Оқыту түрі: күндізгі, сырттай


Кванттық физика бойынша оқушылар



бет5/21
Дата18.02.2017
өлшемі2,36 Mb.
#10039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Кванттық физика бойынша оқушылар:

- атом құрылысы және оны зерттеу әдістері, элементар бөлшектер (фотон, электрон, протон, нейтрон), радиоактивті ыдырау, ядролық реакция сияқты ұғымдар мен шамалар туралы түсінік алуы;

- үлкен массалы ядролардың бөлінуі кезінде энергияның бөлініп шығатынын сапалық деңгейді түсіндіру;

- атомдардың жарықты шығаруы мен жұтуын, фотоэффект құбылысын түсіндіруі және оны пайдалануға мысалдар келтіруі;

- фотоэлементтердің, спектрлік анализдің, ядролық реактордың практикалық қолданыстарын, ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіруі тиіс.

Астрономия бойынша оқушылар:

- қазіргі заманғы астрономия мен астрофизиканың негізгі идеялары туралы, аспан денелерінің табиғаты, әлем құрылымы мен оның эволюциясы туралы түсініктер алуды;

- астрономиялық бақылаулар бойынша географиялық координаттарды анықтау принциптерін, күн жүйесінің құрамын білуі;

- неғұрлым анық шоқжұлдыздарды атауы және олардың жылдың әр түрлі мезгіліндегі орнын анықтай білуі;

- Жердің Күнді айнала қозғалуының себебін; Ай фазаларының өзгеруін, Күн мен Айдың тұтылуын; күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуын; аспан шырақтарының эклиптика бойымен қозғалуын түсіндіруі;

- қарусыз көзбен неғұрлым анық шоқжұлдыздарды анықтауы; жұлдызды аспанның жылжымалы картасын пайдаланып, аспан денелерінің жылдың кез келген мезгіліндегі орнын анықтай алуы; қарапайым астрономиялық құралдарды пайдалану сияқты бірқатар практикалық тапсырмаларды орындауы;

- ғылым ретінде астрономияға үлес қосқан Шығыс ғалымдары, халық астрономиясының шығуы мен дамуы, оның негізгі ұғымдары, болжамдары, маңызы туралы түсініктер алуы тиіс.

6.2 Мектептің жоғарғы сатысының қоғамдық-гуманитарлық бағдарындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Механика бойынша оқушылар:

- механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, лездік жылдамдық және үдеу, дене импульсі, жұмыс, энергия сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;

- нақты мысалдар арқылы инерциялық санақ жүйелерінің теңдігін көрнекі түрде көрсете алуы;

- импульстің сақталу заңын реактивті қозғалысты түсіндіруге қолдануы;

- бүкіләлемдік тартылыс заңын денелердің ауырлық күшінің олардың планетадан көтерілу биіктігіне тәуелділігін түсіндіруге пайдалануы;

- механикалық қозғалысты, серпімді деформацияны байқауға болатын белгілерді атай алуы;

- Ньютон механикасының қолданылу шегі мен саласын білуі тиіс.

Молекулалық физика және термодинамика бойынша оқушылар:

- зат мөлшері, заттың молярлық массасы, идеал газ, температура, қаныққан және қанықпаған булар сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;

- температураның мәнін Цельсий шкаласынан Кельвин шкаласына және керісінше түрлендіре алуы;

- мәңгі қозғалтқыштың мүмкін еместігі, броундық қозғалыс сияқты бақылаулар мен эксперименттің нәтижелерін түсіндіруі;

- p,V; p, T және V,T координаттарындағы графиктер бойынша изопроцестің сипатын анықтауы;

- газдардың кинетикалық теориясының қолданылу шегі мен саласын білуі;

- нақты мысалдар арқылы жылу энергиясының экологиялық проблемаларын түсіндіре алуы;

- молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын қуаттайтын іргелі тәжірибелерді білуі тиіс.



Электродинамика бойыша оқушылар:

- электромагниттік өріс, электр қозғаушы күш, электромагниттік тербеліс, электромагниттік толқын, айнымалы ток, еркін және еріксіз тербелістер; тербелмелі контур, резонанс сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;

- еркін және еріксіз тербелістер кезіндегі тербелмелі контурдағы энергияның өзгеруі мен түрленуін сипаттауы;

- тербелмелі контурдағы еркін тербелістердің өшуі; жарық интерференциясы сияқты бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін түсіндіруі;

- электромагниттік толқындардың пайда болу шарттарын атауы;

- толқындардың интерференциясы кезінде тербеліс амплитудалары әр түрлі аймақтар пайда болатының; дифракция кезінде көлеңке шетінің құрылымы байқалатындығын білуі;

- салыстырмалылық принципі; жарық жылдамдығының инварианттылық принципі; кеңістік пен уақыттың салыстырмалылығы; абсолют уақыт және абсолют кеңістік туралы түсініктер алуы тиіс;

- біртекті магнит және электр өрісіндегі электр зарядының қозғалыс түрін анықтауы;

- металдардағы, электролит ерітінділеріндегі және шалөткізгіштердегі электр тогының табиғатын түсінуі;

- электромагниттік индукцияны, магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін практикада пайдалана білуге мысалдар келтіруі;



Кванттық физика бойынша оқушылар:

- радиоактивтік сәулелену, жартылай ыдырау периоды, сәулеленудің эквиваленттік дозасы, ядролық бөлінуі және термоядролық синтез реакциялары; элементар бөлшек ( фотон, электрон, протон, нейтрон ), атомның Резерфорд-Бор бойынша моделі және ядроның нуклондық моделі сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;

- атомдардың сәуле шығару және жұту құбылыстарын, фотоэффектіні; α – бөлшектердің шашырауы туралы Резерфорд тәжірибесін; ауыр ядролардың бөлінуі кезіндегі энергияның бөлінуін түсіндіруі;

- кванттық түсінік негізінде сутегі атомының шығару және жұтылу сызықтық спектрлерінің пайда болуын түсіндіруі;

- нақты мысалдар арқылы ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алуы тиіс;

Астрономия бойынша оқушылар:

- Күннің және планеталардың өлшемдері мен массаларын, Күннен планеталарға дейінгі қашықтық туралы анықтамалық мәліметтерді пайдаланып, Күн жүйесінің сұлбасын сиапттауы;

- Жер тобындағы планетелардың, алып планеталардың және Күн жүйксінің кіші денелерінің ерекшеліктерін атай білуі;

- Күн жүйесінің пайда болуы; Әлемнің құрылымы мен эволюциясы; жұлдызаралық заттың физикалық күйі жайындағы қазіргі заманғы материалдар негізінде түсініктері болуы

- жұлдыздырдың негізгі физиаклық сипаттамаларын ( Күнмен салыстырғанда ) білуі;

- аспаннан Үлкен және Кіші Жетіқарақшы және жергілікті жерде жақсы көрінетін екі-үш шоқжұлдызды табуы;

- Күн жүйесіндегі ғарыштық ұшулар кезіндегі бүкіләлемдік тартылыс күшінің рөлін нақты мысалдар арқылы көрнекі түрде көрсете алуы тиіс;

6.3 Мектептің жоғарғы сатысының жаратылыстану-математикалық бағдарындағы оқушылардың міндетті ( минимум ) дайындық денгейіне қойылатын талаптар.

Механика бойынша оқушылар:

- механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы; лездік жылдамдық және үдеу; импульс сияқтыұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;

- нақты мысалдар арқылы инерциялы санақ жүйелерінің тендігін көрнекі түрде көрсетуі;

- импульстің сақталу заңын реактивті қозғалысты түсіндіруге қолдануы;

- бүкіләлемдік тартылыс заңын ауырлық күшінің планетадан көтерілуі биіктігіне тәуелділігін түсіндіруге пайдаланылуы;

- механикалық қозғалысты, серпімді деформацияны байқауға болатын белгілерді атай алуы;

- бірқалыпты үдемелі түзу сызықты қозғалыс кезіндегі кинематикалық шамалардың уақытқа тәуелділігін білдіретін графиктерді салуы және оқи алуы;

- көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің ұшу қашықтығы мен көтерілу биіктігін есептеуі;

- Ньютон механикасының қолдану шегі мен саласын білуі тиіс.


Молекулалық физика және термодинамика бойыша оқушылар:

- зат мөлшері, заттың молярлық массасы; идеал газ, температура, қаныққан және қанықпаған булар сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;

- газдардың кинеткалық теориясынның негізгі теңдеуін, Менделеев-Клаейрон теңдеуін немесе зат бөлшектерінің ілгерлемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы мен темератураның байланыс формуласын газ параметрлерінің біреуін есептеуге, басқа параметрлері белгілі болған жағдай үшін қолдануы;

- температураның мәнің Цельсий шкаласынан Кельвин шкаласына және керісінше түрлендіре алуы;

- мәңгі қозғалтқыштың мүмкін еместігі, броундық қозғалы сияқты бақылаулар мен эксперимент әтжелерін түсіндіруі;

- p,V; p, T және V,T координаттарындағы графиктер бойынша изопроцестің сипатын анықтауы;

- жылу беру және жұмыс істеу кезіндегі заттың ішкі энергияының өзгеруін есетеуі;

- заттың меншікті жылу сыйымдылығын өлшеуі;

- газдардың кинетикалық теориясының қолдагылу шегі мен саласын білуі;

- нақты мысалдар арқылы жылу энергетикасының экологиялық проблемаларын түсіндіре алуы тиіс.



Электродинамика бойынша оқушылар:

- электрмагниттік өріс, электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымы; электр қозғаушы күш, электрмагнттік тербеліс, электрмагнттік толқын;айнымалы ток, еркін және еріксіз тербелістер, тербелмелі контур, резонанс сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсіндіруі;

- біртекті магнит және электр өрістеріндегі электр зарядының қозғалыс түрін анықтауы;

- металдардағы, электролт ерітіділеріндегі және шалаөткізгіштердегі электр тогының табиғатын түсіндіруі;

- ток көзінің ЭҚК-і мен ішкі кедергісін, заттың сыну көрсеткішін, жарық толқынының ұзындығын өлшеуі;

- электр өрісіндегі электр зарядына (электр өрісінің заряды мен кернеулігінің берілген мәнінде) әсер ететін күшті; электр өрісіндегі электр заряжы осы өрістің екі нүктесінің арасында орын ауыстырған кездегі жұмысты ( өрістің потециалдар айырымы мен зарядтың белгілі мәнінде ); екі нүктелік зарядтың арақашықтығы белгілі болған жағдай үшін олардың өзара әсерлесу күші; электр тізбектеріндегі ток күшін, кернеу мен кедергіні; магнит өрісінің қозғалыстағы электр зарядына әсер ету күшін ( магнит индукциясының, зарядтың және жылдамдықтың берілген мәндерінде ); Фарадей заңын пайдаланып индукция ЭҚК-ін есептеуі;

- электрмагниттік индукцияны, магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін практикада пайдалануға мысалдар келтірілуі;

- мәліметтерді лазерлік дискілерге жазу және сақтау принціптері туралы түсінік алуы;

- еркін және еріксіз тербелістер кезінде тербелмелі контурдағы энергияның өзгеруі мен түрленуін сипаттауы;

- тербелмелі контурдағы еркін тербелістердің өшуі, жарық интерференциясы сияқты бақылаулар мен эксперимент нәтжелерін түсіндіруі;

- электрмагиттік толқындардың пайда болуы шарттарын атауы;

- толқындардың интереренциясы кезінде тербеліс амлитудалары әртүрлі аймақтардың пайда болғандығын, дифракция кезінде көлеңке шетінің құрылымы байқалатындығын білуі;

- толқын ұзындығының оның жиілігімен және жылдамдығымен; тербеліс периодының циклдік жиілікпен байланысын өрнектейтін формулалар бойынша шамаларды есептеуі;

- салыстырмалылық принціпі және жарық жылдамдығының инварианттылығы, кеңістікпен уақыттың салыстырмалылығы, абсолют уақыт және абсолют кеңістік туралы түсініктер алуы тиіс.



Кванттық физика бойынша оқушылар:

- радиоактивтік сәулелену, жартылай ыдырау периоды, сәулеленудің эквиваленттік дозасы; ядролық бөліну және термоядролық синтез реакциялары; элементар бөлшек ( фотон, электрон, протон, нейтрон ), атомның Резерфорд-Бор бойынша моделі және ядроның нуклондық моделі сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі;

- қандайда бір ядролық реакция мысалында масса мен энергияның, массалық санның сақталу заңдарының орындалатындығын көрсету;

- атомдардың сәуле шығару және жұту құбылыстарын, фотоэффектіні; α – бөлшектердің шашырауы туралы Резерфорд тәжірибесін; ауыр ядролардың бөлінуі кезіндегі энергияның бөлінуін түсіндіруі;

- кванттық түсінік негізінде сутегі атомының шығару және жұтылу сызықтық спектрлерінің пайда болуын түсіндіруі;

- газдың химиялық құрамын оның спектрі бойынша анықтауы;

- өзара әсерлесетін бөлшектердің және реакция өнімдерінің белгілі масалары бойынша қарапайым ядролық реакциялардың энергетикалық шығымдылығын есептеуі;

- нақты мысалдар арқылы ядролық энергетикалық проблемаларын түсіндіруі тиіс.



Астрономия бойынша оқушылар:

- Күннің және планеталардың өлшемдері мен массаларын, Күннен планеталарға дейінгі қашықтық туралы мәліметтерді пайдаланып, Күн жүйесінің сұлбасын сиапттауы;

- Жер тобындағы планетелардың, алып планеталардың және Күн жүйксінің кіші денелерінің айрықша белгілерін білуі;

- Күн жүйесінің пайда болуы; Әлемнің құрылымы мен эволюциясы; жұлдызаралық заттың физикалық күйі жайындағы қазіргі заманғы материалдар бойынша түсінігі болуы;

- жұлдыздырдың негізгі физиаклық сипаттамаларын ( Күнмен салыстырғанда) білуі;

- аспаннан Темірқазықты тауып және сол бойынша бақылау орныннан жуық географиялық ендігін анықтауды, сондай-ақ Үлкен және Кіші Жетіқарақшыны, жергілікті жерде жақсы көрінетін екі-үш шоқжұлдызды табуы;

- Күн жүйесіндегі ғарыштық ұшулар кезіндегі бүкіләлемдік тартылыс күшінің рөлін нақты мысалдар арқылы көрнекі түрде көрсете алуы тиіс;



6.4 Оқушылардың міндетті ( минимум ) дайындық деңгейіне жетуін тексеру

Физикадан оқушылардың міндетті ( минимум ) дайындық деңгейіне жетуін тексеру осы стандарттың 8.1 – 8.3 пунктеріндегі келтірілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу процесінің межелік кезендерінде, яғни оқытудың негізгі, жоғарғы сатыларының соңында - 9,11- сыныптарда жүзеге асырылуы тиіс.

«Физика» пәнінің стандарты барлық оқушылар меңгеруі тиіс міндетті минимумды белгілейді. Міндетті ( минимум ) дайындық деңгейіне жету нәтижесі – оқушылар білімінің стандартта көрсетілген міндетті талаптарға жауап бере алатындығы туралы қорытынды болып табылады. Мұндай тексеру нәтижелері «меңгерді», «меңгермеді» деген белгілердің көмегімен бағаланады.

Оқушылардың күнделікті оқу процесіндегі білім мазмұнының базалық деңгейі ауқымындағы жетістіктері 5 балдық жүйе бойынша бағаланады, олардың қорытынды бағасы мектептің негізгі жоғарғы сатыларының құжаттарына қойылады.

7 «Физика» оқу пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар

7.1 «Физика» пәнін оқыту процесін мамандармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

«Физика» пәнін БНБ және БББ бойынша оқытуды жоғары (немесе аяқталмаған жоғары) білімді, «Физика мұғалімі(оқытушысы)» квалификациясы бар педагог және ғылыми-педогог жұмыстармен айналыстыру мамндар жүзеге асырады.



7.2 «Физика» пәнін оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету

«Физика» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы орталық атқару органы жыл сайын шығаратын ғылым негіздерін алдағы оқу жылында оқыту туралы нормативті құжатқа сәйкес жүзеге асырылады.

Мектептің кітапхана қорында «Физика» пәні бойынша тағайындалған нормаға және ОӘҚ құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс.

«Физика» пәні бойынша ОӘҚ құрамына келесі оқу құралдары енеді:



  1. Оқулық

  2. Әдістемелік ұсыныстар

  3. Мақсатты өлшеуіштері бар дидактикалық материалдар

  4. Есептер мен жаттығулар жинағы

  5. Физикалық практикум

Кітапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.

7.3 «Физика» пәні бойынша оқу-материалдық базаға қойылатын талаптар

«Физика» бойынша стандарт талаптарының жүзеге асыру арнайы жабдықталған «Физика» кабинетінде жүзеге асырылады, қажетті оқу және оқу-көрнекілік құралдармен жабдықталады.

«Физика» кабинеті үшін қажетті құрал-жабдықтардың тізімі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі бекіткен нормативті құжаттарға сәйкес тағайындалады. Ол оқу құралдары мен жабдықтардың, экрандық және баспа құралдарының жиынтығын құрайды.

1.§1. 7 СЫНЫП (68 сагат, аптасына 2 сағ.)

ФИЗИКА ЖӘНЕ АСТРОНОМИЯ ТАБИҒАТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР (7 сағ)

 

Табиғат және адам. Табиғат құбылыстары. Физика пәні. Физикалық ұғымдар. Физика және техника. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым. Халық астрономиясынан деректер. Астрономияның басқа ғылымдармен байланысы. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Эксперименттік әдіс. Физикалық теорияның қалыптасуы.



Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Өлшемдердің метрлік жүйесі. Үлкен және кіші сандарды жазу.

1 лабороториялық жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықату. Дененің көлемін өлшеу.



ЗАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ (4сағ)

Атомдар мен молекулалар. Заттың молекулалық құрылысы. Диффузия құбылысы. Молекулалардың қозғалысы. Дене температурасының оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығына тәуелділігі. Заттың әр түрлі агрегаттық күйлері және оларды молекула-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

2 лабороториялық жұмыс. Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау.

ҚОЗҒАЛЫС ЖӘНЕ КҮШТЕР (20сағ)

Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Планеталардың қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

Материалдық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру. Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. (Бірқалыпсыз қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық). Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі. Инерция. (Кеңістік пен уақыт). Денелердің өзара әсерлесуі. Дененің массасы. Массаны өлшеу. Масса бірліктері. Заттың тығыздығы. Тығыздық бірліктері.

Күш. Күш бірліктері. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Денеге бір түзудің бойымен бағытталған күштерді қосу. Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. (Басқа планеталардағы ауырлық күші). Салмақ. (Салмақсыздық). Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әсерін ескеру.

3 лабороториялық жұмыс. Қатты дененің массасын және тығыздығын анықтау.

4 лабороториялық жұмыс. Серпімді деформацияны зерделеу.



ҚЫСЬІМ (16сағ.)

Қысым. Қысым күші. Қысымның қатты дене, сұйық және газ арқылы берілуі. Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар. Газдардағы қысым. Сұйықтар мен газдардың ауырлық күшінің әсерінен болатын қысымы. Қатынас ыдыстар. Су құбыры.

Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр. Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. Манометрлер. Сорғылар. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. (Гидростатикалық өлшеу әдісімен заттың тығыздығын анықтау. Ареометр). Су көлігі. Ауада ұшу.

5 лабороториялық жұмыс. Архимед заңын тексеру.

6 лабороториялық жұмыс. Сұйықтарда денелердің жүзу шарттарын тексеру.

 

ЖҰМЫС. ҚУАТ. ЭНЕРГИЯ (11 сағ.)

Дененің козғалыс бағытында әсер ететін күштің жұмысы. Жұмыс бірлігі. Қуат. Қуат бірлігі. Энергия. Энергия бірліктері. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары. Механикалық энергия Механикалык энергияның сақталу заңы. Көтерілген дененің потенциалдық энергиясы. (Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. Қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясы. (Механикалық энергияның сақталу заңын қолдану).

Күш моменті. (Айналмайтын дененің тепе-теңдігі). Айналатын дененің тепе-теңдігі.

Жай механизмдер (Біліктер, көлбеу жазықтық). Механиканың алтын ережесі. Механизмнің пайдалы әсер коэффициенті.

7 лабороториялық жұмыс. Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау.

8 лабороториялық жұмыс. Иінтіректің тепе-теңдік шарттарын анықтау.

Уақыт қоры (10сағ)



Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар. Міндетті деңгей.

Оқушылар мыналарды білуі тиіс:

- механикалық қозғалыс, жол және орын ауыстыру, жұмыс, кинетикалық және потенциалдық энергия, инерция, жылдамдық, масса, тығыздық, күш, қысым, атмосфералық қысым, импульс, қуат, пайдалы әсер коэффициенті, күш моменті сияқты физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасы.

- бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс кезіндегі дененің жүрген жолы мен жылдамдығын, ауырлық күшін, гидростатикалық қысымды есептеуге арналған формулаларды;

- Архимед, Гук, Паскаль заңдары мен механикалық энергияның сақталу заңын;

- Атмосфералық қысымынң бар болуын, оның биіктікке байланысты өзгеруін;

- Механиканың негізгі ұғымдары мен заңдарының жай механизмдерде, мәшинелер құрылысында, су көлігінде, гидравликалық қондырғыларда практикалық қолданыстарын.

Оқушылар мына біліктіліктерді игеруі тиіс:

- күштерді (бір түзудің бойындағы) қосу ережесін және механикалық энергияның сақталу зандарын қолдануға, сол заңдарға енетін физикалық шамаларды, сондай-ақ қуат пен қондырғылардың ПӘК-ін есептеуге. Паскаль заңын қолдануға, архимед күшінің сұйықтың тығыздығы мен дененің сұйыққа батқан бөлігіне тәуелділігін анықтауға қарапайым есептерді шығара білуді;

- күшті сызбада берілген масштабпен кескіндей алуды;

- механикалық қозғалысты, серпімді деформацияны байқауға болатын белгілерді атай алуды;

- мына физикалық шамаларды: ара қашықтықты (сызғышпен), көлемді (мензуркамен), атмосфералық қысымды (барометр-анероидпен), массаны (иінтіректі таразымен), күшті (динамометрмен) өлшей және есептей алуға;

- тәжірибе арқылы: тығыздықты, жылдамдықты, қатты дененің қысымын, ПӘК-ті, қуатты анықтай алуды;

- дененің жүзу шарттарын көрсете алуды, оған мысалдар келтіре білуді;

- аспаннан Темірқазық жұлдызын, Жетіқарақшы, Кіші Аю шоқжұлдыздарын таба алуды;

- механикадан алған білімдерін 1-2 физикалық құбылысты немесе деректерді (кез келген, оқушының қалауы бойынша) түсіндіруге қолдана алуды;

- бақылаулар нәтижелерін кесте, сызықтық графиктер түріндер кескіндей білуді және өңдеуді;

- эксперимент нәтижелері бойынша қорытынды дайындауды;

-өлшеулердің қатесін ескере отырып, физикалық шамалардың тікелей өлшеу нәтижелерін жазуды;



Мүмкін деңгейі.

Оқушылар мыналарды білуі және түсінуі тиіс:

- Архимед, Гук, Паскаль заңдары мен механикалық энергияның сақталу заңдарының маңыздылығын;

а) физикалық құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін;

б) бақыланатын физикалық тәжірибе мен жүргізілген эксперимент бойынша қорытынды жасау үшін;

- «жол» және «орын ауыстыру» ұғымдарының айырмашылығын;

- салыстырмалылық принципін;

- эксперименттік деректер және олардың пайымдаулары болжамдар ұсынуға, табиғи процестер мен нысанда

Оқушылар мына мәселелерді игеруі тиіс:

- Аристотель және галилей көзқарастарын салыстырып отырып түсіндіруді;

- Коперниктің ашқан жаңалығын, маңызын және оның Галилей мен Ньютон идеяларында дамуын түсіндіруді;

- ареометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіруді;

- гидростатикалық өлшеу әдісімен заттың тығыздығын анықтауды;

- деформацияланған пружинаның потенциалдық энергиясын есептеуді;

- салмақсыздық, жұғу, капилярлық құбылыстарды түсіндіруді;

- беттік керілу күшін анықтауды;

- күш, масса, сырғанау, үйкеліс күші, нормал қысым күші, күштің жұмысы, механикалық энергия, қуат, механизмнің ПӘК-і сияқты физикалық шамалардың арасындағы байланысты анықтауды, осы шамаларды есептеуді;

8 СЫНЫП

(68 сағат, аптасына 2 сағ.)

ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ (22 сағ.)

Жылулық қозғалыс. Температура, оны өлшеу тәсілдері (Термометр, Температуралық шкалалар). Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері. Жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару - жылу берілудің түрлері. Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы, жылу мөлшерін есептеу. Отынның меншікті жану жылуы. Отынның энергиясы. Термодинамиканың бірінші заңы.

Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу температурасы. Меншікті балқу жылуы. Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Булану және конденсация. Қанықпаған және қаныққан булар. Қайнау. Қайнау температурасының атмосфералық.қысымға байланыстылығы. Меншікті булану жылуы. Ауаның ылғалдылығы. Тұманның, шықтың, бұлттың пайда болуы. Шық нүктесі, үсіктің жүруі. Ылғалдылықты өлшеуге арналған құралдар.

Газ бен будың жұмысы. Жылу қозғалтқыштары. Іштен жану қозғалтқыштары. (Бу және газ турбиналары. Тоңазытқыш. Жылу қозғалтқыштарын жетілдіру). Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і. Энергетиканың дамуындағы жылу қозғалтқыштарының рөлі. Жылу мәшинелері және табиғатты қорғау. (Айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар).

1 лабороториялық жұмыс. Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.

2 лабороториялық жұмыс. Температуралары әр түрлі суды араластырғандағы жылу балансын анықтау.

3 лабороториялық жұмыс. Ауаның ылғалдылығын анықтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет