Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА СТО ӘДІСТЕРІН ПАЙДАНАНУ ЖОЛДАРЫ



бет75/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   679
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА СТО ӘДІСТЕРІН ПАЙДАНАНУ ЖОЛДАРЫ


Бибасарова К. (Қызылорда)

Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екенін атапайтады. Болашақтың бүгіннен де нұрлы, шуақты болуына тікелей ықпал етіп, адамзатты алға апаратын күш білімінде ғана, деген ұранымен оқу үрдісін ұйымдастыру қажет.


Қазіргі білім беру саласын жақсартудың бірден – бір жолы жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп нәтижелер беруде.
Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерн өсіреді.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат – мүддесіне байланысты өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Оқушыларды еркін ойлауға, талпынысқа баулу – мұғалімге қажетті әдістердің ең бастысы.
Өз білімімді жетілдіру мақсатында Джордж Соростың ашық қоғам институтының «Сорос Қазақстан» қоры арқылы келген Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын терең меңгеру бағытында оқу курсына қатысып, өз тәжірибемде қолданудамын.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс – тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзіміз жетті.
Сабақ барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытындыда өз үлесі бар екенін сезіп, қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізгі өзегін, бағытын, мән-мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді, сөйтіп өзін келесі мәселені талдауға дайындайды.
Оқушы бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.
Сабақ құрылымы үш кезең бойынша жүзеге асырылады:
1) қызығушылығын ояту,
2) мағынаны ашу,
3) толғаныс.
Осы үш кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандыруға болады.

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет