Қоғам туралы ойлар Антика философиясында «қоғам» және «мемлекет»



Дата30.11.2023
өлшемі14,82 Kb.
#194138
Байланысты:
12 апта


Қоғам туралы ойлар

Антика философиясында «қоғам» және «мемлекет» ұғымдары бір-бірінен айырылмай, синонимдер ретінде қолданылған.




Платон «Зандар» атты диалогта «... ежелгі қоғам тауда көшіп-қонып жүретін малшылардың отбасыларынан тұрған, оларды ақсақал басқарған... Осыдан ақсақалдың үстемдігі ретінде мемлекет пайда болған...». Платон мінсіз (идеалды) аристократиялық мемлекет туралы ілімді ұсынған. Ол азаматтарды үш топка бөледі: билеуші-данышпандар, жауынгер- әскерлер, «демос» (егіншілер, қолөнершілер. саудагерлер). Мемлекет дәрежесінің биіктігі оны философтар билегенде көрінеді.


Аристотельдің пікірінше, адам «қоғамдық жануар», «саяси жануар». Мемлекет үлкен отбасы. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы онда көптеген әлеуметтік қатынастардың өріс алғандығы.


Әл-Фараби «Азаматтық саясатта» қоғам талдауды қаладан бастаса, «Мемлекет қайраткердің нақыл сөздері» атты трактатында ол мұны ең кішкене үядан - отбасынан немесе үйден бастайды.
Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ ол қаланың бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортак мақсатқа қызмет етуге арналады. Бұл жерде Фараби қаланы мем-лекет деп түсінеді. «Қайырымды қаланың тұрғындары туралы трактатында» ол философ басқаратын бақытты қоғам туралы ілімін ұсынды.

Қайта өрлеу дәуіріндегі Т.Кампанелланың


утопиялық теориясы: Күн каласы» еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын баяндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, казіргі Шри Ланка) бақытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Мұнда жеке меншік жок, адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай-кедейге бөлінбейді. Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардын өздері де талантты адамдарға орындарын босатуы тиіс. Басшылык әділдік жолмен жүзеге асырылуы тиіс
Мемлекетті басқарушы аристократия, олар философтар емес, кабілетті болып жаратылған адамдар.


Никколо Макиавеллидің ойынша, адамдар табиғатынан қатыгез, алдауға бейім, мансапкор, мемлекет олардың осы жаман қасиеттерін шектеп, тәртіп орнату үшін қажет.
Мемлекетте өмір сүруші адамдар қабылданған ережелерге саналы түрде бағынғанда ғана қоғамда заңдылық болмақ. Билеуші реалды саяси өмір талаптарын ескере отырыш баскаруы тиіс, бар күші мен құралдарын басты мақсатқа біртұтас, қуатты мемлекет құруға жұмсауы қажет.


Мәдениет туралы ойлар


Ф. Ницше: «мәдениет – халықтың өмір сүру стилі»


Э. Б. Тайлор: «Мәдениет - бұл білімдердің, сенім-нанымдардың, өнердің, құндылықтардың заңдардың, әдет-ғұрыптардың және адамның қоғам мүшесі ретінде игеріп алған қабілеттері мен әдеттерінің жиынтығы» («Алғашқы қауымдық мәдениет» (1871)


З. Фрейд «Тотем және табу», «Мәдениетке қанағатсыздық» атты еңбектерінде мәдениет туралы натура- листік ілімді ұсынды.
Оның пікірінше, мәдениет адамның жыныстық кұштарлықтарын моральдық нормалармен және қоғамныңҢ әдет-ғұрыптарымен басып-жаншитын бірінші тыйым салу («табу») арқылы, сонымен бірге пайда болған. Цивилизация әкесінің билігі мен беделіне қарсы шыққан әлсіз ұлдардың бірігуі негізінде пайда болған.Мәдениеттің дамуы адам бақытының азаюына және кінә сезімнің көбеюне апарып, сонымен бірге тілектерді басып тастағандықтан қанағатсыздықты көбейтеді. Мәдениеттің даму деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, адамның бақытсыздығы солғұрлым көбееді. Фрейд христиандық европалық мәдениетке оның адамға өте қатаң тыйымдар салғаны үшін (Моисейдің 10 өсиеті үшін) өте негативті баға берген

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет