Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


«Адам және қоғам» білім саласы пәндерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



бет11/14
Дата29.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#141471
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2.3 «Адам және қоғам» білім саласы пәндерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

«Адам және қоғам» білім беру саласының басты пәндерінің бірі тарих болып табылады, ол (тарих) негізгі жалпы білім беретін мектептердің барлық тарихи-гуманитарлық және қоғамтану курстарының негізін құрайды. Ұлттық сана мен адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, тарих оқу пәндерін оқытуда дүние танымдық негізі болып табылады.


Тарихтан білім беру тарихи оқиғалар туралы білімді жүйелейді, адамзаттың тарихи өзара іс-әрекет формаларын оқу және талқылау кезінде оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін байытады, оқушылар азаматтық құқықтары мен міндеттерін түсінеді, тарихи сананы, сын тұрғысынан ойлау оқушылардың негізгі білімі, білігі, дағдысы мен құзыреттіліктерін дамытады және қалыптастырады.
Қазақстан тарихы – Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі адамзат қоғамының даму процесі, оны құрайтын өзара байланыс және өзара даму элементтері туралы білім мазмұнын жүйелейді.
Тарихи білім тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, оны тәуелсіз бағалау, сонымен қатар басқалардың пікірін сыйлауға ықпал етеді.
Бұл пәндер тұлғада қазіргі қоғамға тән маңызды құндылықтарға, ойлау кеңдігін және дүниетанымын, толеранттық, азаматтық сенімділік, шығармашылық ойлауға тәрбиелейді.
Нәтижесінде тарихи білім жастарды қазіргі әлемдегі толық қарама-қайшылыққа өз бетінше өмір сүруге дайындайды, адамдар арасындағы өзара түсіністік үшін ыңғайлы жағдай жасайды, әр түрлі мәдени, этникалық, лингвистикалық және діни дәстүрлер адамға белгілі бір елдің ғана өкілі емес екендігін сезінуге көмектеседі.
Oқушылардың тарихи фактілер мен тарихи процестерді тануында бейнелік (және пәндік) көрнекіліктер ақпаратты берудегі құрал болып табылады.
Oқытуда көрнекіліктер маңызды рөл атқарады. Табиғат және адамзат қоғамы туралы пәндерде көрініс тапқан. Oсыған байланысты танымдық қызмет тиімді болып табылады. Бейнелік көріністер оқушыларды шынайылыққа жақындатады, барлық уақытта оны сезуге мүмкіндік береді.
Мектептегі қоғамтану мазмұнына келесі ғылымдардың негіздері: философия, экономикалық теория, саясаттану, құқықтану, әлеуметтану және т.б. енеді, адам және қоғам туралы толық ғылыми білім береді.
Тoталитарлық қоғам жүйесі жағдайында бұл ғылымдар мектепте оқытылған жоқ. Тарихты оқыту тұлғаның жетістікпен әлеуметтенуі үшін қажет. Тарихтан тыс түсінікпен халықтардың мәдени дәстүрлерін түсіну мүмкін емес.
Бұл пәндердердің ішінде әлеуметтік мәдениеттің орны ерекше, ол оқушылардың ойына, сезіміне, қиялына ықпал етеді.
Аталған білім саласының пәндері ойлау жүйесін қалыптастырады, адамға тарихи кеңістікте еркін алға жылжуға мүмкіндік беріп, тарихи тәжірибе білімімен қаруландырады, нәтижесінде қазіргі саяси-әлеуметтік процестерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.
Бейнелік көрнекілік қоғамның материалдық өмірі туралы: еңбек құралдары, үй, киім, қару-жарақ, өндірістік процестер туралы білімді нығайтады. Оны қолдану «тарихты жаңғыртуға», заманауи уақыттағы және өткенді ұмытпауға жағдай жасайды. Бейнелік көрнекілік архитектуралық және бейнелеу өнерінің ескерткіштері туралы білімді қалыптастырады, тарихи қайраткерлер туралы және түрлі кезеңдердің қоғамдық бөліктері туралы ұғымды қалыптастырады. Тарихты оқыту әдісінде ортақ пікір жоқ. Бар әдістер А.А. Вагинде жақсы көрсетілген.
Екі томдық оқыту әдістерінде оқытудың әдістері туралы тарау көрсетілмеген. И.Я. Лернер тарихты оқыту әдістерін жүйелеуге тырысқан.
Oл oқытудың әдісі ретінде мұғалім мен оқушы арасындағы біріккен қызметті ұсынады.Сондықтан да әрбір әдіс оқытушылық және оқу қызметін бір уақытта көрсетеді. Оқу – бәрінен бұрын танымдық қызмет, білімді игеру процесін қарастырады. Әдістер олардың ерекшеліктеріне байланысты сипатталады [47].
Білімді қалыптастырудың бастапқы деңгейіне ақпаратты игеруде түсіндіру-иллюстративтік әдістері сәйкес келеді. Оның мәні әр түрлі құрал және тәсілмен оқушыларға дайын ақпаратты саналы қабылдауды ұйымдастырумен түсіндіріледі. Ақпаратты ауызша баяндау мен деректік және көркем мәтіндерді ұсынуда көрнекіліктер пайдалану маңызды. Сонымен қатар мұғалім ауызша сөзбен, жазбаша мәтінмен, видео, материалдық-рухани мәдениеттің немесе оларды макетте, көшірмелерде және символикалық көрнекіліктерде қолданады. Білім алушылардың азаматтық құзыреттілігін қалыптастыру «Адам және құқық» білім беру саласы арқылы жүзеге асады. «Адам және құқық» пәндерін оқыту кезінде дөңгелек үстелдер, дебаттар, қоғамдық маңызы бар проблемалар бойынша сыныптарда пікірталастар өткізуге болады.
Мысалы, «Адамзаттың жер бетінен жойылуы: одан әрі қалай өмір сүреміз?»;
«Әскери қызмет: Бізге қандай армия қажет?»; «Бүгінгі терроризм және экстремизм: адамзат проблемасы», «Жұмыссыздық: Жаңа жұмыс орындарын қалай ашуға болады?», «Балалар қылмысы: шығу жолдары» және т.б. Бұл білім алушыларды саналылыққа, жауапкершілікке, патриотизмге тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Аталған пән аясында білім алушыларға әр түрлі күнделікті өмірдегі әлеуметтік проблемалар бойынша міндеттерді шешуді ұсынуға болады.
Мысалы, әлеуметтік рөлдер «Ата-ана – бала», «Сатушы – сатып алушы», «Бастық – қол астындағылар» және т.б.
Тарих және қоғамтану пәндерін оқытуда «Мен – Қазақстан азаматымын» азаматтық форумдар өткізуге болады. Өлкенің мәдени-тарихи мұрасын оқыту арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында өткізілетін форумның маңызы зор. Сонымен қатар, форумдар білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін дамытудағы лидерлік сапаларын дамытуға ықпал етеді. Бұндай форумдар қоғамдағы дау-жанжалдарды болдырмауға, өзін жетілдіру мен дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңдағы гуманитарлық және қоғамдық ғылым салаларының зерттеушілеріне тән процесс – тарихи сана қалыптастыруды ұлттық дәстүрлерден іздеу болып табылады. Қ.А. Есімов («Қазақстан тарихының деректануы» – 1999 ж.), Л. Жүсіпова, Е.Қ. Жүсіпов, З.Е. Елешова,
Г. Жүгенбаева сияқты тарихшылар өз зерттеулерінде ауыз әдебиетінің тарихи дерек көзі болатын рөлін мойындауға шақырса, Ж. Тілепов, Ә. Тарақов сияқты әдебиетшілер тарихи шындықтарды әдебиеттен де қиналмай табуға болатынын зерттеді. Сол сияқты Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Қожахметова, С. Ұзақбаева сияқты этнопсихология мен этнопедагогиканың мамандары білімдік ой-санадағы ұлттық тәрбиенің рөлін көтеріп, тарихи сана қалыптастыруға өз үлестерін қосып келеді. Ал, философтар А. Қасабек, М.С. Орынбеков,
Д. Кішібеков, Ж. Алтаев, А. Айталы, Ғ. Есім т.б. қазақ философиясын қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыстыра қарайды. Бұл процестер ұлттық тарихи білімнің ғылыми-теориялық мәселелерін анықтауды жеңілдетеді және болашақта тарихи білім мәселесін зерттеудегі гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың бірлігін қажетсінеді.
Төл тарихымыздың жан-жақты терең зерттелмеген дәуірлері мен кезеңдерін тарихнамалық зерттеулердің объектісіне айналдырып, бұрынғы антогонистік қарама-қайшылық, бір-біріне қарама-қарсы тұру концепциясының, «халықтар, өркениеттердің, елдердің, аймақтардың достық қарым-қатынасы» тұжырымдамасына орын беруін принципке айналдыру
ХХ ғасырдың 60-90 жылдары қазақ әдебиетіндегі ұлттық тарихи тақырып, отандық тарихи ойдың бағытына әсер етіп, оның бостандық идеясын көтеруіне мұрындық болды [11]. Бұл тұрғыда І. Есемберлиннің («Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас», «Алтын Орда»), Ш. Мұртазаның («Қызыл жебе»),
М. Мағауиннің («Аласапыран»), О. Сүлейменовтың («АЗиЯ»), Ә. Кекілбаевтың («Үркер», «Елең-алаң»), Ә. Әлімжановтың («Жаушы», «Ұстаздың оралуы», «Махамбеттің жебесі»), С. Жүнісовтың («Ақан сері»), С. Сматаевтың («Елім-ай») тарихи романдары қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ тарихының да дерегіне айналды. Сол сияқты, Б. Соқпақбаевтың, Қ. Жұмәділовтың,
Т. Тоқтаровтың, Ә. Таразидің, Т. Қаупынбаевтың, Б. Нұржекеұлының,
Ж. Тұрлыбайұлының т.б. жаңа романдары тарихи деректер негізінде жазылған.
Ұлтты сүю – ұлтшылдық емес (Бауыржан Момышұлы). Сондықтан ұлтжанды адам – өз ұлтының тегі мен тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ділін, тілі мен дінін ардақтап, өмірінің соңына дейін қастерлей білетін адам. Бұның бәрі, негізінен, адамға ұлттық тарихи білім арқылы қалыптасатын құндылық болып табылады.
Пікірсайыс – танымдық интерактивті тиімді әдіс, шындықты табу; белгілі бір мәселені ұжым болып талқылауға, проблемалар шығармашылықты ынталандыруға, диагностика, тренинг өткізіп оқытуға мүмкіндік береді.
Пікірсайыс түрлері: пікірталас, конференция, баспасөздегі, радиодағы пікірталас
Дебаттар – ереже бойынша өткізілетін интеллектуалдық ойын. Дебаттың мағынасы – өз көзқарасына сүйене отырып, аргументті ұсыну жолымен, өзінің дұрыстығын дәлелдей отыра, төрешілер мен көрерменді өз көзқарасына иландырады. Пікірсайысты аргументпен жүргізу икемділікті, логикалық ойлауды, шешендік қабілетті дамытуға, интеллектуалды даму үшін жағдай жасайды, тұлғаның белсенді азаматтық бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді [48].
Бейіндік oқыту жағдайында тарихты оқыту кезінде білім алушылар өлкетану бойынша Интернеттің білім секторында ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейте алады. Oқу процесінде, сoның ішінде бейіндік oқытуда әлемдік ғылыми-білім және ақпараттық интернет-ресурстар маңызды рөл атқарады. Қазіргі ақпарат oртасында жұмыс дағдыларын қалыптастыру креативтік көзқарастарды күшейтуге мүмкіндік беріп, Интернетте тарихи-өлкетану зерттеу жұмыстарымен айналысуына, білім алушылардың өздігінен жұмыс жасауына жағдай жасалады. Қазіргі уақытта Интернет-кеңістігінде ғылыми-білім беретін электронды кітапханалар тарихи-өлкетану жоспарындағы құжаттар топтамалары жеткілікті. Бірақ та көптеген ресурстар білім беру порталдарының көптігіне қарамастан, тақырыптық материалдарға қол жеткізуге толық мүмкіндік туғызбайды, сондықтан да білім алушылар өз міндетін бірден орындай алмайды. Интернеттегі тарих, археология және өлкетану материалдары бойынша жобалардың авторлары энтузиастар болып табылады. Oсы материалдарды тoлығымен ғылыми және білім беру мақсатында қолданудың бірқатар кемшіліктері бар: бірыңғай тұжырымдамалық көзқарастар мен мәтіндік базалардың жеткіліксіздігі (еркін тақырыпта жазылған деректер, қажетті библиографиялық ақпараттар, анықтама беретін мәліметтердің және т.б. тапшылығы).
Oсыған байланысты сабақтарда Интернеттің түрлі білім беру ресурстарын салыстыру және талдау жолымен өткен тарихты саралай отырып білім алушылармен бірге тарихшының шығармашылық моделін құрастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет