Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет86/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Кредиттік тәуекел
Кредиттік тәуекел – контрагенттің өз міндеттерін мерзімінде және толық көлемде орындамау не тиісінше орындамау тәуекелі.
Кредиттік тәуекел контрагенттер мен эмитенттердің қаржылық жай-күйі нашарлауы, контрагент пен эмитенттің іскерлік беделі түсуі салдарынан туындауы мүмкін.
Топта кредиттік тәуекелдерді басқару әдісіне: ықтимал шығасыларға резервтерді қалыптастыру, клиенттермен жасалатын операциялар бойынша белгіленген лимиттерді сақтау, контрагенттердің дефолт тәуекелін азайтуды қамтамасыз ететін, кредит қабілеттігін егжей-тегжейлі талдау жатады. Сондай-ақ, Топтың ақша қаражатын орналастыру кезінде Топ өткізу кезінде контрагенттердің тиісті корреспонденттік шоттарындағы салымның сомасын акцептсіз есептен шығаруға толық құқығы болатын, триггер-шарттарын қарастырады.
Басқа тараптар қаржы құралдары бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда кредиттік тәуекелдің ең көп мөлшері қоса беріліп отырған шоғырландырылған қаржылық есептіліктегі және жыл соңында мұндайлар болған жағдайда ашылған қаржы міндеттемелеріндегі қаржы активтерінің теңгерімдік құнына тең.
Кредиттік сипаттағы міндеттемелермен байланысты тәуекелдер
Қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есеп баптарының теңгерімдік құны қамтамасыз етуді ұсыну туралы келісімдерді қолдану салдарынан тәуекелді азайту ықпалын есепке алмай осы баптар бойынша кредиттік тәуекелдің ең көп мөлшеріне нақтырақ әсер етеді.
Әділ құн бойынша көрсетілетін қаржы құралдары бойынша, олардың теңгерімдік құны құндағы өзгерістер нәтижесінде келешекте туындауы мүмкін тәуекелдің ең көп мөлшерін емес, кредиттік тәуекелдің ағымдағы мөлшерін білдереді.
Қаржы активтерінің кластары бойынша кредиттік сапа
Топ рейтингтерді иеленудің ішкі жүйесінің көмегімен қаржы активтерінің кредиттік сапасын басқарады. Төменде кестеде Топтың кредиттік рейтингілері жүйесі негізінде қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есеп баптары бойынша активтер класының қимасында кредиттік сапа талдауы ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет