«Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері»


Дәріс №15. Рухани жаңғыру және М.Әуезов атындағы ОҚМУ келешегі



бет16/17
Дата24.04.2022
өлшемі1,38 Mb.
#140704
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
система межд отнош, Бастауыш 5, Белль (Дисней) — Википедия, 9aa3ce5a0ff87098a5a0a1515fd9eba7, 99092cd84c83abcfac06dd9f7fc25a84
Дәріс №15. Рухани жаңғыру және М.Әуезов атындағы ОҚМУ келешегі
Жоспар
1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы және Ұлы даланың жеті қыры – рухани жаңғыру жалғасы
2. М.Әуезов атындағы ОҚМУ тарихы және рухани жаңғыруды іске асырудағы орны

1.Елбасының 2018 жылғы 21 қарашада шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деп айтылған. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау, әрі дәріптеу міндетіміз. Бұл мақалада Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемдің өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту туралы айтылған.«Өз ұлтыңның мәдениетін, әдебиетін, тарихын, ұлттық құндылықтарын білу қажет» делінген. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Бұл мақаламның мақсаты жастарды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге үйретіп, оларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын білімді, өнегелі азамат болуға тәрбиелеу.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Олар:
1.Атқа міну мәдениеті
2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3.Аң стилі
4.Алтын адам
5.Түркі әлемінің бесігі
6.Ұлы Жібек жолы
7.Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны
І. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт.
Біздің жерімізден көптеген бұйымдар кезінде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын - соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан - ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет өзгерткені туралы сыр шертеді.
1. Атқа міну мәдениеті
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі "Ботай" қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі "мәдени кодының" айрықша элементі. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөліп, шалбардың алғашқы нұсқасын ойлап тапты. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Бұл жаңалық салт атты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мығым отыруына, сонымен бірге шауып бара жатып, қолындағы қаруын еш қиындықсыз және неғұрлым тиімді қолдануына мүмкіндік берді. Сарбаз бен оның мінген атын қорғауға арналған сауытты да алғаш рет біздің бабаларымыз жасаған.
Тамыры сонау Сақтардан бастау алатын Ұлы даланың рухты ұрпақтары мынау дүние ғаламда талай соғыстарды басынан өткеріп, талай қанқұйлы жаулармен текетіреске түсті. Қаншама ғасырлар өтті, қаншама ұрпақтар жаңарды, бірақ, мақсат пен мүдде өзгермеді. Ол өзгермейтін мәңгілік мүдде мен мақсат мынау ұлан-байтақ қасиетті жерді қорғау еді. Жылқыны қолға үйрету біздің жерімізден бастау алғанын әлем мойындады. Соның арқасында ауыздық, шалбар ойлап табылды. Ол заманда атқа міну қазіргі кездегі зымыранмен ғарышқа ұшқандай жаңалық еді.
Жылқы малы Қазақ халқы үшін қасиетті болған. Мінсе көлік, жесе ет, ішсе сусын, Батыр бабаларымыз ұлан-байтақ қасиетті жерімізді қорғап, сақтап бізге жеткізді. Қазақстан аумағында тау-кен ісі – металлургия қола дәуірінен бастап дамыды. Осы кездегі кен орындарының көпшілігі ерте темір ғасырында да кен өндіруді тоқтатқан жоқ. Ежелгі металлургия орталықтары Орталық және Шығыс Қазақстанда болды.
Темір өндірісі біздің заманымызға дейін жетінші ғасырда пайда болған. Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған.
Б.з.б 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу — аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы — аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді. Қар барысы-Қазақстан символдарының бірі. Көк туымыздағы Қыран құсты, елтаңбамыздағы пырақты мысал қылсақ та болады. Есік обасынан табылған алтын адам біздің елімізде мықты өнер мен мәдениет болғанының дәлелі.
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері - металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда - ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау - кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата - бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару - жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан жақсы дамығанын көрсетеді.
3. Аң стилі.
Біздің ата - бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі - "аң стилі" өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі - жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Яғни, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген.
4. Алтын адам
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық - 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында "Қазақстандық Тутанхамон" деген атқа ие болған "Алтын адам". Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады..Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән - салтанатты жасау - жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді.
5. Түркі әлемінің бесігі
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан - ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі - Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.
6. Ұлы Жібек жолы
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік "дәліздердің" пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне - Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.
7. Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың "тарихи отаны" екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән - маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы - Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма - біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Алматы қаласында апорт алмасының көптеген түрлері өсірілетіндігі белгілі.
2. М.Әуезов атындағы ОҚМУболашағы
Ұлы Отан соғысының ең бiр ауыр кезеңiнде де ел басшылығы соғыстың жеңiспен аяқталатынына кәмiл сене отырып, соғыстан кейiнгi экономиканы қайта қалпына келтiру және әрi қарай дамыту, оған қажеттi мамандар даярлау мәселесiн күн тәртiбiнен түсiрген жоқ. Осы мақсатпен Шымкент қаласында Құрылыс материалдары технологиялық институтын ұйымдастыру туралы шешiм қабылданады.
1943 жылы 19 маусымда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ КСР-інің Шымкент қаласында Құрылыс материалдарының технологиясы институтын ұйымдастыру туралы» № 679 қаулысын қабылдайды.
1943 жылы 29 маусымда Москва қаласында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің жанындағы Жоғары мекеп ісі жөніндегі Бүкілодақтық Комитеттің «Қазақ КСР - нің Шымкент қаласында Құрылыс материалдары институтын ұйымдастыру туралы» №133 бұйрығы шығады.
Институтты ұйымдастыру даму үстіндегі құрылыс материалдары өнеркәсібін инженер мамандарымен қамтамасыз етумен түсіндірілді. Өйткені, ол кезде Одақ бойынша құрылыс материалдары өнеркәсібі үшін мамандарды жалғыз Киев силикаттар технологиясы институты дайындайтын. Сонымен қатар, кейбір химия - технологиялық институттардың химия факультеттерінде құрылыс материалдары өнеркәсібі үшін өте шектеулі көлемде маман дайындайтын. Жаңадан ұйымдастырылған бұл институт Қазақстан, Орталық Азия республикаларды, Сібір және Қиыр Шығысқа құрылыс материалдары өнеркәсібін инженер кадрлармен қамтамасыз етуге міндетті болды.
Оқу орнына қаланың Совет көшесіндегі (қазіргі Қазыбек би) педучилищенің ғимараты беріліп, жаңадан ашылған оқу ордасының басшылығына Харьковтен көшіп келген К.А.Деляур бекітілді. Шындығында құрылыс өнеркәсібіне қажетті білікті мамандарды даярлаудың өзектілігін жоғары билікке дәлелді фактілермен жеткізе отырып, институттың ашылуына зор еңбек сіңірді.
Алғашқы оқу жылында институт құрамында екі факультет: технологиялық және тау-кен факультеттері және 7 кафедра болды. Институтта небары 18 оқытушы, олардың ішінде 2 профессор және 5 доцент болды
Алғашқы жылы институтта оқыған 240-қа жуық студенттердің ұлттық құрамына келер болсақ, олардың 1-і қазақ, 108-і орыс, 87-і еврей, 30-ы украин, 1-і белорус, 2-і өзбек, 1-і кәріс, 3-і татар, 2-і армян ұлтының өкілдері болатын.
Жаңадан ірге көтерген оқу орнында оқытушылардың да, студенттердің де қатарындаа жергілікті ұлт өкілдерінің қарасы аз болуының себебі, олардың негізінен Украинадан эвакуацияланғандардан құрылғандығы еді.
Институт ұжымы соғыс жылдары басқа мекемелермен бірге қорғаныс қорына заттай және ақшалай қаражат жинап аударып отырды, сондай-ақ гидростанция салу құрылысына да қатысып, колхоздарда дәнді дақыл мен мақта жинауға т.б. маусымдық жұмыстарға белсене көмектісті.
К.Деляурдан кейін институт басшылығына 1944 жылы Сафа Үмбеталин келді. Ол институттың профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға баса көңіл бөліп, «Силикаттар технологиясы» мен «Физика» лабораториясының ашылуына, институттың материалдық-техникалық базасының қалыптасуына, нақтырақ айтқанда 500 студентке арналған жатақхана ғимаратын салуға, 700 орындық оқу ғимаратының құрылысын жүргізуді қолға алды.
1948 жылы институтты инженер-технолог силикатшы мамандығы бойынша тұңғыш рет 23 түлек бітіріп шықты. 1950 жылы институтты бітірген 29 түлектің екеуі Қазақстан кәсіпорындарына, үшеуі Өзбекстан, біреуі Тәжікстан, екеуі Башқұртстанға, екеуі Арменияға, алтауы Сібірге, Екеуі Қиыр Шығысқа, біреуі Орталық Ресейге, екеуі Украинаға жіберілді. Осылайша институтты бітірген мамандар бүкіл Одақ бойынша кең сұраныс тапқандығын көреміз.
1948-1957 жылдар ішінде институтты 532 маман бітіріп шықты. 1956 институт алғаш рет «Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары» мамандығына студенттер қабылдады. 1957 жылы «Тоңазытқыш және компрессорлық қондырғылармен машиналар», «Ет және сүт өнімдерінің технологиясы», «Астық өңдеудің технологиясы және сақталуы» мамандықтары ашылды.
1957 жылы институтта Аркадий Владимирович Измаилов директор болған жылдары технологиялық және механикалық факультеттер жұмыс істеді.
Ал 1958 жылы оқу орнынның басшылығына Қ.Біләлов келді. Ол басшылық еткен аз уақыт ішінде институтта республика экономикасының дамуына аса қажетті салалар бойынша мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлініп, Қазақ технология институты болып қайта құрылған институт еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды. Институттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мол еңбек сіңіріп, оқу ғимараттар кешенін салу үшін қаржы бөлуге көп ықпал етті.
КСРО Жоғары білім министірлігінің бұйрығымен 1958 жылы Жамбыл қаласында Қазақ технологиялық институтының кешкі филиалы ашылып, ол 1959 жылы күндізгі факультет құрылды. Осының негізінде кейінірек Жамбыл жеңіл және тамақ өндірісі технологиялық институты ашылды.
1963 жылы Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министірлігінің бұйрығымен Семей қаласында Қазақ технологиялық институтының филиалы ашылып, соңынан Тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына айналды. Осылайша Шымкенттегі Қазақ технологиялық институты екі дербес жоғары оқу орнына өмірге жолдама берді, олар кейінірек ірі білім ошақтарына айналды.
1959 жылы институттың ректорлығына осы оқу орнының түлегі, 30 жастағы С.Т.Сүлейменов тағайындалды. Сұлтан Тәшірбайұлы оқу орнының материалдық-техникалық базасы мен ғылыми потенциалын өркендету жолында бар күш-жігері мен білімін жұмсады. Ол басқарған жылдар ішінде университеттің бас ғимараты мен «А», «Б» оқу корпустары, 4 бірдей студенттер жатақханасы, асхана, «Машат» шатқалындағы демалыс лагері, оқу-лабораториялық және спорт кешендері салынды. Сүлейменов басшылық еткен тұста институт құрамында 7 факультет, 33 кафедра, 304 оқытушы-профессорлар, оның ішінде 39 ғылым кандидаты мен доценттері дәріс беретін, 5 мыңға жуық студент оқитын еліміздегі ірі жоғары оқу орны ретінде белгілі болды. Институт аспирантурасын бітіргендерден 21 адам кандидаттық диссертациясын қорғап, 2082 түлек инженер мамандығын алып, халық шаруашылығының түрлі саласында жемісті еңбек етті.
1963-1964 оқу жылында студенттердің саны 4312-ге жетті, сәйкесінше қазақ студенттерінің саны 1212-ге жетті, олардың 195-і қазақ қыздары еді. Осы жылдар аралығында институт кітапханасындағы кітап қоры 7 мыңнан 111457-ге жетті.
1975-1980 жылдар аралығында оқу орнына З.Молдахметов басшылық етті. Осы кезеңде «В» оқу ғимараты тұрғызылды. Зейнолла Молдахметұлының бастамасымен 1977 жылы «Химия өндірісінің заманауи машиналары мен аппараттары» атты Бүкілодақтық 1-ші конференция өткізіліп, 1979 жылы теориялық химия бойынша бүкілодақтық мектептің негізі қаланды.
Ал осынау оқу орнына қатардағы ассистенттен оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтері баспалдақтарынан өткен Ш.М.Молдабеков 1980-1987 жылдарда басшылық жасап, осы кезеңде 2 студенттер жатақханасы, оқытушыларға арналған 2 тұрғын үй, «Машат» сауықтыру кешенінде көптеген жаңа құрылыстар бой көтерді, институт республика жоғары оқу орындары арасында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ең жақсы оқу орнына айналды.
Ғылыми зерттеу саласында да айтарлықтай үлкен табыстарға қол жеткізілді. Айталық 1980 жылы институтта 133 ғылым кандидаты болғанымен, ғылым докторлары мүлде жоқ еді. Еселі еңбектің, шынайы жанашырлықтың арқасында, айналасы 7-8 жылдың ішінде, нақтырақ айтқанда 1988 жылы ғылым кандидаттарының саны 276-ға, ғылым докторларының саны 13-ке дейін артты. Жаңа салалық және проблемалық ғылыми зертханалар, 3 ғылыми-өндірістік оқу кешені, кәсіпорындарда 7 филиалдар ұйымдастырылып, ғылыми зерттеулер өндіріспен тығыз байланыстырылды.
1988-1991 жылдары институтты М.Қ.Наурызбаев басқарған кезеңде «Г» және «Д» оқу-зертханалық ғимараттары пайдалануға берілсе, Т.Ш.Кәлменов жетекшілік еткен 1991-1997 жылдары Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орнымыз еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
Оқу орнына 1997-1998 жылдары А.И.Айнабеков ректор болған кезде коллоидтік химия, түсті металдар технологиясы, механика мамандықтары бойынша докторантура мен аспирантура ашылып, үздік студенттердің екінші курстан кейін Ресейдің оқу орындарында тегін білім алуына қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ университетте «Оңтүстік Қазақстандағы ғылым мен білім» ғылыми журналы жарық көре бастады.
1996 жылы ҚР Үкіметінің №573 қаулысымен оқу орны Қазақ химия-технологиялық университеті болып аталды, ал 1998 жылы Үкіметтің №256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің бірігуі негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті Шымкент педагогикалық мәдениет институты мен Шымкент дене тәрбиесі институтының қосылуы нәтижесінде пайда болған еді. Шымкент педагогикалық мәдениет институтын 1967-1977 жылдары С.Т.Темірбеков, 1977-1996 М.Ж.Жүнісбаев, ал Шымкент дене тәрбиесі институтын 1990-1996 жылдары М.С.Сапарбаев басқарған еді.
1996 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетіне ректор болып тағайындалған Е.Ө.Медеуов 1998 жылдан 2001 жылға дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне басшылық етті. Ол жоғары білікті кадрларды сақтап қалуға үлкен көңіл бөле отырып, оқытушыларға қосымша жалақы төлеу жүйесінің енгізілуіне мейлінше күш салды.
Университеттің жаңа серпінді даму кезеңі Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаевтың есімімен байланысты. Ол өзі басқарған 2001-2011 он жыл ішінде ОҚМУ-ды еліміздің жоғары оқу орындары көшбасшыларының біріне айналдырды. Осы кезеңде университеттің отандық жоғары оқу орындары арасында бірінші болып жеті білім бағдарламасы бойынша (кейіннен және 6) халықаралық аккредитациядан өтуі де жайдан-жай емес. Рейтинг бойынша Қазақстанның көп салалы жоғары оқу орындары арасында соңғы 5-6 жылда университет ұдайы алғашқы бестіктен көрінді, ал ұтып алынған мемлекеттік білім гранттарының саны бойынша алғашқы үштікке енді.
2012 жылдан бастап оқу орнын Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы басқарып келді. Ж.Мырхалықовтың басшылығымен ғылымды басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, орындалып жатқан ғылыми және білім беру жобалар саны 3,5 есеге артты. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған «Инновациялық Қазақстан» республикалық жастар конкурсының нәтижесі бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстан Республикасының екінші инновациялық ЖОО болып танылды.
Тарихы тереңде жатқан өңіріміздегі оқу орнына бүгінгі күнде тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Д.Қожамжарова басшылық етеді.
Университетте 2018-2019 оқу жылында 18145 бакалавриат, оның ішінде 13304 күндізгі, 4180 сырттай, 661 кешкі бөлімде білім алуда. Бакалаврлардың мемлекеттік білім гранты негізінде білім алушылар саны - 6085 студент.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде 800-ге тарта студент білім алып жатса, оның 600-ге жуығы мемлекеттік білім гранты негізінде, Дайындық курсындағы 170 тыңдаушының 143-і мемлекеттік білім гранты негізінде.
Магистратурада білім алушы 1182 магистранттың 1038-і мемлекеттік білім гранты негізінде, 133 докторанттың 106-сы мемлекеттік білім гранты негізінде білімдерін арттыруда.
Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын тиісінше өз деңгейінде жүзеге асыруға, оның студент жастар арасында мейлінше насихатталуына, БАҚ беттерінде кеңінен жариялануына баса мән беріліп отыр. Шындығында жастарымыздың ұлттық рухын көтеріп, отансүйгіштік қасиеттерін арттыратын, оларды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге сеп болатын бұл ауқымды мемлекеттік бағдарламаның берері көп. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да жетерлік. Олардың қатарында «Цифрлы Қазақстан», «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті», «Туған жер», «Жас патриот», «Алтын қор», «Геоақпараттық технология бойынша Қазақстан тарихын оқытудың мультимедиялық бағдарламасын құру», «100 жаңа есім» т.б. жобаларының қолға алынуы мен «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік орталығының ашылуын айрықша атап көрсетуге болады.Университетімізде биылғы жылы ұзын саны 9 кіші жоба жүзеге асырылса, 2018-2020 жылдарға 11 кіші жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Университетіміздің осындай биік белестерге көтерілуінде оқу орнын әр жылдары басқарған ректорлардың еңбегі ерекше екенін жоғарыда келтірілген мәліметтерден байқауға болады. Олардың өмір жолы, ғибратты ғұмыры білімді де өрелі жасқа қашанда үлгі-өнеге болары анық.
Біздің университеттен түлеп ұшып, білім көкжиегін бағындырған түлектер арасында да елімізге белгілі тұлғалар, өз саласының майталмандары аз емес. Олардың қатарындағы З.Тұрысбеков, А.Тшанов, П.Әбубәкіров, Н.Сәрсенов, С.Сейітжанов, Ж.Сұлтанов, В.Колесниченко, М.Жұрынов, Ә.Құртаев, Е.Мұсабеков, Е.Хасанғалиев, М.Жүнісова, Н.Есқалиева, Б.Саттарханов т.б. сияқты есімдері елге белгілі отандастарымыздың біздің университеттің түлектері екенін зор мақтаныш тұтамыз.
Сұрақтар:
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» (21.11.2018. ) мқаласының мақсаты
Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетіңіз
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бүгінгі жетістіктері
Әдебиеттер:
1. Аташ Б.М. Арынов Ж. М. Қазақтың салт дәстүрі мен әдет ғұрпы. Қазақ журналы №9 156, қараша 2017 ж., 34-35 бб.
2. Джекебаева М. Еркіндік пен жауапкершіліктің өзара байланысы. Монография. – Алматы, Қазақ университеті, 2015. – 176 б.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өр-кендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы // Жукешов Қ. Асанбекова Г. Адам. Қоғам. Құқық. – Алматы: Мектеп, 2005. – 204 б.
4. Әбдіқасымов Р., Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Ұлттық тәлім-тәрбие. Дайындық курсының бағдарламасы. – Ж., 1993.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет