Қалалық емхананың негізгі құрылымдық бөлімдері.
Қалалық емхананың құрылымына мынадай бөлімдер кіреді: тіркеу орны, профилактикалық бөлімі, емдеу кабинеттері, қосымша диагностикалық кабинеттер, әкімшілік шаруашылық бөлімі.
Тіркеу орнының жұмысы өте маңызды, себебі ауруларды дәрігерлік қабылдауға жіберу, дәрігерді аурулардың үйіне шақыру бойынша баруын ұйымдастыру, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын толтыру, аурулардың дәрігерлік қабылдауға алдын ала жазылуы, шұғыл жәрдем көрсетуге жаздыру және тағы басқа жұмыстар атқарады.
Қалалық емхананың бақылауында 30 000 астам тұрғындар болса, онда құрамында профилактикалық бөлімін ашуға болады. Профилактикалық бөлім мынадай кабинеттерден тұрады: дәрігерден бұрын қабылдау кабинеті, әйелдер қабылдау кабинеті, ауру қаупі жоғары адамдарды іріктеу үшін сұрау жүргізу кабинеті, диспансерлік жұмысты ұйымдастыру және диспансерлік бақылау жүргізу құжаттарын сақтайтын кабинеті, санитарлық ағарту және гигиеналық тәрбие кабинеті, міндетті түрде диспансерлік бақылауда болатындарды қабылдау кабинеті.
Халық саны 400 000 астам ірі қалаларда көп бөлімді ауруханаларда, дәрігерлік жоғары оқу орындарының клиникаларында, ғылыми-зерттеу институттары құрамында консультациялық-диагностикалық емхана ашылуы мүмкін. Олардың негізгі міндеті-ауруларға арнайы жоғары мамандандырылған консультатаивтік және диогностикалық көмеккөрсету, түрлі лабораториялық зерттеулер жүргізіп, ауруларды емдеу түрлерін анықтау.
Қалалық амхананың негізгі емдеу-профилактикалық бөлімінде кабинеттер ашылады, онда алуан түрлі мамандықты дәрігерлер болады: терапевт, хируруг, невропатолог, кардиолог, көз, құлақ-тамақ ауруларының дәрігерлері, тюб.
Қосымша диагностикалық бөлімінің құрамына рентген, лабороториялық-функционалдық зерттеу жүргізу, т.б. кабинеттер кіреді.
Емханалық қызметтегі ақпараттық жүйелер. Кешенді медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ).
Достарыңызбен бөлісу: |