«Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері»



бет3/18
Дата24.10.2023
өлшемі1,38 Mb.
#188127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
« о амды сананы жа ыртуды зекті м селелері»

Дәріс №1. Кіріспе
Жоспар
1. «Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері.
2. «Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері» курсын оқып-үйренудің ұстанымдары мен әдістері.
3. «Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері» курсының дереккөздері мен әдебиеттері.
Биыл Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 28-ші жыл. Осы уақыт аралығында еліміз әлемдік саясатта, экономикада, өзге де салаларда өзіндік орны мен айбынды күші бар мемлекетке айналды. Әлемге өзімізді танытып келеміз.
Қазіргі таңда еліміз тәуелсіздік алғалы үшінші жаңғыруды өткеру үстінде.Қазақстанның Бірінші жаңғыруы:1991-1997 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті әлем картасынан өз орнын алды.
Екінші жаңғыру:1997-2012 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданып және еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.
Үшінші жаңғыру 2012 жылдан басталады. Қазіргі таңда Қазақстанның алдындағы бірден-бір мақсат-бәсекеге қабілетті, өркениетті отыз елдің қатарында болу. Асқаралы мақсатқа жету үшін «Нақты жүз қадам» Ұлттық жоспары қабылданып, оны кезең-кезеңмен жүзеге асыру барысында саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.
Алайда, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «.Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», деп елдің жаңа форматта дамуында рухани жаңғыруды қолға алып, оны жүзеге асырудың кезек күттірмейтін маңызды мәселе екендігі баса айтылды. Өйткені, саясат, экономика және руханият ошақтың үш тағаны сияқты біртұтас әлем.
Біз Тәуелсіздік кезеңінде руханият саласында бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық .
2013 жылы «Халық - тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1917 жылдың 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың, яғни бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сияқты бағыттары мен таяу жылдардағы алты міндетті, ал 2018 жылдың 21 қарашасында «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ елінің жетістігінің жеті қыры мен тарихи сананы жаңғыртуда алты жобаның маңызын атап көрсетті. Осы бағытта мемлекеттік деңгейде келелі жұмыстар атқарылуда.
«Рухани жаңғыру» курсының басты мақсаты - патша және кеңестік билік кезінде дағдарысқа ұшыраған руханиятымызды қалпына келтіріп, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарында болуды мақсат тұтқан Тәуелсіз Ұлы Дала елінің рухани жаңғыруын жастар санасына сіңіру арқылы креативті тұлға қылптастыру болып табылады.
Пәнді меңгерудің мақсаты келесі оқыту нәтижелеріне қол жеткізу болып саналады:
- белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететін гуманитарлық әлеуметтік-мәдени білімдерді меңгере білу;
- елдің рухани жаңғыруы туралы тұжырымдамалар қалыптастыру;
- Ұлы Дала Елі, «Мәңгілік ел» идеясының мәнін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау;
- тарихи дереккөздермен жұмыс істеудің дағдылары мен дағдыларына сүйене отырып, проблемаға өз шешімдерін табу ниетінің дамуына ықпал ету;
- отаншыл, мемлекетшіл, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететін гуманитарлық және әлеуметтік-мәдени білімдерді игеру және тәрбиелеу.
Пәнді оқып-үйренудің міндеттері:
- Ұлы Дала еліндегі ежелгі дәуірден қазірге дейінгі ұлттық сананың сабақтастығын анықтау;
- Патша және кеңестік отарлаудың қазақтың ұлттық санасына кері әсерін айқындау;
- Қоғамдық дамудың әр кезеңіндегі ұлттық зиялылар мен саяси элитаның ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегіне баға беру,
- Тәуелсіздіктің қоғамдық сана мен ұлттық руханияттың қайта жаңғыруына әсерін жар-жақты зерделеу;
- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласындағы негізгі бағыттар мен тапсырмалар бойынша тарихи сана қалыптастыру;
- Оқып-үйреніп отырған кезеңдегі түрлі тарихи құбылыстарға өзіндік талдау және бағалау қабілеттілігін қалыптастыру;
- Қоғамдағы әрбір жастың рухани өзін-өзі тану қабілетін дамыту;
- Жастар арасында қазақстандық патриотизм сезімін дамыту.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді:
білім және түсінік:
- Ұлы Дала еліндегі ежелгі дәуірден қазірге дейінгі ұлттық сананың сабақтастығы мен эволюциясын;
- тарихи үдерістегі және қоғамдағы жеке тұлғаның рухани орны мен маңыздылығын түсіну
білім мен түсінікті қолдану:
- Қоғамдық сана мен ұлттық руханият дамуының себеп-салдарлық байланыстарын талдау дағдыларын меңгеру;
- өткеннің және қазіргі тарихи оқиғаларын байланыстыра білу
ой-сананы қалыптастыру:
- Патша және кеңестік отарлаудың қазақтың ұлттық санасына тигізген кері әсерін айқындай отырып, одан арылу жолдарын іздестіру;
- Тұрақты және дәйекті экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени үрдістерді зерделеу негізінде елдің рухани жаңғыру заңдылығын ұсыну;
-Қоғамдық сана мен ұлттық руханиятты жаңғыртуда Елбасының рөліне талдау жасау және түсіндіру;
коммуникативтік дағдылар:
-ойлау мәдениетін, жалпылама сараптау қабілетін талдауды меңгеру, ақпараттарды қабылдау, мақсаттар қою және оған жету жолдарын таңдау;
- стандартты емес жағдяттарды шеше білуге мүмкіндік;
- жалпы құзыреттілікке ие болу, ұжымда жұмыс істеу, тиімді қарым-қатынас жасау және топтарда өзара байланысу;
-тапсырманы орындау нәтижесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру.
білім алуға немесе оқу мүмкіндіктеріне дағдылар:
- жағдаяттарды өзіндік түрде шешу;
- танымдық мүмкіндіктерді дамыту;
- жаңа ақпараттарды игеру;
- талқылау дағдыларын меңгеру;
- өзіндік білім алуға ұмтылу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет