Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРУ ЖҮЙЕСІ: ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІ



бет492/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   679
ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРУ ЖҮЙЕСІ: ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ


Алипкалиева Г.Б. (Батыс Қазақстан)

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында: «Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек»,- деген болатын.


Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың 2009 жылғы Жалпыға міндетті мемлекеттік Стандартында мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың төмендегідей негізгі бағыттары белгіленген:

  • білім беру мазмұнын түбегейлі өзгерту;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру;

  • үш тілді оқыту негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында көптілділікті дамыту;

  • отандық және шетелдік әдістемелер мен технологияларды зерделеу негізінде білім беру үдерісін технологияландыру.

Білім беру үдерісін технологияландыру педагогтердің балалар әрекеттерін ұйымдастыруы мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді. Қазіргі заманғы педагогтердің инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы. Алайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде технологияларды пайдалануда бірқатар қиындықтар байқалады:

  • педагогтердің технологиялардың құрамдас бөліктерін жеткіліксіз білуі;

  • тәжірибе барысында тұтас технологияны емес, оның элементтерін пайдалануы;

  • педагогикалық жүйені тұтас көру дағдысының жоқтығы;

  • жұмыс тәжірибесіне сапа енгізуді бастамалайтын технология идеяларын қате түсіну.

Осындай мәселелер тек әдістер, формалар мен құралдар түрінде ғана қолданылатын педагогикалық білім беру жағдаяттарын тудырады.
Қазіргі кезеңде білім,ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандарының біліктілігін көтеру - бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Бүгінгі Қазақстанда ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты, еліміздің білім беру жүйесінің оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды, техникалық құралдарды пайдалануға үлкен мүмкіншіліктер болып жатыр. Осыдан келіп бүгінгі таңда Қазақстан педагогтеріне қойылатын көптеген талаптар туындап отыр. Мәселен, педагогтердің құзырлылығы қалыптасуы керек, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы (АҚҚ) қалыптасуы өте қажет.
Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Әр оқыту технологиясы педагогтен терең теориялық, психологиялық-педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.
Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау -қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.
Соңғы 2 жылда МДБҰ 32% біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
МДБҰ педагогтерінің кәсіби құзыреттілігіне бағытталған әдістемелік мақсаттарды анықтаудағы жүйе сапасын жоғарылату шарты ретінде біліктілікті арттырудың құзыреттілік бағытын қамтамасыз ететін жаңа инновациялық технологиялар мен дамытушы әдістемелер курс барысында жүйелі түрде таныстырылуда:

  • М.Монтессори педагогикалық жүйесі;

  • «Step by Step» технологиясы;

  • ӨТДТ (өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы);

  • В.Воскобович, Г.Доман, З.Дьенеш дамытушы әдістемелері.

  • Ақпараттық-коммуникативті технологиялар

Іс-тәжірибе алмасу мақсатында облысымызда мектептегі мектепалды даярлық сыныптары мен топтарында, балабақшалар базасында семинар, іскерлік ойын, доңгелек стол, тренингтер ұйымдастырылады.
Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 балабақшасында М. Монтессори әдісі кеңінен қолданылуда. Бұл әдіс қалыпты жағдайда баланы бақылауға және ол қандай болса, сондай күйде қабылдауға негізделген. М.Монтессори педагогикасының негізгі принципі: өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге баланы итермелеу. М.Монтессори топтарында бала негізінен өз бетімен арнайы жасақталған қоршаған орта – М.Монтессори-материалдары көмегімен оқиды. Монтессори-материалдарында өзін-өзі бақылау мүмкіндігі қарастырылған, бала өз қателігін өзі көреді және ересек адамға оны көрсету қажет емес. Педагогтың рөлі оқытудан емес, тек баланың өз бетімен әрекет етуіне басшылықтан тұрады.
Орал қаласының №27 «Жігер» балабақшасының базасында «Step by Step» технологиясы жүзеге асырылуда, «Step by Step» технологиясы баланы жан-жақты жетілдіруге, дербестікке талпындыруға, өзіндік дамуына жағдай туғызып, кез-келген жағдайлардан дербес әрекет етіп,ой қорытып, өз бетінше қадам жасауға үйретуге бағдарланған. Технологияда ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, дамытушы орта арқылыбаланы дамыту көзделген.
Бұған қоса, Орал қаласындағы № 4 «Березка» және № 20 «Балбөбек» мектепке дейінгі ұйымдары «12 жылдық білім беруге көшуге мектепке дейінгі ұйым жағдайында 5 жасар балаларды мектепалды даярлау» тақырыбында эксперимент режимінде жұмыс жасайды. Қазіргі кезде эксперименттік жұмыс практикалық кезеңде – экспериментті жүзеге асыру ісі жалғастырылуда.
Қазіргі заманғы қазақстандық білім беру үлгісіне көшуде және әлемдік білім кеңістігіне енуде кәсіби білікті, құзыретті педагог қана өз жұмысын жаңадан құрып, жоғарғы нәтижелерге жете алады.
Қорыта келе, Елбасымыздың «Егемен еліміздің ертеңіне тіреу, іргесіне сүйеу болатын жас ұрпақты жан-жақты білімді етіп тәрбиелеп жетілдіру басты назарда болуы тиіс», - деген ұтымды ойдан туған сөзімен аяқтай келе, еліміздің ертеңі балаларымыздың болашағы үшін тәрбие мен білімнің сара жолында ізденуден жалықпайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет