Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


ж. жағдай бойынша «Қазпочта» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары



бет18/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

31.12.2014 ж. жағдай бойынша «Қазпочта» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары



















Атауы

Тіркелген орны

Негізгі қызметі

Иелену үлесі

2012

2013

2014

«Электронпост.kz» ЖШС

ҚР

Полиграфия және баспа қызметі

33%

100%

100%

«Kazpost GmbH» БҚ ЖШҚ

ГФР

Пошта-логистикалық қызмет

50%

50%

50%

Есепті кезеңде ауқымдардың, құрылымның немесе меншіктің елеулі өзгерістері болған жоқ.


Басқарудың функционалдық құрылымы


ҚР заңнамасына сәйкес Компанияны басқару құрылымы мына басқару органдарынан тұрады:

  • жоғарғы орган – Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ;

  • басқару органы – Директорлар кеңесі – жалпы басшылықты және Компания қызметі мен Басқарма қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады;

  • атқарушы орган – Басқарма – Компанияның ағымдағы қызметін басқарады.

  • Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) – Компанияның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару саласында Компания қызметін жетілдіру мақсатында корпоративтік басқару және консультация беру саласындағы құжаттардың орындалуына баға береді.

Жалғыз акционердің мүдделерімен құқықтарынқамтамасыз етуге бағытталған рәсімдерді Компанияның лауазымды тұлғалары мен органдарының сақтауын, сондай-ақ Компанияның корпоративтік басқару аясындағы ережелері мен заңнама нормаларын, Жарғы ережелерін және Компанияның өзге де ішкі құжаттарын ұстануын қамтамасыз ету Корпоративтік хатшыға жүктеледі. Корпоративтік хатшы өз қызметі шеңберінде Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауды және өткізуді бақылайды, Директорлар кеңесі отырысына күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, оған қолжетімділіктібақылайды.
Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мүшелерінің нақты және дұрыс ақпаратты уақтылы алуын қамтамасыз етеді.Компания Басқармасы алқалы атқарушы орган болып табыла отырып, барлық операциялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.












"Самұрық-Қазына" АҚ









































Директорлар кеңесі
































Ішкі аудит қызметі




Басқарма




Корпоративтік хатшы аппараты



































РФ-дағы
өкілдік































Филиалдар




Еншілес тәуелді ұйымдар

























Республикалық арнаулы байланыс қызметі




Алматы почтамты




"Электронпост.kz" ЖШС (100%)























Почталық сервис




Астана почтамты




Kazpost GBMH (50%)

























Сұрыптау орталығы




Облыстық филиалдар (14)


































Ақпараттық жүйелерді пайдалану дирекциясы




Корпоративтік сату дирекциясы


































Техникалық сервис




"EMS-Kazpost" филиалы


































"Оңтүстік" ақпараттық- логистикалық орталығы



















Компания филиалдарын, еншілес ұйымдарын басқару мына процестер арқылы жүргізіледі:



  1. Компания филиалдары, еншілес ұйымдары үшін бірыңғай саясатты қалыптастыру;

  2. басшылық құрамның филиалдардың, еншілес ұйымдардың жұмыс қорытындылары туралы есептік мәжілісін өткізу;

  3. Компания Басқармасының филиалдарға, еншілес ұйымдарға деген күтілімдері туралы хаттарды дайындау және орындалуына мониторинг жасау.

Филиалдарды, еншілес ұйымдарды басқару шеңберінде нысаналы көрсеткіштерді жоспарлау, Компанияның күтілімдері туралы оларға жеткізу және ақпараттандыру, Компания филиалдары, еншілес ұйымдары қызметін бақылау мен мониторинг жасау, сондай-ақ нәтижелерін талдау жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде Компанияның меншік құрылымында айтарлықтай өзгерістер тіркелген жоқ.

    1. Реттеуші ортаны шолу

«Қазпочта» АҚ қызметін мемлекеттік реттеуді ҚР Инвестиция және даму министрлігі жүзеге асырады.Қаржылық қызметкөрсету саласын (депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу), брокерлік, дилерлік және трансфер-агенттік қызметтерді іске асыру саласын ҚР Ұлттық Банкі реттейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының (20.10.2015 жылғы № 413-ОД) бұйрығына сәйкес Компания Пошта байланысы әмбебап қызметтері бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің Республикалық бөлімінен шығарылды.
Аталған бұйрыққа сәйкес Компания бір мезгілде Қазақстан Республикасы қызмет түрі бойынша Үстем немесе монополиялық жағдайға ие Нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілді: Қазақстан Республикасының географиялық шекарасында көрсететін пошта байланысы әмбебап қызметтері 35%-дан жоғары.
Осыған орай, Қоғам реттелетін нарық субъектілеріне жатқызылады және табиғи монополия субъектісі болып табылмайды.
Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық туралы заңның 7-3-баптарына сәйкес Компания реттелетін нарық субъектілеріне орнатылған міндеттемелерді орындауға міндетті. табиғи монополия субъектілері қызметіне тыйым салу және шектеуге қатыстыМонополиялар туралы заңның 5-бабында орнатылған басқа қызметтерге қатысты талаптар Компанияға қатысты қолданылмайды.
Сондай-ақ, Компания жазылым бойыншамерзімді баспасөз басылымдарын тарату және Қазақстан Республикасы географиялық шекарасында жиынтық үстем үлесі 35%-дан астам тапсырыс хаттарды жіберу қызметтері бойынша реттелетін нарық субъектісі болып табылады.
ҚР заңнамасына енгізіліген өзгерістерге сәйкес қазіргі таңда Компания Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілуіне себепші болған елді мекендерде жүргізілетін кассалық операциялар қызметі реттелетін нарық саласына жатқызылмайды.


Лицензиялар
Компания қызметі мына лицензиялармен регламенттеледі:

  • номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік-дилерлік қызметпен айналысуға арналғанлицензия (ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі берген, 03.02.2004жылғы № 0401200704);

  • депозиттерді қабылдау бойынша, банктік операцияларды ұлттық және шетел валютасында жүргізуге, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензия (ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі берген, 24.02.2006 жылғы № 14);

  • трансфер-агенттікқызметпен айналысуға арналған лицензия (ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі берген, 12.05.2006 жылғы № 001);

  • есірткі заттарының айналымына байланысты қызметпен айналысуға арналған мемлекеттік лицензия (ҚР ІІМ Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті берген, 28.01.2011 жылғы сериясы NS №1/11);

  • прекурсорлық, психотроптық заттардың айналымына байланысты қызметке арналған мемлекеттік лицензия.


    1. Көлік

Автокөлік құралдарының, пошта вагондары мен пошта жабдығының паркі

Автомобиль көлігінің магистралды бағдарларымен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау 6 пошта бағдары бойынша жүргізіледі. облысішілік және ауданішілік бағыттар бойынша пошта жөнелтілімдерін тасымалдау 1 835 автомобиль көлігімен жүзеге асырылады.Компания көлік құралдары паркінің саны мен сапасын бірте-бірте өсіріп отыруға ұмтылады.


Өткен кезеңмен салыстырғанда автокөлік құралдарының тозу пайызы 57%-дан 50%-ға дейін төмендетілді. 2015 жылы 298 бірлік көлік құралдары сатып алынды. Пошта вагондарын міндетті жөндеу жұмыстарының мына түрлері жүргізілді: күрделі жөндеу (КЖ-1), деполық жөндеу, (ТҚ 3) көлемінде техникалық қызмет көрсету, қос доңғалақты зауыттық жөндеу, аккумулятор батареяларын ауыстыру, (ТҚ 1) көлемінде техникалық қызмет көрсету.
Поштаны тасымалдау және бақылау мерзімдері

Қазіргі таңда теміржол көлігі ҚР магистральдық бағыттары бойынша пошта жөнелтілімдерін тасымалдаудың басты құралы болып табылады. Компанияның пошта вагондарының паркі 37 бірлікті құрайды, ал бағыттар бойынша 14 бірлік іске қосылған. Осы вагондар Астана, Алматы қаласы және барлық облыс орталығы арасында үздіксіз күнделікті байланысты қамтамасызетеді.


Ұзақ жылдар бойы хат-хабарлардың жүріп өтуі және мерзімді басылымдарды жеткізу мерзімдерін қысқарту үшін пошта жөнелтілімдерін 73 авиа бағыт бойынша әуе көлігімен тасымалдау қамтамасыз етіліп келеді.
Пошта жөнелтілімдерінің: жазбаша хат-хабар, посылкалық пошта жүріп өту сапасының белгіленген нормативтерін орындау қамтамасыз етілді.
Почта тасымалының жиілігі бойынша белгіленген норматив кезінде орындау:

  • магистральдық бағыттарда (облыс орталықтары арасында) – күнделікті норматив кезінде 100%;

  • облысішілік бағыттарда (облыс орталығынан АПБТ дейін) норматив аптасына 4 рет кезде 100%;

  • ауданішілік бағыттарда (аудан орталығынан АПББ дейін) –норматив аптасына 2 рет кезде 100% құрады.

01.01.2016 ж. Жағдай бойынша почтаны тасымалдаудың орташа жиілігі Компания бойынша:

  • облысішілік бағыттарда (облыс орталығынан АПБТ дейін) – аптасына 5,5 рет;

  • ауданішілік бағыттарда (аудан орталығынан АПББ дейін) – аптасына 3,5 рет;

  • жоғарыда аталған іс-шаралардан басқа Компания мыналарды қосқанда, басқа да іс-шараларды орындады:

      • почтаның жүріп өту мерзімдері қайта қаралды, соның ішінде халықаралық та.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша, жүріп өту мерзімдері қысқартылды және Алматы қаласынан жіберілген жазбаша хат-хабарды жеткізу мерзімдері белгіленді:

  • К+1 –Астана, Талдықорған қаласы үшін;

  • К+2 – Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Тараз, Шымкент қаласы үшін;

  • бағыттарды өзгерту есебінен 12,3% ауылдық бөлімше үшін мерзімді баспа басылымдарын жеткізудің ең жоғарғы мерзімі «Күн+8» мерзімінен «Күн+3» мерзіміне дейін қысқартылды. 2015 жылдың сәуірінен бастап жазбаша хат-хабар мен мерзімді баспасөз басылымдары батыстағы және солтүстіктегі облыстарға қысқа мерзімде жеткізілуі үшін Қандыағаш, Тобыл, Мақат магистралды маршруттарында тораптық айырбастау пунктілері құрылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет