Қобыланды батыр



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата15.12.2019
өлшемі0,65 Mb.
#53622
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қобыланды батыр жыры (Марабайй жырау нұсқасы) толық

Қайдан келсін бұл жерге, 
Қобыландының сүйегі 
Неше балшы болсаң да, 
Айтқан сӛзің, жан шеше, 
Үйлеспейді жүйеге!» 
Тағы кемпір сӛйледі: 
«Май түбінде тортамын 
Ақбӛкен аңдай жортамын, 
Мінген аты, шырағым, 
Келді, балам,Бурылы  
Қобыланды деп қорқамын! 
Таңбасыз жатқан тайыңды 
Таңбалар деп қорқамын. 
Енсіз жатқан қойыңа 
Ен салар деп қорқамын. 
Басыңнан кӛшер аруақ, 
Астыңдағы алтын тақ 
Сол мінер деп қорқамын. 
Жері байтақ жұртыңды 
Сол билер деп қорқамын, 

118 
 
Үстіңдегі ақ сауыт 
Жері байтақ жұртыңды 
Сол билер деп қорқамын, 
Үстіңдегі ақ сауыт 
Сол киер деп қорқамын. 
Ылдидан шапса тӛске озған 
Ертеден шапса, кеште озған, 
Томағалы қасқа азбан 
Сол мінер деп қорқамын. 
Ор түбінде бәйтерек, 
Басы кӛкке қараған 
Тамыры жерге тараған, 
Жапырағы бар еді, 
Сом алтыннан жараған, 
Сол кесер деп қорқамын. 
Атың жайған байтақ ел 
Бүлдірер деп қорқамын. 
Қанікейдей кӛрікті қыз, 
Тінікейдей текті қыз, 
Күлкі етер деп қорқамын. 
Шағалаға шәулі* сап, 
Ілдірер деп қорқамын. 
Менің ӛзім нашармын, 
Кілттің аузын ашармын, 
Сен жатсаң да, мен жатпан, 
Қанікейдей кӛрікті қыз, 
Тінікейдей текті қыз, 
Екеуін алып қашармын. 
Жау қолында жылатпан, 
Күймеге салып екеуін, 
Белден белге асармын». 
Ыңғайланды қу кемпір, 
Қызын алып жүрмекке, 
Әркім елде құмар қыз 
Қолына тисе сүймекке. 
Қарамайды қу кемпір 
Алтын, күміс дүниеге. 
Екі қызын алады, 
Күймесіне салады. 
Қақпаның аузын аштырып, 

119 
 
Кемпір қашып барады. 
Қаладан қашқан кемпірді 
Қарлыға кӛзі шалады. 
Қуып жетіп кӛк атпен 
Қу кемпірге білдірмей, 
Сыртын жарып күйменің, 
Екі қызды Қарлыға 
Ұрлап алып қалады. 
Күймеде қызым аман деп 
Кемпір кетіп барады. 
Қарлығаның алғанын 
Қараман кӛзі шалады. 
«Қарлығажан, сауға», – деп, 
Қарлығаның алдынан 
Қараман жақын барады. 
Қарлыға сонда сӛйледі: 
«Кӛлге біткен жекенсің*, 
Бүршігі жоқ тікенсің, 
Артық асқан бағаң жоқ, 
Құдайдан сұрар шамаң жоқ, 
Ӛзіңе біткен мал, жанды 
Сауғадан жиған екенсің. 
Ақмоншақ атпен желейін 
Байытқалы келіп пе ем, 
Қияттың жаман кедейін. 
Қараман саған не дейін? 
Ӛзімнің басым сауғадан 
Құтыла алмай жүргенде 
Мен кімге сауға берейін?» 
Қараман сонда сӛйледі: 
«Мұсылманға мазаттық, 
Қызылбасқа қаза аттық, 
Қанікей мен Тінікей 
Екі қызды бер маған, 
Қарлыға сені алмаймын, 
Басыңа бердім азаттық». 
Мінген аты ала-ды, 
Қылшаң жүнді қара-ды, 
Кӛңілдегі сананы 
Шығара алмай барады. 

120 
 
Қарлыға сынды сұлудың 
Кӛңілі қатты сүйеді 
Қобыландыдай баланы. 
Қанікей мен Тінікей 
Қос сұлуды бір беріп, 
Қарамандай батырдан 
Артық туған Қарлыға 
Басын сатып алады. 
Тӛртеу еді алтау боп, 
Басын қосып тӛрт кӛкжал, 
Кеш болғасын жағалап, 
Бір тӛбеге жатады. 
Тӛртеуінің тұлпары, 
Бауырынан қатады, 
Қоржындағы азықтан 
Бұйырған дәмін татады. 
Ұйқы кӛрмей тӛрт батыр 
Таң сарғайып атады, 
Таң шолпаны батады. 
Масыл-масыл, масыл ма, 
Аққа құлпы жасырма, 
Ғашық боп жүрген Қарлыға 
Қараманнан шыға алмай, 
Жүрегінен қан құсып, 
Басын қосқан сықылды 
Қобыландыдай асылға. 
Мұратына жеткендей 
Бұлаңдаған Қарлыға 
Отыра кеткен асыла, 
Сауғада басы жүргенде, 
Жоламаушы еді қасына. 
Тас түлектей түледі, 
Еркіндік алып басына. 
Таң атқасын тӛрт кӛкжал 
Қару-жарақ киініп, 
Бір Құдайға сыйынып, 
Енді атына мінеді, 
Денеге сауыт киеді, 
Беліне байлап болатты, 
Қарына найза іледі, 

121 
 
Алшағырдың шәріне, 
Туын ұстап батырлар 
Қала аузына келеді. 
Шәрге жақын келгенде, 
Ақ сұңқар құстай шүйіліп, 
Қабағы тастай түйіліп, 
Арыстан туған Қобыланды 
Күн шығуға қарамай 
Ат қоюға ойланды. 
Ата-анасы, ел-жұрты 
Асыра Қыпшақ баласы 
Жатқаннан соң байлауда. 
Қақпаның келіп аузына 
Батыр Қобылан шақырды, 
Нар түйедей бақырды. 
Алшағыр деп бақырды. 
«Ау, Алшағыр, 
Алшағыр! 
Сӛзіме құлақ сал, Шағыр! 
Менің атым Қобыланды 
Әуелі ӛзің алдан шық, 
Алды-артыңды қармай шық, 
Қалдырмастан жалмай шық. 
Арманда қапы қалмай шық! 
Қара қасқа атың міне шық, 
Оқ ӛтпес тоның кие шық, 
Қарыңа сүңгі іле шық!» 
Белес-белес бел еді. 
Хан болғалы Алшағыр 
Асып жүрген айласы 
Мұсылманнан қанша ердің 
Басын жойған ер еді, 
Қызылбастың пілі еді. 
Қобыландының даусы 
Құлағына келеді. 
Естіген соң даусын, 
Шешесінің сӛзіне 
Енді Алшағыр сенеді. 
Шыдай алмай Алшағыр, 
Үстіне сауыт киеді, 

122 
 
Беліне байлап болатын, 
Қарына найза іледі. 
Ертеден шапса, кешке озған, 
Томағалы қасқа азбан, 
Ылдидан шапса, тӛске озған, 
Алтын тұрман ер салып, 
Енді атына мінеді. 
Қара қасқа тұлпардың 
Құйрығын шарт түйеді, 
Шақырып тұрған батырға – 
«Қорықты дер деп бармасам», 
Алдынан жүре береді. 
Сол уақыттар болғанда, 
Түлкідей кӛзін жайнатып, 
Қаруы сыймай қайнатып, 
Тасқа шаншып найзасың, 
Қарыс сүйем бойлатып, 
Қобылекең келді бұл жақтан 
Тайбурыл атты ойнатып. ' 
Жайықтың бойы қамысты, 
Бермейміз деп намысты 
Екі батыр екпінмен 
Жақындасып қалысты. 
Ӛшігіп жүрген батырлар 
Бір ауыз сӛзге келмей-ақ, 
Шегінісіп екеуі 
Еменнен найза салысты. 
Итерісіп тұрысты, 
Ат тізесін бүгісті, 
Бүгісе-бүгісе тұрысты. 
Біріне-бірі ұмтылып, 
Тақымдары құрысты. 
Он саусағы қарысты. 
Бірін-бірі ала алмай, 
Біреуі дүние сала алмай, 
Қақырғаны қан татып, 
Түкіргені жын татып, 
Қақырғанда қан ішті. 
Түкіргенде жын ішті. 
Жанынан күдер үзісті. 

123 
 
Қанжарменен қармасты. 
Семсерменен серместі. 
Сӛйтіп ойын ойнасты, 
Шыбын жанды қинасты. 
Қанжар қалды қайысып, 
Семсер қалды майысып, 
Ерлерің жаннан түңілді, 
От шығады ұртынан, 
Үмітін үзді Алшағыр 
Шәрі, байтақ жұртынан. 
Сол уақыттар болғанда 
Домаланып барып жығылды, 
Қара қасқа аттың сыртынан 
Сонда жатып құлайды. 
Артық туған Қобыланды 
Ерегіскен дұшпанның 
Басын жоймай қоймайды. 
Есіктің алды кендір-ді, 
Қобыландыдай батырың 
Найзасын ырғап ендірді, 
Алшағырдай дұшпанын 
Ат саурына міндірді. 
Қатуланып Қобыланды 
Түгі шығып білектен, 
Етке тоқтар қайрат па? 
Ӛтіп кетті сүйектен, 
Қайта тартса шықпайды, 
Қобыланды ердің найзасы 
Қанмен қатыс жібектен. 
Алшағыр ханды ӛлтіріп, 
Дұшпанның күнін қуырып, 
Артықша тартып найзасын 
Күшпенен алды суырып. 
Алшағырдың соңынан 
Белгілі судың сағасы, 
Қызылбастың ағасы, 
Құртқаны алар сапарда 
Ӛлтіріп кеткен Қобыланды, 
Шауып шықты қаладан 
Қырық бес кез баяғы 

124 
 
Қызыл ердің баласы – 
Ағанас пен Тоғанас – 
Қаладан шықты екі жас. 
Әкесін Қобылан ӛлтіріп, 
Құртқаны алған жерінде. 
Кӛктім аймақ елінде 
Ежелден кекті болған қас, 
Ағасы еді Ағанас, 
Інісі еді Тоғанас. 
Қаладан шығып екі жас 
Қобыландыдай батырға 
Кӛздерінен ағып жас, 
Ортаға алып екеулеп, 
Келе салды найзаны, 
Таптырмай ақыл, айланы. 
Қараспан таудай алысып 
Еменнен найза салысып, 
Олар екеу, бұл жалғыз 
Қарсыласып шабысып, 
Дұшпанын Қобылан табады, 
Енді ортаға алады, 
Пірлер кәміл қолдады, 
Қобыландыдай баланы 
Кӛңілге кінә болмаса, 
Қобылекеңнің бӛксесін 
Бурыл аттың үстінен 
Қисайтып кетіп барады. 
Қобыландының ауғанын 
Қарлыға кӛзі шалады. 
Жетіп келіп Қарлыға 
Ағанасты сол жерден 
Алып тастай береді. 
Қисайған Бурыл үстіне 
Түзеліп Қобылан мінеді. 
Жеке бір жалғыз қалғасын 
Тоғанасты Қобыланды 
О да бүріп іледі. 
Бұл екеуінің артынан 
Кӛк қасқа атпен Ақтайлақ 
Ұрысқа шықты жағдайлап. 

125 
 
Орақ шығып бұ жақтан 
Ақтайлақты сол жерде 
Іліп тастай береді. 
Ақтайлақтың соңынан 
Баласы еді Нарқызыл 
Шығып еді қаладан, 
Қараман шығып бұ жақтан 
Бұл-дағы іліп тастады. 
Қазан басты қара дәу 
Шығып еді қаладан, 
Қарлыға іліп тастады. 
Қалмақтың қара батыры 
Шығып еді қаладан, 
Қобылекең іліп тастады. 
Қылышпенен ұрады, 
Осылайша батырлар 
Келгендерін қалмақтың 
Кезек-кезек тӛртеуі 
Баудай жаншып тұрады. 
Сонда ердің соңында 
Күмбезді найза қолында 
Ағын судың сағасы, 
Берен тонның жағасы, 
Қызылбастың ағасы, 
Кӛбікті ханның баласы. 
Құндыз бӛрік басында, 
Әскері бар қасында, 
Ӛзі он бес жасында 
Сүйіншіге қыз алып, 
Күйеу боп жатқан осында. 
Үстіне дұшпан келгесін, 
Байлауда қалған Қобылан 
Босағанын білгесін 
Ұрыспаққа айла таба алмай 
Үстіне сауыт киеді. 
Болатты байлап жанына. 
Қарына найза іледі. 
Қаланың аузын аштыртып, 
Біршымбай шықты қаладан. 
Шыға салып Біршымбай 

126 
 
Ала кетті жағадан, 
Кӛрсетіңдер деп ерлікті, 
Мен кӛрмеген манадан 
Келуімен Біршымбай 
Бӛтен сӛзге қарамай, 
Қобыландыны бір шаншып, 
Қарлығаны бір шаншып, 
Қараманды бір шаншып, 
Ер Орақты бір шаншып, 
Кӛк ала атпен Біршымбай 
Сыпыртып ӛтіп жӛнелді. 
Және айналып-толғанып 
Найзасын және қолға алып, 
Ер Орақты бір шаншып, 
Қараманды бір шаншып, 
Қарлығаны бір шаншып, 
Қобыландыны бір шаншып, 
Сыпыртып ӛтіп жӛнелді. 
Етіне киген жейде еді, 
Маңдайы шып-шып терледі, 
Біршымбайдың қайраты 
Барған сайын ӛрледі. 
Самсап тұрған ерлерді. 
Бір адамдай кӛрмеді. 
Осылайша Біршымбай 
Үш-үштен найза түйреді, 
Етіне найза ендірді. 
Үш-үштен найза тигесін, 
Етіне найза енгесін, 
Тӛрт кӛкжал да меңдеді. 
Меңдегенін кӛргесін 
Қарлыға сұлу сӛйледі: 
«Мал шыдамас жауырға, 
Жан шыдамас бауырға, 
Сендер мұнда тұра тұр, 
Есебін тауып, жігіттер, 
Ӛлтірейін мен, – деді, – 
Менен күші әкемнің 
Бір батпандай артық-ты. 
Әкемнен күші мұның да 

127 
 
Сегіз батпан тартыпты. 
Үстіндегі сауыттан 
Атсаң оғы ӛтпейді. 
Шапсаң қылыш кеспейді. 
Жел соғарлық шамалы 
Кӛк желкеден артында-ай. 
Ӛлтіріп кетсе мені егер 
Кӛк желкеден атыңдар. 
Жігіттер, болмай ғапыл-ай! 
Мінген аты кер еді, 
Аты әйел демесең, 
Қарлыға қыз да ер еді. 
Қобыландыдай батырың 
Қарлығаға сенеді. 
«Есебін тауып айламен 
Ӛлтірмесем, болмас», – деп, 
Бӛркін жұлып алады, 
Шашын жайып Қарлыға 
Ақмоншақ атты қамшылап, 
Ерлердің шығып қасынан, 
Біршымбайдың алдынан 
Қарлыға шауып барады. 
Жетіп барып сӛйлейді, 
Сӛйлегенде бүй дейді: 
«Айналайын Біршымбай, 
Сал құлағың сӛзіме, 
Сен кеткесін, Біршымбай, 
Шаһарды басып кӛп дұшпан, 
Еліңе ойран салғаны. 
Байлаудан қашып 
Қобыланды, 
Әскер жиып барғаны, 
Қайратқа әкең жарамай 
Қаза тауып қалғаны. 
Дұшпанды қырып, шырағым, 
Бәріңді алдым босатып, 
Бір жанымды аямай. 
Жалғыздық түсті басыма 
Серікке атаң жарамай. 
Қашып еді үш батыр 

128 
 
Жалғыз қудым шыдамай. 
Енді ӛлсем де арман жоқ, 
Кӛрсетті енді бір Құдай. 
Мені танып, шырағым, 
Атыңның басын бұрмадың 
Қайратыңнан айналып, 
Жалғыз бауырым, 
Біршымбай, 
Болайын сенің құрбаның. 
Менен қашқан үш дұшпан 
Мынау келіп тұрғаны. 
Сӛзімді тыңда, шырағым, 
Жалғыздық түсіп басыма, 
Кӛңілімде бар қапа, 
Бұл дұшпанды ала алмай, 
Басына қайғы сала алмай, 
Ақыл-айла таба алмай, 
Басымды саған қоса алмай, 
Жаудың тұрып қасында 
Жаралы болған басымды 
Адам кӛрмес жерге апар. 
Қайтып келіп үш жерден 
Найза сұғып кек әпер. 
Бір туғызған, шырағым, 
Екеумізді бір Құдай. 
Туғаны кӛрсе кемшілік 
Кімнің жаны шыдайды?» 
Жара қатты, жан тәтті, 
Басынан бӛркін жұлып ап, 
Бірге туған Қарлыға 
Алдына келіп жылайды, 
Біршымбай сонда сӛйлейді: 
«Ой, апеке, білмедім, 
Жау ішінде жүргенің, 
Кім екенің кӛрмедім. 
Толықсыған найзамды 
Оңды-солды сермедім. 
Кетті кӛзім қарайып, 
Кім екенін білмедім. 
Бері жүргін, жан апа, 

129 
 
Тауға апарып қояйын, 
Қайтып келіп үш ерге 
Найзамды кезек ұрайын». 
Алдына түсіп барады, 
Қарлығадай сұлуың 
Алды-артына қарады, 
Кӛк желкенің тұсы деп, 
Ӛлер жерің осы деп, 
Жайымен бара жатқанда 
Найзаны алып ұрады. 
Біршымбайдай серкеден 
Тозады мақпал кӛрпеден, 
Назары әрмен ауғанда 
Ӛз апасы Қарлыға 
Найзаны салды желкеден. 
Біршымбай мінген ала атты 
Ала атты шауып сұлатты, 
«Жан апа» деп жылапты. 
Жан апасы құрысын. 
Біршымбайды Қарлыға, 
Айламенен құлатты. 
Біршымбайды ӛлтірді, 
Сәтіне ісін келтірді, 
Кӛк ала атты жетелеп, 
Жүрер жолын тӛтелеп 
Ерлігін анық білдірді. 
Үш батырға келеді. 
Келгеннен соң Қарлыға 
Кӛңілі тасып шат болып, 
Қарлығаға сенеді. 
Кӛрген адам таңданар, 
Қарлығаның порымына 
Кӛп дұшпанын мұқатып, 
Құдайы қалап ерлерді, 
Істері келді орнына. 
Қарлыға мінген кер ме еді, 
Қапияда Біршымбай 
Айламенен ӛледі. 
Қарлыға айла қылмаса. 
Күшті туған Біршымбай, 

130 
 
Дұшпанға болар ер ме еді? 
Қарлыға менен Қобылан. 
Қараман, Орақ тӛртеуі 
Бастарын қосып батырлар 
Намыстарын бермеді. 
Қобыланды ердің бақыты 
Барған сайын ӛрледі. 
Біршымбайдың соңынан 
Ешкім шықпай қаладан, 
Баспақты сиыр танадан, 
Алтын-күміс шарадан, 
Жүгін тиеп шанаға 
Тоқтар бас боп кӛп Қыпшақ 
Шуылдап шықты қаладан, 
Қалмай қатын, баладан. 
Есіктің алды Есіл-ді, 
Есілдің талы кесілді, 
Үлкен қақпа алдында 
Қаладан шығып кӛп Қыпшақ 
Қойдай маңырап шуылдап, 
Қозыдай маңырап дуылдап, 
Қобыланды ерге қосылды, 
Ертеңгі күн бесінде. 
Қабыл болды бұл сапар 
Қобыланды ердің мұраты. 
Құтылып жаудан ел-жұрты 
Есендік-саулық сұрады. 
Кӛп мұқатып дұшпанды 
Ерлердің кӛңілі тынады. 
Алшағыр ханның шаһарын 
Бүкіл Қыпшақ жабылып, 
Он сегіз күн шабады. 
Атаңа нәлет ит қалмақ, 
Іздегенін табады. 
Қыпшаққа тиген Алшағыр 
Бүтін жұртын жалмады. 
Алтын-күміс, бар малын, 
Ырғап-жырғап алады. 
Артық бақыт табады, 
Шауып жаудың қаласын, – 

131 
 
«Шырағым», – деп жұбатты 
Жылаған Қыпшақ баласын. 
Олжа малға толтырған 
Қараспан таудың сағасын 
Белдемше буды беліне. 
Белгілі болды еліне, 
Нан піседі деміне. 
Қалың Қыпшақ – кӛп Қият 
Кӛп олжаға кенелді. 
Дұшпаннан алған кӛп малды 
Қараспан тауын бет алып, 
Ызғытып айдап жӛнелді. 
Артық туған Қобыланның 
Келмеді дұшпан шеніне 
Ойлаған оның мұратын 
Келтірді тәңірім жӛніне. 
Үш ай, үш күн дегенде, 
Қараспан тауын жағалап, 
Азаулы деген кӛліне 
Тоқтар басы кӛп Қыпшақ 
Келіп қонды баяғы 
Алшағыр шауып зарлатып, 
Бӛлініп кӛшкен жеріне. 
Құланнан аиқан қодықты, 
Кӛлден тартқан борықты - 
Қалың Қыпшақ жағалап, 
Қараспан тауға қоныпты. 
Кемшілік кӛріп кәпірден 
Пенде болып байланған, 
Жылаған Қыпшақ баласы 
Бұрынғыдай екі есе 
Бақ-дәулетке жолықты. 
Келіп қонды кӛп Қыпшақ 
Азулы деген кӛліне. 
Бұрынғыдан кӛп артық 
Дәулет бітті еліне. 
Артық туған Қобыланның 
Ісі келді жӛніне, 
Келмеді дұшпан шеніне. 
Қалмақтан алған кӛп олжа 

132 
 
Әділдікпен батырдың 
Жиып алып кӛп халқын, 
Бӛліп берді еліне, 
Пақыр, кедей, кеміне, 
Кедейі байға теңеліп, 
Риза болды бәрі де 
Қобыланды сынды еріне. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет