ОБЛЫС Қызылорда
АУДАН/ҚАЛА Жанақорған
АУЫЛ Аққорған
МЕКТЕП №256
ПӘНІҢІЗ Математика
ФИО Сейдуалиева Салтанат Жетписбаевна
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегі -білімді ұрпақ»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру.
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отанды сүюге байлығымызды қорғауға болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Дамытушылығы:Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Тірек сөздер, слайдтар, көрнекіліктер, оқушы шығармашылықтары т. б.
Әдісі: Сұрақ – жауап
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер
Қатынасушылар: 5-сынып оқушылары
Жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім.
1. «Жылдар сөйлейді»бөлімі
2. «Кім жылдам »бөлімі
3. «Үздік бестік »бөлімі
4. Шығармашылық тапсырма. «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік»
ІІІ. Қорытынды
Мұғалім:
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сіздерді 16-желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанымызға 25 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз.
Әнұраным – жан ұраным
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі-бақи шырқалады.
Республикам әнұраным
Хор: «Әнұран»
Сахнаға Қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді.
Қаз дауысты Қазыбек би: - біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Мұғалім:
Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің арнауы туған отанымызға және әр отбасына бұл 25 жыл тебіреністі.
1. «Жылдар сөйлейді» бөлімі
25 жыл шығып сөйлейді: «Тарихыңды таны»
(Бастарында жылдары жазылған оқушылар шығып өз жылдарымен таныстырады.1991, 1992, 1993, 1994, 1995, 1996, 1997, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006,2007,2008,2009,2010,2011,2012,2013,2014,2015,2016 жылдар)
Мұғалім:Көрініс: «Егемендік деген не?»
(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атам,
Жинады ескілерден тарих хатын.
Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз қазақ руларының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.
Слайдпен жұмыс:
Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?
Атасы: - Егемендік – «иесі мен» деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,
Егеменді деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі –
Міне «Егемендік» деген осы.
Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!
Мұғалім:Бұл күнде біздің Республикамыз - өз алдына тәуелсіз мемлекет.
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ екенін атап көрсетті. Сондықтанда ұстаздардың міндеті елін, жерін сүйетін, отанын қорғайтын, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу болса, шәкірттердің алдында жақсы оқып, тәрбиелі саналы ұрпақ болу міндеті тұр.
Сонымен: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті
бастайық.
2. «Кім жылдам» бөлімі
Құрметті оқушылар ,бұл кезеңде сіздерге 13 сұрақ қойылады,ал сіздер,сол сұраққа тез арада,сол сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай.
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?
(1991. 16. XII)
2.Қазақстан Респубикасының рәміздері қашан қабылданды?
(1992 жылы 4 маусым)
3. Ел рәміздерін атаңыз? (ту, елтаңба, әнұран)
4. Әнұранның авторлары кімдер?(Әнін жазған:Ш. Қалдаяқов
Сөзін жазған:Н. НазарбаевЖ. Нәжімеденов)
5.Ел билеудегі ең лауазымды тұлға (Президент)
6.Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары?(Шотаман Уалиханов,Жандарбек Мәлібеков)
7.Мемлекеттік тудың авторы? (Шәкен Ниязбеков)
8. Тұңғыш рет қазақ тарихында ғарышқа кім және қашан ұшты?
(1991. 2 қазан. Тоқтар Әубәкіров)
9. Қазақстанның Ата Заңы қашан қабылданды?(30 тамыз.1995 жылы)
10. Қазақстан туында қандай құс бейнеленген? (Бүркіт)
11.Мемлекеттік ұлттық валютасы теңге айналымға қашан енді?(1993жылы 15 қараша)
12.Президент жарлығымен ҚР-ның астанасы Ақмола қаласының атауы Астана болып қашан өзгертілді? (1998 жылы 6 мамырда)
13.Желтоқсан құрбандары?(Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджанова)
3. «Үздік бестік» бөлімі
мектепте алған білімдеріңіздің деңгейн көрсетуге шақырамыз.Бұл кезеңде 4 түрлі пәндер бойынша және бесіншісі «Әр түрлі рұрақтардан құралған кесте беріледі.Кестеде егер пән сұрақтарына дұрыс жауап берсеңіздер,сол пән ұпайлары өз қоржындарыңызға түседі.
Қазақ тілі:
1.Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.(Айтылуы бірдей,мағыналары әртүлі сөздер)
2.Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.
(Мағыналары бірдей,айтылуы әртүлі сөздер)
Математика:
1.Жай сандар дегеніміз не? Мысал келтір.
(1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар)
2. 5мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса ,1 мысық 1 тышқанды неше минутұстайды. (5 минутта)
Тарих:
1.Қазақтың алғашқы хандары кім? (Керей ,Жәнібек)
2.Шыңғысхан туралы не білесің?
Жаратылыстану:
1.Судың үш күйін ата? (сұйық, қатты,газ)
2.Жанартаудан атқылаған лавадан қандай материалдар аламыз?(шыны)
Әр түрлі:
1.Күрішті аймақ ?(Қызылорда)
2.Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат?(Астана)
4. Шығармашылық тапсырма. «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік»
«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбына оқушыларымыз өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, жазады. Осы жазған эсселерін тыңдайық. (4-5 оқушылар. Бүгінгі Тәуелсіз еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жаңалықтарын, табыстарын әңгімелейді).
Мұғалім:
- Балалар, ойларың өте жақсы, көңілге қонымды. Көпшілігің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерге назар аударыңыз. Көп-көп рахмет!
Ән. «Қазақ елі осындай» орындайтын Ғалымжанқызы Нұрай.
ІІІ. Қорытынды: (Мұғалім сөзі)
«Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз!» (сұрақ-жауап)
- Біз бүгін, тәрбие сағатында не туралы білдік?
- Тәуелсіз еліміздің 25 жыл ішінде табыстары туралы т.б. білдік.
- Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек?
- Жақсы оқу, үлгілі тәртіп, үлкенді сыйлау, талмай іздену, талпыну.
- Я, Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» - деп елімізді өркендетуге өз үлесімізді қосайық. XXI ғасыр.
- Білім ғасыры. Сондықтан менің мақсатым білімді, сауатты, еңбекқор балаларды тәрбиелеу, ойларын еркін айтуға дағдыландыру, қалыптастыру. XXI ғасыр болашақ лидерін дайындау. Бұл балалар еліміздің болашағы.
Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, Қазыбек би атамыздан ақ тілек тілейік!
Қаз дауысты Қазыбек: «Ақ бата»
Басшыларымыз алысты көрсін,
Жекешелеріміз табысты болсын!
Қыздарымыз саналы, сұлу болсын,
Ұлдарымыз қамысты болсын!
Қалада, мейлі қырда болсын!
Келген-кеткен ырза болсын!
Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын!
Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!
Халқымыз ғасыр табалдырығын,
Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!
Аумин!
Сабақ аяқталды. Хош сау, болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |