Тарих пәнінен білім берудің міндеттері - оқушылардың адамзаттың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі дамуының тарихи жолын, оның әлеуметтік, рухани адамгершілік тәжірибесін айшықтайтын жүйелі білім алуы;
- оқушыларда тарихты оқып – үйренудің көп өлшемділігін және тарихи процестің дамуының баламасы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;
- гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
- оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалармен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
- Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Тарихи білім беру қазіргі қазақ қоғамын демократияландыруда басымдылық маңызға ие болады, себебі тарих ғылымы бүгінгі күннің ақиқатымен тығыз байланысты.
5-10 сыныптарда тарихты оқытудың мазмұны мен мақсат міндеттері төмендегі шешуші біліктілерді қалыптастыруға бағытталған: