ОӘк поәК-042-18-24 09/03-2013 «Дәрілік формаларды дайындау технологиясы»



бет5/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,71 Mb.
#36350
1   2   3   4   5   6   7   8

жалпы рецептура



М Е Т О Д И К А Л Ы Қ Н Ұ С Қ А У № 2-9

ТАҚЫРЫБЫ: Жалпы рецептураға кіріспе. Рецепт және оның жазу ережелері.



Сабақтың мақсаты: Студенттерді жалпы рецептурамен және дәріханамен, рецепті жазу ережелерімен, рецептің құрамдас бөлімдерімен, рецептін жазу схемалармен таныстыру және үйрету.
Фармакопея (pharmacon- дәрі және poieo – жасаймын деген грек сөздерінен шыққан). Бұл мемлекеттік кітап; онда аптекада міндетті түрде болуға тиісті дәрілік заттардың тізімі; олардың тазалығын тексеру тәсілдері туралы нұсқаулар, олардың физикалық – химиялық қасиеттері туралы қысқаша мәліметтер, улы және күшті әсер ететін заттардың бір мезгілдік, тәуліктік және ең жоғарғы дозалары туралы мәліметтер, оларды сақтау тәсілдері, кейбір дәрі түрлерін дайындау ережелері және басқа нұсқаулар бар. Сонымен, фармакопея фармоцевт пен дәрігер үшін міндетті заңдардың жыйнағы сыяқты болып келеді. Фармакопеялық комиссия тарабынан фармакоея мезгіл-мезгіл қайта қаралып отырылады.

Медицина мен ветеринарияда тараған, бірақ фармакопеяға кірмеген дәрі қоспалары мануалдар деп аталатын арнаулы тізбеге енгізілген. Мұндай дәрі қоспаларын мануалдық дәрілік қоспалар деп атайды. Оларды аптекадан, немесе атын немесе олардың құрамына кірген жеке заттарды тізіп көрсетіп жаздырып алуға болады.



Дәрі туралы ұғым. Дәрілік затқа берілген қолайлы форманы дәрі деп атайды. Сонымен, дәрі және дәрілік форма – тең мағыналы ұғым. Дәрілік заттар деп белгілі бір әдіспен дәрі жасауға болатын әр түрлі тектес заттарды айтады.

Заводтар мен ірі дәріханаларда жасалынатын және фармакопеяға енгізілген дәрілік заттарды ресми официналдық (officina – дәрігерлік), ал дәрігерлердің өтініш – ңұсқаулары (рецепті) негізінде дайындалатың дәрілік формалар магистралдық (Magister - оқытушы, жетекші) формалар деп аталынады, яғни аптекалық (Apateca) заттар дейді. Олар төмендегі түрде болуы мүмкін; 1) өсімдіктер мен жануарлардан өндірілетін дәрілік шикізат (medicamenta cruda) шөптер, жапырақтар, гүлдер, ұрықтар, қабық, өсімдік тамырлары, түбіріштер, қастауыш, шикі майлар, сүртпе майлар т.б.; 2) фармазаводтарда дайындалатын синтетикалық және өсімдітерден өндірілетін заттар мен препараттар (medicamenta chemica pharmaceutica); 3) күрделі фармацевтикалық, яғни ертедегі рим оқымыстысы Клавдий Галеннің құрметіне оның есімімен аталған галендік препараттар (praeparata gaienica s. praeparata composita ); олар өсімдік шикізатынан алынады, мысалы, бұған настойка, сірінді, спирт сыяқты тағы басқалар кіреді; 4) фармацевтикалық заводтарда күрделі тәсілмен шығарылған жаңа галендік препараттар; бұлардың қатарына құрамына болар-болмас қосымша заттар кірген өсімдіктердің әсерлі негіздерінің сулы сығындылары – адонилен, конваллен, эрготин, тағы басқа препараттар кіреді.

Фармакопеяға енгізілген барлық препараттар үш топқа бөлінеді:

1) А – тобы – улы заттар (улар – venena); олар аузына құлып салынған жеке шкафта сақталады. Улы дәрілік заттар қүйылған шөлмектің сыртындағы қара қағазға ақ түсті әріптермен жазылады. Шкафтардың (сейфтердің) ішкі қабырғасына сақтаулы тұрған улы дәрілік заттардың тізімі мен қанша бар екендігі жазылып қойылуы керек;

2) Б – тобы – күшті әсер ететін заттар (heroica); бұлар да құлып салынған жеке шкафта сақталады. Күшті әсер еткіш заттар қүйылған шөлмектін сыртындағы ақ қағазға қызыл түсті әріптермен жазылады;

3) Улы және қатты әсер ететін дәрілік заттардан басқа дәрілер (жай әсер ететін) кәдімгі шкафтарда жалпы ережелер бойынша сақталады. Шөлмектін сыртындағы жазу ақ фонда, қара түсті әріптермен жазылады. Дәріханаларда дайындалған дәрілік зат формаларының жапсырма қағазы (этикетка) да әр түсті болады; ішуге арналған дәрілердің жапсырма қағазы ақ сыртқа қолданылатын дәрілердікі көк түсті.



Малдәрігерлік дәріхананың құрылысы мен жабдықтары. Әрбір малдәрігерлік емханалар, фельдшерлік пункттер жанында малдәрігерлік аптекалар бар; оларда тиісті емдеу мекемесінің дәрігерлер мен фельдшерлері қызмет істейді. Тек айрықша бағыттағы азын-аулақ клиникалар мен емдеу мекемелерінің ғана фармацевт басқарған аптекалары болады. Осыған сәйкес малдәрігерлік аптекалардың құрылысымен жабдықталуын әрбір емдеу мекемесі өзінің мүмкіндігі мен қызмет бағытына қарай белгілейді. Малдәрігерлік емхана жанындағы аптеканың құрғақ және жарығы жеткілікті үш бөлмесі, шоланы, подвалы немесе мұздақ суық бөлмесі болғаны жөн.

Бірінші бөлме – рецепт қабылдайтын, дайындалған дәріні жіберетін рецептуралық, екінші бөлме – жуып шайып тұратын, үшіншісі – заттар тұратын, дәрі-дәрмектер сақтайтын бөлме болуға тиіс.

Рецептуралық бөлмеде: 1) кеңсе құралдарымен жабдықталған стол, 2) линолеуммен немесе шынымен жабылған және түрегеліп тұрып қызмет істеуге қолайлы дәрілерді жасайтын стол; 3) улы заттар мен оларға керекті ступкаларды, пестиктерді, гирлермен жабдықталған қолтаразыларды, өлшеуіш цилиндр мен мензуркаларды, воронколарды, капсул жасағыштарды, совочкалар мен сүзгіш қағазды сақтайтын шкаф; 4) күшті әсер ететін дәрілер шкафы және 5) басқа заттарды сақтайтын шкафтар болуға тиіс.

Заттар қоятын бөлмеде дәрі-дәрмектер сақтайтын шкафтар болға тиіс. Олардың саны әрбір жеке жағдайға сәйкес белгіленеді. Кір жуатын бөлмеде қазанмен жабдықталған плита, дистилденген су құйылатын алмалы-салмалы қазан және ыдыс жуылатын жабдықтар болады.

Ветфельдшерлік пункт аптекасы үшін жұмыс столмен, үлкенді-кішілі екі шкафпен жабдықталған бір ғана кең бөлме, сондай-ақ дезинфекциялық және оттан қауыпты заттардың қорын сақтайтын шоланың болуы жеткілікті.

Аптека мебелі қарапайым, мықты, ақ бояумен боялуға тиіс. Бөлмелердің қабырғалары майлы немесе эмальді бояумен, мүмкіндігінше ақ бояумен сырланған болғаны жөн.

Аптека жабдығы: 1) тек техникалық таразылардан, 5 кг –дық стол үстіне қойылатын таразылардан, өлшеуіш тастармен жабдықталған түрліше безбендер, 2) металдан жасалған ступка мен пестиктерден, фарфордан жасалған үлкенді-кішілі ступкалар мен пестиктерден, 3)электрлі немесе жай булы моншадан, 4) электр плитасынан, 5) қабықтан тығын жасайтын пресстен, 6) дистилденген су алуға керекті айдамалы кубтен, 7) әртүрлі шөлмек воронкалар мен бір үлкен фарфор воронкадан, 8) шөлмектен жасалған бірнеше өлшеуіш құралдар мен әртүрлі мензуркалардан, 9) пилюля жасайтын машинкадан, 10) бикстер мен жабдықталған инфундир аппаратынан, 11) перкулятор немесе үлкен бөлгіш воронкадан, 12) әртүрлі пипеткалардан, сондай-ақ көз пипеткаларынан, 13) әртүрлі сыйымдылығы бар материалдық банкілерден, совочкалардан, қасықтардан, металл мен мүйізден жасалған немесе пластмассадан жасалған шпательдерден, капсул жасағыштардан, тағы басқа шөлмек ыдыстармен жабдықталған лабораториялық бұйымдардан құрылады. Бұдан басқа, аптекада фармакопеяның соңғы басылып шыққаны, дәрілердің фармацевтикалық мануал жазбасы, рецептуралық журнал, дәрі-дәрмектерді есепке алу және жұмсау журналы, сондай-ақ олардың катологі болуға тиіс.

Дәрі-дәрмектерді өртке, бақытсыздық оқыйғаларға немесе қасақаналықпен істелетін әрекетке қарсы шараларды ескере отырып сақтайды. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтарда құлып салынуға тиіс. Жұмыс баңткеннен кейін улы заттар сақтайтын шкафтың аузына сургучті мөр немесе басқа мөр басылады.

Дәріні дайындап болғаннан кейін жұмыс столының үстінде ешқандай дәрі-дәрмек, әсіресе А мен Б тобына жататын дәрілерді қалдырмау керек. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтардың кілттері оларға жауапты адамның қолында болуға тиіс.

Дәрі-дәрмек салынған шөлмектер мен банкілерге анық етіп латынша жазылған этикеткалар жапсырылады, улы заттар үшін қараның үстіне ақпен, күшті әсер ететін заттар үшін – ақтың үстіне қызылмен, ал қалған дәрілер үшін – ақтың үстіне қарамен жазу керек. Улы және күшті әсер ететін заттар салынған әрбір ыдысқа арнаулы этикеткалар жапсырылады (бассүйектің үстінде айқастырып салынған жілік сүйектердің суреті мен «у» деген жазу болуға тиіс).

Жарықтың ықпалымен ажырайтын заттар салынған ыдыстың сыртына: «қараңғыда сақталсын», оттан тұтанғыш заттар үшін – «оттан қауыпты», жылу ықпалымен бұзылатын заттар үшін – «салқын жерде сақталсын» деген этикеткалар жапсырылады.

Дәрі-дәрмектерді төмендегідей етіп сақтау керек:

1. гигроскопиялық (ылғал тартқыш) заттарды құрғақ үйде, мықтап тығындалған шөлмек ыдыста:

2. жарықта ажырайтын заттар – қараңғы үйде немесе күнгірт шөлмектерде;

3. оттан қауыпты заттар (олар аз мөлшерде болуға тиіс) – керосин шамынан, пештерден қашық жерде, ал олардың қоры - өртке қарсы шаралардың ережесіне сәйкес келетін жеке үйде;

4. күйдіргіш сілтілер мен күшті қышқылдар – қолдан келген сақтықпен бірыңғай жерде;

5. жылу ықпалымен бұзылатын дәрілік заттар – құрғақ, салқын жерде сақталады.

Дезинфекциялық заттардың көп мөлшердегі запасы құлып салынған жеке бөлмеде сақталады. Аптека жылылығы 9 градустан төмен болмауы керек, өйтені сұйық формалы заттардың бірқатары салқын әсерінен кристалға айналып кетеді.

Аптекадағы ыдыстарды таза ұстап, олардың дұрыстап жуылуына ерекше көңіл бөлу керек. Шөлмек және фарфор ыдыстарды алғаш рет кәдімгі суда сулап, содан кейін жылы сілтімен немесе жылы сабын ертіндісімен жуады. Оларды қыл немесе сым щеткалардың көмегімен жуып, ал содан соң жылы таза судың немесе кран суының ағынымен әбден шаю керек. Оларды төңкерілген күйінде аша ағашқа іліп кептіреді, ал бұл ыдыстар сілтілер ықпалымен бұзылатын дәрілерге арналса, онда оларды 0,5 процент тұз қышқылымен шаяды.

Бұрын қолданылған және сырттан түске (ауру малдардың инелерінен т.б.) ыдысты алдын ала бір тәулігі ішінде алмас ертіндісімен дезинфекциялайды. Содан кейін оны сілтіге немесе сабын ертіндісіне салып қайнатады, осыдан кейін ғана барып жоғарыда көрсетілген тәсілмен жуады.

Металдан, мүйізден немесе пластмассадан жасалған қалақтарды, совочкаларды, капсул жасағыштарды жылы сабынды суда жуып, содан кейін жылы таза сумен немесе кран суының ағынымен шаяды, содан соң бұларды арнаулы таза орамалмен сүртеді.

Қол таразыларының табақшалары таза орамалмен, ал қажет болса спитрпен жуып сүртіледі.



Рецепт және олардың жазылу ережелері

Рецепт- дәрігердің дәрі жасап беру туралы дәріханаға немесе фармацевке жазбаша түрдегі өтініші. Рецепт – қандай заттарды қанша мөлшерде алу қажеттігін, дәріні қандай формада дайындау керек екенін, дәрі кімге арналғандығын және оны қалай қабылдау керек екенін көрсетіп, дәрігердің немесе фельдшердің аптекаға жазған қолжазбасы.

1. Әрбір ресми документ сыяқты, рецепті анық және таза етіліп, ешқандай жөндеусіз, бір рет қағаздың 1/16 бөлегіне тең 8 х 16 см-лік көлемі бар бланкіге сыямен жазылады. Кейбір айрықша жағдайда рецепті сыялы карандашпен де жазуға болады.

2. Әрбір дәрілік зат латын әріпімен, Жана жолдан басталып ілік септігінде жазылады. Керекті заттың аты бір жолға сыймаса, оның жалғасы келесі жолдың оң жағынан сәл аттап түсіп барып жазылады, мысалы:


Rp.: Extracti Filicis maris Ал: еркек папортиигінің эфирлі

Aethere сіріндісін

3. Дәрілік заттын салмағы граммен көрсетіліп, ондық бөлшек түрінде жазылады. Бүтін сандар үтір арқылы нолмен аяқталады, ал бөлшек сандар бір бірінен үтір арқылы ажыратылады. Мысалы: 0,5; 2,5; 5,0; 20,0. Заттың дозасы араб цифрларымен жолдың оң жағына жазылады. Егер заттың дозасы туралы нұсқау бір жолға сыймаса, оны келесі жолдың оң жағына үстіңгі жолдағы зат дозасының астына дәл келетіндей жазу керек. Кейде керекті заттың мөлшері қарасөзбен жазылады. Мысалы:

Rp.: Solutionis adrenalini Ал: тұз қышқылды адреналиннің

hudrochlorici 1 : 1000 1 : 1000 ертіндісінің

guttas X 10 тамшысы.

Жекеленген жағдайларда дәрілік заттардың мөошері миллилитрмен (мл), литрмен (л), килограммен (кг) немесе әсерлік бірлігі (Ә.Б.) түрінде беріледі.

4. Бірнеше затты тең мөлшерде жазуы жиі-жиі кездесіп тұрады, бұл жағдайда соңғы заттың жанына āā яғни ana –тепе-тең (бірдей мөлшерде) деген сөз жазылады, егер ертінді құйылса, онда ad ( мөлшерге дейін) деген сөз жазылады.

мысалы:

Rp.: Tincturae Digittalis Ал: Наперстянка настойкасын

Tincturae Valerianae āā 10.0 Валериан настойкасын 10,0 бірдей

# #


Rp.: Natrii chloridi 1,0 Ал: Ас тұздын дозасы 1,0

Aquae dеstillatae ad 100,0 Дистилді су 100,0 ге дейін

5. Сонымен, рецепт recipe деген сөзден signetur дейін латын тілінде жазылады. Содан кейін дәрінің қолдану тәсілі (signatura) мен оның кімге тағайындалғандығы (nomen aegroti) орыс тілінде немесе жергілікті халық тілінде жазылады.

9. Рецептінің аяғына дәрігердің немесе фельдшердің қолы қойылады (nomen medici), егер улы немесе күшті әсер ететін зат жазу керек болса, рецептіге дәрігердің немесе емдеу мекемесінің мөрі басылады.

6. Рецепт кейде бланкінің бір жағына сыймайды, мұндай жағдайда бланкінің төменгі жағына verte – аударып қара деген сөз жазылады да, рецептіні екінші бетінен жалғастырып жаза береді.

7. Дәріні тез алу керек болған жағдайда бланкінің оң жақ бұрышының жоғарға жағына cito (тез) немесе statim (дереу), немесе citissime (мүмкінділігінше тезірек) деген сөздер жазып, олардың асты сызылып, леп белгісі қойылады (Cito !). Кейде дәріханаға бір рецепт бойынша дәріні екі-үш рет босату туралы нұсқау беруге тура келеді, ондай жағдайда бланкінің бос жеріне repetatur (қайталаңыз) немесе bis repetatur (екі рет қайталаңыз) деген сөз жазып, леп белгісін қойып, күнін көрсетіп, қол қойылады, ал улы немесе күшті әсер ететін зат жазылса, мөр басылады, егер уға қарсы рецепт жазылса, онда (Antidotum!) деген сөз жазылады. Кейде рецепте дәрінің тәуліктік немесе бір мезгілдік дозасын фармакопеяда қаралған белгілі мал түріне немесе оның жасына сәйкес дозадан артық көрсетуге тура келеді, ондай жағдайда заттың мөлшерін қарасөзбен немесе санмен жазады, соңына леп белгісін қойып, астын сызады. Егер мұндай нұсқау көрсетілмесе, дәріхана фармакопеяда қаралған дозаның жартысын жібереді.

8. Кейбір заттар жарық, ылғал, ауа тағы басқалардың ықпалымен өзгереді, ондай жағдайда аптекаға дәріні қандай затқа орап жіберу туралы рецептіде нұсқау көрсеткен жөн. Егер дәріні күңгірт шөлмекке салып жіберу керек болса, detur деген сөзден кейін in vitro nigro, немесе парфиндалған қағазға in charta paraffinata, яғни ad chartam paraffinatam т.с. сыяқты сөздер жазылады. Мысалы:

Rp.: Cocaini hudrochlorici 0.4 Ал: кокаин хлорлы гидратин 0,4

solutionis Natrii chlorati ас тұзының изотоникалық

isotonicae 20.0 ертіндісін 20,0, араластыр,

M. Sterilisetur зарарсыздандыр, тұз қыш-

Adde solutionis Adrenalini қылды адреналиннің

Hudrochlorici 1: 1000 gtts V 1: 1000 ертіндісінің 5 там-

D. in vitro nigro шысын. Күңгірт шөлмекпен

S. Волк атты иттің бер. Белгіле: “Волк” атты

Терісінің астына жіберу. Иттің терісінің астына

жібер.

9. Бір рецепт бланкесіне бірнеше рецепт жазу жиі кездесіп тұрады, ондай жағдайда олардың арасына айыру белгісі қойылады #.



10. Бір рецептік бланкіде бір ғана улы дәрілік зат немесе 2-3 жай әсер ететін дәрілік заттар жазылады. Әрбір рецепт жаңа жолдан Rp: деген сөзден басталып сигнатурамен аяқталады.

11. Жоғарыдағы аталған ережелерге сай емес, немесе құрамында керегер әсер етуші заттары бар рецептер жарамсыз деп табылады.


Рецептіні дұрыс жазу үшін оның құрамымен қатар зат есімімен сың есімінің латын тіліндегі ілік септеу жалғауларын білу керек.

  1. таблица.




Септеу

Жалғаулар

Мысалдар


Атау

Ілік

Атау жалғауы

Ілік жалғауы

I

A

ae

Aqua – су

Aquae – сулар

II

us

um


e

er

ur



os

i

i

is



ris

uris


ris

Bolus – құм

Atropinum – атропин

Secale – қарабидай

Aether – эфир

Sulfur – күкірт

Flos – гүл



Boli –құмдар

Atropinumi – атропиндер

Secalis – қарабидайдар

Aetheris – эфирлер

Sulfuris – күкірттер

Floris - гүлдер



III

al

en


o

or


ix

ex


ma

lis

inis


onis

oris


cis

icis


atis

Sal – тұз

Semen – тұқым

Carbo – көмір

Liquor – сұйық

Pix – деготь(қара май)

Cortex – қабық

Rhizoma – көгенетамыр


Salis – тұздар

Semenis – тұқымдар

Carbonis –көмірлер

Liquoris – сұйықтар

Picis – дегтялар /қара май/

Corticis – қабықтар

Rhizomatis – көгентамыр-лар


IY

us


us

Spirtus – спирт

Fructus - жеміс

Quercus – емен


Spirtus – спирттер

Fructus - жемістер

Quercus – емендер


Y

es

ei

Species- жыйынтық

Species- жыйынтықтар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет