Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет17/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Логистикалық функциялардың күшеюі мен ішкі нарыққа дайындау. Магистралды бағыттардағы логистикалық процестер көрсеткішін барынша көбейту арқылы пошта бизнесінің өсімін қамтамасыз ету бойынша, тасымалдың өзіндік құнын төмендету және сақталуын арттыру мақсатында логистикалық операцияларды оңтайландыру бойынша іс-шаралар өткізілді. Жеке алғанда, логистикалық жүйелерді модельдеу, магистралды бағдарларды оңтайландыру жүзеге асырылды. Мына бағыттар бойынша поштаны тасымалдауға арналған автокөлік бағдарларыіске қосылды: күнара Қарағанды қ. арқылы өтетін Алматы-Астана; Талдықорған, Таскескен, Аягөз, Қалбатау арқылы Алматы-Өскемен; күнара Екібастұз, Павлодар, Семей арқылы өтетін Қарағанды-Өскемен. Батыстағы және солтүстіктегі облыстарға жазбаша хат-хабарлар мен мерзімді баспасөз басылымдарын жеткізу мерзімін қысқарту үшін Қандыағаш, Тобыл, Мақат магистралды бағдарларында айырбастау тораптық пунктілері ашылды. Почшта вагондарын қатынасу жиілігі арттырылды.
Магистралды бағдарларға қызмет көрсетуге арналған көлік паркін жұмылдыру, сонымен қатар, пошта жөнелтілімдерін жеткізуді бақылау мерзімдерін қысқарту мақсатында, теміржол бағдарларының жартысын автокөлік бағдарына ауыстыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды. Сәлемдемелерді сұрыптау процесі автоматтандырылды.
Қаржылық қызметтер портфелінің табыстылығын арттыру. Өзіне-өзі қызмет көрсету сервистерін (төлем терминалдары, интернет және мобильді банкинг) дамыту арқылы қызметтің қолжетімді болу деңгейін арттыру, халықаралық аударымдар мерзімін 1 сағатқа дейін қысқарту, клиенттік базаны арттыру бойынша іс-шаралар өткізілді. Сонымен бірге, Дүниежүзілік пошта одағы жүйесіндегі ТМД елдері арасында электронды шұғыл пошта аударымдары іске қосылды. Халықаралық шұғыл ақша аударымдары бойынша жарнам және промо-науқандар ұйымдастырылды. Жаңа банкоматтар сатып алынып, корпоративті карталар іске қосылды. Компанияның POS терминалдар желісі арқылы салық төлеу енгізілді. Еңбекақы төлемдерін және әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған жаңа карточкалық өнімдер әзірленді. Мысалы, интернет-банкингіде Компания карточкалары арасындағы ақша аударымы енгізілді және тарифтер бекітілді.
Зейнеткерлерге арналған «Казкоммерцбанк» АҚ банкоматтарынан төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшаны тегін алу қызметі енгізілді. Сондай-ақ, Жаңа карточкалық өнімдерді көпшілікке таныту үшін жарнама компаниясы өткізілді.
Операция нәтижелілігін арттыру. Қажетсіз операциялар мен шығындарды анықтау және жою мақсатында, «Бизнес-процестер ре-инжинирингі» жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, Процестерді автоматтандыру және механикаландыру, персоналдың біліктілігін арттыру есебінен еңбек өнімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды. Өндіріс қуатын күшейту, олардың үздіксіз жұмыс жасауы үшін серверлік архитектураны транзакциялық жүйелер жетілуші ағындарына бейімдеу арқылы Корпоративтік ақпараттық жүйенің (КАЖ) еңбекке қабілеттілік деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлық өндірістік объектілердің КАЖ-ға жаппай интеграциялануы және Компанияның бизнес-міндеттерін тиімді жүзеге асыруға арналған инновациялық ақпараттық технологиялардың енгізілуі операциялық тиімділіктің жааңа деңгейіне көтерілуге мүмкіндік берді. Жаңа жобалар енгізілді: «Электронды марка», «Мобильді Postman» және т.б.
Сенім және сапа брендінің дамуы. Мерзімінде жеткізілетін хаттар мен сәлемдемелердің үдесін арттыру үшін және пошта жөнелтілімдерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін бақылау мерзімдері мен ішкі мерзімдердің сақталуын бақылау күшейтілді. Пошта вагондары бейнеқондырғылармен жабдықталды. Пошта вагондары ресімделмеген жүктің алынбауы, бөгде адамдар мен тыйым салынған заттарды алып жүрмеу үнемі тексеріліп отырды. Қатынайтын бригадалардың жұмысы тексерілді.
Ақпараттық жүйелердің, жабдықтардың жұмыс істемей қалуынан, көлік құралдарының ескіруі салдарынан туындайтын қызмет көрсетудегі/жөнелтілімдерді жеткізу кезіндегі ақаулар санын азайту мақсатында, Компания 300 көлік құралын сатып алып, көлік құралдары паркін жұмыстарын, пошта жабдықтарын жаңарту жүргізді.
Күту уақытын азайту, дизайнды жақсарту және бөлімдердің жабдықталу деңгейін арттыру арқылы байланыс бөлімшелеріндегі қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Компанияда пошта байланысының үлгілі бөлімшелері жасалып, кезекті электронды түрде басқару және облыстық филиалдардың орталық операциялық учаскелеріндегі клиенттерге қызмет көрсету сапасын бағалауды автоматтандыру жүйелері енгізілді.
Ұйымдастырушылық әлеуетті дамыту. Кадрлық іс қағаздарды жүргізудіжәне еңбек шығынын есепке алуды, HR-бөлімшелердің кадрлық әлеуетті дамыту міндетінің аясында шоғырлануына арналған сыйақыларды аударуды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Персоналды іріктеу, жалдау, бейімдеу, бағалау, жетілдіру және ынталандырудың кешенді жүйесі әзірленіп, енгізілді. Персоналдың тұрақсыздығын төмендетуге және қанағаттануына, қажетті әлеуметтік пакетті құру және персоналдың біліктілігін ұдайы арттырып отыруғажағдай жасау бойынша іс-шаралар жүргізілді. Жобалық басқару жүйесін, корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша теңестірілген көрсеткіштер жүйесін енгізуге арналған іс-шаралар жасалды.



    1. Ұйымдастыру-құқықтық нысан және басқару құрылымы

Ұйымдастыру-құқықтық нысан
Компания «Республикалық мемлекеттік почта байланысыкәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 940 қаулысына сәйкес құрылды.
Компания акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғасы болып табылады және ҚР заңнамасына, Компания Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексі ережелеріне және ішкі құжаттарға сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Компанияның 100 % акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет