Оқыту түрі: күндізгі, сырттай


ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫ (22 сағ.)



бет6/21
Дата18.02.2017
өлшемі2,36 Mb.
#10039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫ (22 сағ.)

Денелердің электрленуі. Электр заряды. Элементар электр заряды. Қозғалмайтын зарядтардың өзара әсерлесуі. Кулон заңы.

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр-статикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Потенциал және потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Конденсаторлар.

Электр тоғы. Электр тоғының көздері. Ток күші. Амперметр. Кернеу. Вольтметр. Өткізгіштің электр кедергісі. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. (Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізіштік). Өткізгішітің меншікті кедергісі. Электр тізбектері. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

Тоқтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы, Қыздыру шамы. Электр-қыздырғыш құралдар. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.

Әр түрлі ортадағы электр тоғы. Электролит ерітінділеріндегі электр тоғы. (Электролиз заңы). Электролизді қолдану. (Электронды-сәулелік түтікше). Шала өткізгіштегі электр тоғы. (Шала өткізгішті диод және оның қолдануы).

4 лабороториялық жұмыс. Электр тізбегін құрастыру. Және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күшін өлшеу.

5 лабороториялық жұмыс. Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тексеру.

6 лабороториялық жұмыс. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды зерделеу.

7 лабороториялық жұмыс. Электр тоғының жұмысы мен қуатын анықтау.

 

ЭЛЕКТР-МАГНИТТІК ҚҰБЫЛЫСТАР (6 сағ.)

Магнит өрісі. Түзу тоқтың магнит өрісі. Тоғы бар катушканың магнит өрісі. Электр-магниттер және олардың қолданылуы. Тұрақты магниттер. (Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі). Тоғы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері. Электр қозғалтқышы. Электр өлшеуіш құралдар. Заттың магниттік қасиеттері (Акпараттың магнитке жазылуы).

Электр-магниттік индукция. (Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясын алыс аралықтарға жеткізу)

8 лабороториялық жұмыс. Тұрақты магниттің қасиеттерін оқып-үйрену және магнит өрісінің бейнесін алу.

9 лабороториялық жұмыс. Электр-магнитт құрастыру және оның әсерін сынау.

 

ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ (8 сағ.)

Жарық. Жарық көздері. Күн - жұлдыз. Жарықтың таралуы.

Күннің және Айдың тұтылулары. Жарық жылдамдығы.

Жарықтың шағылуы. Шағылу заңдары. (толық шағылу). Жазық сфералық айналар. Жарықтың сынуы.

Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Линзаның беретін кескіндері. Жұқа линзаның формуласы. Фотоаппарат. Проекциялық аппарат. Көз. Көзілдірік. Лупа. Микроскоп. Телескоп.

10 лабороториялық жұмыс. Шынының сыну көрсеткішін анықтау.

11 лабороториялық жұмыс. Линзаның көмегімен кескіндер шығарып алу.

Уақыт қоры (10 сағ.).

 

Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар. Міндетті деңгей.



Оқушылар мыналарды білуі тиіс:

- жылулық қозғалыс, температура, ішкі энергия, жылу берілу (жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару), жылу мөлшері, жылу сыйымдылық, электр заряды, электр өрісі, электр тоғы, электр тоғының бағыты, электр тоғының бағыты, электр тізбегі, ток күші, электр кернеуі және кедергісі, өткізгіштің меншікті кедергісі, магнит өрісі сияқты физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасы;

- дененің температурасы өзгергенде бөлініп шығатын жылу мөлшерін, электр кедергісін, материалы белгілі өткізгіштің ұзындығы және көлденең қимасының ауданы бойынша электр тоғының жұмысы мен қуатын, шығындалған электр энергиясының құнын (белгілі тариф бойынша) есептеп шығаруға арналған формулаларды;

- жылулық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңын, Джоуль-Ленц, Кулон заңдарын, тізбек бөлігі үшін Ом заңы мен зарядтың сақталу заңын, ажрықтың шағылу және сыну заңдарын;

- молекулалық физиканың негізгі ұғымдары мен заңдарының жылу қозғалтқыштарында техникалық қондырғылар мен құралдарда практикалық қолданыстарын, электродинамиканың негізгі негізгі ұғымдары мен заңдарының электр қыздырғыш құралдарда, магнитті-электрлік жүйелердің электр өлшеуіш құралдарында (дыбыстың магниттік жазылуы, металлургия мен гальвонотехникадағы электролиз, электронды-сәулелік түтікше) практикалық қолданыстарын.

 

Оқушылар мына біліктіліктерді игеруі тиіс:

- нақты мысалдар мен құбылыстар арқылы термодинамиканың бірінші заңын көрнекі түрде көрсете алуды;

- нақты мысалдармен өзгермелі электр және магнит өрістерінің өзара байланысы жайлы қағиданы көрнекі түрде көрсете алуды;

- жылу мөлшерін, газдың атқаратын жұмысын, термодинамиканың бірінші заңын есептеуге арналған қарапайым есептерді шығара білуді;

- зат құрылысының дискреттілігін, бөлшектердің жылулық қозғалысын, олардың өзара әсерін қуаттайтын дененің ішкі энергиясының механикалық энергияға және денелердің механикалық энергиясының олардың ішкі энергиясына түрлене алатындығын дәлелдейтін тәжірибелер мен құбылыстарды атай алуды;

- газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің қасиеттерін олардың ішкі құрылысы арқылы, сондай-ақ заттың балқу және қайнау температурасының тұрақтылығын түсіндіре алуды;

- жылу қозғалтқыштарын қолдануға мысалдар келтіруге және олардың бірінің (оқушының таңдауы бойынша) жұмыс принципін түсіндіруді;

- мына шамаларды: температураны (термометрмен), ылғалдылықты (психрометрмен) өлшей алуды;

- молекулалық физика мен термодинамикадан алған білімді 1-2 физикалық құбылысты немесе деректерді (оқушының таңдауы бойынша) түсіндіруге, қолдана алуды.

- шамаларды (олардың өлшеу бірліктерін ескере отырып): қуаттың тоқ күші және кернеумен, тоқ күшінің өткізгіш ұзындығының оның жиілігі мен жылдамдығмен байланысын өрнектейтін формулалар бойынша есептей білуді;

- қарапайым электр тізбектерін құрастыра білуді;

- металдардағы, электролит ерітіндісіндегі, газдардағы электр тоғының табиғатын түсіндіре алуды;

- электр зарядының таңбасын, магнит полюсін, кеңістіктің қандай да бір нүктесіндегі электр және магнит өрісінің таңбасын қандай белгілерге қарап ажыратуға болатынын көрсете білуді;

- қысқа тұйықталудың пайда болу шартын көрсете алуды;

- нәрсенің жазық айнадағы, линзадағы кескінін салуды;

- электр-магниттік индукцияны, магнит өрісінің тоғы бар өткізгішке әсерін пайдалануға мысалдар келтіре білуді;

- мына оптикалық жүйелердің: жазық айна, фотоаппарат, проекциялық аппарат, микроскоп, телескоп, «көз-көзілдірік» жүфесінің біреуінің жұмыс принципін түсіндіре білуді;

- ай фазаларының өзгеруін, Күн мен Айдың тұтылуын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуын түсіндіру;

- мына шамаларды: тоқ күшін (амперметрмен), кернеуді (вольтметрмен), кедергіні (омметрмен) өлшей алуды;

- электродинамикадан алған білімдерін 1-2 физикалық құбылысты немесе деректерді (кез келген оқушының қалауы бойынша) түсіндіруге қолдана алуды;

Мүмкін деңгейі

Оқушылар мына мәселелерді білуі және түсінуі тиіс:

- жылулық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңының, Джоуль-Ленц, Кулон, тізбек бөлігі үшін Ом заңдарының, жарықтың шағылуы және сыну заңдарының маңыздылығын

а) физикалық құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін;

ә) бақыланатын физикалық тәжірибе мен жүргізілген эксперимент бойынша қорытыды жасау үшін;

б) кешенді есептер шығару үшін;

- жылу қозғалтқыштарының жұмысынан туындайтын қоршаған ортаның ластануын қандай жолдармен азайтуға болатынын;

- температура – молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының өлшемі екендігін;

Оқушылар мына мәселелерді игеруі тиіс:

- молекула - кинетикалық теория қағидалары тұрғысынан зат құрылысын заттың агрегат күйінің өзгеруін және олармен байланысты энергияның өзгеруін түсіндіруді;

- жер шарының жылу балансын (әр түрлі жылу көздерінен жылу алу, жылуды жинау, жылыжай эффектісі) түсіндіруді

- Айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайларды түсіндіру;

- атмосфералық ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауды;

- ішкі энергияның өзгерісі, механикалық жұмыс, жылу мөлшері, қыздырғыш және тоғазытқыш температуралары, жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і арасындағы байланысты анықтауды және сәйкес формулаларды қолданып, осы шамаларды есептеуді;

- ток күшінің резистор ұшындағы кернеуге функционалдық тәуелділігін түсіндіруді;

- зат құрылысы туралы білім негізінде шала өткізгіштердің меншікті және қоспалы өткізгіштігін түсіндіруді;

- қоршаған ортаны қорғау және үнемдеу көзқарасы тұрғысынан электр энергиясын алу тәсілдерінің оңтайлы жақтары мен кемшіліктері туралы өз пайымдауларын құруды;

- электр заряды, тоқ күші, кернеу, кедергі, электр энергиясы шамалары арасындағы байланысты анықтауды, осы шамаларды есептеу алуды;

- кешенді есептерді шығаруды;

9 СЫНЫП

(68 сағат, аптасына 2 сағ.)

ҚОЗҒАЛЫС ЖӘНЕ ДЕНЕЛЕРДІҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУІ

(21 сағ.)

Қозғалыс. Векторлық шамалар.

Түзу сызықты бірқалыпты үдемелі козғалыс. Түзу сызықты бір қалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі жылдамдамдық пен үдеу.

Денелердің еркін түсуі.

Қисық сызықты қозғалыс. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу.

Инерциялық санақ жүйесі. Ньютонның бірінші заңы. Күш-вектор. Ньютонның екінші заңы. Ньютонның үшінші заңы (Салмақсыздық.).

Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші әсерінен қозғалыс. Жасанды серіктердің қозғалысы.

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс.

Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы.

1 лабороториялық жұмыс. Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау

2 лабороториялық жұмыс. Горизонтал лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу.

 

ТЕРБЕЛІСТЕР МЕН ТОЛҚЫНДАР (11 сағ.)

Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері. Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс.

Толқындық қозғалыс. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Жаңғырық.. Ультрадыбыс.

Электр-магниттік тербелістер. Электр-магниттік өріс туралы түсінік. Электр-магниттік толқындар. Радиобайланыс.

3 лабороториялық жұмыс. Математикалық маятникті пайдаланып, еркін түсу үдеуін өлшеу.

4 лабороториялық жұмыс. Ды6ыс толқындарын зерделеу.

 

АСПАН СФЕРАСЬІ ЖӘНЕ АСПАН КООРДИНАТАЛАРЫ (5 сағ.)

Жұлдызды аспан және оның көрінерлік тәуліктік қозғалысы. Аспан сферасы. Аспан координаталары. Кульминациядағы аспан денесінің биіктігі. Әр түрлі географиялық ендіктегі аспан сферасының қозғалысы. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы. Жергілікті уақыт пен географиялық координаталарды анықтау. (Кеплер заңдары).

Нептун мен Плутонның ашылуы. (Аспан шырақтарына дейінгі ара қашықтықты, олардың өлшемдерін анықтау. Параллакс әдісі).

 

АТОМ ЖӘНЕ АТОМ ЯДРОСЫ. ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ (11 сағ.)

Жылулық сәулелену. (Стефан-Больцман формуласы). Жарық кванттары. Макс Планк формуласы.

Фотоэффект құбылысы. (Эйнштейн формуласы). Фото-эффектіні қолдану. (Рентгендік сәулелену). Атом ядросының бар екендігін дәлелдейтін Резерфорд тәжірибесі. Радиоактивтік. Атом ядросының құрамы. Ядролық өзара әсерлесу. Байланыс энергиясы. Уран ядросының бөлінуі. Тізбекті реакция.

Ядролық реактордың жұмыс істеу принципі. Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, ғылымда, медицинада таңбалы атомдарды және радиоактивтік сәуле шығаруды қолдану. Ядролық энергияны қолданудағы экологиялық проблемалар.

Иондаушы сәуле шығару, олардың биологиялық әсері. Сәулеленуден қоргану. (Дозиметр). Термоядролық реакция. Күн және жұлдыздар энергиясы. Элементар бөлшектер.

 

ЖАЛПЫЛАУ САБАҚТАРЫ (2 сағ.)

Физика және астрономия, олардың табиғатты танып білудегі рөлі. Физиканың және астрономияның ғылыми-техникалық прогреске әсері. Экология және тіршілікті, сақтау.

 

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ-ІІРАКТИКУМ (8 сағ.)

1. Дененің еркін түсу удеуін өлшеу.

2. Серпімді деформацияны зерделеу.

3. Ньютонның екінші заңын зерделеу.

4. Механикалық энергияның сақталу заңын зерделеу.

5. Денелердің соқтығысуы кезіндегі импульстің сақталу заңын зерделеу.

6. Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін өлшеу.

7. Еркін және еріксіз тербелістерді зерделеу.

8. Жылжымалы жұлдыздық картаны пайдаланып, жарық жұлдыздарды, күзгі, қысқы және жазғы аспандағы негізгі шоқ-жұлдыздарды табу.

Уақыт қоры(10 сағ).

 

Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар. Міндетті деңгей.

Оқушылар мыналарды білуі тиіс:

- лездік жылдамдық, үдеу, масса, күш, импульс, амплитуда, период, тербеліс жиілігі, электр-магниттік тербелістер мен толқындар, көлденең және қума толқындар, толқын ұзындығы, еркін және еріксіз тербелістер, тербелмелі контур, айнымалы ток, резонанс, жарық дисперсиясы, атом құрылысы, элементар бөлшектер (фотон, злектрон, протон, нейтрон), радиоактивтілік, радиоактивті ыдырау, ядролық реакция сияқты физикалық ұғымдар мен шамаларды;

- Ньютон, радиоактивтік ыдырау, бүкіләлемдік тартылыс заңдарын, импульстің сақталу заңдарын, импульстің сақталу заңын, энергияның сақталу және түрлену заңдарын, салыстырмалық принципін;

- инфрақызыл, көрінетін, ультракүлгін жиіліктер диапазонындағы электр-магниттік толқындардың, фотоэлементтердің, ядролық реактордың практикалық қолданыстарын;

- әрқайсысының белгілі бір қасиетері бар иондаушы сәулелердің үш түрі болатынын;

- «электрон», «протон» және «нейтрон» ұғыымдарын қолдана отырып, атом құрылысын түсіндіре алуды;

- тізбекті және термоядролық реакциялар кезінде ядролардың бөлінетіні және синтезделетіні жайлы айтып беруді;

- астрономиялық бақылаулар, бойынша географиялық координаталарды анықтау принциптерін, Күн жүйесінің құрамын;

- ең жарық шоқжұлдыздарды.

 

Оқушылар мына біліктіліктерді игеруі тиіс:

- нақты тәжірибелер мен құбылыстар арқылы Ньютон заңдарының әсерін, импульс пен механикалық энергияның сақталуын көрнекі түрде көрсете алуды;

- қозғалыс мөлшерінің сақталу заңына есептер шығара алуды;

- жылдамдықты, үдеуді, бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі жол мен орын ауыстыруды, шеңбер бойымен модулі бойынша қозғалған кездегі дененің жылдамдығы мен үдеуін, массаны, күшті, импульсті, толқын ұзындығын, маятниктің тербеліс периоды бойынша еркін түсу үдеуін анықтауға қарапайым есептерді шығаруды;

- бірқалыпты және бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі кинематикалық шамалардың уақытқа тәуелдігін көрсететін графиктерді салуды және оқи білуді;

- «период», «жиілік», «амплитуда» ұғымдарын пайдалана отырып тербелістерді сипаттауды;

- механикалық және электр-магниттік толқындарға мысалдар келтіруді;

- тербеліс периодын өлшей алуды;

- үлкен массалы ядролардың бөлінуі кезіндегі энергияның бөлініп шығатындығын сапалық деңгейде түсіндіре білуді;

- атомдардың жарықты шығаруы мен жұтуын, фотоэффект құбылысын түсіндіруге және оны пайдалануға мысалдар келтіруді;

- Жердің Күнді айнала қозғалуының себебін, аспан шырақтарының эклиптика бойымен қозғалуын түсіндіруді;

- құралсыз көзбен неғұрлым анық шоқжұлдыздарды және жұлдызды аспанның жылжымалы картасының көмегімен жылдың кез келген мезгіліндегі аспан денелерінің орнын анықтау, қарапайым астрономиялық.құралдарды пайдалану сияқты бірқатар практикалық тапсырмаларды орындай алуды.

 

Мүмкін деңгей



Оқушылар мыналарды білуі және түсінуі тиіс:

- Ньютон, бүкіләлемдік тартылыс, Кеплер, радиоактивтік ыдырау заңдарының, импульстің сақталу заңының, энергияның сақталу және түрлену заңдарының маңыздылығын;

- физикалық құбылыстар мен процестерді түсіндіру үшін;

- бақыланатын тәжірибе мен жүргізілген эксперимент бойынша қорытынды жасау үшін;

- кешенді есептерді шығару үшін;

- механикалық және электр-магниттік толқындар бірдей сандық заңдылықтармен сипатталатындығын;

- электр тербелістері кезінде электр зарядының ток күшінің және кернеудің периодты өзгерісі болатындығын;

- электр-магниттік толқындардың көлденең толқындар екендігін;

- ядродағы екі протон арасындағы әсер ететін ядролық күштер электр-статикалық өзара әсерлесу күштерінен шамасы бойынша жүздеген есе көп екендігін;

- Галактика өлшемі мен жасы туралы казіргі кезеңдегі мәліметтерді;

- классикалық механика жарық жылдамдығынан едәуір аз жылдамдықпен қозғалатын макроскопиялық денелер үшін дұрыс екендігін;

- сақталу заңдары абсолют нақты екендігін және олардың физиканың барлық бөлімдеріне қолданылатындығын;

- механиканың барлық заңдары инерциалды санақ жүфелерінің барлығында бірдей екендігін;

- физикалық ұғымдардың, заңдардың, теориялардың қолданылу шарттары мен аймақтарын;

- физикалық теория;

а) белгілі ғылыми деректер мен табиғат құбылыстарын түсіндіруге,

ә) әлі белгісіз құбылыстар мен процестерді, олардың ерекшеліктерін алдын ала болжауға мүмкіндік беретінін;

- кез келген ғылыми теория тек салыстырмалы түрде ақиқатқа ие болатынын;

- табиғат туралы ғылымдардың жалпы дамуына физиканың қосқан үлесін;

- физиакның техника-экономиялық және экологиялық проблемаларды шешудегі рөлін;

 

Оқушылар мына мәселелерді игеруі тиіс:

- масса, күш, үдеу, сырғанау үйкеліс күші, қалыпты қысым күші, тартылыс күші, денелердің массасы және олардың ара қашықтығы арасындағы байланысты анықтауды және аталған физикалық шамаларды есептеуді;

- тежелу жолын, шүйіліп ұшқан ұшақты ол қалыптан шығарғандағы ұшқышқа, дөңес көпірдің үстімен қозғалып келе жатқан автомобильге әсер ететін күштерді, импульстің сақталу заңын пайдаланып, ракетаның жылдамдығын, механикалық энергияның сақталу заңын пайдаланып, ракетаның жылдамдығын, механикалық энергияның сақталу заңын қолданып, еркін түсу және тербелмелі қозғалыс кезіндегі дененің жылдамдығын анықтауды;

- ядроның байланыс энергиясы, ядродағы протондар саны арасындағы байланысты сандық сипаттауды;

- электр заряды мен массалық санның сақталу негізінде қарапайым ядролық реакциялардың өнімдерін анықтауды;

- сәйкес кестелердегі мәліметтерді пайдалана отырып, элементар бөлшектер тобын (лептондар, мезондар, гиперондар) сиапттауды;

- белгілі параллакс бойынша жұлдыздарға дейінгі ара қашықтықты анықт;

- алынған білімді жаңа жағдайларда болжамдар ұсынуға қолдануды.



ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒДАРЛЫ МЕКТЕБІНІҢ ФИЗИКА ПӘНІ БАҒДАРЛАМАСЫ

(10-11СЫНЫПТАР)

ТҮСІНІКТЕМЕ

Жалпы білім беретін орта мектептің бащистік оқу жоспарына сәйкес физика міндетті оқу пәндерінің ішіне кіреді мектептің жаңа тұжырымдамасына сәйкес кәсіптік бағдарлау жүзеге асырылатын жоғары сатыдағы (10-11 сыныптар) жалпы білім мазмұны, оның ішінде физика да, бір жағынан, оқушылардың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге, екінші жағынан оларды болашақ кәсіптік қызметке даярлауға бағытталған.

Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарға (10-11 сыныптар) жарналған физика физика курсының ұсынылып отырған бағдарламасы физиканың жалпы мақсаттарын және оқушылардың қабілеттілігінен, қызығушылығынан және кәсіптік мүддесінен туындайтын арнайы мақсатын ескере отырып дайындалды. физиканы 10-11 сыпыптарда оқытудың арнайы мақсаты иынаған саяды: оқушылардың техниканың әр түрлі салаларының, химиялық және биологиялық құбылыстар мен процестердің негізінде физика және оның заңдары жататындығы туралы білімдерді, физиканың зерттеу әдістері мен зерттеушілік сипаттағы білімдерді, құрастыра білу және кәсіби маңызды тәжірибелік біліктерді оқушы бойында қалыптастыру.

Курс негізінде нақты және оған барабар әлемді зерделеу кезінде құрылған физикалық модельдер жатыр. Модельдердің қолданылуы аясын қарастыру курстың маңызды ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Курстың негізгі мазмұнын негізгі физщикалық идеалар, принциптер және болжамдар құрайды. Білімді іргелі физикалық теориялар айналасына топтау ең басты орын алады.

Қазіргі заманғы дүниетаным бағдарлама физикалық теориялардың негізін – Ньютонжәне релятивистік механиканы, молекула-кинетикалық теория мен термодинамиканы, электродинамика мен электрондық теорияны, толқындық, геометриялық және кванттық оптиканы, кванттық механиканы, атом, атом ядросы, элементар бөлшектер физикасын зерделеуді ескереді.

Физиканың теориялық мәнділігі мен практикалық бағытталуы көп ретте зерттеушілік сипатта болып келетін лабороториялық жұмыстар жүйеснде де көрініс тауып отыр. Дәстүрлі жұмсытар мен қатар импульстің сақтаул заңын зерделеу, бір валентті ионның зарядын өлшеу сияқты соны жұмыстар ұсынылған.

Астрономиялық материал жеке бөлім ретінде де, кейбір физикалық тақырыптарды кеңейте қарастыру ретінде де берілген. Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда физиканы зерделеуге бөлінуі тиіс оқу уақыты принципті мәселе болып табылады. Физика-математика және жаратылыстану бағытындағы мектептер мен сыныптар өздерінің жұмыс оқу жоспарларын құру кезінде әрбір сыныпта физиканы зерделеу үшін аптасына 5 және 4 сағат бөлінулерін ескерулері қажет.

Физика курсының ұсынылып отырған бағдарламасы енгізгі және вариативті бөліктерден тұрады. Вариативтік бөлік белгілі бір дәрежеде әр мектептің ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді. Физика-математикалық бағыт бойынша бағдарланған мектептер мен сыныптар физика курсын төменде берілген бағдарламамен, ондағы варитивті бөлігінде көрсетілген мәселелерімен қоса толық көлемде оқиды. Жақша ішінде берілген материал мазмұны бағдарламаның вариативті бөлігін құрайды. Сонымен қатар физиканы жаратылыстану бағыты бойынша бағдарланған сыныптарда оқитын оқушылар бар. Бұл бағдарлама осы сыныптар мен мектептерге де арналады, мұнда жақша ішіндегі материалдыескермеуге де болады.

Бағдарламаның молекулалық физика, электродинамика, кванттық физика бөлімдеріндегі оқу материалының мазмұны материалды баяндауды әр түрлі деңгейін ескеретін блоктар түрінде беріліп отыр.

Физика курсының механика бөлімінің мазмұны негізгі мектеп те өтілгенде қорытынды қайталауға бағдарланған. Сонымен қатар бағдарлама тек механика үшін ғана емес, физиканың келесі курстары үшін қажет кейбір жаңа мәселелермен таныстыруды ескереді. Олардың ішінде салыстырмалық принципі, инерциалдық емес санақ жүйелері, қатты денелердің тепе-теңдік шарттары, импульс моментінің сақталу заңдары және т.б. бар.

Бағдарламаның вариативті бөлігінің мазмұны оқушылардың физикалық құбылыыстарды танып-білуге деген қызығушылығын дамытуға, ғылымның іргелі негіздері мен олардың қолданылуын өз бетінше зерделеуге деген дағдысын қалыптастыруға бағдарланған.

Осылай, мысалы, нақты газдар, сұйықтар әсіресе қатты денелер туралы материалды толығырақ баяндау ескерілген, «сұйық кристалдар», «Гаусс теоремасы», «Кирховтың ережелері» және т.б. көптеген тақырыптар енгізілген. Кванттық механикаға едәуір көңіл бөлінген, физикалық заңдардың әр түрлі техникалық қолданыстары кеңінен қарастырылған. Элементар бөлшектер туралы білімді қазіргі заман деңгейіне сәйкес баяндау ескеріледі.

Мұғалім физикалық білімнің толық орта мектепке арналған мемлекеттік стандартында анықталған «Оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды» басшылыққа ала отырып, әрбір блоктан ең маңызды деген материалды таңдап алуына болады. Мұнда ол курсты зерделеу қисынына нұқсан келтірмейтіндей етіп, сыныптың дайындық деңгейіне байланысты әрбір тараудан кейбір түйінді мәселелерді қалдырып, оның басқа маңызды қосымша материалды іріктеп енгізе алады, ал енгізілген әртүрлі оқу жоспарлары жалпы білім беретін мектептер үшін бекітілген бірыңғай міндетті деңгейден төмен болмайтын оқыту деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.

10 СЫНЫП

(аптасына 3 сағ., барлығы 102 сағ.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет