53
Оқытудың кең таралған сынып–сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос
Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық
тәжірибелерді зерттеп , оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамаларымен таным қабілеттері бойынша
топтастыру.
Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға
негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап , аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта
айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы
әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынады.
Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен
материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі
және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын
ұйымдастырудың негізгі
формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол
алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына
мүмкіндік береді. Сондай–ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс
және үйдегі түрлеріне де бағыт–бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы
болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде
алатын орны ерекше болды. Сабақта
оқушыларға білім берумен қатар,
олардың рухани – адамгершілік қасиеттері мен ақыл–ой қабілеттерін дамыту
мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда
оқушылармен педагогикалық қарым–қатынас жасау және тәрбиелеу
міндеттері іске асырылды.
2.
Достарыңызбен бөлісу: