Шарттық міндеттемелер 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топта негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу бойынша 3,825,005 мың теңге сомасындағы шарттық міндеттемелері (2014 жылғы 31 желтоқсанда: 157,976 мың теңге сомасында) болды. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың тауарлық-материалдық қорларды (материалдарды және қосалқы бөлшектерді) және өзге де қызметтерді сатып алу бойынша міндеттемесі болмады (2014 жылғы 31 желтоқсанда: жоқ).
25 ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР, ШАРТТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ, ЖАЛҒАСЫ Сақтандыру ҚР-дағы сақтандыру қызметтерінің нарығы қалыптасу сатысында және әлемнің басқа елдерінде таралған сақтандырудың көптеген нысаны Қазақстанда әзірге қолжетімсіз. Топтың өзінің өндірістік құрылыстарына, өндірістің тоқтап қалуынан болған немесе авария немесе Топ қызметі салдарынан жылжымайтын мүлік объектілеріне немесе қоршаған ортаға келтірілген зиянға байланысты үшінші тұлғалардың алдындағы міндеттемелерден туындаған залалдарға қатысты толық сақтандыру қорғанысы жоқ. Топтың толыққанды сақтандыру өтемі болмайынша, белгілі бір активтердің жоғалу немесе зақымдануы Топтың қызметіне және қаржылық жағдайына едәуір теріс әсер етуі мүмкін деген қауіп-қатер бар.
Операциялық жалдау жөніндегі міндеттеме – Топ жалға алушы ретінде Топ коммерциялық жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ өзінің қалыпты операциялық қызметін жүзеге асыру үшін көлік құралдары мен компьютерлік техниканы жалдау жөніндегі бірқатар келісімдер бойынша жалға алушы болып табылады.
Барлық мұндай жағдайларда, жалға алынған активтермен байланысты барлық тәуекел мен пайда Топ жалға алушы ретінде көрінетін жағдайларда мұндай операциялық жалдаудың қолданылу кезеңінде жеткізуші болып сақталады. Жалдау келісімдері бойынша қолданылу мерзімі есепті күннен бастап 12 (он екі) айдан артық емес мерзімді құрайды және Топтың бұзу құқығынсыз шарттары жоқ.
Операциялық жалдау жөніндегі міндеттеме – Топ жалға беруші ретінде Топ көп жағдайда Топтың офистік және өндірістік алаңдарының артықтығын білдіретін, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы бірқатар келісімдер бойынша жалға беруші болыптабылады. Топтың бұзу құқығынсыз шарттары жоқ.