Байланысты: « о амды сананы жа ыртуды зекті м селелері»
АЛҒЫ СӨЗ Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне ширек ғасырдан асып барады. Осы уақыт аралығында еліміз әлемдік саясатта, экономикада, өзге де салаларда өзіндік орны мен айбынды күші бар мемлекетке айналды. Әлемге өзімізді танытып келеміз.
Қазіргі таңда еліміз тәуелсіздік алғалы үшінші жаңғыруды өткеру үстінде. Қазақстанның Бірінші жаңғыруы: 1991-1997 жылдарды қамиды. Бұл кезеңде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті әлем картасынан өз орнын алды. Екінші жаңғыру: 1997-2012 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданып және еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.Үшінші жаңғыру 2012 жылдан басталады. Қазіргі таңда Қазақстанның алдындағы бірден-бір мақсат- бәсекеге қабілетті, өркениетті отыз елдің қатарында болу. Асқаралы мақсатқа жету үшін «Нақты жүз қадам» Ұлттық жоспары қабылданып, оны кезең-кезеңмен жүзеге асыру барысында биыл саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алынды.
Алайда, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», деп елдің жаңа форматта дамуында рухани жаңғыруды қолға алып, оны жүзеге асырудың кезек күттірмейтін маңызды мәселе екендігі баса айтылды. Өйткені, саясат, экономика және руханият ошақтың үш тағаны сияқты біртұтас әлем. Біз Тәуелсіздік кезеңінде руханият саласында бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық - тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттелді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1917 жылдың 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың, яғни бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сияқты бағыттары мен таяу жылдардағы алты міндетті, ал 2018 жылдың 21 қарашасында «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ елінің жетістігінің жеті қыры мен тарихи сананы жаңғыртуда алты жобаның маңызын атап көрсетті. Осы бағытта мемлекеттік деңгейде келелі жұмыстар атқарылуда. Істің нәтижелі болуы үшін жастарды да етене араластыру керек. Себебі бүгінгі жас, ертеңгі елдің тұтқасы. Сол себепті ұлттық кодтан нәр алған мамандарды даярлау үшін «Қоғамдық сананы жаңғырту және оның өзекті мәселелері» атты пәнді оқу процесіне енгізу қажеттелігі туындап отыр.
Лекция тезистері жоғары оқу орнының барлық бағыттағы бакалавриат студенттеріне арналған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына және пән бойынша типтік оқу бағдарламасына, оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес жасалған.