлісім,
Жасаған қосқан білісім!
Жалғызымның барында
Кеңіп еді ӛрісім,
Алтыннан еді кебісім!
Кӛріп едім тіріде
Жеті жұмақ бейісін!
Бүгінгі күн түсімде
Құбыла жақтан жел соқты,
Жаңылмасам деп едім,
Жалғызымның астында
Тайбурыл аттың желісін.
Ақ мүйізді қошқардай
Жасаған сені қосқанға-ай,
Жұмылған кӛзді ашқандай
Ішіміз толды пұшманға-ай!
Атасы берген шырақтың
Бұлты келді тӛбеңнен,
Қыс болса, шығар жел жақтан,
Жаз болса, шығар күн жақтан,
Жауың келсе, түсер жау жақтан!
Жолыңды күтіп жалғызым,
Болайын құрбан сенен мен,
Бұлтың келді ӛзің жоқ,
Жалғызым барда кӛңілім тоқ.
Шырағым сенен айрылып,
Табаныма тиді шоқ!
Жалғызымның барында
Бешпент ойдым мақпалдан,
Тақия, бӛрік, үкі шоқ!
Жалғызым, сенің барыңда
Кӛшке жорға мінгенім,
99
Еруге қамқа кигенім,
Жалғызым, сенен айрылып,
Осынша бейнет кӛргенім!
Жайықтың суы лай-ай,
Кӛр болды кӛзім жылай-ай.
Осы күнде, Тоқтар шал,
Оң қабағым тартады,
Қуантамысың, Құдай-ай!
Осы күні, Тоқтар шал,
Аузы құрғыр тартады –
Жалғызымды сүйгендей!
Иіні құрғыр тартады –
Қараспан тауға ел қонып,
Еруге қамқа кигендей!
Осы күні, Тоқтар шал,
Тақымы құрғыр тартады –
Қараспан тауын жағалап,
Қалың Қыпшақ ел кӛшіп,
Сұр жорғаны мінгендей!
Осы күні, Тоқтар шал,
Қос емшегім тӛстегі
Терісі қатқан бос тері,
Бұлақ болып ашылды,
Шырағым келіп емгендей!
Анаң байғұс зарлайды
Ботасы ӛлген інгендей.
Ернім және тартады,
Он үш жасар шырақтың
Ақ бетінен сүйгендей
Жүрегім алып ұшады –
Кеткен қозым келгендей.
Жұмылған кӛзім ашылып,
Жалғызымды кӛргендей.
Алпыс жасқа келгенде
Арқан ескен не қорлық,
Құрт қайнатып, жүн түтіп,
Шырағым үйден кеткесін,
Есімнен кетпес бұл зорлық!
Ӛзге қорлық қорлық па,
Ӛзіңнен қалған Құртқаны
100
Қалмақтың ханы Алшағыр,
Аламын дейді сол қорлық!
Дұшпанның түсіп торына,
Отыр Құртқа сол мұңлық.
Осындай болып жатқанда
Жалғызым келіп ат қояр
Алшағыр жиған нӛкерге.
Дұшпанның қылған зорлығы
Есімізден кетер ме?
Мұндай болып біз тұрмай,
Шырағым, жүрсің бекерге!
Зарланған менің дауысым
Жалғызыма жетер ме?»
Сол уақыттар болғанда
Қарындасы сӛйлейді:
«Тұра тұршы, жан шеше,
Жан кӛкеме түс кӛрдім,
Ӛткен түні мен кеше!
Адыра қалғыр айбалта
Тасқа тиді, кетілді,
Қайрап ем тағы жетілді.
Тәңірі аямас болар ма
Біздей ғаріп, жетімді?
Жетім емей немене,
Атаңа нәлет, Алшағыр,
Кӛрсетті ғой ӛкімді?
Кӛкем үйде болғанда
Бұзар ма еді кентімді?
Құлақ салшы, кемпір-шал
Есітіп пірдің хабарын
Кӛңілім менің бекінді!
Шаба алмай да жүрмесе,
Астындағы Бурыл ат,
Бабадан хабар тиді ғой,
Жетсе керек, жан кӛкем,
Тайбурылын сауырлап
Жан ата, менің түсімде
Ӛзімнің бабам ішінде,
Бұл уақытта жан бар ма,
Жан кӛкемдей пішінді?
101
Қазанның Сырлы қаласын
Жалғыз шауып жүр еді,
Алтынды туға ақырып,
Қараманды шақырып.
Қасқырлық таудың басында
Қатын деген бір сӛзін
Бетіне соғып жүр еді.
Кӛкемнің айтқан сӛзіне
Қараман батыр ӛкпелеп,
Жамандарша кек тұтып,
Кӛкем желді соңынан.
Ӛкпелеп досым кетті деп,
Ордың мініп басына,
Қаланың келіп қасына.
Ордан атын қарғытып,
Кіндіктен оғын сырғытып,
Қазанды шаншып, жауқашып,
Кӛп қосынға жан кӛкем
Олжа салып жүр еді.
Бӛлінбеген ұйқысын,
Жыртылмаған құлпысын,
Қараманмен екеуі
Таң ата айдап жүр еді,
Кӛбікті ханның жылқысын,
Жамандатқыр Тарлан ат
Сонда қашып еліне,
Ер салғанша асығып,
Терлік салып беліне,
Қараман мен кӛкемді
Кӛбікті басты тақымға.
Кӛкемнің құрып айласы,
Басынан сынып найзасы,
Жан кӛкемді пенде ғып,
Кӛбіктінің кӛңілі желікті,
Бұл секілді қорлыққа
Жан кӛкем неғып кӛніпті?
Кӛкемнің тайып бабасы,
Батырлардың бұл жерде,
Болмады қабыл тобасы.
Мақтануға жарады,
102
Дұшпанның асып айласы.
Ӛз аттасым Қарлыға
Кӛкеме тиді пайдасы.
Жамандығын жасырып,
Жақсылығын асырып,
Қол-аяғын босатып,
Жан кӛкемді қашырып,
Қару-жарақ, ат-тонын
Қойған екен жасырып,
Сарт болмаса Шашты Әзіз
Қызметін асырып,
Ӛз аттасым Қарлыға
Дос болып сонда жүр еді,
Аяғына бас ұрып.
Қараман менен жан кӛкем.
Тағы да айдап жүр еді,
Кӛбіктінің жылқысын.
Тағы да қашып кӛк бесті
Кӛбікті мініп атына,
Бұрынғы түсіп салтына,
Кӛбіктіні ӛлтіріп,
Сәтіне мұның келтіріп,
Жұмысын анық бітіріп,
Қарлығадай сұлуды
Қарамандай құрдасқа
Сауғаға беріп жүр еді.
Ақ бӛкендей жосылып,
Қазаннан алған кӛп малға
Жылқыны айдап қосылып.
Даярланып жатқан кӛп қосын
Дүркірей кӛшкен жосылып.
Бурыл ат ақсап қалғасын
Кӛкемнің кӛңілі басылып,
Жалғыздықты айтып зарығып,
Пірлерге налып жүр еді.
Хабарланып пірлерден
Жалғыз шауып жан кӛкем
Қараспанның тауында
Жұртына келіп жүр еді.
Жеңешем кӛмген сар нанның
103
Шетінен тістеп жүр еді.
Аллаға тілім жазықты,
Атына жем, ӛзіне
Қылсын деген азықты –
Бурыл ат тауып жүр еді,
Жеңешем кӛмген қазықты.
Белгілі тӛбе бел еді,
Ықылас ата Шашты Әзіз
Шын сарт болып кетпесе
Осы күнде кӛкешім
Мұнда келіп жүрген-ді».
Сол уақыттар болғанда,
Құртқа келіп сӛйлейді:
«Тұра тұршы, бикешжан,
Дүйсенбі күні сәскеде
Аспаннан ай түсірдім
Қараспан таудың басында
Ақ сұңқар құсымды ұшырдым.
Ойпаң жерден ор қаздым,
Сұлтаным түзде жүргенде
Жауға пенде қылғандай
Мен тәңірге не жаздым?
Қараша таудың жылғасы
Бауырында ойнар құлжасы,
Әр пендеге бітер ме,
Сұлтанымның тұлғасы?
Құдай кіші жаратты
Тӛмен етек ұрғашы,
Сұлтаным сүйген ақ денем
Бола ма жаудың олжасы?
Аламын деп қинап жүр
Діні жаман болмашы.
Қартаймақ Хақтан жарлық-ты
Құлыны ӛлген құлыққа
Тай теліген зорлық-ты.
Ботасы ӛлген інгенге
Нар теліген зорлық-ты.
Ақ сұңқар қонар тұғырға
Қарға қону зорлық-ты.
Тәңірі басқа салғасын
104
Дұшпаннан кӛрдім қорлықты.
Сарыбал салдым аяққа
Бұғалық салдым саяққа,
Ніл ӛтпейді бояққа.
Перзентім деген, Бурыл ат,
Менен кеттің қай жаққа?
Мінген де атым Шалқасқа,
Қызмет еттім сен жаста.
Алтыннан таға салдырдым,
Таймасын деп тау-тасқа.
Қырық күнің біткенше
Қысырдың сүтін еміздім.
Ылғасыз болсын бедеу деп,
Қулықтың сүтін еміздім.
Сексен күнің біткесін,
Тоқсан күнің жеткесін,
Арымасын деп, талмасын
Маңқа, құлық болмасын
Жеміңе қосып мен саған
Қызыл дәрі жегіздім.
Құртқаның баққан Бурылы
Қыдыра жалды, қыл құйрық
Жылқыдан қалмас дегіздім.
Құнан да емдің, тай да емдің
Сӛйткен сенен не кӛрдім?
Бес жасыңа келгенде
Бие қызығын кӛрсін деп,
Бес бедеуге салдырдым.
Алты жаста ақтаттым,
Ат болар деп батырға
Сені сонша мақтаттым.
Асаудан ат қып үйреттім.
Таралып мойны ӛссін деп,
Жібек арқан құлаштап,
Ұзын байлап мойнына,
Бурыл, саған сүйреттім
Менің балам сен болып,
Сенің анаң мен болып,
Бір кӛрсетші қараңды,
Қай тарапқа жӛнелдің?
105
Жан серігі батырдың
Осындай қиын жерлерде
Үстіндегі сұлтанды
Бір кӛрсетер деп едім.
Кӛңілдегі арманым:
Сұлтаным келіп сәлемет!»
Дұшпанға салса әлемет!
Алаулаған қалмаққа
Ӛзінікін келтіріп,
Бір кӛрсетсе қорлықты
Дарбазалы тесікті
Шаһардың тұрып ішінде
Қыз Құртқаның зарланып
Шығарған қатты дауысын
Періштелер жалғасып,
Сыртта тұрған тұлпардың
Құлағы анық есітті.
Қыстың басы Қауысты*
Артық туған Қобыланды
Ерегескен дұшпанның
Басын қоймай тауысты.
Құртқаның сӛзін есітіп,
Анасын тұлпар білген соң,
Қайта-қайта кісінеп,
Шығарды қатты дауысты.
Бурыл аттың дауысын
Құртқаға жел жеткізді.
Танығасын дауысын
Кӛңілден кірін кеткізді,
Айтса, сӛзін ӛткізді.
Сұлтаным келген екен деп,
Жоғары шығып қарады,
Қаланың қиғаш шетінде,
Шалқар тоғай бетінде
Бір дуадақ атып ап,
Белінен кесіп шайнаған
Арыстан туған батырды
Құртқаның кӛзі шалады.
Келген екен сұлтаным,
Шапса қылыш ӛткізбес,
106
Басында болат қалқанын,
Қолындағы дуадақ
Жүнін үйтіп тазалап,
Пісіріп жесең болмай ма?
Батырды танып біледі,
Сұлтаным келген екен деп
Артық туған қыз Құртқа
Ақ сұңқардай түледі.
Сол бетімен сұлуың
Алшағырға келеді.
Келіп сӛйлей береді:
Енді қойып күлкісін,
Тілеп алды күн шықпай
Алшағыр ханның ұйқысын
Арызым бар деп сӛз айтты:
«Елімді шапқан, Алшағыр:
Сӛзіме құлақ сал, Шағыр,
Сақтағаны Құдайдың
Сен итке де бар шығар!
Мінген атың кер ме еді,
Сұлтанымның барында
Сырттан келген дұшпанға
Намысымды бермеді.
Сұлтанымның жоғында
Сен болды менің ергенім,
Әкелдің де қамадың
Жарық сәуле кӛрмедім,
Далаға шығып, қыз Құртқа,
Бойын жазсын демедің.
Рұқсат берсең Алшағыр,
Далаға шығып азырақ
Бой жазайын деп едім.
Ала қапты алайын
Беліме арқан шалайын,
Тезек теріп, бой жазып,
Шаһардың шығып сыртына,
Бойымды жазып қалайын».
Алшағыр да ер еді,
Аламын деп қашаннан
Дәмеленіп жүр еді,
107
Сұрағасын сұлуға,
Мақұл кӛріп бұл сӛзін
Барсаң, бар деп, ендеше,
Рұқсатын береді.
Ала қапты алады,
Беліне арқан шалады,
Сенбегесін қашар деп,
Екі құл мен екі күң
Бақташыға салады.
Шаһардың шығып сыртына
Бақташысы қасында,
Құртқа кетіп барады.
Келді бір сайдың басына,
Сайдың кіріп тасына
Тӛрт бақташы қасында
Отырып кеңес бастайды.
Күң мен құл сӛзін қостайды.
Бір күң менен бір құлын
Осы сайға тастайды.
Ол сайдан да ӛтеді.
Және бір сайға жетеді.
Отырып кеңес бастайды.
Күң мен құл сӛзін қостайды.
Бір күң менен бір құлын
Ойнай тұр деп тастайды.
Күң мен құл сӛзін қостайды.
Бойын жазып алғасын,
Мінген аты қылаң-ақ
Ала қапты тӛрт бүктеп,
Ішіне тықты қыз Құртқа.
Қобыланды ерді сынамақ,
Қатын, қыздар жағады
Қарағайдан шайырды.
Үлкен-кіші жігіттер
Тереді бір қайырды
Манағы тоғай тұсы деп,
Болмаса, тоғай осы деп,
Тоғайға тіке қайрылды.
Тоғайға келіп енеді,
Келе жатып қыз Құртқа
108
Терекке басын байлаған,
Шиыршық атып ойнаған
Бурыл атты кӛреді.
Бұлаңдаған Құртқаны
Бурыл ат та кӛреді,
Анасын танып Тайбурыл
Теректегі шылбырын
Үзіп ала жӛнелді.
Ат қашқасын,
«Тәк-тәк», – деп,
Қобыланды батыр жүгірді.
Ұмтылғанда Тайбурыл
Шыдай алмай қыз Құртқа
Омырауындағы он түйме
Ағытып бәрін жіберді.
Есіктің алды ығын-ды
Бола жазды шығынды,
Шығын емей немене
Екпіндеген Бурыл ат
Омырауына Құртқаның
Тұмсығын тыға жығылды.
Ат жығылған мезгілде,
Бұлаңдаған Құртқаны
Қобыланды батыр кӛреді.
Келе жатқан батырды
Қыз Құртқа да кӛреді.
Танығасын батырды
Қол қусырып, түрегеп,
Иіліп сәлем береді.
Құртқа сұлу сӛйледі:
«Дүниедегі іңкәрім
Екі саулық, бір қозым
Баһар* айда қырқарым,
Бұрын жетті ӛзіңнен
Астыңдағы Тұлпарың.
Тұлпар мініп, ту алған,
Кеткен жерің қуарған,
Келген жерің қуанған,
Аман-есен келдің бе?
Жұрт иесі, сұңқарым!
109
Жаудың бақтым қаласын,
Дұшпанның міндім аласын,
Қалмақтың жектім шанасын,
Қайсар Қобылан сұлтаным,
Әлдеқандай қыласың?
Жаманның тарттым жаласын.
Сұлтаным, түзде жүргенде,
Ӛкімінен жүкті едім,
Бір дұшпанның баласын,
Әлдеқандай қыласың?»
Сонда Қобылан сӛйледі,
Сӛйлегенде бүй дейді:
«Заманым қайда баяғы?
Кім ұстамас жылқының
Жекелеп шыққан саяғын?
Біреу түгіл мыңды тап,
Кӛріп келдім бұл сапар
Жалғыздықтың азабын
Адам болып, ер жетсе,
Ӛзімнің соғар таяғым».
Қобыланды кеңдік бастады,
Кеңдігін Құртқа қостады,
Тұл болсын деп ала қап,
Артық туған қыз Құртқа
Қобыланды сынды батырдың
Кӛзінше алып тастады,
Қап екенін кӛргесін,
Иек тартып күледі
Аузы айтса да батырдың
Іші қимай тұр еді.
Қобыланды сонда сӛйледі:
«Кӛптен бері жол жүріп,
Сағынған жарың мен едім
Дұшпаннан кӛріп кемшілік
Сарғайған жұптым сен едің.
Арманым жоқ дүниеде
Есен-аман қауыстым,
Құдай қосқан қосағым.
Ақылды туған, Құртқажан,
Ата-ана, кӛп халқым
110
Кӛре алмаспын деп едім.
Қыпшақтың мекен жайлауы
Қараспан еді ӛркені.
Кӛрмегелі сіздерді
Кӛп болып еді, Құртқажан,
Кӛріселік кел бері!»
Батырдың мінген қызыл-ды,
Жал-құйрығы ұзын-ды,
Талма түсте сұлуға
Батырдың кӛңілі бұзылды.
Белінен қысып құшақтап,
Құртқа сынды қызыңды.
Сағынғаннан бір-бірін
Кӛзінің жасы тӛгілді.
Батырым ұстап тұтқанда
Сұлудың белі үзілді.
Сол уақыттар болғанда
Құртқа сұлу сӛйледі:
«Мінген атың құлаңыз,
Шабуыл салып бұлаңыз,
Кӛптен тӛсек кӛрмеген,
Күйінішті болған шығарсың.
Алайда болса, сұлтаным,
Аз-кем күнге шыдаңыз!
Алыптан еді бір басың
Тайбурыл атты ойнаттың,
Дұшпаның кӛп-ті, досың жоқ,
Сұлтаным, бұзба қайратың.
Айдынды кӛлде қу аттым,
Дертке дәрі етіңе.
Ойнап балық шығады,
Жазғы судың шетіне.
Ағаң, інің сенің жоқ,
Халық қолына тигенде,
Біреуменен ұрыссаң,
Біреуменен керіссең,
Әзілдесіп, күлісіп,
Жамандардың тілі ащы.
Қадір білмес кей жаман,
Ата-анасын жоқтамай,
111
Қатынын тапқан Қобылан деп,
Кінә қылар бетіңе!»
Сонда Қобылан сӛйлейді,
Сӛйлегенде бүй дейді:
«Бұлғай да, бұлғай, бұлғай ма?
Бұлғайдың түбі тынғай ма?
Ӛтірік айтқан оңай ма?
Түлкі киген тоңғай ма?
Бұл ақылың қыз Құртқа,
Патшаға бітсе болмай ма?
Сӛзің дұрыс, Құртқажан,
Тапсырдым сені Құдайға.
Бұлаңдаған, қыз Құртқа,
Әйел болдың айла жоқ,
Егер еркек болғанда,
Болар ең тұтқа бір жұртқа.
Тӛрт кӛлден соққан тӛбе еді,
Есілден шыққан кӛл еді.
Жалғыз да болсам жасымнан,
Кӛпке басым тең еді.
Неше жылдай жол шегіп,
Ауыр азап кӛп кӛріп,
Сарғайған нарың мен едім.
Сағынған жұптым сен едің.
«Сӛйтіп кӛрген сұлтаным
Бір ауыз сӛзге жарамай
Кетті», – деп айтар деп едім.
Арманым жоқ дүниеде,
Есен-аман қауыстым,
Құдай қосқан жарыма.
Ата-анамды, кӛп жұртым
Кӛре алмаспын деп едім.
Ертең Бурылға мінейін,
Қарыма сүңгімді ілейін,
Сендерді алған дұшпанға
Жалғыз да болсам тиейін.
Дәуіт соққан беренді
Кебінім деп киейін.
Матау кӛріп байланған
Біздің Қыпшақ ағайын,
112
Бүгін қойсын ұйқысын,
Түніменен сайланып,
Бітіре берсін жұмысын.
Жан басына тоғайдан
Кесіп алсын бір келте,
Ертеңгі таңда күн шыға
Атойлаған дауысым
Аш қарында шыққанда,
Мендікпін деген ағайын
Дарбазада табыссын.
Тоқым салдым алаға
Жау іздедім далада,
Ағайын, туған, қарындас,
Қарамай ата-анаға,
Мұншама Құртқа бой жазып,
Не қылып шықтың далаға?
Келінің ұзап кетті деп,
Ӛкімі жүрген ит қалмақ,
Барғанша азап бермесін
Ата менен анаға.
Құртқажан, енді кешікпе
Қайт тезірек қалаға.
Және де сәлем дегейсің.
Қыпшақта үлкен ағаға,
Ӛзімнен кіші балаға,
Кӛріп келдім, сұлтаным,
Келіп отыр дегейсің
Қаланың сырты далада
Әділ сұлтан бір жанын
Қылып отыр дегейсің,
Ағайын, жұрттан садаға
Қош есен бол, Құртқажан,
Ертеңге шейін мен сені
Тапсырдым енді Құдайға!
Сонда Құртқа сӛйледі:
«Қайт десең, сұлтан, қайтайын
Алшағыр соққан қалаға,
Кӛрген соң сені шыдамай
Шығып едім далаға.
Сұлтаным, сенен айрылып,
113
Ішім толды санаға.
Шыбыныңды тапсырдым
Бір жаратқан құдайға.
Хандай қара басыңнан
Мендей сорлы садаға!»
Құртқа сорлы жылап тұр,
Екі кӛзін қадап тұр
Қобыланды сынды балаға!
«Айдынды кӛлде қу аттым
Дертке дәрі етіне,
Ойнап балық шығады
Жазғы судың шетіне.
Шырағым, жаның сау болса,
Кегіңді мықтап аларсың.
Қызылбастың кентінен
Тым болмаса, мойның бұр,
Кетейін сүйіп бетіңнен!
Құдай қосқан нашармын.
Жазым болып, кӛз жұмсаң,
Мен әуремін дертіңнен!
Жаз мінгенім жалды еді,
Қыс мінгенім қоңды еді.
Сүйгенімнің алды еді
Сүйгенім сені осы еді».
Мойнын бұрды Қобылан нар
Құртқа сұлу ынтызар,
Ауыздан сүйді Құртқа жар.
Аузын сүйді аймалап,
Алқымын сүйді қармалап,
Алқымға аузын салады,
Ӛліп-ӛшіп барады.
Кӛбірек тұрып құшақтап,
Қобыланды сұлтан баланы
Қожа бесін болғанда
Ғашық жармен кӛрісіп
Ішкен асы сұлудың
Бойына енді тарады.
Кӛңілі тасып, шат болып,
Шұбалаңдап қыз Құртқа
Шаһарға қайтып барады...
114
Тӛрт бақташы қасында
Құртқа сынды сұлудың
Алшағырдың шәріне
Тезірек жүріп барады.
Қақпаның аузын аш деуге
Сұлу Құртқа жарады.
Қалаға Құртқа енген соң.
Күң мен құлды әкеп берген соң,
«Сүйінші, сұлтан келді», – деп,
Дұғай сәлем айтып қалады.
Атасы мен анаға,
Қыпшақта үлкен ағаға,
Ӛзінен кіші балаға,
Тоқтар басы кӛп Қыпшақ
Естігесін Құртқадан
Біреуі жылап, біреуі
Есінен танып қалады.
Жалғызға жәрдем бергей деп,
Жаратқанға тапсырды.
Қобыландыдай баланы
Құртқа сұлу кеткесін.
Қожа бесін болғанда
Қобыландыдай батырың
Бір тӛбеге барады.
Алды-артына қарады.
Қарлыға қыз келер деп,
Сол уақытта қараса,
Ӛкше ізінен шаң шықты,
Не қылған шаң деп қараса,
Саулы інгендей ыңқылдап,
Күшігендей сұңқылдап,
Буыны түсіп былқылдап.
Алтын қалпақ дулыға
Шекесінде жарқылдап,
Қалың шаңның астынан
Ақмоншақ атпен Қарлыға
Шыға келді жарқылдап.
Қарлығаның соңынан
Мінген аты кӛк бесті
Ақмоншақ атпен алысып,
115
Сейілдің ұлы Қараман
О да келді былқылдап.
Қараманның соңынан
Қосынның қалған елінде
Орақ дейтін бір батыр
Шешесі Қамқа түс кӛріп,
Таңғажайып іс кӛріп,
Қыпшақты жау алды деп,
Басына қайғы салды деп,
Қараспан таудың сағасын
Адыра талқан қылды деп,
Жалғыз ұлы жауда жүр,
Аналық пенен Тоқтардың
Тӛбесінен ұрды деп,
«Шырағым, атқа мін, – дейді, –
Қалың Қыпшақ бүлінді, – деп,
Кӛрмегенін кӛрді», – деп,
Қобыланды да жеткен-ді.
Бабасы хабар берді деп,
Жай шапқасын халықты
Кӛзінің жасы кӛл-ді деп.
Шешесі бұл сӛзді айтқасын,
Есіктің алды балдырған,
Қызылбас кӛңілін қалдырған,
Қызылбастың жұртына
Талай бүлік салдырған,
Жіңішке жирен аты бар,
Қолында жазған хаты бар,
Аллаға жеткен даты бар,
Шақырушы Қарлыға
Екеуіне қосылып:
«Айдынды Орақ, айлы Орақ,
Ай балтасы қанды Орақ,
Қобыландының кӛп елін
Қалмақ алды, – деген соң,
Елінен шықты сол шырақ,
Қарлығаға кездесіп,
«Барасың қайда?» – жӛн сұрап,
Жолы бірге болғасын,
Бірге шапты бұрқырап.
116
Ақ бӛкендей жосылып,
Еркінше шауып кӛсілді.
Келеді деген бұларды
Жоқ еді ердің есінде.
Соңынан келіп үш кӛкжал
Қобыландымен бас қосып,
Шаттанысып, қуанып,
Есендік-саулық айтысып,
Амандасты бесінде.
Тұра тұрсын тӛртеуі,
Ойын-күлкі, сауықпен
Ештеңе жоқ есінде
Құлақ салып тыңдауға
Ерінбесең, жігіттер,
Ӛзімнен келер жел сӛздің
Аянайын несіне?
Алшағыр ханның сол кезде
Сиқыршысы болған кітаппен
Шешесі мұның бар еді.
Кітап ашып, бал салып,
Тӛңірекке кӛз салып,
Пәлені түскен алдында
Батырларды кӛреді,
Келгендерін біледі.
Шақырып алып баласын,
Сонда кемпір сӛйледі:
«Жалғыз балам, Алшағыр,
Сӛзіме құлақ сал, Шағыр!
Қастары тӛмен салынған,
Келуіне алған табылған,
Іздеген дұшпан шабылған
Қобаған мұрын, қой кӛзді,
Талма бетті, нұр жүзді
Біріне Қобылан ұқсайды,
Келді, балам, тұрсана!
Қорасан жүзді, қой кӛзді
Қараман келгенге ұсайды,
Келді, балам, тұрсана!
Сүйек біздік, ет басқа
Ақмоншақ ат астында,
117
Кәмшат бӛркі басында,
Қарлыға келгенге ұқсайды.
Келді ғой балам, тұрсана!
Қабағы қарыс жабылған,
Іздеген дұшпан шабылған
Жіңішке жирен аты бар,
Қолында жазған хаты бар,
Әлемге жеткен даты бар,
Бейне Ораққа ұқсайды,
Келді, балам, тұрсана!
Алшағыр сонда сӛйледі:
«Шешен тілді сӛйлеткен
Қаусырма жақ иегі.
Батыр туған ерлердің
Тартар садақ білегі,
Бұл сӛзіңе балаңның
Қозғалмайды жүрегі!
Жоқ сӛзді айтып қинама,
Қазан барып соғысып,
Кӛбікті барып жоқ болған
Достарыңызбен бөлісу: |