Магистральдық тасымалдар
Бағыттардың жалпы саны 4% артып, 1835 бағытты құрады. Пошта жөнелтілімдерінің жүріп өтуін бақылау мерзімдерін сақтау үшін 2015 жылы магистральдық теміржол және автомобиль бағыттарын оңтайландыру және жаңа бағыттар ашу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Теміржол бағыты
№57/58 пойыз құрамындағы пошта вагондарының қатынау жиілігі аптасына екі реттен Астана қаласынан жұп күндері «күнара» қатынау жиілігіне ауыстырылды. Сонымен қатар, 45/46 пойыз құрамындағы пошта вагондарының қатынау схемасына өзгерістер енгізіліп, пошта вагондарының күнара (Алматыдан тақ күндері жүреді) Астана қ. тіркеусіз Павлодарға қатынауы қамтамасыз етілді.
Алматыдан жүретін №15 «Алматы-Петропавл» жолаушылар пойызының қатынау кестесінің жұп күндерінен тақ күндерге өзгертілуіне байланысты 45/46 «Алматы-Астана-Алматы» пойызымен (тақ күндері жүретін) сәйкес келіп қалғандықтан, пошта тасымалдау жиілігін сақтау үшін «Алматы-Астана-Алматы»бағыты жұп күндері жүреді.
Пошта тасымалдауға артық шығын жұмсалғандықтан, №327/328 «Астана-Қостанай-Астана» пойызы құрамындағы пошта вагонының қатынау жиілігі қысқартылып, Астанадан күнара тақ күндер бойынша жөнелтілу кестесі орнатылды.
Қыс мезгіліндегі ауа райы жағдайларына байланысты № 674/673 «Астана-Павлодар-Астана», 32/31 «Алматы-Павлодар-Алматы», №3/4«Алматы-Астана-Алматы» пойыздарының құрамындағы пошта пойызының қатынауы жаңғыртылды.
Астана қаласынан жөнелтілетін №57/58 пойыз құрамындағы пошта вагондарының қатынау жиілігі аптасына екі реттен жұп күндері «күнара» қатынау жиілігіне ұлғайтылды.
45/46 пойыз құрамындағыпошта вагонының қатынау схемасына өзгеріс енгізіліп, пошта вагондарының күнара (Алматыдан тақ күндері жүреді) Астана қ. тіркеусіз Павлодарға қатынауы қамтамасыз етілді.
Алматыдан жүретін №15 «Алматы-Петропавл» жолаушылар тасымалы пойызының қатынау кестесінің жұп күндерінен тақ күндерге өзгертілуіне байланысты «Алматы-Қарағанды-Астана» пойызымен (тақ күндері жүретін) сәйкес келіп қалғандықтан, пошта тасымалдау жиілігін сақтау үшін «Алматы-Астана-Алматы»автокөліктің Алматыдан жүру бағыты тақ күндерінен жұп күндеріне ауыстырылды.
Пошта тасымалдауға артық шығын жұмсалғандықтан, тақ күндері Қарағанды арқылы өтетін«Алматы-Астана»пошта бағыты іске қосылды.
Автокөлік бағыты
2015 жылы пошта жөнелтілімдерін уақтылы жеткізу мақсатында, Компания мына пошта бағыттарын іске қосты:
күнара Қарағанды қ. арқылы өтетін Алматы-Астана бағыты;
Талдықорған, Таскескен, Аягөз, Қалбатау арқылы өтетін Алматы-Өскемен бағыты;
Күнара жиілікте Екібастұз, Павлодар, Семей арқылы өтетін Қарағанды-Өскемен бағыты.
Қарағанды, Астана, Көкшетау ққ. арықлы өтетінАлматы-Петропавл бағыты.
2014 - 2015 жж. бағыттардың ұзақтығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағыт атауы
|
Бір күндегі бағыт-тардың жалпы саны
|
Жалдамалы және ведомствалық көлікпен қызмет көрсетілетіндер
|
Жалпы ұзақ-тығы (күніне мың км)
|
Жалдамалы және ведомствалық көлікпен қызмет көрсетілетіндер(мың км)
|
2014
|
2015
|
2014
|
2015
|
2014
|
2015
|
2014
|
2015
|
2014
|
2015
|
2014
|
2015
|
Жалд.
|
Ведом.
|
|
|
Жалд.
|
Ведом.
|
Қалалық
|
176
|
197
|
4
|
0
|
172
|
197
|
25
|
22
|
0
|
0
|
25
|
22
|
Облыс ішілік
|
134
|
173
|
29
|
45
|
105
|
128
|
59
|
61
|
13
|
14
|
46
|
47
|
Аудан ішілік
|
1453
|
1465
|
562
|
544
|
891
|
921
|
326
|
247
|
59
|
55
|
267
|
192
|
Барлығы:
|
1763
|
1835
|
595
|
589
|
1168
|
1246
|
410
|
330
|
72
|
69
|
338
|
261
|
Жанармайдың балама түрі
Шығыстарды оңтайландыру мен Компания қызметінің экологиялық құрамдас бөлігін арттыру бойынша шаралардың бірі автокөлік құралдарын жанармайдың балама түрі – табиғи газға ауыстыру болып табылады.
2015 жылы Компанияавтокөлік құралдарының 320 бірлігіне газ баллоны құрылғысын орнатуды аяқтады. Қазіргі таңда жабдықтардың бұл түрі жүргізіп жаттықтыру жұмыстарынан өтті. Автокөлік учаскелерінің жүргізушілері мен механиктері газ баллоны құрылғысын қолдану ерекшеліктерімен іс жүзінде танысты.
Нәтижесінде 2015 жылғы автокөлікке газ баллоны құрылғысын қолданудағы үнемділік 67,2 млн. теңгені құрады. Үнемделген сомаға қосымша 204 бірл. газ баллоны жабдығын сатып алуға мүмкіндік туды. Газ баллоны құрылғысы орнатылған автокөліктердің жалпы саны 524 бірлікті құрайды.
Қауіпсіздік
Компанияда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің негізгі қағидаттары: ҚР заңнамасының талаптарын сақтау, клиенттердің сеніміне кіру, Компанияның ақпараттық активтерінің құпиялылығын, қолжетімділігін және тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.
Кез келген құқық бұзушылық фактілері бойынша тиісті іс-шаралар уақтылы өткізіледі. Қоғамда мақсаттты топтар белгіленген және сол топтарға қатысты жұмыстар жүргізіледі. Әрбір құқық бұзушылық фактісі талданады, олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыс орнатылып, Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ, болған фактілермен танысу үшін және оларды болдырмау үшін тиісті шаралар қолдану үшін облыстық филиалдарға оларды жою туралы ұсынысы бар директивті хаттар жіберіледі.
Сонымен қатар, мынадай профилактикалық сипаттағы ұсыныстар енгізіледі:
ақша сомаларының ұрлануына және пошта жөнелтілімдерін жоғалуына мүмкіндік тудыратын жағдайлар мен себептерді жою бойынша қажетті ықпалды шаралар әзірлеу;
ұрлық жағдайларын азайту және жою мақсатында, қаржылық және шаруашылық тәртіптің нығаюуын қамтамасыз ету;
материалды құндылықтарға қатысты жұмысқа кадрларды іріктеу кезінде, бос орындарға үміткерлерді тексеруді сапалы жүргізу, біліктілік талаптарына сәйкестігі не болмаса қызметке қабылдау/тағайындау және құқықтық негіз бойынша ауысу жөнінде әділ тұжырым жасау, сондай-ақ, ары қарай қызметкер біліктілігін арттыру мақсатында, кәсіптік оқытуды ұйымдастыру
ақша қаражатының, материалдық құндылықтардың сақталуы жөніндегі мәселелерді жүйелі түрде қарастыру;
ҚР Ұлттық банкінің талаптарына сәйкес Қоғам объектілерінің күзет-өрт хабарлағышы құралдарымен ақша сақтау орнының жабдықталу және техникалық жағынан нығайтылу талаптарының орындалуына тексеріс жүргізу.
Пошта жөнелтілімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге, пошта жөнелтілімдерінде тыйым салынған заттардың жіберілуіне жол бермеуге бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалаларында қопарғыш құрылғыларды имитациялайтын бандерольдер мен сәлемдемелерді бақылау жөнелітілімі жүзеге асырылды. Бейресми жүктерді алып өту, еңбек тәтібін бұзу фактілері анықталды. Жұмыскерлер жауапқа тартылды.
35 пошта вагоны бейне бақылау құрылғыларымен жабдықталды. Әр пошта вагонында 6 бейнекамера, қатқыл дискісі бар бейнекамералардан жазып алуға арналған блок орнатылды. «Оңтүстік» ИЛО-ның тұйықталған жерінің перронына екі антенна орнатылды. Пошта вагондарындағы жүргізілген бейнебақылау бойынша ақпарат жинауға және сол ақпаратты Астана қ. Ахуалдық орталыққа жіберуге арналған сервер орнатылды. Пошта жөнелтілімдерінде жіберуге тыйым салынған заттарды жіберу бойынша талдау жүргізіліп, Компания басшылығына есепті ақпарат табысталды.
«Оңтүстік» АЛО-да Терроризмге қарсы күрес мамандарын дайындау орталығы жұмыскерлері «Терроризм және оның көрінісі» атты оқыту жұмыстары өткізді. ҚХР-дағы теракт туралы фильм көрсетілді (пошта бөлімшелері арқылы таратылған 17 сәлемдеменің жарылуы).
Алматы қ. бойынша мемлекеттік кірістер депратаментінің кинологтарымен бірлесе отырып, кедендік бақылау аймағында қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы есірткі заттарын табу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қоғам ҚР Бас прокуратурасы жанындағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті жәнеқылмысқа қарсы күрестіқамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің бес жиналысына қатысты.
Алматы қ. Дін істері жөніндегі басқармасының шаруашылық басқару құқығындағы «Зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік коммуналды кәсіпорны «Оңтүстік» АЛО-да «дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясындағы экстермизммен және терроризммен күрес» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Авиациялық оқу орталығы базасында пошта жөнелтілімдерін қабылдауға, өңдеуге, тексеруге қатысатын Алматы қ. «Оңтүстік» АЛО жұмыскерлерін «Рентген-телевизиялық қондырғылар операторлары» курсы бойынша оқыту жүргізілді, «авиациялық қауіпсіздік жөніндегі маман» сертификаты берілді.
2015 жылғы 12 ай ішінде Компания бойынша 300-ден астам заңнан тыс әрекеттер жасалды, олардың жартысынан көбі – ұрлық. Ақша қаражатының негізгі бөлігі кассадан және зейнетақы, жәрдемақы мен жалақы алушылардың шоттарынан қолма-қол ақша түрінде, шығыс құжаттарына клиенттің жалған қолын қою жолымен ұрланды.
Компаниядағы осындай жағдайлардың алдын алу үшін алаяқтыққа қарсы қимыл жасауға бағытталған жобалар енгізілуде, осы жобалар жоғарыдағы 3-бөлімде келтірілді.
Ресімделмеген жүктерді, бөгде тұлғаларды және тыйым салынған заттардыалып өткізуге тексеріс жүргізілді. Анықталған тәртіп бұзушылықтар бойынша Компания жұмыскерлері жауапқа тартылды: еңбек шарттары бұзылды, тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 1 млн. теңгеден астам ақша қайтарылды.
Кері байланыс
Компаниянның корпоративтік сайтында тиісті бөлім («Көмек») қызмет атқарады. Бұл бөлім мынадай бөлімшелерден тұрады:
сапаны бақылау және клиенттерді қолдау қызметі;
көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға қатысу;
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің жедел желісі.
Осы интернет-алаңдарға Компания қызметкерлері мен жұмыскерлерінің жолданымдары келіп түседі, солар арқылы қызметтік тексерістер жүргізіліп, нәтижесі бойынша авторларға жауап жіберіледі, клиенттер жұмыс сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарымен және идеяларымен бөліседі.
Сайтқа кірушілер: почта жөнелтілімдерін (халықаралық, ішкі) іздеу, қаржылық қызметтер, карточка бизнесі, баспа басылымдарын жеткізу мерзімі, почта жөнелтілімдерін қадағалау жүйесінің қанағаттанарлықсыз жұмысы, почта байланысы бөлімшелерінің жұмыс графигі, сұрыптау орталығында почта жөнелтілімдерінің өңдеуден өту мерзімі және т.с.с. мәселелер жөнінде «Кері байланыс» парақшасында өтініш білдіреді.
Имидждік және ақпараттық саясат
Компания ақпарат ашықтығы және айқындылығы бойынша жұмыстардың тиімділігін жыл сайын арттырып отырады. Көпшіліктің танысуына арналған ақпарат мониторингі жүргізіліп, мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ішкі нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленуде.
Ақпарат айқындылығы процесі «Қазпочта» АҚ Жарғысымен, Компанияның мүдделі тараптарына көпшілікке қолжетімді ақпаратты ұсыну мерзімі мен тізімін регламенттейтін ақпаратты ашу туралы ережемен регламенттеледі.
Есепті кезеңдегі Компания қызметі туралы қаржылық және қаржылық емес ақпарат қажетті көлемде Компанияның корпоративтік сайтында, ҚР Қаржы министрлігі депозитраийінде орналастырылады.
Компания есептілік нысаны, органдар, лауазымды тұлғалар мен ақпаратты ашуға және ұсынуға жауапты функционалды бөлімшелер, сонымен қатар, олардың ақпаратты ашу процесі аясындағы функциялары мен міндеттері айқындалған құрылымдалған ақпаратты ашу процесін қамтамасыз етуге қажетті регламенттерді (Жылдық есепке ақпарат дайындау және ашу регламенті, Компания сайтында ақпаратты орналастыру регламенті) бекітті.
«Қазпочта» АҚ қаржылық есептілігін жариялау 2012 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Акционерлік қоғамдар мен қаржылық ұйымдардың қаржылық есептілікті жариялау Ережелерін бекіту туралы»№ 282 Қаулысымен регламенттеледі.
Компания қаржылық есептілікке түсініктемеде байланыстырылған компаниялармен жасасқан операциялар туралы ақпаратты ашады. Сондай-ақ, акционерлік қоғам туралы ҚР заңнамасында айқындалған мүдделілік мәмілелері көпшілікке жария етіледі.
2015 жылы БАҚ-та «Қазпочта» АҚ қызметі туралы ақпараттық материалдар рекордты мөлшерде– 4346 материал жарияланды(2014 жылғымен салыстырғанда 2,6-ға көп). БАҚ-та аталып өту үндестілігіне байланысты бейтарап материалдар – 70.2%, жағымдысы – 27.8%, жағымсызы2%-ды құрайды. Осылайша, БАҚ-та позитивті үндестіктегі материалдар 2014 жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп жарияланды. Сондай-ақ, 2014 жылмен салыстырғанда «Қазпочта» АҚ брендінің Республикалық БАҚ-та жағымды жағынан аталуы 254%-ға, ал клиенттер ниеттестігі коэффициенті 61,5%-ға өсті (-28,5%-дан +33%-ға дейін). Жариялау математикасы бойынша Компанияның негізгі қызметі (қызметтер портфелінің кеңеюі, процестерді автоматтандыру, мобильді қосымшалар жасау, халықты ақпараттандыру, халыққа қызмет көрсететін мемлекеттік орнгандармен өзара ынтымақтастық жасау, пошта жөнелтілімдерінің ауқымды трекингі, компания жетістіктері, корпоративтік) үздік атанып отыр.
Компания ел экономикасы секторының бір бөлігі болып табылады жәнереспубликалық және өңірлік БАҚ назарынан тыс қалмайтын мемлекеттік бағдарламаларға (ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, Жол картасы, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы, ҚР Ұлттық банкімен және ЗТМО-мен өзара ынтымақтастық жасау, Бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру, тегін көпшілікке қолжетімді post.kz электронды поштасын құру, Компания мен «ҚР Ұлттық ақпараттық технологиялары» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы, Мүлікті жария ету бағдарламасы, шалғайдағы ауылдардардың ХҚКО қызметттерін алу мүмкіндігі) қатысады.
Компанияның әлеуметтік бағыты ҚР БАҚ-та мынадай мәселелер бойынша жиі аталады: ХҚКО арқылы клиенттерге қызмет көрсету;әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттар қабылдау; клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа стандарттары; «Қазпочта» АҚ өңірлік филиалдарының қызметі;жетекші сауда алаңдарымен, интернет-дүкендермен ынтымақтастық; зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді жеткізу; ауыл тұрғындарының ауылдық пошта байланысы бөлімшелері арқылы интернетке кіруі; мерзімді баспасөз басылымдарын жеткізу.
Компания қызметтері жөніндегі ақпараттық материалдар интернет басылымдарда жиі жарияланады (сұхбат, мақала, жаңалықтар, байқаулар, әлеуметтік, қайырымдылық акциялары).
«Қазпочта» АҚқызметі туралы бейнесюжеттер республикалық және өңірлік ТВ-ларда көрсетіледі. Орыс тілінде шығарылатын материалдар басымдылыққа ие, алайда, алда олардың мемлекеттік тілдегі санын арттыру жоспарланып отыр.
Компанияда коммуникацияның тиімді арналары құрылып, қаржы құюды талап етпейтін БАҚ-тағы ақпараттық материалдардың тақырыбы ойластырылғандықтан, топ-менеджмент БАҚ-та үнемі аталып өтеді. Компания 2015 жылы республикалық және өңірлік БАҚ-тарда бірде-бір ақылы материал жариялаған жоқ.
Компания ресми аккаунты бар әлеуметтік желілерде белсенді түрде таныстырылады. Контент күн сайын жаңарып тұрады, әлеуметтік медианы пайдаланушылармен және клиенттермен үнемі жұмыс жүргізіледі. Компанияның әлеуметтік аккаунттарына жазылушылардың жалпы саны 15 мыңнан астам адамды құрайды.
Филателия
Қазақстан Үкіметінің 21.11.2014 жылғы № 1223 Қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізубойынша Ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау үшін:
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбына арналған «Еске алу және мерейтой күндері» сериясындағы бір маркалы пошта блогы (2015 жылғы17 маусымдағы№ 161 бұйрығы);
«Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» тақырыбына арналған «Еске алу және мерейтой күндері» сериясындағы пошта маркасы (2015 жылғы 24 тамыздағы ҚР ИДМ БААК № 218 бұйрығы)шығарылды.
31.12.2014 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 қаулысымен бекітілген 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына дайындық жасау және өткізу мақсатында, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркасы шығарылды.
Пошта маркасы, тақырыптық буклет және 2015 жылы 29 мамырда Ақмола облысының Бурабай кентінде ЕЭО мүше елдердің Үкімет Басшыларының қатысуымен өткізілген ЕЭО үкіметаралық отырысына орай Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше елдердің пошта маркаларына белгі соғуға арналған арнайы белгі соғу штемпелі шығарылды. ЕЭО-ға арналған тақырыптық буклеттер 105 дана көлемінде Еуразиялық экономикалық комиссия мекенжайына жіберілді.
Ынтымақтастықты және ҚР-дың шетел пошта әкімшіліктерімен интеграциясын нығайту мақсатында, 2015 жылы Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесе отырып ПТМБ шығару туралымеморандум бекітілді әрі Қазақстан Республикасы мен БАӘ мемлекеті бірлесе келе пошта маркаларын шығаруды іске асырды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша 2015 жылы жаңа «Мәңгілік ел» және «Ұлы дала елі» серияларындағы ПТМБ шығарылды:
«Менің Қазақстаным. Ақтөбе облысы» тақырыбына арналған «Ұлы дала елі» сериясының блогы;
««Мәңгілік ел» сериясы ПТМБ:
«Наурыз құтты болсын!» тақырыбына арналған пошта маркасы;
«Астана ЭКСПО-2017» тақырыбына арналған «ЭКСПО-2017» сериясындағы пошта маркасы;
«Астаналар сәулетінің ескерткіштері» тақырыбына арналған «Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық» сериясындағы пошта маркалары;
«Спорт аңыздары. Қажымұқан Мұңайтпасов» тақырыбына арналған «Мәңгілік ел» сериясының пошта маркалары.
2015 жылы ПТМБ-ны пошта айналымына енгізу бойынша мынадай іс-шарлар жүргізілді.
2015 жылдың мамыр айында Астана қ. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған пошта блогына белгі соғу салтанаты жүргізілді. БСӨЫ БӘ-ге 50 жинақ көлеміндегі филателиялық өнімі бар флилателиялық өнім жіберілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу бойынша Ұлттық іс-шаралар жоспарын орындау үшін:
- Астана қ. филателистерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған пошта блогы;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И. Роговтың, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, депутаттардың, филателистер мен БАҚ-тың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған пошта маркасы айналымға енгізілді.
Астана қ. әкімінің орынбасары Н. Әлиевтің, БАӘ делегацияларының, инвестициялық форумға қатысушылар мен БАҚ-тың қатысуымен өткен «Astana Invest 2015» Халықаралық инвестициялық форумы аясында екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға арналғанҚазақстан Республикасы мен БАӘ бірлесуімен пошта маркаларыайналымға енгізілді.
ҚР ИДМ Аэроғарыш Комитетінің Төрағасы Т.А. Мұсабаев пен А.А. Айымбетовтің, филателистер мен БАҚ-тың қатысуымен «Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ғарышта» тақырыбына арналған «Ғарыш» сериясындағы пошта маркасы айналымға енгізілді.
«Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ Төрағасының ОрынбасарыЕ. Шормановтың, филателистер мен БАҚ-тың қатысуымен «Астана ЭКСПО-2017» тақырыбына арналған«ЭКСПО-2017» сериясындағы пошта маркаларыайналымға енгізілді.
Алғаш рет УК-лактау технологиясын қолдану арқылы «Наурыз» сериясындағы пошта маркасын шығару жүзеге асырылды.
Осы жылы Қазақстан Республикасы пошта маркаларын экспозициялары ұйымдастырылып, жүргізілді:
1. ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған пошта маркаларының экспозицисы ұйымдастырылды (Минск қ., Беларусь)
2. «Белфила - 2015» көрмесіне арналған Қазақстан Республикасы пошта маркаларының экспозициясы ұйымдастырылды. Көрсетілген коллекция үшін алтын медаль табысталды.
3. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы мен пошта маркалары көрмесіне арналған Қазақстан Республикасы пошта маркаларының экспозициясы ұйымдастырылды (Мәскеу қ.). Көрмеге қатысқаны үшін алғыс хат берілді.
4. Тұңғыш Президент күнін тойлау құрметіне Астана қ. «Сарыарқа» ОСО-да ПТМБ-ның апталық экспозициясы өткізілді.
Мүдделі тараптармен өзара әрекеттестік
Компания мүдделі тараптармен өзара әрекеттестік мәселелері көзделген «Қазпочта» АҚ мүдделі тараптарын бағалау әдістемесін және картасын (Әдістеме) бекітті.
Барлық мүдделі тараппен тиімді әрекеттестік тұрақты даму шарттарының бірі болып табылады. Негіз болатын корпоративтік құндылықтар мүдделі тұлғалар мен тұтастай Компанияға оның қызметкерлерінің парасаттылығы, сенімділігі және кәсібилігі болып табылады.
Әдістемеде Компания өзара әрекеттестік жасайтын барлық мүдделі тараптар көрсетілді, өзара әрекеттестік деңгейлері, әр мүдделі тараптың қолдау/қарсы әрекетінің күші бағаланды.
Компанияның мүдделі тараптары тобы ішкі және сыртқы болып бөлінеді:
1) ішкі – Жалғыз акционер; Директорлар кеңесі; Басқарма; Компания персоналы; еншілес және тәуелді ұйымдар «Электронпост.(КЗ)» БК» ЖШС, (Қазақстан), Kazpost GmbH (Гамбург, Германия).
2) сыртқы – мемлекеттік органдар; қаржы мекемелері (кредиторлар); серіктестер;халықаралық ұйымдар; бәсекелестер; жеткізушілер; қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдар; бұқаралық ақпарат құралдары; клиенттер; кәсіподақ.
Мүдделі тараптарды анықтаукритерийлеріоларға Компанияның және олардың компанияға ықпал етуіне қарай: Компанияның стратегиялық басымдықтары, ақпараттың ашықтығы мен оны ашу, салалық даму бағдарламалары, әлеуметтік сауалдар, мүдделі тараптардың бастамалары мен ұсыныстары және т.б. болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |