Топонимика ғылымы – жер-су аттары туралы ғылым. (2 сағат)
Жергілікті географиялық атаулардың ерекшеліктері. Облысымыздың
қазіргі әкімшілік-территориялық шекаралары ХVІ ғасырдың алғашқы
жартысында қалыптаса бастаған. 1928 жылы Орал губерниясы таратылып,
Орал округі құрылды. Бұл округтің құрамында 15 аудан болған. ХІХ
ғасырдың ІІ жартысында Ресей империясының әкімшілік – отаршылдық
реформасына байланысты қазақ жеріне орыс, украин шаруалары ағыла
бастады. Осылайша біздің облыс жеріне Ресейден кӛпес А.Карев,
ағайынды Глухов, Дуков, Хорошкин, Щербаков сияқты қарашекпенділер
кӛшіп келіп, жер алып, егін егіп, күтір салады. «Таскүтір», «Кӛпкүтір»,
«Мирон», «Шильная балка» т.б жер атаулары содан қалған. Талов
қонысының ӛзіне де орыстар кӛптеп келе бастайды. И.Аверьянов,
А.Зобнин, Николай, Петр Поповтар, А.П.Неверов, А.Латыповтар
Таловкада үйлер салған. Аудан, ауыл атауларының шығу тарихы,
мағынасы мен маңызы. «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел
болмас» атты апталық ұйымдастыру. Аудан, ауылдарға қатысты
қызғылықты мағлұматтар жинау, салыстыру, талдау. Кӛнекӛз қариялармен
кездесулер, журналистикалық жұмысқа баулу (кітапша толтыру,
диктофонға жазу, саралау, талдауға үйрету). Оқушыларға жергілікті жер
61
атауларының шығу тарихын зерттеуге, ізденіс жұмыстарына үйрету.
Сарамандық жұмыс №5. Ӛлкеміздегі топонимикалық атауларды зерттеу
және жүйелеу. Жоба дайындау.
ІІ бӛлім. Ақжайық ӛңірінің мәдениеті. (9 сағат)
Ақжайық ӛңірінде мәдениеттің дамуы. (2 сағат) Облыстан шыққан
белгілі адамдар, қоғам қайраткерлері. Қасиетті Ақжайық топырағынан
шыққан белгілі адамдар аз емес. Олар ӛз еңбектерімен Егеменді еліміздің
дамуына зор үлес қосқан адамдар. Олардың ерен еңбектерін ӛскелең
ұрпаққа паш ету, үлгі тұту баршамызға парыз. Мысалы: Мұхамед-Салық
Бабажанов (1832-1871) – этнограф, ӛлкетанушы, ағартушы, қоғам
қайраткері. Бұл атамыз Талов, Қамыс-Самар қисымында правитель болған,
қазақтың салт-дәстүрі, шаруашылығы, діни нанымы, аңшылық ӛнері
туралы еңбектер жазған. Халықтың кӛне тарихи мұраларын, аңыз-
ертегілерін, ӛлең-жырларын жинап зерттеген. «Салық ӛлді дегенше – алып
ӛлді десейші, Алып ӛлді дегенше – халық ӛлді десейші...» деген қанатты
сӛздер халық жадында сақталған. Ғұмар Қараш (1875-1921) – ағартушы,
ақын, журналист, қоғам қайраткері. Ел аузынан әдеби мұраларды жинап
1911 ж. «Шайыр», «Кӛксілдер» жинағын шығарған. 5 поэзиялық «Бала
тұлпар», «Қарлығаш», «Тумыш» (1911 ж. Уфа, Орынбор қ.), «Аға тұлпар»
(1914 ж. Орынбор), «Тұрымтай» (1918 ж. Уфа) жинақ кітабын, 3 зерттеу
кітаптарын «Ойға келген пікірлерім» (1910 ж. Орынбор), «Ӛрнек»( 1911
ж.Уфа), «Бәдел қажы» (1913 ж. Қазан) жариялаған. Алаш азаматтарына
арнап «Алаш азаматтарына» атты жыр жинағын шығарған. Алғашқы
педагогикалық журнал «Мұғалімге» басшылық еткен. Сарамандық жұмыс
№6. Жергілікті аз санды ұлт ӛкілдерімен кездесу. «Мәңгілік Ел» идеясын
ұғындыру, халықтар достастығын уағыздау. Ӛзге ұлт ӛкілдерімен
кездесулер ӛткізу.
БҚО ӛлкесіндегі музыка ӛнері. (2 сағат) Ӛнер қайраткерлері,
олардың еңбектері, кездесу кештері. Ӛлкемізден шыққан белгілі адамдар
тарихымен таныстыру. Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Ғ.Құрманғалиев.
Е.Хасанғалиев С.Қажмұратов, Д.Қажымов т.б.
Ӛлкеміздегі музыка ӛнерінің ерекшеліктерін зерттеп, тани білу. Ӛнер
қайраткерлері, олардың ел мәдениетіне сіңірген еңбектері. Аудандардағы
театрлар, мысалы: Казталов халық театры, М.Ғұмаров атындағы халық
театры,
Р.Ығылманов
атындағы
ұлт-аспаптары
оркестрінің
шығармашылық топтарымен кездесу, репертуарларымен танысу. Ӛнер
майталмандарының ӛлкетанулық шығармаларын оқу. Сарамандық жұмыс
№7. Ӛлкеміздің ӛнер қайраткерлерінің туған жеріне байланысты әдеби
карта жасақтау. Мысалы: М.Мераліұлы – Қаратӛбе, Казталов – Х.Бӛкеева,
С.Садыков, Қошанкӛл - Ә.Дінішев, Жалпақтал - М.Ғұмаров, Р.Ығылманов
т.б.
Батыс Қазақстан ӛңірінде әдебиеттің дамуы. (2 сағат) Танымал
әдебиет саңлақтары. Әдебиет саңлақтары: Сырым, Махамбет, Мұрат
Мӛңкеұлы, Шернияз, Шәңгерей, Ғ.Қараш бабаларымыздың еңбектеріне
ғылыми-зерттеу жұмысы (жоба қорғау). Т.Жароков, А.Жұмағалиев,
62
Ж.Молдағалиев,
Х.Есенжанов,
Қ.Мырзалиев
сынды
әдебиет
саңлақтарының еңбектерін білу, зерттеу, ізденіс жұмыстары. Әдеби
ақпарат кӛздерін талдау.
Ӛлкеміздің зиялы қауым ӛкілдері, табиғат қорғаушылары.
Биология, география, экология, ӛлкетану ғылымдарының
саңлақтары. (2 сағат) «Білім мен ғылым - егіз ұғым». Ӛлкемізден шыққан
жаратылыстану ғылымының докторлары: А.З.Петренко, А.А.Джубанов,
М.М.Фартушина т.б. Білім, ғылым саласы қайраткерлерінің еңбектерімен
таныстыру, оларды ӛскелең ұрпаққа үлгі тұту. Ғ.Қараш, А.Оразбаева,
М.Бегалиева,
Ғ.Бегалиев,
Қ.Басымов,
Ғ.Молдашев,
С.Камалов,
И.Кенжалиев, Т.Сейткереев, Б.Шынтемірова т.б білім мен ғылымның
дамуына атсалысқан адамдардың шығармашылығына жеке тоқталу.
Мысалы: үйірме мүшелерінің кӛмегімен Ғ.Қараш, А.Оразбаева,
М.Бегалиева, Ғ.Бегалиевтерге арнап апталықтар ұйымдастыру, ізденіс,
зерттеу, салыстыру, талдау жұмыстары. Ауылдағы білім саласының
ардагерлерімен кездесу. Сарамандық жұмыс №8. Ӛлкеміздің зиялы қауым
ӛкілдерін, олардың құнды еңбектерін жете білуі, олар туралы материалдар
жинақтау.
Орал ӛңірінің бейнелеу, сән ӛнері. Спорт саңлақтары. (1 сағат)
Ӛңірімізден шыққан спорт саңлақтарының даңқын асыру. А.Шайхиев,
Н.Қауметов, В.Бектұрғанов, М.Елеусінов, Д.Елеусінов, С.Ақмурзин т.б
шығармашылық ӛнерлерін талдау, салыстыру. ҚР еңбек сіңірген
жаттықтырушылары, спорт қайраткерлері Н.Қауметов, М.Елеусіновтердің
жеңісті жолдарын, шәкірт тәрбиелеудегі еңбектерін үлгі тұту, дәріптеу.
Белгілі қылқалам шеберлері, үздік спортшыларға еліктеу, оларды үлгі тұту.
Танымал бейнелеу шеберлері, спорт саңлақтарының еңбектеріне шағын
шығарма жазу.
ІІІ бӛлім. БҚО аудандары. (4 сағат)
Аудандар тарихы, орналасуы, халқы ӛзіне тән экологиясы. (2
сағат) БҚО аудандарының ӛткен және жаңа кезеңдегі тарихи оқиғаларын,
әр аудан ӛзіне тән экологиясын білуі. БҚО аудандарының халқы, орналасу
ерекшеліктерін, тарихын білу. Сарамандық жұмыс №9. Тарихи-
археологиялық
ескерткіштердің
тізімін
жасау.
Аудан,
ауыл
кітапханасымен байланыс жасау.
Әр ауданның халық батырлары, ӛнер, білім қайраткерлері. (2
сағат) Халық батырлары, ӛнер, білім қайраткерлері туралы мағлұматтар
жинақтау. БҚО аудандарында тұратын халықтардың ӛмірі мен
этнографиясын зерттей білу. Шығармашылық, ізденіс жұмыстары.
ІV бӛлім. Іздестіру-зерттеу жҧмыстары. (6 сағат)
Туған ӛлке табиғатын зерттеу. Ауа, су, топырақ сынамаларын
алу әдістері. (2 сағат) Облыстың жер бедері. Облыстың жер бедері жазық,
Каспий маңы ойпатының солтүстік бӛлігін қамтиды. Жері қызыл сортаң.
Жер бедері негізінен хвалын кезеңінің құмды сазды жыныстарынан қат-
қабатталып түзеліп тұзға қаныққан. Сорлары облыс жерінің 4% бӛлігін
алып жатыр. Облыстың оңтүстігінде сорлар мол, оңтүстік-батысына қарай
63
ойлы-қырлы болып келеді. Табиғи шӛп алаңдарының кӛп болуы, басқа
жерлерге қарағанда қыстың қысқа және қары аз болуы қой шаруашылығы,
ет бағытындағы ірі қара мен жылқы ӛсіруге қолайлы жағдай туғызады.
Ӛлкеміздегі табиғи су кӛздерінің жалпы сипаттамасы. Бұл бӛлімде жалпы
БҚО бойынша 196 ӛзен мен ӛзеншелер бар екендігі, олардың жалпы
ұзындығы Жайық ӛзенін санамағанда 4600 км-ге тең екендігі айтылуы
тиіс. Себебі жер асты суларында шекара жоқ, ол тек бір аудан немесе
ауыл-аймақпен шектелмейді. БҚО, аудан кӛлеміндегі ауа бассейнін
ластайтын дереккӛздер, олар ӛз кезегінде су бассейндерін ластайды. Бұлар
– газ-конденсат кен орындары, автомобиль жолдары, мұнай және газ
құбырлары трассасы, ӛндіріс орындарының қалдықтары, тұрмыстық
қалдықтар, жануарлар ӛлекселері т.б. Табиғи су кӛздерінің қоректенуі:
кӛктемгі қар суы есебінен және жылдық жауын-шашыннан келетін
мӛлшерін анықтау. Ӛзен, кӛлдерге туристік-экологиялық жорық
ұйымдастыру. Туристік жорық кезінде табиғи су кӛздерін пайдалану
ережелерін үйрету. А.А.Чибилевтің «Жайық ӛзені», А.Г.Галимовтардың
«БҚО географиясы» кітаптарын басшылыққа алу. Орал ӛңірі табиғатын
жете меңгерту, ӛңір туралы басылып шыққан кітаптармен таныстыру.
Ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, жоспар, тезис құрып үйрету. Түрлі
сынамалармен жұмыс дағдысын қалыптастыру. Сарамандық жұмыс №10.
Сарамандық тапсырма: топографиялық, геологиялық және жер қыртысын
зерттеу әдістеріне баулу. Жер қыртысын зерттеу құралдары: нивелир,
теодолит, компас, буссольды іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
Топографиялық зерттеу, жергілікті жерді бағдарлау. (2 сағат)
Спорттық бағдарлау, спорттық бағдарлау сайысы. Бағдарлау тәсілдерін
(компас, карта мен компас арқылы бағдар жасау, күнге, жұлдызға қарап
бағыт айқындау, ӛзінің тұрған нүктесін табу, азимут арқылы қозғалу т.б)
үйрету. Кескін картамен жұмыс дағдысы. Кітапхана және мұрағатпен
жұмыстана білуге үйрету. Туған ӛлкеміздің картасы және оны
жасылдандыру жоспары. Туған ауыл, аудан картасын жасақтау. Туристік-
ӛлкетану жорығын ұйымдастыру. Жаяу туризм техникасын меңгерту.
Жаяу жорық кезіндегі кездесетін табиғи кедергілерді меңгерту әдістері мен
ережелері. Жалпы және арнайы дайындық сатылары. Туристік
кедергілерден ӛту. Жорық кезінде ӛлкетанулық тапсырмаларды орындау.
Сарамандық жұмыс №11. Туристік-экологиялық карта жасақтау, кескін
картамен жұмыстану. Сарамандық тапсырма: «Турист, ӛз терегіңді
отырғыз» экологиялық акциясы.
Экология-ӛлкетанулық жорықтар. (2 сағат) Туған ӛлкенің ауыл,
елді мекеннің тарихына зерттеу жұмыстарын жүргізу.Тапсырмаларды
орындап қағаз бетіне түсіріп отыру. Жорықты талқылау және есеп жазу.
«Орал ӛңірінің кіші ӛзендері» акциясының маңызын ұғындыру. Туған
ӛлкедегі кіші ӛзендер мен кӛлдерге зерттеу жүргізу. Аудан, ауыл
аймағындағы ӛзен кӛлдерге сипаттама беру, олардың тазалығын,
тұнықтығын анықтау. Бүгінгі күнгі экологиялық жағдайын, ондағы
балықтардың, ӛсімдіктердің түрлерін зерттеу. Осындай жорықтар арқылы
64
оқушылардың туристік-экологиялық зерттеу білім деңгейлерін жетілдіру.
Аудандық «Отаным – алтын бесігім», «Атамекен» т.б байқауларға әзірлік,
жоба дайындау. Туған ӛлкеміздің тарихы мен мәдениеті, табиғаты туралы
материалдар, фотосуреттер жинақтау. Естіген әңгімелерін диктофонға
жазып алу. Сарамандық жұмыс №12. Сарамандық тапсырма: ӛзен
бойының тіршілігін бақылау. Ӛзен, кӛлдердің флорасы мен фаунасын
білу. Топсеруен. Іздестіру-зерттеу жұмыстары, білім-біліктілік дағдысын
қалыптастыру.
V бӛлім. Қорытынды. Сынақ алу. (1 сағат)
Ӛлкетану тақырыбына шығармалар, ӛлең-жырлар байқауын ӛткізу.
Экологиялық, ӛлкетанулық жобаларды қорғау. Жыл бойғы жұмыстарды
қорытындылау. Мектеп әкімшілігінің қатысумен түрлі байқауларда
жүлделі орын алып, озат, үздік кӛрінген оқушыларды марапаттау.
«Жас эколог-ӛлкетанушы» факультатив курсының
тақырыптық-кҥнтізделік жоспары
№
Тақырыптың
мазмұны
Сағат саны
Ме
рзі
мі
Жүргізілу
түрі,
қосымша
жаттығулар
Білімділік
қазынасы,
күтілетін
нәтиже
Бар
лығ
ы
Тео
рия
Пра
к
тика
І – бӛлім. Экология және ӛлкетану бастауы
1
Кіріспе. Экология
және
ӛлкетану
тарихы
туралы
түсінік
2
2
Слайд,
суреттер,
кӛрсетілім
Экология,
ӛлкетану
пәндерінің
маңызын білу
2
Батыс
Қазақстан
облысының
экологиялық
жағдайы. Капустин
Яр,
Азғыр,
Тайсойған
т.б
экологиялық апат
аймақтары.
2
2
Слайд,
суреттер,
кӛрсетілім
полигон
зардаптарын
жоюдың жолдарын
кӛрсетіп
шағын
шығарма жазу, апат
аймақтары туралы
ғылыми-зерттеу
жұмысы
(жоба қорғау)
БҚО
экологиялық
жағдайын білу,
полигон
зардаптарын
жоюдың
маңызын ұғыну
3
БҚО
әкімшілік-
территориялық
бӛлінісі
және
халқы,
тарихы.
Экологиялық
топтағы қызметтік
міндеттер.
4
2
2
Облыстың ауқымы,
әкімшілік бӛлінісі,
географиялық
нысандары туралы
түсінік беру.
Сарамандық жұмыс
№1,2.
Облыс
табиғатын,
ӛзен-кӛлдері,
қазба
байлықтарын,
жануарлар
дүниесін
ажырата білуі
4
Туған ӛлкеміздегі
тарихи-мәдени
ескерткіштер
–
халық
қазынасы.
Ӛлкетану
тобындағы
2
1
1
Облыс,
аудан
кӛлеміндегі
мәдени-
архитектуралық
ескерткіштер
тарихымен
Ӛлкеміздегі
тарихи-мәдени
ескерткіштер
тарихын білу
65
қызметтік
міндеттер.
таныстыру.
Сарамандық
жұмыс №3.
5
Мұражай
–
халықтардың
материальдық және
рухани мәдениеті.
(Мұражайларға
саяхат)
2
1
1
Тарихи-ӛлкетану,
Пушкин,
Жәңгір
хан т.б мұражайлар
туралы
деректер
беру.
Сарамандық жұмыс
№4.
Мұражайлар
арқылы
халықтың
рухани
құндылықта-
рын уағыздау
6
Ӛлкеміздегі жер, су
аттары.
Жорық
кезінде
туындайтын апатты
жағдайлардан
сақтану
және
алдын-алу
шаралары.
2
1
1
Ӛлкеміздегі жер-су
аттарының
шығу
тарихын
зерттеу,
картамен
жұмыс
жасау.
Сарамандық жұмыс
№5.
Топонимика
негіздерін
ажырата білуге,
алғашқы
мед.кӛмек бере
білуге үйрету
ІІ – бӛлім. Ақжайық ӛңірінің мәдениеті.
7
Ақжайық ӛңірінде
мәдениеттің дамуы.
Халықтар достығы.
Жергілікті аз санды
ұлт
ӛкілдерімен
кездесу.
2
1
1
«Мәңгілік
Ел»
идеясын ұғындыру,
халықтар
достастығын
уағыздау. Ӛзге ұлт
ӛкілдерімен
кездесулер ӛткізу.
Сарамандық жұмыс
№6.
Ӛлкеміздегі
мәдениеттің
даму
жолдарын,
кӛрнекті
мәдениет
қайраткерлерін
тани білу
8
БҚО
ӛлкесіндегі
музыка ӛнері. Ӛнер
қайраткерлері,
олардың еңбектері,
кездесу кештері.
2
1
1
Ӛлкемізден
шыққан
белгілі
адамдар тарихымен
таныстыру.
Құрманғазы, Дина,
Дәулеткерей,
Ғ.Құрманғалиев т.б
Сарамандық жұмыс
№7.
Ӛлкеміздегі
музыка
ӛнерінің
ерекшеліктерін
зерттеп,
тани
білу
9
Батыс
Қазақстан
ӛңірінде әдебиеттің
дамуы.
Танымал
әдебиет
саңлақтары.
2
2
Әдебиет
саңлақтары:
Сырым, Махамбет,
Мұрат Мӛңкеұлы,
Шернияз,
Шәңгерей, Ғ.Қараш
бабаларымыздың
еңбектеріне
ғылыми-зерттеу
жұмысы.
Әдеби
ақпарат
кӛздерін
талдау
(жоба қорғау).
Т.Жароков,
А.Жұмағалиев,
Ж.Молдағали
ев,
Х.Есенжанов,
Қ.Мырзалиев
сынды әдебиет
саңлақтарының
еңбектерін білу
10
Ӛлкеміздің зиялы 2
1
1
Ӛлкемізден
Ӛлкеміздің
66
қауым
ӛкілдері,
табиғат
қорғаушылары.
Биология,
география,
экология
ғылымдарының
саңлақтары.
шыққан
жаратылыстану
ғылымының
докторлары:
А.З.Петренко,
А.А.Джубанов,
М.М.Фартушина
т.б
Сарамандық жұмыс
№8.
зиялы
қауым
ӛкілдерін,
олардың құнды
еңбектерін
жете білуі, олар
туралы
материалдар
жинақтау
11
Орал
ӛңірінің
бейнелеу,
сән
ӛнері.
Спорт
саңлақтары.
1
1
Слайд,
суреттер,
кӛрсетілім
Танымал бейнелеу
шеберлері,
спорт
саңлақтарының
еңбектеріне шағын
шығарма жазу.
Белгілі
қылқалам
шеберлері,
үздік
спортшыларға
еліктеу, оларды
үлгі тұту
ІІІ – бӛлім. БҚО аудандары.
12
Аудандар тарихы,
орналасуы, халқы
ӛзіне
тән
экологиясы.
2
1
1
БҚО аудандарының
халқы,
орналасу
ерекшеліктерін,
тарихын
білу.
Тарихи-
археологиялық
ескерткіштердің
тізімін
жасау.
Аудан,
ауыл
кітапханасымен
байланыс жасау.
Сарамандық жұмыс
№9.
БҚО
аудандары-
ның ӛткен және
жаңа кезеңдегі
тарихи
оқиғаларын, әр
аудан
экологиясын
білуі
13
Әр ауданның халық
батырлары,
ӛнер,
білім
қайраткерлері.
2
2
Халық батырлары,
ӛнер,
білім
қайраткерлері
туралы
мағлұматтар
жинақтау.
БҚО
аудандарында
тұратын
халықтардың
ӛмірі
мен
этнография-
сын
зерттей
білуі
ІV – бӛлім. Іздестіру-зерттеу жҧмыстары.
14
Туған
ӛлке
табиғатын зерттеу.
Ауа, су, топырақ
сынамаларын алу
әдістері.
2
1
1
Ғылыми
зерттеу
жұмыстарына
баулу,
жоспар,
тезис
құрып
үйрету.
Түрлі
сынамалармен
жұмыс
дағдысын
қалыптастыру.
Сарамандық жұмыс
№10.
Орал
ӛңірі
табиғатын жете
меңгерту, ӛңір
туралы
басылып
шыққан
кітаптармен
таныстыру
15
Топографиялық
зерттеу, жергілікті
жерді
бағдарлау.
2
1
1
Туристік-
экологиялық карта
жасақтау,
кескін
Кітапхана және
мұрағатпен
жұмыстана
67
Кескін
картамен
жұмыс дағдысы.
картамен
жұмыстану.
Сарамандық жұмыс
№11.
білуге үйрету
16
Экология-
ӛлкетанулық
жорықтар.
Іздестіру-зерттеу
жұмыстары, білім-
біліктілік дағдысын
қалыптастыру.
2
1
1
Туған
ӛлкенің
ауыл, елді мекеннің
тарихына зерттеу
жұмыстарын
жүргізу.Тапсырмал
арды орындап қағаз
бетіне
түсіріп
отыру.
Жорықты
талқылау және есеп
жазу.
Сарамандық жұмыс
№12.
Туған
ӛлкеміздің
тарихы
мен
мәдениеті,
табиғаты
туралы
материалдар,
фотосуреттер
жинақтау.
Естіген
әңгімелерін
диктофонға
жазып алу
V – бӛлім. Қорытынды. Сынақ алу.
17
Жоба
қорғау.
Қорытынды.
1
1
Барлығы:
34
22
12
Қолданылған әдебиеттер:
1. Абишева З.М, Абдреева Ш.Т «Туристік-ӛлкетану жұмыстарының
негіздері», Алматы, 2009 ж – 135 б.
2. Ахметов Б.С «Тарихи ӛлкетану», Алма-Ата, 1981 ж - 169 б.
3. Байдулова Л, Булатова Қ, Қарағойшин Ж «Батыс Қазақстан
облысының жануарлар дүниесі», Орал, 2001 ж.
4. Вуколов В.Н, Назарчук М.К «Основы туристко-краеведческой
работы», Алматы,1997 г – 150 с.
5. Дарбаева Т, Утаубаева А, Цыганкова Т. «Растительный мир
Западного Казахстана», Уральск, 2001 г.
6. Даринский А.В. « Краеведение: пособие для учителя», Москва,
1987 г – 324 с.
7. Даринский А.В « Основы туристко-краеведческой работы в
школе», Москва, 1979 г – 384 с.
8. Джубанов А.А, Петренко А.З, Фартушина М.М «Зеленая книга
Западно-Казахстанской области», г. Уральск, 2001 г.
9. Ердавлетов С.Р «Казахстан туристский», Алма-Ата, 1988 г – 192 с.
10. Жиздебаев Т.К «Школьный туризм и краеведение Республики
Казахстан», Алматы, 2001 г -165 с.
11. Кенжалиев И, Табылдиев Н «Казталовка – байырғы атамекен» ,
Алматы,1994 ж.
12. Куприна Л.Е «Экология, туризм, рекреация: комплект программ
эколого-туристской подготовки детей дошкольного и школьного
возраста», г. Тюмень: ТОГИРРО, 2001 г.
13. Остапец-Свешников А.А. «Система туристско-краеведческой
деятельности общеобразовательной школы», г. Москва, 1989 г.
68
14. Рысбеков Т «Батыс Қазақстан обылысының тарихы», Орал, 2001 ж
15. Туремуратова Ж «Жайық ӛңірі», Дастан, Алматы, 2001 ж.
Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстан облысының экологиясы,
қорғауға алынған ӛсімдіктер мен жануарлар дҥниесі.
Мақсаты: оқушыларды БҚО экологиясымен, қорғауға алынған ӛсімдіктер
және жануарлармен таныстыру. Оқушылардың тірі организмдер туралы
дүниетанымын арттыру. Қоршаған ортаны қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: Дәріс
Сабақтың әдісі: кӛрнекі баяндау, СТО элементтерін пайдалану.
Сабақтың пән аралық байланысы: экология, география, биология, тарих.
Сабақтың кӛрнекілігі: интерактивті тақта, сызба-нұсқа,тірек-сызба,
суреттер, портреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бӛлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
ІІ . Батыс Қазақстан облысының алуан түрлі табиғи жағдайы, оның еуропа,
сібір, жерорта және монғолия фауналарының қалыптасу орталықтарының
ортасында орналасуы оның табиғатының кӛркем және бай ӛсімдіктер мен
жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Ӛзінің географиялық орналасуына
байланысты біздің облыс Ресейдің 4 облысымен шектесіп жатыр. БҚО
экологиясына әсер етуші факторлар: Бӛкейорда мен Жаңақала аудандары
аумағында орналасқан әскери полигондар (Капустин Яр), кӛршілес Атырау
облысы жерінде орналасқан (Азғыр, Тайсойған) полигондардың
зардаптары, Қарашығанақ газ кеніші, Чинарев мұнай-газ кенішіндегі
ілеспе газдар кӛптеген зиянын тигізуде. Жүздеген жылдар бойы
шаруашылық
мақсаттар
үшін
ағаштарды
кесуге,
кұстарды,
сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға шек қойылмады.
Мұндай жағдай жер бетіндегі ӛсімдіктер түрлерін, кәсіптік жануарлар
санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті. Облыс
фаунасының Республика Қызық кітабына /Алматы,1996 ж./ енген сан түрі
кӛбейді: омыртқалылар – 53, бунақденелілер – 27. Осы ҚР-ның Қызыл
кітабына енген бунақденелілерге қосымша Батыс Қазақстан аймағына тән
сирек кездесетін 8 түр анықталған.
Халқымыз ежелден-ақ ӛсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам
ӛміріндегі қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың
кӛкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген. Оған
мынадай даналық сӛздер куә: «Ер - елдің кӛркі, орман-тоғай жердің кӛркі»,
«Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі -шӛптен шығады, дана - кӛптен
шығады», «Қорада малың болсын, кӛшеңде талың болсын», «Тау
бұлағымен кӛрікті, бұлақ құрағымен кӛрікті», «Дала кӛркі - мал, ӛзен кӛркі
- тал», «Нар - түйеден, тұлпар - биеден», «Мал ӛсірсең -кой ӛсір, ӛнімі
оның кӛл-кӛсір» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел.
69
Қазакстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен
қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл - туған жерімізге деген терең
сүйіспеншілік. Ӛсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп кұрметтеуден
туындаған халқымыздың ӛз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға
тәрбиелейтін - тыйым салатын сӛздерін кӛптеп мысалға келтіруге болады:
«Кӛк шӛпті жұлма, таптама», «Кӛктемде жан-жануарға тиіспе», «Үйге
кірген жыланға ақ кұйып шығар», т.б.
«Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар ӛсімдіктер
мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда
«Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шыкты. Онда омыртқалы
жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991
жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шығарылды. Ӛсімдіктерге арналған
Қазақстанның «Қызыл иітабы» 1981 жылы жарық кӛрді. Елімізде
ӛсімдіктері мен жануарлары әр алуан, арнайы қорғалатын тұтас табиғи
аймақтар -қорықтар ұйымдастырылған:
Алматы мемлекеттік қорығы (Іле Алатауы), Ақсу - Жабағылы мемлекеттік
қорығы (Талас Алатауы), Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің
солтүстік батыс бӛлігіндегі Барсакелмес аралы), Қорғалжын мемлекеттік
корығы (Акмола облысының су-батпақты аймағы), Наурызым
мемлекеттік корығы (Қостанай далалы аймағы), Маркакӛл мемлекеттік
қорығы (Оңтүстік Алтай), Үстірт қорығы (Маңғыстау), Батыс Алтай
қорығы (Шығыс Қазақстан), Алакӛл корығы (Алматы облысы,
Талдықорған). Бұлардан басқа ӛсімдіктер мен жануарлардын жекелеген
түрлерін қорғау мақсатында 62 қорықша, 5 ұлттық саябақ (Алтынемел,
Баянауыл, Кӛкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы) және табиғат ескерткіштері
ұйымдастырылған. Табиғат казынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне
пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында
ғана жүзеге асады.
ІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. БҚО орналасу ерекшеліктері туралы не білесіңдер?
2. БҚО экологиясына әсет етуші факторлар қандай?
3. Біздің елімізде ӛсімдіктер мен жануарлар қалай қорғалады?
4. «Қызыл кітап» деген не?
5. Қорықтар мен ұлттық саябақтар не үшін құрылады?
6. Мысалдар келтіру.
ІV. Үй тапсырмасы
Экологиялық бағыттағы рефераттар жазып келу.
V. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстан ӛңірінде мәдениеттің дамуы.
Мақсаты: оқушыларды БҚО-ның мәдениет саңлақтарымен таныстыру.
Олардың еңбектеріне талдау жасау арқылы дүниетанымын арттыру.
Туған ӛлкесін шынайы сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: панорамалық
Сабақтың әдісі: конференция
70
Сабақтың пән аралық байланысы: әдебиет, тарих, география.
Сабақтың кӛрнекілігі: интерактивті тақта, сызба-нұсқа,тірек-сызба,
суреттер, портреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бӛлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
ІІ. Оқушылар күні бұрын сабаққа белгілі адамдар ӛмірінен қызықты
мәліметтер тауып әзірленіп келеді. Олардың қысқаша ӛмірбаян, еңбек
жолдарынан үзінділер келтіреді. Интерактивті тақта кӛмегімен бейнебаян,
олардың еңбек жетістіктерінен қысқаша кӛрсетілім даярланады.
Алашқа
аты таралған небір ӛнер саңлақтары мен мәдениет
қайраткерлерінің кіндік қаны тамған, табаны тиген қасиетті Орал ӛңірінің
топырағында ұлттық мәдениет пен ұлағатты дәстүрлер жаңара жарасымын
табуда. Облыстан шыққан белгілі адамдар, қоғам қайраткерлері еңбектерін
саралауға бір сағат, бір күн түгілі бір айда аздық етері сӛзсіз. Қасиетті
Ақжайық топырағынан шыққан белгілі адамдар аз емес. Олар ӛз
еңбектерімен Егеменді еліміздің дамуына зор үлес қосқан адамдар.
Олардың ерен еңбектерін ӛскелең ұрпаққа паш ету, үлгі тұту баршамызға
парыз. Мұхит Мераліұлы, Дина Нүрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлы
дүниеге келіп, ӛнер кӛрсеткен киелі аймақ. Мысалы: Мұхамед-
Салық Бабажанов (1832-1871) – этнограф, ӛлкетанушы, ағартушы, қоғам
қайраткері. Бұл атамыз Талов, Қамыс-Самар қисымында правитель болған,
қазақтың салт-дәстүрі, шаруашылығы, діни нанымы, аңшылық ӛнері
туралы еңбектер жазған. Халықтың кӛне тарихи мұраларын, аңыз-
ертегілерін, ӛлең-жырларын жинап зерттеген. «Салық ӛлді дегенше – алып
ӛлді десейші, Алып ӛлді дегенше – халық ӛлді десейші...» деген қанатты
сӛздер халық жадында сақталған.
Ғұмар Қараш (1875-1921) – ағартушы, ақын, журналист, қоғам қайраткері.
Ел аузынан әдеби мұраларды жинап 1911 ж. «Шайыр», «Кӛксілдер»
жинағын шығарған. 5 поэзиялық «Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Тумыш»
(1911 ж. Уфа, Орынбор қ.), «Аға тұлпар» (1914 ж. Орынбор), «Тұрымтай»
(1918 ж. Уфа) жинақ кітабын, 3 зерттеу кітаптарын «Ойға келген
пікірлерім» (1910 ж. Орынбор), «Ӛрнек»( 1911 ж.Уфа), «Бәдел қажы»
(1913 ж. Қазан) жариялаған. Алаш азаматтарына арнап «Алаш
азаматтарына» атты жыр жинағын шығарған. Алғашқы педагогикалық
журнал «Мұғалімге» басшылық еткен.
Хадиша Бӛкеева (09.01.17 жылы Казталов ауданы, Казталов ауылында
дүниеге келген) – Қазақстанның халық артисі (1957), КСРО Халық артисі,
профессор. Ленинград театр институтын тәмамдаған. Ол – драмалық,
комедиялық және трагедиялық рольдерде бірдей ӛнер толғаған, әр қырлы,
диапозоны кең суреткер. Ӛзі ойнайтын кейіпкерлердің ішкі сезім дүниесін,
қайшылыққа толы күрделі ой-мінезін терең ашып кӛрсетумен қатар, оның
сахналық бояуын әсем етіп бейнелеушілік – Хадиша Бӛкееваның ӛнерінің
71
ерекшелігі. А.Чеховтың «Дядя Ваня» спектакліндегі Марья Васильевна,
С.Ахмадтың «Жених» спектакліндегі Рахбор, «Қобландыдағы» - Қарлыға,
«Ақансері-Ақтотыдағы» - Ақтоты, «Қозы-Кӛрпеш – Баянсұлудағы» -
Күнекей бейнелері шеберлік шыңдары болып есептеледі. «Абай»
спектакліндегі ролі үшін 1952 жылы КСРО-ның мемлекеттік сыйлығы
берілді. 1940 жылдан бастап киноға түскен, 1965 жылдан Алматы ӛнер
институтында педагогикалық қызметпен айналысып, жастарды мәдениет
шыңына шығуға баулыған. Ленин, Құрмет белгісі, Отан ордендері мен
кӛптеген медальдармен марапатталған.
Бұлардан басқа да кӛптеген мәдениет қайраткерлерінің еңбектеріне
қысқаша шолу жасау. Қазақ ССР-нің Мәдениет қайраткері -
Ш.Х.Даулетияров, «Ақ Жайық» эпопеясының авторы Х.И.Есенжанов, ҚР
еңбек сіңірген артисі – Ш.Ә.Есенқұлова, ҚР еңбек сіңірген артисі –
Г.Х.Жақыпова, КСРО-ның Халық артисі – Роза Жаманова, Қазақ ССР-ның
Халық артистері Шамғон Қажғалиев, Сердеш Қажмұратов т.б
ІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. БҚО-да мәдениеттің бастауы кімдерден басталған?
2. БҚО-ның аты аңызға айналған мәдениет қайраткерлері кімдер?
3. Біздің елімізде олардың еңбектері қалай таралған?
4. Олардың еңбектерінің құндылығы неде?
5. Жасӛспірімдер мәдениетке құштар болу үшін не жетіспейді?
6. Мысалдар келтіру.
ІV. Үй тапсырмасы
Мәдениет қайраткерлеріне арнап (біреуін таңдап алып) шағын эссе жазып
келу.
V. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Аудандар тарихы, орналасуы, халқы, ӛзіне тән
экологиясы.
Мақсаты: оқушыларды БҚО-ның аудандарымен таныстыру (әркім ӛздері
тұратын ауданды алуға болады). Казталов ауданы. Аудан тарихын,
табиғатын, экология мен экономикасына талдау жасау арқылы
дүниетанымын арттыру. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Проблемалық
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың пән аралық байланысы: әдебиет, тарих, география.
Сабақтың кӛрнекілігі: интерактивті тақта, сызба-нұсқа,тірек-сызба,
суреттер, портреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бӛлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
72
ІІ. Оқушыларға ӛздері тұратын аудан туралы сұрақтар (миға шабуыл)
қойылады. Аудан картасы ілініп, қала, ауыл, елді мекендер тарихы
айтылады. Оқушылар ӛздері тапқан мәліметтерімен бӛліседі.
Казталов ауданы, аудан тарихы, орналасуы, халқы, ӛзіне тән
ерекшеліктері. Казталов ауданы – Батыс Қазақстан облысының оңтүстік
батысында орналасқан әкімшілік-аймақтық бӛлім. Алғаш рет 1928 жылы
құрылған. Кейіннен 1997 жылы Жалпақтал (бұрынғы Фурманов) ауданы
таратылып, оның негізінде Казталов ауданы бұрынғы аумағына қоса қайта
құрылды. Жерінің аумағы – 1 860 581 га. Тұрғыны - 30673 адам (2015ж).
Аудандағы 54 елді мекен 16 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы -
Казталов ауылы. Каспий теңізінің солтүстік бӛлігін қамтиды. Ең биік жері
ауданның батысындағы Қараоба ауылы тұсындағы тӛбе (абс.биіктігі 42 м).
Климаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ауданның
орташа температурасы қаңтарда – 13-14
0
С, шілдеде – 24
0
С. Жауын-
шашынның орташа жылдық мӛлшері 200-250 мм. Аудан жерімен
Қараӛзен, Сарыӛзен және Қоңырсай ағып ӛтеді. Ірі кӛлдері: Сарышығанақ,
Балықты, Ақкӛл (Сакрыл). Жері негізінен қызыл қоңыр, қоңыр, сортаң,
сор топырақты. Оларда боз, жусан, бетеге, еркекшӛп, ӛзен
жайылымдарында және кӛлдерді жағалай қамыс, қоға, құрақ аралас
шалғынды шӛптесін қалыптасқан. Жабайы аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ,
қоян, доңыз, киік, борсық, саршұнақ, аламан, қосаяқ т.б, ӛзен-суларында
шортан, сазан, алабұға, жайын т.б кездеседі. Құстардан аққу, қаз, үйрек,
кӛкқұтан, үкі, жапалақ т.б мекендейді. Аудан халқының түгелдей дерлігі
қазақтар (99,5%). Халықтың орташа тығыздығы 1км
2
-ге 2,0 адамнан
келеді. Ірі елді мекендері: Казталов (5705 адам), Жалпақтал (4473 адам),
Бостандық (1945 адам), Қошанкӛл (1662 адам), Қараоба (1456 адам).
Ауданда жалпы білім беретін 44 мектеп, оның ішінде 21 орта, 6 негізгі, 17
бастауыш мектептер бар. 2 қосымша білім беру мекемесі бар. Арнайы оқу
орындарынан 1 кәсіптік-техникалық колледж Жалпақтал ауылында жұмыс
жасайды. 14 Мәдениет үйі, 45 кітапхана, 9 клуб, 4 кинотеатр, 2 музей, 3
мешіт орналасқан. Емдеу орындарынан 3 аудандық аурухана мен 3 жаңа
үлгідегі емхана, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Аудан бойынша 593
шаруа қожалығы, 3 ӛндірістік кооператив, 19 жауапкершілігі шектеулі
серіктестік жұмыс жасайды. Бұлардың 13-і егін егумен, 580-і мал
шаруашылығымен айналысады. Сондай-ақ ауылшаруашылық ӛнімдерін
ӛңдеумен айналысатын 3 диірмен, 3 наубайхана, 2 байпақ басатын цех, 2
макарон цехы, 1 қымыз цехы жұмыс жасайды. Аудан жерімен Жәнібек –
Казталов, Казталов – Жалпақтал – Чапаев автомобиль жолдары, Интер Газ
Орталық Азия газ трассасы ӛтеді.
Сарамандық тапсырма: «Менің Отаным – Қазақстан» экспедициялық
штабының жұмыс ұйымдастыру.
ІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. БҚО-да қанша аудан бар?
2. Казталов ауданының орналасу ерекшеліктері қандай?
3. Экологиялық жағдайы тұрақты ма?
73
4. Экономикасы қалай дамуда?
5. Ауданымызды кӛркейту үшін не істеу қажет деп ойлайсыңдар?
6. Мысалдар келтіру.
ІV. Үй тапсырмасы
Ауданымыздың экологиясын немесе экономикалық дамуын ашатын шағын
шығарма жазу.
V. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Ӛңір тарихы, халқына байланысты зерттеу
жҧмыстары. Тарихи-археологиялық ескерткіштердің тізімін жасау.
Мақсаты: оқушыларды ӛңір тарихымен таныстыру (әркім ӛздері тұратын
ауданды алуға болады). Казталов ауданының тарихын, халқына
байланысты зерттеу, талдау жасау арқылы дүниетанымын арттыру.
Туған ӛлкесін шынайы сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сарамандық
Сабақтың әдісі: зерттеу
Сабақтың пән аралық байланысы: әдебиет, тарих, география.
Сабақтың кӛрнекілігі: интерактивті тақта, сызба-нұсқа,тірек-сызба,
суреттер, кітаптар, қосымша әдебиеттер, портреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бӛлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
ІІ. БҚО аудандарының ӛткен және жаңа кезеңдегі тарихи оқиғаларын, әр
аудан ӛзіне тән ерекшеліктерін білуі. Казталов ауданы, аудан тарихы,
орналасуы, халқы, ӛзіне тән ерекшеліктері. Казталов ауданы – Батыс
Қазақстан облысының оңтүстік батысында орналасқан әкімшілік-аймақтық
бӛлім. Алғаш рет 1928 жылы құрылған. Кейіннен 1997 жылы Жалпақтал
(бұрынғы Фурманов) ауданы таратылып, оның негізінде Казталов ауданы
бұрынғы аумағына қоса қайта құрылды. Жерінің аумағы – 1 860 581 га.
Тұрғыны - 30673 адам (2015ж). Халқының кӛпшілігі 98,8% қазақтар.
Аудандағы 54 елді мекен 16 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы -
Казталов ауылы.
Туған ӛлкеміздегі тарихи-мәдени ескерткіштер – халық қазынасы.
Ұлтымыздың рухани байлығының қайнар кӛзі – халық шығармашылығын
насихаттау. Мәдени қазынаны жасаушылар кімдер дегенде, жаңа буынның
ӛсіп қалыптасуына ерекше ықпал тигізетін ақын, жазушы, композиторлар,
суретші т.б ӛнер шеберлері, олардың қолынан, іс-әрекетінен шыққан
рухани байлықтар. Мәдени қазынаның, рухани байлықтың әділқазысы –
халық екендігін ұғындыру. Адам мен Ғалам, Болмыс пен Ақиқат сырын
аңдауға талпынып, даналық сырына үңілген дала жұртының ерекше
тұрпатты пәлсапасы, сан ғасырлар ӛтінде ӛңін тайдырса да, ӛзегін
жандырмай, уақытпен бірге шыңдалып, ұрпақтан-ұрпаққа дарып келеді.
Алашқа аты таралған небір ӛнер саңлақтары мен мәдениет
74
қайраткерлерінің кіндік қаны тамған, табаны тиген қасиетті Казталов
топырағында ұлттық мәдениет пен ұлағатты дәстүрлер жаңара жарасымын
табуда. 1878-80 жылдары Кӛктерек ауылының батыс шетінен үй салып
Сағырбай
Ӛтепбергенұлы
тұрған.
Казталов
жері
Құрманғазы
Сағырбайұлының табаны тиген, сазы кернеген, киелі топырақ екендігімен
мақтана алады. Мәдени ескерткіш ретінде Жалпақтал ӛңірінде ХХ
ғасырдың басында салынған Қожантай мешіті мен П.Овчинников шіркеуін
айтуға болады. Кейіннен шіркеу мектепке айналып балалардың білім
алуына жағдай жасаған. Байырғы Дешті Қыпшақ заманынан бастап
мекендеген мол тарихи қазбалардың кӛпшілігі әлі терең зерттеуді қажет
етеді. Аудан тӛңірегіндегі әлі зерттелмеген ескі қорымдар болашақ ұрпақ
еншісінде. «Мамай» және «Қособа» археологиялық кешендерінің маңызы
туралы зерттеулер жүргізу.
Аудан орталығында 2 музей (Казталов пен Жалпақталда) және Кӛктерек
ауылында Орал облыстық ӛлкетану музейінің филиалы жұмыс жасайды.
Бұдан басқа ауылдардағы (8 ауылда) мектеп мұражайларында жинақталған
экспонаттар ӛткен ӛмірден сыр шертеді. Аудан аумағында кездесетін
тарихи-археологиялық ескерткіштердің тізімін жасау. Аудан, ауыл
кітапханасымен байланыс жасау. Ескінің кӛзі, кӛнекӛз қариялармен
байланыс жасау, олардан аудан тарихы, туған ӛлкеміздегі тарихи-мәдени
ескерткіштер туралы сұхбат алу.
ІІІ. Бекіту сұрақтары:
1. Ӛңір тарихына байланысты қандай деректерді білесіңдер?
2. Казталов ауданындағы халық саны, орналасу ерекшеліктері қандай?
3. Туған ӛлкеміздегі қандай тарихи-мәдени ескерткіштерді білесіңдер?
4. Олардың болашақ ұрпақ үшін маңызы қандай?
5. Мысалдар келтіру.
ІV. Үй тапсырмасы
Сыныпта айтылған, істелген жұмыстарды қорыту. Ауылдағы кӛнекӛз,
ақылгӛй қариялардан аудан тарихы, тарихи-мәдени ескерткіштер, олардың
пайда болуы туралы сұхбат алу (диктофонға жазып алу).
V. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: БҚО-дағы халықтар достығы.
Мақсаты: оқушыларға Орал ӛңіріндегі халықтар достастығын
насихаттау. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы шеңберіндегі іс-шаралар
жоспарымен, олардың мақсатымен таныстыру. Ӛз Отанын шынайы сүюге,
толеранттық пен патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сарамандық
Сабақтың әдісі: «дӛңгелек үстел», театрландырылған кӛрініс элементтері,
сұхбат құру т.б
Сабақтың пән аралық байланысы: әдебиет, тарих, география.
Сабақтың кӛрнекілігі: интерактивті тақта, сызба-нұсқа, суреттер, кітаптар,
қосымша әдебиеттер, портреттер, БАҚ құралдары, т.б
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бӛлімі.
75
ІІ. «Дӛңгелек үстел».
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру, қорытындылау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
ІІ. Жүргізуші: «2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып
жариялануына
байланысты
елімізде
биылғы
жылы
Халықтар
Достастығына арқау болатын мәдени шаралар жиі ӛтуде. Сондай шараның
бірі міне бүгінгі күні біздің мектебімізде оздырылып отыр». Жүргізуші ары
қарай сценарий бойынша түрлі ұлт ӛкілдеріне сӛз береді.
Алдымен қазақ сұлтандары «Керей» мен «Жәнібек» қазақтарды
біріктірудегі қиыншылықтар мен кедергілер туралы сӛз қозғап, олардың
сӛзін «Абылай» хан жалғап Қазақ Хандығының құрылу тарихымен
таныстырады. Биылғы жылы 550 жыл толып отырған Қазақ хандығының
құрылуына еңбек сіңірген батырлар мен , қоғам қайраткерлері туралы сӛз
болады. Ауылдағы тұратын ӛзге ұлт ӛкілдері ӛз ӛмірлерінен сыр шертіп
ой бӛліседі. Бұл жерде Қазақстанды мекендеген барша ұлт ӛкілдерінің
тату-тәтті ӛмір сүруі, олардың бақытты болашағы әңгімеге арқау болады.
«Дӛңгелек үстелге» ауыл әкімі, ауыл ақсақалдарын, асыл әжелерімізді,
әдебиет, тарих пәні мұғалімдерін шақыруға болады. Ол кісілер ӛмірден
кӛріп-түйгендерін, ӛз ойларын оқушылармен бӛліседі.
ІІІ. Әр түрлі ұлт ӛкілдерінің әндері шырқалып, билері биленеді. Кейбір ұлт
ӛкілдерінің даму тарихынан қызықты ақпараттар беріледі. Оқушылар ӛзге
ұлт ӛкілдеріне ӛз ойларында жүрген сұрақтарын қояды.
ІV. Сабақты мұғалім қорытындылайды: қатысушылардың барлығына
рахмет айтып, Қазақстан халықтар Ассамблеясының маңызын, олардың
Егеменді еліміздің бірлігіне, татулығына қосар үлесінің басымдығына
тоқталады. Оқушыларға ӛзге ұлт ӛкілдерінің Қазақстан жерінде бақытты
ӛмір сүріп жатқандығын, біздің елімізде барлық ұлттардың теңдігін арқау
ететін, мәнін ашатын шағын шығарма жазып келуді тапсырады.
76
«Жер ғаламшар» арнаулы курсының бағдарламасы
(Жаратылыстану – 5 сынып)
Қҧрастырған:
А.С.Абуова – А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының жоғары
санатты география пәні мұғалімі
Тҥсінік хат
5 сыныптағы оқытылатын Жаратылыстану пәніне қосымша
жүргізілетін «Жер ғаламшар» атты арнаулы курстың маңызы зор. Мақсатқа
жету барысында құрылған бағдарлама 5 сыныпқа арналған мемлекеттік
бағдарламаға сәйкестендіріліп жас ерекшеліктеріне сай алынған. Яғни
әрбір тараудың негізгі бӛлімдері қосымша тереңдетіліп, ақпарат кӛбірек
берілуге негізделген.
Курсты жүргізудегі бір құндылық осы жастағы оқушылардың ӛте зор
таным дүниесін молайтады. Себебі жаратылыстану пәні барлық
жаратылыстану пәндерінің алғашқы түсініктерін қалыптастыратын пән.
Қазіргі стандартқа сай 1 сағатқа қысқартылуына байланысты арнаулы курс
арқылы білімдерін молайтуға кӛмектеседі.Ӛйткені курста оқушыларға ӛз
беттерімен ізденуге, ӛз пікірлері мен болжамдарын ашық айта білуге және
негізгі білімдерін кеңейтуге бағыттайтын жұмыс түрлері мен тапсырмалар,
қосымшалар берілген.
Мақсаты:
- пәннен алған білімдерін тереңдету;
- оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;
- жаратылыстану негізгі пәндердің әліппесі ретінде алғашқы түсінік
беру;
- қоршаған ортаны қорғау, туған жерге сүйіспеншілік сезімдерін
қалыптастыру;
- экологиялық тәрбие беру;
Міндеті:
- оқушыларды тың мәліметтерді қабылдай білуге баулу;
- білім – біліктілік дағдыларын қалыптастыру;
- анықтамалық, ғылыми әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен,
интернетпен жұмыс жасап, еркін ақпарат кӛздерін пайдалана білуге баулу;
Мақсатқа жету барысында құрылған бағдарламада әрбір тараудың
негізгі бӛлімдері қосымша тереңдетіліп, ақпарат кӛбірек берілуге
негізделген.
Жалпы бағдарлама аптасына 1 сағат, жылдық 34 сағатқа арналып
тӛмендегі тарауларды қамтиды:
І Кіріспе. Жер- ғаламшар.Жердің құрылысы.
ІІ Литосфера – жердің қатты қабаты.
ІІІ Гидросфера - су патшалығы.
ІҮ Атмосфера – ауа мұхиты.
Ү Биосфера -тірі ағзалар .
77
ҮІ Табиғат және адам.
Әр тарау бойынша сарамандық жұмыстар мен экскурсия сағаттары
қарасытырылды Пәнаралық байланыс: География , биология, физика,
химия, экология, әдебиет, тарих.
Жұмысты ұйымдастыру формалары :
Дәріс беру, сарамандық жұмыстар орындау, экскурсия ұйымдастыру,
пікір алмасу, аңыз әңгімелер, болжамдар жинақтап талдау, оқушылардың
шығармашылық жұмыстарын қорғау, рольдік ойындар ұйымдастыру.
Күтілетін нәтиже
Шәкірттер
пәннен
алған
білімдерін
тереңдетеді,
пәнге
қызығушылықтары артады,жаратылыстану негізгі пәндердің әліппесі
ретінде алғашқы түсініктері нақты қалыптасады. Сонымен қатар қоршаған
ортаны қорғау, туған жерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру,
экологиялық тәрбие беру қасиеттеріне баулу да осындай курстардың
нәтижесінде жүзеге асырылады.
«Жер ғаламшар » арнаулы курсының тақырыптық жоспарының
мазмҧны мен қҧрылымы
(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
І тарауда. Кіріспе Жер-ғаламшар. Жердің қҧрылысы. 3 сағат.
Бағдарламаның нысаны, пәні, әдіс-тәсілдері. Мақсаты мен
міндеттері. Жердің ғаламшар ретіндегі сипаттамасы. Жердің сыртқы
құрылысы.Жер туралы қосымша мәліметтер бере отырып, жердің
құрылысындағы әрбір қабатына жеке- жеке тоқталу ,ондағы болатын
құбылыстармен таныстыру.
ІІ тарауда Литосфера - жердің қатты қабаты. 7сағат
Жердің қатты қабатын құрлық пен су табанындағы жер қыртысының
құрылымын
салыстырмалы
сипаттау
арқылы
олардың
ерекшеліктерін ,болатын
құбылыстарды
түсіндіру.
(жанартау
атқылауын,
жер
сілкіну,таулардың пайда болуы, тау жыныстарының түзілуі, т.б)
Географиялық қабық. Литосфераны құрайтын қабаттар. Материктер
мен аралдар.
Тау жыныстарының түрлері.Топырақ ерекше құрылым
Литосфераны қорғау шаралары.
ІІІ тарау. Гидросфера - су патшалығы. 5 сағат
Судың табиғаттағы үш күйі, олардың таралуы, қолданылуы,
маңызын және қорғау шараларымен тереңірек таныстыру.
Гидросфера. Оның бӛліктері. Дүниежүзілік мұхит. Мұхит суының
қозғалысы.
Су апаттары. Суды қорғау.Сен білесің бе?. Ең, ең...
ІҮ тарау. Атмосфера - ауа мҧхиты. 7 сағат
Соңғы ғаламдық проблемалар себептерін талдау, жаңбырдың
түрлеріне
(қышқыл жаңбыр, құрғақ жаңбыр, лас жаңбыр) тоқталу, ауа райын
бақылау дағдыларын қалыптастыру, халықтық болжамдармен таныстыру,
78
талдау. Атмосфера. Құрамы мен құрылысы, қасиеттері. Ауа райының
құбылыстары. Оптикалық құбылыстар. Жауын-шашын оның түрлері. Жел
түрлері, маңызы мен зияны. Климат. Тірі ағза және климат. Атмосфераны
қорғау.
Ү тарауда Биосфера - тірі ағзалар. 6 сағат
Жыл маусымдарына сәйкесті тірі ағза тіршілігінің бейімделуін,
таралуын нақты мысалдармен, тәжірибе жасау, бақылау, экскурсия
ұйымдастыру арқылы талдап түсіндіру, ең,ең ...кестесін құру.
Ғаламшардағы тіршіліктің таралуы. Мұхиттағы тіршілік Құрлықтағы
тіршілік. Ӛлкеміздің жануарлары мен ӛсімдіктерінің таралуы Биосфераның
маңызы, тірі ағзаларды қорғау. Табиғатқа экскурсия
ҮІ тарау. Табиғат және адам. 6 сағат
Табиғат пен адам арасындағы байланыс, адамның табиғатқа оң және
теріс әсерін нақты дәлелдермен, мысалдар келтіру арқылы талдау .
Адам мен табиғат арасындағы байланыс Адам әрекетінен табиғи
жүйенің
ӛзгеруі. Қорғалатын табиғи аумақтар Қорықтар - табиғат қорғаны
Табиғатқа саяхат
Қорытындылау
"
Жер – ғаламшар" арнаулы курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№
Тақырып мазмҧны
Жалпы
сағат
саны
Теориялы
қ
сағат
саны
Сарама
ндық
жҧмыс
Экску
рсия
Ӛтетін
уақыты
І
Кіріспе. Жер-ғаламшар.
Жердің қҧрылысы.3сағ
3
2
1
1
Жердің ғаламшар ретіндегі
сипаттамасы.
1
2
Жердің сыртқы құрылысы.
1
3
Сарамандық жұмыс №1 Жерді
бейнелеу әдістері
№1
ІІ Литосфера - жердің қатты
қабаты.7сағ
7
6
1
4
Географиялық қабық
1
5
Литосфераны құрайтын қабаттар.
1
6
Материктер мен аралдар.
1
7
Тау жыныстарының түрлері
1
8
Сарамандық жұмыс №2
Топырақ ерекше құрылым
№2
9
Жер сілкінісі. Жанартау.
1
10 Литосфераны қорғау шаралары.
1
ІІІ Гидросфера
-
су
патшалығы.5сағ
5
4
1
11 Гидросфера. Оның бӛліктері.
1
79
12 Дүниежүзілік мұхит.
Сарамандық жұмыс №3
1
№3
13 Мұхит суының қозғалысы.
1
14 Су апаттары. Суды қорғау.
1
15 Сен білесің бе?. Ең, ең...
1
ІV Атмосфера - ауа мҧхиты.7сағ
7
6
1
16 Атмосфера. Құрамы мен
құрылысы, қасиеттері.
1
17 Ауа райының құбылыстары.
Оптикалық құбылыстар.
1
18 Жауын-шашын оның түрлері.
1
19 Жел түрлері, маңызы мен зияны.
1
20 Климат. Тірі ағза және климат.
1
21 Атмосфераны қорғау.
1
22 Сарамандық жҧмыс №4 Жел
ӛрнегін салу.
№4
V
Биосфера - тірі ағзалар.6сағ
6
5
1
23 Ғаламшардағы тіршіліктің
таралуы.
1
24 Мұхиттағы тіршілік
1
25 Құрлықтағы тіршілік
1
26 Ӛлкеміздің жануарлары мен
ӛсімдіктерінің таралуы
1
27 Биосфераның маңызы, тірі
ағзаларды қорғау
1
28 Табиғатқа экскурсия
1
VІ Табиғат және адам.6сағ
6
5
1
29 Адам мен табиғат арасындағы
байланыс
1
30 Адам әрекетінен табиғи жүйенің
ӛзгеруі.
1
31 Қорғалатын табиғи аумақтар
1
32 Қорықтар - табиғат қорғаны
1
33 Табиғатқа саяхат
1
34 Қорытындылау
1
Барлығы
34
28
4
2
Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
1
Оқушылармен
амандасу.
Түгендеу.
Орындарынан
тұрып
мұғаліммен
амандасу. Сабақта кім жоқ екенін
80
Сабаққа
дайындығын
тексеру.
анықтау. Сабаққа дайындалу.
2
Ең
алдымен
дәптерлерін
тексеріп,
кейін ӛткен тақырып
бойынша
сұрақтар
қояды:
1. Тау жыныстарының
түрлері
қандай
?
Оларды ата.
Оқушылардың жауаптары:
1. Жер қыртысын толтырып табиғи
денелерді тау жыныстары, оларды
құрайтын заттар минералдар деп
аталады. Олардың 3 түрі болады:
шӛгінді (химиялық, кесек шӛгінділер,
органикалық), магмалық, метаморфты
3.Жаңа
сабақты меңгерту
2. Жер сілкіну дегеніміз – жер
қыртысы мен жоғары мантиядағы
кенет ығысу және ыдыраулардың
әсерінен туатын жер асты дүмпулері
мен жер бетінің тербелістері.
Жердің терең қойнауындағы тау
жыныстары
қабаттарының
кенет
жарылып, ығысатын жерін жер
сілкіну
ошағы
(гипоцентр)
деп
атайды.
Ошақтағы дүмпудің жер бетіне
шығатын жері эпицентр (эпи – үстіңгі,
центр – шеңбердің орталығы) деп
аталады. Жер сілкіну 12 балдық
шкаламен ӛлшенеді.
3. Түрлі зерттеулер жер сілкінуінің
ошақтары литосфералық тақталардың
шеттеріндегі
жер
қабығының
қозғалмалы
алқаптарында
шоғырланғанын
кӛрсетеді.
Жер
сілкіну жиі болып тұратын аймақтар
сейсмикалық аймақтар деп аталады.
Жер
шарында
100-ге
жуық
сейсмикалық стансалар бар. Жер
қыртысының қозғалысын ӛте сезімтал
келетін сейсмограф құралдары тіркеп
отырады.
4
Тақырыпты бекіту үшін
пысықтау сұрақтарын
қояды:
1.
Жер
қыртысында
баяу
қозғалыстар
қалай
жүреді? 2. Қазақстан
Оқушылардың жауаптары: 1. Жер
қыртысында баяу қозғалыстар тік
(кӛтерілу
мен
тӛмендеу)
және
кӛлденең «тау жасалу) жүреді. 2.
Қазақстан аумағының барлық дерлік
жерін теңіз басып жатқан. 3. Жер
81
аумағының қай бӛлігін
бұрынғы кезде теңіз
басып жатқан? 3. Жер
сілкіну
неге
байланысты?
4.
Сейсмикалық аймақтар
дүние жүзінде қандай
жерлерде орналасқан?
сілкіну
тау
жасалу
процесінің
жиілігіне
байланысты.
4.
Жер
сілкінуінің ошақтары литосфералық
тақталардың
шеттеріндегі
жер
қабығының қозғалмалы алқаптарында
орналасқан
5
Сабақты оқушылармен
бірге қорытындылайды.
Оқушылар
бүгінгі
сабақта
жер
қыртысының қозхғалыстары туралы,
жер
сілкіністері
және
оларды
зерттеудің маңызы туралы білгенін
және жер сілкіну ошағы , эпицентр,
сейсмикалық аймақтар , сейсмикалық
стансалар,
сейсмографтар
терминдерімен танысқандары туралы
айтып сабақты қорытындылайды.
6
Оқушылардың
белсенділігіне
қарай
бағалайды.
Күнделіктеріне бағаларын қойдырып
алады.
7
Достарыңызбен бөлісу: |