Қобыланды батыр



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата15.12.2019
өлшемі0,65 Mb.
#53622
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қобыланды батыр жыры (Марабайй жырау нұсқасы) толық

Алланың досы, Мұхамбет 
Жалғызыма жәрдем ет!» 
Сонда Қобылан сӛйледі: 
«Қой, шешеке, жылама, 
Жылағанмен бола ма? 
Мен сапардан қайтқанша, 
Ата-анам, ел-жұртым, 
Тапсырдым енді Құдайға». 
Қараман кетті жиып қол, 
(Сӛйледі сӛзді оңды-сол). 
Қобыландыдай батырға 
Жиылып халық беріп қол, 
Жылаумен қалды кемпір сор! 
Тоқтарбайдай шалыңыз 

40 
 
Кӛзі-басы іріңдеп, 
Буындары дірілдеп, 
Жүре алмады болып қор. 
Орта жолда зарлайды 
Қайрылып Қобылан бармайды. 
«Жалғызыма жар бол!» деп, 
Жад қылып Жаббар Құдайды, 
Қала берді кемпір-шал, 
Аруақтарға жалынып! 
Қобыланды мінген Тайбурыл 
Шиыршық атып ойнайды, 
Атандай тӛсі салынып, 
«Айт жануар, шу!» – деді. 
Құбылып Бурыл гуледі, 
Табаны жерге тимеді, 
Құлақтың түбі терледі, 
Тер шыққан сайын ӛрледі, 
Кӛлденең жатқан аңғарды 
Жер ошақ құрлы кӛрмеді. 
Атына кӛңілі біткесін 
Батыр Қобылан сӛйледі: 
«Әуелі Алла анайым, 
Хақ жаратқан Құдайым, 
Үйдегі Құртқа жұбайым. 
Жарым олқы болды деп, 
Жемеймін тіпті уайым. 
Құртқажан «тұлпар» деп еді, 
Айтқан сӛзін сынайын. 
Жайың қалай, Бурыл ат? 
Қолтығыңда қос қанат, 
Үстіңде мен аманат. 
Үкілі құйрық, майда жал, 
Сӛзіме менің құлақ сал. 
Алтын, күміс қият жал, 
Лебізің сенің сары алтын, 
Үстіңдегі түгіңнің 
Жары – күміс, жары – алтын, 
Жан серігім, Бурыл ат, 
Терлемессің күн салқын. 
Жылқыда тұлпар сен едің, 

41 
 
Жігітте сұңқар мен едім, 
Қыдыра жалды, қыл құйрық. 
Сенен озбас деп едім. 
Екі аяқты, бір басты 
Менен озбас деп едім. 
Біздің ауыл ағыста, 
Есебі жоқ алыста, 
Азулының бойында 
Жылқылары қамыста. 
«Қатын Қобылан қалды» деп, 
Кешегі кеткен Қиятқа? 
Қоямысың намысқа? 
Жан серігім, Бурыл ат, 
Барыңды бүгін қарышта! 
Қаса тұлпар ат болсаң, 
Ұшқан құстан қалыспа. 
Қырық күншілік Қазанға 
Бір-ақ күнде жетуге 
Сіздей малға алыс па? 
Бұл жібердім базардың 
Бояғы менен бӛзіне, 
Салса жылқы тоқтайды 
Арқаның бӛрі кӛзіне. 
Жан серігім, Бурыл ат, 
Сал құлағың сӛзіме, 
Қырық күншілік Қазанды 
Кӛрсетші бүгін кӛзіме! 
Кӛрсетпесең кӛзіме, 
Онда Құртқа, мен мұнда 
Қалар кӛңілім ӛзіңе!» 
Құралайдың талына, 
Алуа, шекер, балына, 
Тобылғы сапты қамшымен, 
Тартып-тартып жіберді 
Тайбурылдың санына. 
Жан серігі Бурылдың, 
Жаман батты жанына. 
Жанына батпай не қылсын 
Қарға, құзғын тойынды, 
Санынан аққан қанына. 

42 
 
Қобыландының қамшысы 
Тайбурылға шын батты, 
Шыбын жаны тым тәтті. 
Санына қамшы батқан соң, 
Қаны судай аққан соң, 
Жоғары ерні жыбырлап, 
Тӛменгі ерні қыбырлап, 
Тайбурылға тіл бітті, 
Тайбурыл сонда сӛйледі: 
«Тауға бітер емен, тал, 
Кімге келмес керімсал 
Наз бедеу атқа бітер жал, 
Аямай тарттың қамшыңды, 
Ӛлмесем де кеудемнен 
Шыға жаздады шыбын жан, 
Батыр туған, Қобылан нар! 
Қызылбастың шаһарына 
Мұнша болдың ынтызар! 
Ата-анадан жалғыз тақ, 
Жалғыздық кегін менен ал. 
Тӛрт аяғым тең жорға, 
Тізгінім тартпай сал жолға, 
Үстімде сен есенде, 
Астыңда ӛзім аманда, 
Қажу бар ма мен сорға? 
Ат қылып Тәңірім жаратты, 
Сен секілді сыбайға. 
Қысылған жерде ер жігіт, 
Бір Тәңірге жылай ма? 
Қырық күншілік Қазанға 
Бір-ақ күнде жет дейсің, 
Ұшқан құсқа оңай ма?! 
Қиын да болса Қобыланды ер 
Қиналармын, қайтейін, 
Уағдаңыз солай ма? 
Намаздыгер ӛткенше, 
Намазшамға жеткенше, 
Қазанның Сырлы қаласын 
Кӛрсетпесем кӛзіңе, 
Түсірмесем жүзіңе 

43 
 
Жан серігің Бурылды, 
Сол жерде шал Құдайға»! 
Бұған Қобылан қуанып, 
«Шырағым, Бурыл, шүу!» – деді, 
Құбылып Бурыл гуледі, 
Табаны жерге тимеді. 
Тау мен тасты ӛрледі, 
Тӛрт аяқты сермеді, 
Құлақтың түбі терледі, 
Тер шыққан соң ӛрледі, 
Адырды кӛзі кӛрмеді, 
Кӛлденең жатқан кӛк тасты 
Тіктеп тиген тұяғы 
Саз балшықтай иледі. 
Қараша емес қауысты, 
Қоңыраулатып дауысты, 
Жақын қылды алысты. 
Берсін кімге намысты, 
Күн тӛбеден аумай-ақ 
Түзеді Бурыл шабысты. 
Қос құлағы тігілді 
Қайырға біткен қамыстай, 
Түс ауған соң бүгілді 
Илеуі жеткен қайыстай. 
Байлаулы малдай шешілді, 
Тӛрт аяғын кӛсілді, 
Әрбір сымдай есілді. 
Кешегі кеткен қосынға 
Жетемін деген Қобыланның 
Жоқ еді тіпті есінде. 
Бұлаңдаған Бурылмен 
Артық туған Қобыланды 
Аңқып жетті бесінде. 
Қол соңында барады, 
Қарабұқан жауырыншы, 
Бұқанға келді – «Арма!» – деп, 
«Алдыңда кісі бар ма?» – деп. 
Қарабұқан сӛйледі: 
«Жылқы ішінде аланы, 
Жоқтап ек Қобылан баланы, 

44 
 
Аты қалар деймісің 
Ӛзіңнен үлкен ағаны?! 
Осынау белдің астында 
Қосдәулет кетіп барады». 
Тайбурыл атты құтыртып, 
Оған да келді сыпыртып, 
«Үлкен едің – арма!» – деп, 
«Алдыңда кісі бар ма?» – деп. 
Ол да айтады – аланы, 
«Жоқтап ек Қобылан баланы, 
Қылшық жүнді қараны, 
Осынау белдің астында 
Аққозы кетіп барады». 
Тайбурылды құтыртып, 
Оған да келді сыпыртып 
Ол да айтады, аланы, 
Қылшық жүнді қараны, 
«Адасты деп ойлап ек 
Қобыланды сынды баланы. 
Осынау белдің астында 
Қарақозы кетіп барады». 
Тайбурыл атты құтыртып, 
Оған да келді сыпыртып, 
Оған да келіп: «Арма»» –деп,– 
Алдыңда кісі бар ма?» – деп, 
Қарақозы сӛйледі: 
«Алыстан айқын кӛрінген 
Жылқы малдың аласы, 
Ағынан кӛп-ті қарасы. 
Оңдаса Құдай сапарды, 
Пенденің болмас шарасы. 
Қызыл тілді сӛйлеткен 
Қаусырма жақтың арасы. 
Жеткен-ді деп ойлаймын 
Ӛз кӛңілімше шамасы, 
Кешегі қонған мезгілден, 
Шапқаннан бері, шырағым, 
Кӛрінген жоқ кӛзіме 
Құрдасыңның қарасы». 
Кӛктем мезгіл болғанда 

45 
 
Кӛктен құйған тамшыдай, 
Шебер қыздың қолында 
Балдағы алтын қайшыдай, 
Қарамандай құрдасы 
Кетіп қалды деген соң, 
Бұлаңдаған Бурылға 
Тағы да басты қамшыны-ай. 
Найзасы аумай қолынан, 
Жұлдыз туып оңынан, 
Қобыланды сонда «шүу!» – деді, 
Құбылып Бурыл гуледі 
Қараманның соңынан. 
О да кетіп қалыпты, 
Үздік озып қолынан 
Беті қайтпай барады, 
Сапар еткен жолынан. 
Тайбурылды гулетіп, 
Келіп жетті соңынан. 
Қобыланды жетіп сӛйледі: 
«Болғаның ба, досым-ай, 
Мақтаған атың осы ма-ай? 
Он екі күнде келерсің 
Менің бүгін кеште тіккен қосыма-ай! 
Жағалай таудың татыры-ай, 
Жарасар тіккен шатыры-ай. 
Анау күні қатын деп 
Қарамай кеткен батыр-ай! 
Кӛрдіңіз бе, Қараман, 
Қатынның баққан атын-ай, 
Қатын да болса, білдің бе? 
Құртқаның асыл затын-ай! 
Қатынның баққан атын-ай?! 
Қапыда қалма, батыр-ай! 
Жүрмейсің бе, Қараман, 
Үш күн кейін соң калып, 
Мен де озып барамын, 
Қалсаң, ӛлім жақын-ай! 
Қобыланды гулеп жӛнелді, 
Кӛп Қиятқа қарамай, 
Қалың Қият – кӛп қосын 

46 
 
Бәрі қалды артында, 
Бірі еруге жарамай. 
Сонда Бурыл гуледі. 
Табаны жерге тимеді, 
Кӛлденең жатқан кӛк тасты 
Тіктеп тиген тұяғы 
Саз балшықтай иледі. 
Аманбайдың ақ тікен, 
Асып Бурыл жӛнелді. 
Қарсы келген қабақтан, 
Қарғып басып жӛнелді. 
Сеңгір-сеңгір таулардан 
Секіре басып жӛнелді. 
Ол тӛбе мен бұл тӛбе, 
Бауыры шұбар кӛл тӛбе – 
Онан да ӛтіп жӛнелді. 
Қамыстының қазды кӛл, 
Қоғалының қулы кӛл, 
Шегендінің желді кӛл, 
Шағалалы шалқар кӛл, 
Қызғыштының Қызды кӛл, 
Құмра, қотан Қос кӛлден, 
Айналасы бес кӛлден, 
Бәрінен ӛтіп жӛнелді. 
Құдердің қара дӛңінен, 
Бесін де ӛтті деңінен, 
Барлы-барлы, барлы тау. 
Басы биік, қарлы тау, 
Хан жайлаған Қаратау, 
Би жайлаған Алатау, 
Онан да ӛтіп жол шекті-ау. 
Түйе мойнақ иір тау, 
Қыз емшекті сүйір тау. 
Атасу мен Манащы 
Мал оттауға оты ащы, 
Ішейін десе суы ащы, 
Мұнан-дағы жол шекті. 
Қампай-құмпай қасынан. 
Жем, Темірдің басынан, 
Қолбағайлы шӛлдерден, 

47 
 
Қасқалдақты кӛлдерден, 
Асқар-асқар белдерден, 
Айдын шалқар кӛлдерден, 
Қан сасыған жерлерден, 
Тобылғылы нұрадан, 
Сексеуілді жырадан, 
Баялышты құмайттан, 
Бүлдіргенді шыңайттан 
Жалғыз шауып жол шекті. 
Астына мінген Бурыл ат 
Жауатын күндей күркіреп, 
Жаңбырдай тері сіркіреп, 
Құбылып ойнап жер басты. 
Алдыңғыдан артқысын 
Сынық сүйем кем басты. 
Жалғаса ұшқан қоңыр қаз. 
Тозаңынан адасты. 
Асқар тӛбе бел еді, 
Бір шауып, бір желеді, 
Құбылып ойнап жер басып, 
Дӛңгеленіп келеді, 
Садақтың бауы сартылдап, 
Масатыдан шалбардың, 
Сала құлаш балағы, 
Алтынды зермен кӛмкерген, 
Жел соққандай жалпылдап, 
Белеңнен асты былқылдап, 
Тозаңы шықты бұрқылдап, 
Аттың жолы қазылды, 
Ұмтылғанда қысылып, 
Бес жүз құлаш жазылды, 
Бурыл кӛкке секірді, 
Омырауда тері кӛпірді, 
Шаба-шаба шатылды, 
Табаны тиіп ұшқан тас. 
Қызылбас мылтық оғындай, 
Аспан кӛкке атылды. 
Тақиядай кӛрмеді 
Үстіндегі батырды. 
Бұлаңдаған Бурылдың, 

48 
 
Маңдайында масаты бар, 
Марал ішсе – таусылмас. 
Құйрығында құдық бар, 
Құлан ішсе – таусылмас. 
Арандай аузын ашады, 
Аяғын топ-топ басады. 
Бір тӛбенің тозаңын 
Бір тӛбеге қосады. 
Кешке таман Тайбурыл 
Жын қаққанға ұқсады, 
Құлан менен құлжаның, 
Ұзатпай алдын тосады. 
Кӛл жағалай отырған, 
Кӛкқұтан мен қарабай 
Кӛтеріліп ұшқанша, 
Белінен басып асады. 
Дуадақ пен жек қалды, 
Әлде ӛтірік, әлде шын 
Ақ сұңқар мен лашын, 
Ӛлген құсты жеп қалды. 
Ебелек ұшпас елсізден, 
Кӛбелек ұшпас кӛлсізден, 
Құла мидай шӛлдерден, 
Адам жүрмес жерлерден, 
Батпақ лай кӛлдерден, 
Асқар-асқар белдерден, 
Жалғыз шауып жол шекті. 
Үмітін үзіп келеді, 
Қараспан тауды жайлаған. 
Қалың қыпшақ елдерден 
Намаздыгер ӛтті енді, 
Мезгілі шамның жетті енді, 
Қобыланды мен Бурылдың 
Уәдесі бітті енді. 
Кӛріне ме шаһар деп 
Ілгері қарап күткен-ді. 
Сол уақыттар болғанда, 
Белес-белес бел кӛрді, 
Бел астында ел кӛрді, 
Бидайықты ақтатыр 

49 
 
Ақты, бозды, қой жатыр. 
Тіктеп шауып қалаға 
Қобылекем келе бұл жатыр. 
Құланнан атты қодықты, 
Кӛлден тартты борықты, 
Жетемін деп торықты. 
Намазшамның кезінде. 
Бес ағаштың түбінде, 
Қазанның салған жылқыға 
Ағыны қатты Бурылмен 
Аңқытып келіп жолықты. 
Кӛк алалы кӛп жылқы, 
Бӛрі құлақ ен жылқы, 
Гулетіп жылқыны алады, 
Айқайлап жиған кӛп жылқы 
Бір уыс болып қалады. 
Жылқыны жӛнге шығарып, 
Қазанның Сырлы қаласын 
Қайта айналып шабады. 
Бетіне қалқан далдалап, 
Шаһарына шапты «Аллалап». 
Қаланың аузын қандатып, 
Кӛшенің аузын шаңдатып. 
Қақпадан атын қарғытып, 
Кіндіктен оғын сырғытып, 
Туырлығын тоқым қып, 
Керегесін отын қып, 
Мал шығармай далаға, 
Ел шығармай салаға, 
Жау бетінде жад қылып, 
Жеті кәміл бабаға, 
Ӛтірік емес, жан аға. 
Қазанның Сырлы қаласын 
Бұзып, жарып Қобылекең, 
Он екі күн дегенде 
Жалғыз жанды құтқармай 
Айдап шықты далаға. 
Құлақ салмақ сауап-ты. 
Бес уақытқы азанға, 
Тӛрт құлақты Қазанға, 

50 
 
Ителгі құстың тырнағын 
Мың сан қарға жазар ма? 
Сырлы қаланы алады, 
Адамын жӛнге салады, 
Қаланың қиғаш қасында, 
Қасқарлық таудың басына, 
Бұлаңдаған Бурылмен 
Батыр Қобылан шығады, 
Құртқаның сӛзін сынады, 
Жан-жаққа кӛзін салады, 
Батырдың кӛзі шалады, 
Қалың Қият, кӛп қосын 
Он екі күн дегенде 
Олар да келіп қалады. 
Ӛзі жатқан Қазанның 
Қырлы дейтін қаласын 
Қырық мың қолды әскермен 
Алты қабат орының 
Сыртынан орап алады. 
Қараман атты батырың, 
Аламын деп ала алмай, 
Алты қабат орынан, 
Қарғытып ішке ене алмай, 
Қақпаның аузын аша алмай, 
Қайраты жетіп таса алмай, 
Үш күн тұрып сыртында 
Болдыра алмастай болған соң, 
Енді атына мінеді, 
Мініп алып атына 
Тауда жатқан батырға 
Қараман ӛзі келеді. 
Келіп сӛйлей береді: 
«Айбалтам тасқа ӛтпейді, 
Жамандар сӛзді кектейді, 
Жүрмеймісің, құрдасым, 
Қызылбастың еліне 
Сенсіз күшім жетпейді!» 
Сонда Қобылан сӛйледі: 
«Асқар ма екен, тау ма екен? 
Арғымақ па екен, ат па екен? 

51 
 
Жая ма екен, жал ма екен? 
Шекер ме екен, бал ма екен? 
Ер бұзбаған қамалды 
Қатын бұзған бар ма екен? 
Мал салдым базар бӛзіне, 
Салса жылқы тоқтайды 
Арқаның бӛрі кӛзіне. 
Ерді қатын дей ме екен, 
Не деп айттың ӛзіме? 
Сен бір айтпай үш айттың, 
Келмеді ме кӛзіңе? 
Кӛрінбе менің кӛзіме. 
Неше батыр болсаң да 
Үйде қалған Құртқаның 
Сатса алмаймын ӛзіне. 
Ӛзі түгіл Құртқаның, 
Сағынғанда алмаймын 
«Қалқамжан деген сӛзіне!» 
Қобыланды бұл сӛзді айтқасын, 
Қараман құрдас ӛкпелеп, 
Кӛрмеймін деп жер тепкілеп, 
Наза боп қайтып жӛнелді: 
«Алсам, мұны алармын, 
Алмасам, ӛліп қалармын, 
Қатыныңның тілімен 
Қобыландыдай батырың 
Жүр ме едің әлі де кекті?» деп». 
Қобыландыдай батырдың 
Жая да емес, жал-ды деп, 
Шекер де емес, бал-ды деп, 
Бір қатынның тілімен 
Құрдасым кӛңілі қалды деп, 
Аршын басты Бурылмен 
Аңқытып желді соңынан, 
Іс келеді қолынан, 
Былқылдап Қобылан желеді– 
Соңынан жетіп келеді. 
Қобыланды батыр келгесін, 
«Сыбағамды бердің»,– деп, 
Қараман құрдас күледі. 

52 
 
Қуанғаннан батырдың 
Тӛбесі кӛкке тиеді. 
Қараман, Қобылан қосылып, 
Қосынға келіп енеді. 
Ордың мініп басына, 
Қаланың келіп қасына, 
Қобыландыдай батырың, 
Тайбурылға сӛйледі: 
«Мал саттым базар бӛзіне, 
Салсаң құлақ сӛзіме, 
Салсаң жылқы тоқтайды, 
Арқаның бӛрі кӛзіне, 
Жая қандай, жал қандай? 
Шекер қандай, бал қандай? 
Екеуміз жолдас болғалы, 
Бүгін емес бірталай, 
Анаңыз тұлпар деуші еді, 
Қалмақтың терең қаздырған 
Алты қабат орынан, 
Жетінші қабат қалаға, 
Қарғытамын, Бурылым, 
Қарғимысың жай қандай?» 
Жоғары ерні жыбырлап, 
Тӛменгі ерні қыбырлап, 
Екпінімен сыбырлап, 
Сонда Бурыл сӛйледі: 
«Артыңда қалды еліңіз, 
Болды ма менде кегіңіз? 
Шешем Құртқа деген соң, 
Сатылмайды теріміз, 
Кӛңілде жоқ кіріміз. 
Қосылған жерде дем берсін 
Жылқышы Қамбар піріміз, 
Кӛңіліне алсаң қоймайсың 
Қайсар Қобылан шеріміз. 
Салған қолқаң сол болса, 
Қобыланды сынды еріміз, 
Қарғысам қарғып кӛрейін, 
Қарғи алмасам, ӛлейін, 
Тәуекел етіп кӛріңіз». 

53 
 
Мұны естіп Қобыланды, 
Бурыл атқа «шүу!» – дейді, 
Бүктеле беріп жазылып. 
Бурылы бұлқып гуледі. 
Алты қабат орынан 
Жетінші қабат қалаға 
Қояндай ырғып жӛнелді 
Ортасына шаһардың 
Бурылы барып топ етті, 
Жердің шаңы бұрқ етті, 
Ат тұяғы тиген жер 
Тесіле жаздап солқ етті. 
Қалаға Қобылан кіргесін, 
Ерлігімен кіріп кеткесін, 
Бала да болса келбетті – 
Ене алмай қалды Қараман, 
Ордың сыртын айналып, 
Маңдай шып-шып терледі, 
Ене алмағасын қиналып. 
Кӛп әскерді кӛргесін, 
Жау екенін білгесін, 
Шаһар жұрты жиналып, 
Қазан ханы бас болып, 
Ұрысуға сайланып, 
Жатыр екен жиналып. 
Арқада бар бӛрі кӛз, 
Жақсыда ғой тәуір сӛз. 
Неге ұмытсын кӛрген кӛз? 
Арыстан туған Қобыланды 
Кӛп әскерге келді кез. 
Арыстан туған Қобыланды, 
Кӛп әскерге келгенде 
Қырық мың атты қызылбас 
Қолына жасыл ту алып, 
Арыстан туған Қобыланды 
Ақ білегін сыбанып, 
Кӛңілі тасып келеді 
Жауды кӛріп қуанып. 
Сол уақытта алдынан 
Қара қасқа ат мінген, 

54 
 
Құйрық жалын шарт түйген, 
Алдына дабыл тӛңкерген, 
Артына сауыт бӛктерген, 
Аламанға дем берген, 
Азды-кӛпке теңгерген, 
Қара бӛрік қалпайған, 
Қайратымен мал жайған, 
«Мен сондай!» – деп далдайған, 
Қысқа күнде қырық шапқан, 
Тері тонды теріс артқан, 
Қызылбасқа жан тартқан, 
Қазақ десе, оқ атқан, 
Қабағына қар қатқан. 
Кірпігіне мұз қатқан, 
Он екі күнде бір жатқан, 
Он үш күнде бір татқан, 
О да айтулы ер еді, 
Қызылбастың елі еді, 
Құдайдан дұспан сұраған, 
Жау кӛрмесе, қураған, 
Найзаның ұстар жеріне 
Қолыма жұмсақ болсын деп, 
Топтап барқыт ораған, 
Шын қаһарына келгенде 
Жауған қардай бораған, 
Суда болар ақ сазан, 
Молдалар айтар бес азан, 
Үлкендете жолымен: 
«Қашпа, бала, қашпа», – деп, 
Алдынан шықты ер Қазан. 
Хан шыққансын, кім қалсын, 
Ханның ұлы Қарауыл, 
Бектің ұлы Бекауыл, 
Хан жігіті жасауыл 
Хан қасында қайдақтар*, 
Қатыны жоқ бойдақтар, 
Отыз тӛре қызыл бас, 
Үй басына он сомнан 
Жиып жеген бейбақтар, 
Мысық құлақ мылтық қолында 

55 
 
Қара сұңқар қойнында, 
Бәйгіден келген дӛнені, 
Бұл шәһбаздың* гӛзелі*, 
Талай батыр ұмтылған, 
Қаланың аузын қандатып, 
Әскерін жаяу аңдатып, 
Қызылбас болып қол алып, 
Қобыландыға жол алып, 
Әскер мезгіл болғанда 
Қырық мың әскер қол шықты 
Қазан ханы бас болып, 
Он кісіден қос болып. 
Арқада бар бӛрі кӛз, 
Жақсыда бар тәуір сӛз, 
Қолды бастап шығарып, 
Қазан сынды батырың, 
Қобыландыға келді кез. 
Ӛзі жеке келгесін, 
Қайыспасын білгесін, 
Басын тартып қара аттың, 
Қобыландыдай батырға 
Бір-екі ауыз айтты сӛз: 
Кімнің ұлы боласың?! 
Атаңды сұрасам кім деймін? 
Анаңды сұрасам кім деймін? 
Батыр Қазан мен деймін, 
Шын сӛзіңмен кел деймін, 
Қалжың сӛзге кӛнбеймін, 
Ашуыма жолықпай 
Бурыл атпен ақ сауыт 
Қол тигізбей бер деймін». 
Сонда Қобылан сӛйлейді: 
«Бұл жіберіп шығып ем 
Базарда алтын қасыққа, 
Ат беруге арланам 
Сендей дінсіз сасыққа. 
Ат алуың қаша ма, 
Дем алғанша асықпа! 
Келмей жатып ат бер деп, 
Қызылбас неден есірді? 

56 
 
Бұл сапарда ен жатқан 
Сүйермін деп ек жесірді, 
Шыдамасаң бері кел, 
Кӛрсетейін кесірді. 
Атасы жаман атасыз, 
Атамды сұрап нетесіз? 
Анасы жаман анасыз, 
Анамды сұрап нетесіз? 
Анаң сенің некесіз, 
Некесін сұрап нетесіз? 
Ашулансам боларсың 
Әр кез жарық кӛргісіз. 
Ӛзіңнің соққан қақпаңнан 
Зар қылармын жүргісіз. 
Қазан деген ерсің сен, 
Жӛн білмеген серсің сен, 
Патшаңнан алған қамқаңды 
Қан қылмай-ақ шешерсің! 
Асқар тӛбе белсің сен, 
Қызылбас деген елсің сен, 
Арақ ішіп, нан жесең 
Қала ішінде есерсің, 
Кӛкірегіңді басайын, 
Желденіп кӛңілің келсең сен. 
Қарақасқа тұлпардың 
Сауырынан түсерсің! 
Мойныңнан аққан жылы қан 
Шамаң келсе, ішерсің. 
Жауға шабар ер жігіт 
Жаманнан ақыл сұрамас. 
Бетімнен қаһар шығады 
Жаңбырлы қардай аралас. 
Мұсылманның баласы 
Ӛзім ӛлмей жыламас. 
Іздегенім қызылбас, 
Аты-тонын әр жерде 
Беруші еді сендей нас. 
Қылышпенен ӛлтірсем, 
Қиқаладың дерсің сен. 
Найзаменен ӛлтірсем, 

57 
 
Миқаладың дерсің сен. 
Садақпенен ӛлтірсем, 
Қапыл қалдым дерсің сен, 
Мылтықпенен ӛлтірсем, 
Жазым қылды дерсің сен. 
Мінген атың құла ғой 
Сендер кӛп те, мен жалғыз, 
Қолыңа келді бір бала, 
Білгеніңді қыла ғой!». 
Ел жайлауы Арыс-ты 
Батырлар қылды намысты. 
Әуелі тәуір сӛйлесіп, 
Артынан шайтан жабысты. 
Шайтан емей немене 
Ырғай сапты сүңгіні 
Ырғай, ырғай салысты, 
Итерісіп тұрысты, 
Найза қанға майысты, 
Ат тізесін бүгісті 
Бүгісе, бүгісе тұрысты, 
Тебінгіге тер қатып, 
Қақырғаны қан татып, 
Түкіргені жын татып, 
Қақырғанда қан ішті, 
Түкіргенде жын ішті, 
Қанжарменен қармасты 
Семсерменен серместі. 
Қанжар қалды қайысып, 
Семсер қалды майысып. 
Диқан еккен егінді, 
Есен алса тегінді, 
Қан қабақтан тӛгілді, 
Ерлер жаннан түңілді, 
Аш күзендей бүгілді, 
Екеуінің ақ сауыт 
Шығыршықтан сӛгілді. 
Сол уақыттар болғанда, 
Артық туған Қобыланды 
Найзасын ырғап ендірді, 
Қазанды аттан тӛндірді, 

58 
 
Ат артына міндірді. 
Ту жығылар айшықты, 
Ақ денеден қан шықты 
Шауып еді, жан шықты 
Ұлы сәске болғанда; 
Ішкі қала тұсында, 
Сыртқы қала ішінде, 
Ер Қазанның аузына 
Қобыландыдай батырың 
Толтырады балшықты. 
Қазан аттан құлады, 
Кӛріп елі жылады, 
Шаһары байтақ жұртына 
Тегіс хабар салады, 
Жұртын жиып алады, 
Алтын құндақ ақ берен 
Шілдедегі бір айда 
Кӛктен түскен самал-ды. 
Тура келген ажалға, 
Кім табады амалды? 
Ӛлген қолдың басынан 
Ӛткізеді заманды. 
Қырық мың атты қызылбас 
Алдында қойдай қамалды, 
Қамалмасқа бола ма, 
Кез қылды Құдай қабанды. 
Қабанның ойыны жаман-ды, 
Қырық мың атты қызылбасқа 
Тұтам қылды заманды. 
Тоқтата алмай табанды, 
Қалаға қайтып келе алмай. 
Барайын десе, бата алмай, 
Дарбазадан ӛте алмай, 
Ортӛбеден топтанып, 
Шиыршық атып шоқтанып, 
Қолына бір-бір оқты алып, 
Кӛптігіне мақтанып, 
Қазан ханы ӛлгесін, 
Жекпе-жектен тоқталып, 
Бірте-бірте жиналды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет