Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӘДІЛ ҚҰНЫ, ЖАЛҒАСЫ



бет92/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

27 ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӘДІЛ ҚҰНЫ, ЖАЛҒАСЫ
Әділ құны өзінің теңгерімдік құнына шамамен тең активтер

Өтімді болып табылатын немесе өтеудің қысқа мерзімі бар (үш айдан кем) қаржылық активтері мен қаржылық міндеттемелері жағдайында, олардың әділ құны теңгерімдік құнына шамамен тең болуына жол беріледі. Бұған жол беру, сондай-ақ өтеу мерзімі белгіленбеген салымдар мен шоттарға және өзгермелі мөлшерлемесі бар қаржылық құралдарға қолданылады.


Белгіленген және өзгермелі мөлшерлемесі бар қаржы құралдары

Борыштық құралдардың биржасында бағасы белгіленген жағдайда әділ құн жарияланған нарықтық бағаларға негізделген. Борыштық құралдардың бағасы белгіленбеген жағдайда ұқсас шарттары мен кредиттік нәуекелдері бар борыштық құралдар үшін өтеуге дейін қалған уақыт кезеңін ескере отырып ағымдағы пайыздық мөлшерлеме бойынша дисконталған ақша ағындарының моделі қолданылады.




Қаржы құралдарының әділ құны
Қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есепте танылған қаржылық активтері мен қаржы құралдарының әділ құны осы активтердің нарығы негізінде анықталмайтын жағдайларда, ол дисконтталған ақша ағындарының моделін қоса алғанда, бағалау әдістері қолданылып анықталады. Осы модельдердің шығыс деректері ретінде мүмкіндігінше бақыланатын нарықтардан ақпарат қолданылады, алайда мұны із жүзінде іске асыру мүмкін болмайтын жағдайларда әділ құнды белгілеу үшін пайымдаудың белгілі бір үлесі қажет. Пайымдау өтімділік тәуекелі, кредиттік тәуекел және өзгермелілік сияқты осындай шығыс деректердің есебін қамтиды. Осы факторларға қатысты жол берулерге өзгерістер шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетілген қаржы құралдарының әділ құнына әсер етуі мүмкін.

28 КАПИТАЛДЫҢ ЖЕТКІЛІКТІЛІГІ

Топ өз қызметіне тән тәуекелдерден қорғау мақсатында капиталдың жеткіліктілігі деңгейін белсенді басқаруды жүзеге асырады.
Топ үшін капиталды басқарудың негізгі мақсаты қызметті жүзеге асыру және акционерлік құнды барынша көбейту үшін қажет капиталға қатысты сыртқы талаптарды Топтың сақтауын қамтамасыз етуден тұрады.
Топ өз капиталының құрылымын басқарады және жүзеге асырылатын қызмет түрлері тәуекелінің экономикалық жағдайлары мен сипаттамаларындағы өзгерістер аясында оны бақылайды. Өткен жылдармен салыстырғанда, капиталды басқару мақсатында, саясатында және рәсімдерінде өзгерістер болмады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ұлттық почта операторынан жеке капиталдың жеткіліктілік коэффициентін жалпы активтердің кемінде 12% мөлшерінде ұстап тұруды талап етеді.
2015 және 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың жеке капиталының жеткіліктілік коэффициенті жоғарыда көрсетілген талапқа сәйкес келді:






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет