Халықаралық ынтымақтастық «Қазпочта» АҚ Дүниежүзілік почта одағының (ДПО), Posteurop Еуропа мемлекеттік почта операторлары қауымдастығының, Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың (БӨЫ) мүшесі болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстанның ұлттық почта операторы шетелдік почта әкімшіліктерімен (ШПӘ) екіжақты форматта ынтамақтастықты дамытуда. 2014 жылы «Қазпочта» АҚ қызметкерлері Ресейден, Латвия, Литва, БАӘ, Жапония, Қытай, Түркия, Индонезия, Гонконгтен келген шетелдік серіктестермен кездесу өткізді.
Дүниежүзілік пошта одағы «Қазпочта» АҚ жұмыскерлері Поштаны пайдалану кеңесі мен Дүниежүзілік пошта одағының Әкімшілік кеңесінің көктемгі және күзгі сессияларына қатысыты. Отырыс барысында талқыланған негізгі мәселелердің дені 2016 жылы қыркүйекке жоспарланған 26-Конгреске дайындық, сондай-ақ, одақты реформалау жөніндегі ұсыныстар болды.
Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық «Қазпочта» АҚ-ның БӨЫ жұмысындағы белсенді ұстанымы Ынтымақтастыққа қатысушы елдермен тұрақты үйлестікті, озық тәжірибемен алмасуды, ақпараттық-коммуникациялық және почталық технологияларды біріздендіру бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз етеді.Сондай-ақ, тараптар БӨЫ мүше-елдер арасында почтамен алмасу қауіпсіздігін арттыру жұмысын бірлесіп істейді, ортақ күш-жігермен басқа халықаралық ұйымдарда бірыңғай ұстанымды қалыптастырады.
2015 жылғы 2 сәуірде Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) пошта байланысы жөніндегі БСӨЫ комиссиясы мен БСӨЫ пошта байланысы операторларының кеңесінің бірлескен 39/28-отырысы өтті. Отырысқа БСӨЫ 6 байланыс әкімшілігінің өкілдері, соның ішінде Қазақстан, БСӨЫ Атқарушы Комитеті және ДПО ХБ,қатысты.
Отырыста Дүниежүзілік пошта одағының (ДПО)25-конгресі шешімдерінің жүзеге асырылу барысы, ДПО болашақ стратегиялары жөніндегі Өңірлік дөңгелек үстел және ДПО стратегиялық конференциясын өткізуге дайындық барысы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, БСОЫ Байланыс әкімшілігінің 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне 70 жылтолуын мерекелеуге дайындық жасау мәселелері қарастырылды, маркетинг саласындағы және электронды, пошталық, қаржылық, коммерциялық қызметтер жарнамасы, сонымен қатар, электронды үкімет аясында іс-шаралар өткізу тәжірибесімен алмасты. БСӨЫ пошта байланысы мамандарына арналған өңірлік оқу орталығын ашу мәселесі талқыға түсті.
2015 жылы 18 маусымда Минск қ. (Беларусь Республикасы) Компания делегациясы ДПО Халықаралық бюросының БСӨЫ Атқару комитеті және Беларусь Байланыс әкімшілігімен бірлесе отырып ұйымдастырған Еуропа және ТМД елдеріне арналған пошталық сектор реформасы жөніндегі Өңірлік конференцияға қатысты.
Конференцияның мақсаты – поштаны дамыту және реформалаудың кешенді жоспары әдіснамасын талқылау. ДПО пошта реформасының әдіснамасы, әмбебап пошта қызметтері мен пошта секторын реттеуді анықтау маңыздылығының негізгі бағыттары қарастырылды. Қатысушылар өңірлік деңгейдегі ұсынылған пошта секторы реформаларының негізгі кезеңдерінің және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі пошта секторына арналған еуропалық директиваларды жүзеге асыру талдауларын талқылады.
2015 жылы қазанда Астана қ. Пошта байланысы жөніндегі БСӨЫ Комиссиясының бірлескен 40-отырысы және БСӨЫ пошта байланысы операторларының кеңесінің 20-отырысы өтті. Бірлескен отырыста Пошта байланысы жөніндегі БСӨЫ комиссия мүшелері, БСӨЫ пошта байланысы операторлары мүшелері, БСӨЫ Атқарушы комитеті мен ДПО Халықаралық бюросы өкілдеріқатысты. Бірлескен отырыстың күн тәртібі мазмұндылығымен және мәселелерді талқылауға көптеген бейінді мамандардың жұмылдырылуымен ерекшеленді.
Бірлескен отырыста БСӨЫ қатысушы елдердің барлық тағайындалған операторларының заманауи сандық пошталық қаржылық қызметтерді ДПО барлық технологиялық мүмкіндіктеріп пайдалана отырып, ұлттық деңгейде де, халықаралық деңгейде де белсенді түрде дамытуының мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасының Байланыс әкімшілігі отырыста пошта байланысының заңнамалық қамтамасыз етілуі туралы ақпаратпен таныстырды. Сондай-ақ, БСӨЫ құрылғанына 25 жыл толуын тойлауға дайындық және 2013-2016 жж. арналған жұмыс жоспарларының өзектендірілу мәселелері ортаға салынды. Пошта байланысы жөніндегі БСӨЫ, БСӨЫ пошта байланысы операторлары кеңесі және БСӨЫ пошта байланысы операторлары кеңесі жанындағы жұмыс тобы комиссиялары.