Мөлшерлемелердің өсу жағына қарай 100 базистік тармақтарға параллелді жылжуы
-
(445,773)
-
(450,108)
Мөлшерлемелердің кему жағына қарай 100 базистік тармақтарға параллелді жылжуы
-
483,267
-
491,509
Валюталық тәуекел Валюталық тәуекел – бұл қаржы құралының құны валюта бағамдарындағы өзгерістердің салдарынан ауытқу болатын тәуекел. Басқарма Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтері негізінде шетел валютасындағы позициялар бойынша лимиттерді белгіледі. Позиция күн сайын қадағаланады.
Мына кестеде Топтың саудадан тыс ақшалай активтер және міндеттемелер, сондай-ақ, болжанатын ақша ағындары бойынша 2015 және 2014 жылғы 31 желтоқсанда едәуір позициясы болған валюталар ұсынылған. Жасалған талдау теңгеге қатысты валюта бағамдарындағы болуы мүмкін өзгерістің әсері есебінен тұрады, бұл ретте барлық басқа параметрлер тұрақты шамамен қабылданған (әділ құн валюта бағамының өзгерістеріне сезімтал саудадан тыс ақшалай активтер мен міндеттемелерінің болуы салдарынан). Капиталға әсер пайда мен залалдар туралы шоғырландырылған есепке әсерден ерекшеленбейді. Кестедегі теріс сомалар жиынтық пайда немесе залалда не капиталда болуы ықтимал таза азаюды көрсетеді, ал оң сомалар әлеуетті таза көбеюді көрсетеді.