Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


Агенттік қызметтердің дамуы



бет13/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Агенттік қызметтердің дамуы

Трансфер-агенттік қызметтің дамуы
Трансфер-агенттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында, құжаттарды филиал жұмыскерлерінен ОА-ға табыстау автоматтандырылды. БЖ-ға ақпарат енгізу кезінде қателіктерді жою мақсатында деректерді қосарлы түрде енгізу жүзеге асырылды. Нәтижесі: контрагент жіберген құжаттарды қабылдаудан бас тарту мөлшерін азайту.
Пайдаланушылардың іс-қимылын бақылау мен мониторинг жасауды оңтайландыру және құжаттар қозғалысын бақылау мақсатында есептер әзірленді:
«Мәртебенің өзгеруіжурналы», «Құжаттар журналы», «Құжаттарды өңдеу статистикасы» есебі аяғына дейін жасалып, «Қателіктер анықтамалығы» әзірленді.Нәтижесі: операторларжұмысы мен құжаттар қозғалысына анализ жасау мен бақылауды оңтайландыру және жеңілдету.
2015 жылдан бастап «Қазпочта» АҚ жаңа бағыт – Агенттік қызметтерді дамытуды белсенді түрде қолға алды. Қоғам көрсететін қызметтер жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады және салыстырмалы түрде төмен тарифтер бойынша көрсетіледі. Осы бағыттың негізгі мақсаты – бөлімшелердің тиімділігін арттыру бойынша шешімдерді іздеу, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар қызметтерді Бөлімшелердің тармақталған желісі арқылы ауыл халқына жеткізу.
Компания агенттік қызметтерді дамыту мақсатында, агенттік қызметтерді көрсету қажеттілігін анықтау бойынша ауыл халқынан сауалнама алды. Сауалнама нәтижесі халықтың көбі шет ұйымдардың қызметтеріне мұқтаж екендігін көрсетті. 2015 жылдан бастап мынадай жобалар іске асырылды:

  1. мезетттік лоторея билеттерін сату;

2) «Жеке тұлғаларға ұшақ билеттерін ресімдеу» қызметі (Астана, Алматы ққ.).
Сонымен қоса, агенттік қызметтерді көрсету қажеттілігін анықтау бойынша ауыл халқынан сауалнама алынды. Мезеттік лоторея билеттерін сату жобасы және жеке тұлғаларға арналған ұшақ билеттерін ресімдеу бойынша сынамалы жоба (Астана, Алматы ққ.) іске қосылды. 2015 жылдың желтоқсан айында өңірлерде «Теміржол билеттерін ресімдеу» қызметі енгізілді, ел бойынша 800 бөлімшеден, соның ішінде аудандар мен ауылдық жерлерде орналасқан 500 бөлімшеден билет алу мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, Компанияавтокөлік иелерінің мына сақтандыру компанияларындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін «Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы міндетті сақтандыру бойынша қызмет көрсете бастады: «STANDART INSURANCE» Сақтандыру компаниясы», «Казахинстрах» және «Сәлем» Сақтандыру компаниясы». Жаңа қызмет тұрғындардың автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінміндетті сақтандыру полисін алуын көздейді және бұл қызмет пошта байланысы бөлімшелерінде қолжетімді.
2015 жылы агенттік қызметтерге төмендегі тарифтер оратылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет