Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет10/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Автокөлік мониторингі жүйесі (GPS)
Көліктің нақты орналасқан жерін анықтау және автокөліктің түрлі көрсеткіштері мониторингін жүзеге асыру үшін спутник навигациясын және мобильді байланысты пайдалану арқылы автокөліктің, арнаулы техниканың және басқа да жылжымалы объектілердің жұмысын қашықтықтан бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, Компанияда автокөлік мониторингі жүйесін енгізу басталды.
898 борттық терминал, 121 дабыл батырмасы, 10 дыбыстық байланыс жинағы, 5 сандық камера, 900 дана мөлшеріндегі объектіге арналған лицензиясы бар 1 бағдарламалық жасақтама орнатылды. Жеткізуші KPS (пошта маршруттарын бақылау) бағдарламалық жасақтамасын ұсынды. Осы бағдарламалық жасақтамаға барлық пошта маршруттары енгізілді. Ахуалдық орталық барлық маршруттарды қадағалау бойынша жұмыстар жүргізеді.
Қазір GPS бағдарламасын дамытуға және жетілдіруге арналған қосымша техникалық тапсырма әзірленуде. Автокөлік құралдары мониторингін жасау үшін «Тұлпар» ақпараттық-логистикалық жүйесімен интеграциялау бойынша жұмыстар атқарылатын болады, ол автокөлік құралдарының маршруттардан ауытқуы туралы автоматты режимде есеп алуға мүмкіндік береді.


Пошта байланысының мобильді бөлімшелері
Өндірістік алаңдарды оңтайландыру мақсатында, 6 ауданда Пошта байланысыныңмобильді бөлімшелерін (МПББ) сатып алу туралы шешім қабылданды:

  1. Оңтүстік Қазақстан ОФ, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылы

  2. Оңтүстік Қазақстан ОФ, Сарыағаш ауданы, Қапыланбек ауылы

  3. Алматы ОФ, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы

  4. Павлодар ОФ, Евгеньевка ауылы

  5. Қарағанды ОФ, Жезді кенті

  6. Астана поштамты, Аршалы ауылы

2016 жылы мына өңірлерге арналған 15 МПББ сатып алу жоспарда бар:

  • Маңғыстау ОФ, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы, Атамекен Қызан, Жыңғылды, Таушық, Қызылөзен, Түпқараған КПББ, Құрық

  • Оңтүстік Қазақстан ОФ, Түркістан ауданы, Түркістан қ.

  • Атырау ОФ, Ақсай ауылы

  • Алматы ОФ, Іле ауданы, Боралдай ауылы

  • Солтүстік Қазақстан ОФ, Қызылжар ауданы, Қызылжар АПББ

  • Қарағанды ОФ, Қарағанды қ., «Шахан» ПББ

«Work Flow» жобасы
Осы жоба шеңберінде 2015 жылы 1-кезеңде электронды құжат айналымы жүйесі енгізілді, соның көмегімен Компанияда ішкі хат-хабар бойынша қағаз түріндегі құжат айналымын пайдалану жойылды және жүйеленді. Сондай-ақ, әкімшілік-шаруашылық қызмет өтінімдерін өңдеу процесі автоматтандырылды.
Байланыс бөлімшесінің қабылдау терезелерінде EMS-жөнелтілімдерді қабылдау бойынша жоба сынамалы режимде іске қосылды.


Басқа жобалар
2015 жылы Компанияда қызметтердің жекелеген учаскелеріндегі қызметтің жақсаруына бағытталған түрлі инновациялық жобалар бастау алды.
monitor.kazpost.kz ішкі порталы. Компанияның ағымдағы қаржылық, пошталық және операциялық көрсеткіштеріне, ақауларға оперативті түрде әрекет етуге арналған.
«Аvon»онлайн төлемдері. Қоғам бөлімшелерінде онлайн төлемдерді қабылдау үшін «Avon» компаниясының жүйесімен интеграция жасалды.
Жылжымайтын мүлікті тіркеуге арналған баждар. «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде мемлекеттік бажды тексеру және онлайн төлемдер қабылдау сервисі бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен интеграция жасалды.
Жол жүру ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар (ЖЖЕ). «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде ЖЖЕ бұзғаны үшін төленетін айыппұлдарды тексеру және онлайн төлемдер қабылдау сервисі бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен интеграция жасалды.
FilPassport. Сайт Компания бөлімшелерінің барлық көрсеткіштері бойынша өзекті деректерді сақтаудың бірыңғай жүйесі ретінде әзірленді. Қазіргі сәтте жүйе іске қосылып, бөлімшелер деректерін табыстау үшін kazpost.kz корпоративтік сайты арқылы интеграцияланды.
Сard2cash. Компания бөлімшелерінде қолма-қол ақша беру арқылы төлем картасынан аударым жасау, пошталық және коммуналдық қызметтерді төлем карталарымен төлеу. Интернет портал және мобильді қосымша арқылы аударым жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет