Әдебиеттер
1. Жексенбаева У.Б. Организация научно-исследовательской деятельности школьников.-Алматы, РАДиал. 205.-36 с.
2. Исследовательская деятельность учащихся в современном образовательном пространстве: Сборник статей / Под общей редакцией к.пс.н. А.С.Обухова. М.: НИИ школьных технологий, 2006. 612с.
3. Поддьяков А.Н. Методологические основы изучения и развития исследовательской деятельности //Школ. Технол.-2006.-№3.-с.85-91.
4.. Савенков А.И. Виды исследований школьников //Одаренный ребенок.-2005.-№2.-с.84.
ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ РУХАНИ ДАМУЫ
Саданова С. (Қызылорда)
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесіндегі стратегилық мақсатында- «мемлекеттік, әлеуметтік және кәсіптік проблемаларын өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын, жоғары білімді, бәсекеге түсе алатын, тұлға қалыптастыруға жағдай жасау делінген [1].
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді.
«Ойын» – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі.
Ойын-оқу еңбек іс-әркеттері мен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілеттерінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған.
Дидактикадық ойындар - оқушылардың танымдық қызығушылығын өрістетудегі маңызды бұлақ болып табылады.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психалогиялық, анатомиялық- физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әр бір адам ойнап өседі, ойынды көп онаған адамның дүние танымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірде бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Ойының дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері көп. Мысалы: қазақ халқының ұлттық ойындары, бұл ойынның алғашқы танымы десек артық болмас.
Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға сабаққа деген белсенділігін арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады. Бала мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген. Сондықтан да ол мектепте де ойнауға бейім тұрады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ барысында ойын технологияларын әліде болса аз қолдануы, математика сабақтарында оқушылардың оқу белсенділіктерін дамытуға бағытталған ғылыми - әдістемелік материалдардың жетіспеуі мен қазіргі кезеңде бастауыш мектепке қойылып отырған мемлекеттік талаптар арасындағы қарама - қайшылықтарды шешу үшін біз дипломдық жұмыстың тақырыбын «Математика пәні бойынша дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамытудың әдістері» деп алдық.
Қазақ тілі сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындатуға болады.
Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.
Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану мол мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.
Демек, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз. Ал, ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой пікірін дәлелдеуге үйренеді.
Оқушылардың дидактикалық ойын әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін оны ұйымдастыру әдістері окушылардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетініне қазақтың белгілі дидактиктері И.Нұғыманов, Т.Сабыров т.б. өз еңбектерінде дәлелдеген.
Бастауыш сыныпта жас өспірім окушылардың оқуға деген ынтасын жетілдірудегі ойлау қабілеттерін, арттыруда дидактикалық ойындардың ролі зор.
Қазіргі заман ағымына орай балаларға қазақ тілі сабағында экономикалық, эстетикалық, білім берумен дидактикалық ойындарды байланыстыру мұғалімнің негізгі міндеті болып отыр.
Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқуға қабілетін, талғамын, іскерлігін арттыру мақсатымен дидактикалық ойындар негізгі роль атқаруда.
Бұл мәселенің мектеп өмірінде маңыздылығын, қажеттілігін А.В.Усова, В.П.Паламарчук, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Т.Сабыров, Ж.Қоянбаевтар өз еңбектерінде ерекше мән берді [6].
Ойын арқылы баланың көзқарасы болашаққа деген түсінігі қалыптасады. Дидактикалық ойын оқушының ой-өрісін, қиял, сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін қалыптастырады.
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде тәрбиелеу үшін олардың ойынына дұрыс көзқарас, басшылық жасау қажет.
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы, әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды.
Әдебиеттер
Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы заңнама» Алматы. 2008 – 21б.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы. Білім. 1997
Қайбулдаева Г., Жаздықбаева.М., Әлімбекова С. Ойын технологиясы . Түркістан 2007 25 – 34б.
Қоянбаев Р.М., Ыбрайымжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы. Түркістан 2005.235- 238б
Жарықбаев Қ, Психология негіздері. Алматы мектеп 1982. 68-69б
Бап – баба Сәбет. Психология негіздері. Алматы 2007. 45-47б.
Пошаев Д.Қ Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері. Шымкент 2009
Пошаев Д.Қ Мамандыққа кіріспе. Шымкент 2004.
БАЛАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Садықбекова Р. (Қызылорда)
Оқушының тұлғасы мен ойлау қабілетінің дамуы қуатты жүретін кезең -бастауыш мектеп екені белгілі. Сондықтан бастауыш мектеп- білім берудің алғашқы бастамасы. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда, оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып, марапатталауы сияқты мәселелерге жете мән беріледі.
Оқушыны қалай үйретемін? Неге үйрету керек? Оқу материалының негізгі түйіні неде? Қалай оқыту керек? Ойлануға қалай үйретеміз? Қалай әдемі сөйлетуге болады? Қызығушылығын қалай жойып алмау керек? Оқушыны өзіне деген сенімін қалай жоғалтып алмаймыз? – деген сұрақтарды нақты қоя білу жұмысымыздың нәтижелі болуына себепкер.
Өзіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы.Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- оқушылардың жас ерекшелігі мен білім қабілетінің ескерілуі. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманың мақсатын түсініп, оны қандай жолмен орындауды бірден біледі. Кейде олардан тапсырманы тезірек орындау да талап етіледі. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсрымаларды шешу /ана-грамма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б./
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс /кері есеп қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру, т.б./
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша,жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Сонда ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Өзіндік жұмыс - шәкірттердің білімге ынтасын арттырып, талабын ұштайды, алған білімдерін іс-жүзінде пайдалана білуге үйретеді. Сабақ барысында өзіндік жұмыстыңбірнеше түрінқолдандым. Мысалы:
Сенің туған күніңе атаң құлын атады. Сен оған қандай ат қоясың?
Оның түр- түсін сипаттап жаз.
Берілген етістіктерді пайдаланып, «Менің бір күнім» тақырыбына шығарма жаз.Тұру, жуыну, киіну, тамақтану, сабаққа бару, ойнау, көмектесу, дайындалу, ұйықтау.
Ертегіні аяқта.Жолда түлкі шаянды кездестіреді.
-Орманға қарай жүгірейік, кім бірінші келер екен!
-Жарайды.
Шаян түлкінің құйрығынан ұстап алады, ал түлкі жүгіре жөнеледі. Түлкі орманға зымырап жетеді, қараса алдында шаян тұр.
Өзіндік жұмыс арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, оқушының жеке қабілеті айқындалады, іштей бір-бірінен қалмауға тырысып, талпынады. Өз бетімен жұмыс істеп дағдыланған бала кездескен қиыншылықтарды жеңе алатын, өз ісіне тыңғылықты, алға қойған мақсатына жетпей тынбайтын азамат болып өседі.
Оқушылармен жүргізілетін әр түрлі мазмұндағы жеке жұмыстар білім, білік дағдыларын қалыптастырумен қатар олардың даралық, тұлғалық, шығармашылық қабілеттерін дамытумен нәтижелі болмақ. Мұғалім осы бағытта аса шеберлікпен, жоғары талғаммен іздене білуі қажет. «Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды»- деген халқымыздың нақыл сөзін үнемі еске алсақ, еліне қорған,ұлтына қамқор болар қашанда көңілі ояу, жүрегі таза жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелей аламыз.
Әдебиеттер
1. «Бастауыш мектеп» № 9 2011ж
2. «Бастауыш мектеп » №4 2003ж
3. Сыр мектебі» №6
4. «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту» методикалық оқу құралы Алматы.1999ж
ПОЛИЯЗЫЧИЕ КАК УСЛОВИЕ ДЛЯ ДУХОВНО-НРАВСТВЕННОГО ВОСПИТАНИЯ ЛИЧНОСТИ
Сапиева Р. Д., Аристанова Ж. Д.(Актобе)
Известно, что человек только тогда становится человеком, когда он с детства усваивает язык и вместе с ним культуру своего народа. Все тонкости культуры народа отражаются в его языке, который специфичен и уникален, так как по-разному фиксирует в себе мир и человека в нем. Язык не только отражает реальность, но интерпретирует ее, создавая особую реальность, в которой живет человек.
Язык - это путь не только в современную ментальность нации, но и в воззрения древних людей на мир, общество и самих себя. Отзвуки давно минувших лет, пережив века, сохраняются сегодня в пословицах, поговорках, фразеологизмах, метафорах, символах культуры и т.д.
Изучение же иностранного или любого неродного языка – это поиск новых дорог в мире человеческого общения.
Мнение о том, что человек проживает столько жизней, сколько языков он знает, основано на многовековом опыте человеческой цивилизации, постигшей истину о ценности мирного сосуществования разных этносов, которое возможно только при условии толерантности к иноязычному соседнему народу и глубокого понимания и знания всего комплекса достижений и опыта национальной культуры иного народа.
Разного рода общественные отношения, возникающие в процессе осуществления практической деятельности, коммуникативного акта, а также личные взаимоотношения индивидуальных личностей, раскрываются во всей полноте благодаря именно коммуникационным связям.
Современная действительность предполагает активную позицию каждого, кто стремится достичь высоких результатов, реализовать свой деловой и творческий потенциал. А язык становится именно тем инструментом, посредством которого мы реализуем этот потенциал.
Взаимодействие языков обуславливает возникновение особой среды, пространства, условий и т.д., т.е. всего того, что в комплексе может содействовать развитию истинного билингвизма.
Предпосылками для изучения второго (неродного) языка могут выступать различные обстоятельства, среди которых социальная необходимость преодолеть языковой барьер, мешающий научному, экономическому и культурному обмену между народами, говорящими на разных языках.
В настоящее время существуют два пути преодоления языкового барьера: первый - это создание международных вспомогательных языков, второй -изучение иностранных языков.
Приобщение к иностранному языку, в свою очередь, возможно двумя способами: помещение индивидуума непосредственно в иноязычную среду (естественный билингвизм) или же создание искусственных условий, обеспечивающих усвоение иностранного языка. Таким образом, естественный билингвизм имеет место там, где изучение второго языка происходит в результате непосредственного контакта с носителями иного языка в процессе совместной практической деятельности.
Искусственный билингвизм возникает в условиях преднамеренного изучения второго языка в специально созданной для этой цели обстановке (школа, институт, курсы по изучению иностранного языка и т.п.), где язык изучается опосредованно, через учителя, с использованием программ, учебных пособий, технических средства. Сюда же мы отнесем и случаи самостоятельного изучения иностранных языков, хотя они отмечаются в домашних условиях, но без непосредственного контакта с носителями второго языка и с использованием учебников, учебных пособий, а иногда и технических средств [1, с.211].
Язык - это путь не только в современную ментальность нации, но и в воззрения древних людей на мир, общество и самих себя. Отзвуки давно минувших лет, пережив века, сохраняются сегодня в пословицах, поговорках, фразеологизмах, метафорах, символах культуры и т.д.
Исследователь устных народных традиций Гулыга А.В. считает, что "устная народная традиция - это гигантский аккумулятор культуры" [2, с. 98], а ученый Гусев В.Е. изучая художественную культуру изустного творчества определяет ее как "своего рода поэтическую историю народа, которая выполняет образовательно-воспитательную функцию, формирующую историческое сознание народа и вместе с тем развивающую эстетическое восприятие им своего исторического прошлого" [3, с. 122-123].
Независимо от условий изучения второго языка конечная цель овладения неродным или иностранным языком не ограничивается только лишь овладением лексическим составом изучаемого языка, изучением его грамматического строя, структурно-морфологических особенностей и т.д.
Язык - это способ выражения человеческого духа, и его речевая деятельность - форма проявления деятельности духа. Это положение лежит в основе центральной идеи лингвофилософской концепции Вильгельма фон Гумбольдта [4].
Различия языков и особенностей их функционирования отражают различия народов, совокупность их интеллектуальных ценностей и образа мышления. В отличие от мышления вообще как общечеловеческого феномена образ мышления характеризует всю совокупность явлений национального мировоззрения, особенности взаимоотношений внутри данного этно-культурно-языкового сообщества.
Человечество - это совокупность всех народов, населяющих земной шар, причем каждый народ ищет свой путь восхождения к общему идеалу - мировому духу (Weltgeist).
Путь к познанию мирового духа лежит познание всех отдельно взятых племен и народов мира. Обращение к духу народа (Volksgeist) и мировому духу дало основание некоторым авторам видеть в концепции В.Гумбольдта проявление чистого идеализма... Вместе с тем необходимо отметить, что понятие "дух" у Гумбольдта никогда не ассоциируется с внешней по отношению к природе и человеку силой, с Богом, а является проявлением внутренних сил человека, человеческим разумом [1, с. 170].
Отталкиваясь от концепции духа и духовности В.Гумбольдта необходимо рассматривать духовность как "высшую способность человека, позволяющую ему стать источником смыслополагания, личностного самоопределения, осмысленного преображения действительности; открывающая возможность дополнить природную основу индивидуального и общественного бытия миром моральных, культурных и религиозных ценностей; играющая роль руководящего и сосредотачивающего принципа для других способностей души".
Подобное понимание духа и духовности неотделимо от понимания нравственности.
Нравственность - это особая форма общественного сознания и вид общественных отношений (моральные отношения); один из основных способов регуляции действий человека в обществе с помощью норм. В отличие от простого обычая или традиции нравственные нормы получают идейное обоснование в виде идеалов добра и зла, должного, справедливости, терпимости к ближнему и т. п.
Для осознания необходимости подобного отношения к окружающим людям человек должен, прежде всего, научиться любить и уважать себя.
Это значит, что у учащихся надо воспитывать такие качества, как высокий уровень самосознания, чувство собственного достоинства, самоуважения, самостоятельности, независимости суждений, способность к ориентировке в мире духовных ценностей и в ситуациях окружающей жизни, умения принимать решения и нести ответственность за свои поступки и осуществлять выбор содержания своей жизнедеятельности, линии поведения, способов своего развития.
Нравственное становление личности начинается тогда, когда индивидуум пытается выяснять свое место среди окружающих людей, оценивать свое поведение и поведение других людей, вырабатывать критерии правильной оценки своих взаимоотношений с другими людьми.
Педагог, воспитывая подрастающее поколение, должен воспитать у своих учеников такое отношение к окружающим людям, когда каждый сознательный человек знает меру своей ответственности за судьбу соприкасающихся с ними людей. Впоследствии вся последующая жизнь молодого человека до самой старости представляет собой либо сознательный процесс самовоспитания личности, либо бессознательное приспособление не получившего достаточного нравственного развития человека к требованиям окружающей среды.
Следовательно, перед педагогом, родителями и обществом стоит сложная задача заложить в сознание молодого человека такие нравственные основания, как понятие добра, правды и справедливости, в том числе и по отношению к представителям иной этнической культуры, иного вероисповедания и иной расы.
Любая национальная культура - это сложное, многогранное явление, требуюущее глубокомысленного осмысления, поскольку культура наличия как многообразие вариантов.
При этом культура, как общечеловеческий способ освоения природы, не подразумевает, что всегда сами собой понятны ее нормы, ценности, язык, символы, мировоззренческие схемы. Любая состоявшаяся культура непонятна «извне» и требует расшифровки, если эта культура в прошлом, или благожелательного диалога, если это — современная культура. Последнее особенно важно в свете современного процесса глобализации культуры [5].
В целях воспитания духовно-нравственной личности педагогу необходимо помнить, что важной особенностью культуры является то, что ее объективные структуры всегда в конечном счете замыкаются на личностное приятие (или неприятие), толкование, воспроизведение и изменение.
Это значит, что если процесс социализации человека вообще подразумевает усвоение человеком в результате воспитания, образования и накопления жизненного опыта элементов культуры, социальных норм и ролей, образцов поведения и т. п., характерных для данного общества, социальной группы и культуры, то процесс первичной социализации подразумевает усвоение ребенком, как человеком, находящимся на раннем этапе своего развития элементов культуры общества, социальных норм и ролей, ценностей, образцов поведения в процессе взаимодействия с семьей, сверстниками, педагогами и другими людьми, находящимися с ним в постоянном контакте.
Кроме того, роль всего общества в воспитании личности неоценима, так как последующие этапы развития личности находятся под влиянием общества и здесь имеет место уже вторичная социализация, которая подразумевает усвоение людьми на протяжении всей жизни культуры общества, ценностей, социальных норм и ролей под воздействием социальных институтов, в т. ч. средств массовой коммуникации, взаимодействия с окружающими, посредством накопления и анализа жизненного опыта.
Вхождение в культуру (инкультурация) может «автоматически» обеспечиваться механизмами культуры, но может также быть проблемой, требующей моральных и творческих усилий (что бывает, как правило, при столкновении разнородных культур или при конфликте поколений, мировоззрений и т. п.). Таким образом, соотнесение себя с культурой есть одно из фундаментальных свойств личности.
Следовательно, мир культуры решает две формально противоположные задачи: поддержание статики общества, благодаря сохранению и воспроизведению традиции, и обеспечение его динамики, благодаря творческим инновациям. Для этого культура создает в себе сложные многоуровневые системы, позволяющие снимать противоречия индивидуума и общества, старого и нового, своего и чужого, нормативного и ситуативного. В этом отношении культуру можно определить как информационную сверхсистему, которая обеспечивает обратную связь со средой при сохранении фонда исторической памяти [там же].
Современное общество Казахстана находится на достаточно высокой ступени своего общественного сознания, когда чувство патриотизма нашем государству и желание овладеть казахским языком, как государственным, а русским, как языком межнационального общения, стало не только насущной необходимостью, но и внутренней потребностью граждан, без которой чувство самоуважения как личности и как нации в целом фактически невозможно.
Что касается английского языка, то он прочно вошел в нашу жизнь – практически на всех ее уровнях. Вести результативный бизнес, как и любую другую практическую деятельность, а также полноценную бытовую жизнь без английского языка практически невозможно.
Цель гуманной (неклассической) педагогики — развитие личности. Каждый ученик личностно ориентирован на развитие своих специфических черт характера и таланта.
Творчество и любознательность – это способность к саморазвитию, применению новых идей и доведению их до других людей, открытость новым и разнообразным перспективам, точкам зрения [6].
При этом развитая личность подразумевает собой и высокий уровень сознания, немыслимый без развитого творческого или креативного, критического и аналитического мышления. Для последнего значение традиционной педагогики, тем не менее, весьма значительно.
Работа по развитию творческого, креативного, конструктивного мышления у учащихся непременно должна сочетать в себе как лучшие традиции мирового педагогического опыта, так и передовые технологии нового времени.
Только в том обществе, где человеку с младых ногтей прививаются принципы приятия проявлений иной национальной культуры и стремления к изучению и пониманию ее ценностей, наравне со стремлением более глубокого постижения собственной, есть условия изучить и свободно овладеть как родным, так и неродными и иностранными языками. Это фундамент, на котором должно строиться мировоззрение духовно развитого человека и нравственный характер личности.
Литература
1. Карлинский А.Е. Избранные труды по теории языка и лингводидактике. Алматы, 2007. - 308 с.
2. Гулыга А.В. Эстетика истории. М.,1974.
3. Гусев В.Е. Эстетика фольклора. Л., 1967.
4. Sculra H. Wilhelm von Humboldt. Werden und Wirken. Berlin, 1985.
5. Доброхотов А.Л. История культуры. www.megaKM.ru
6. Валькова И.П., Низовская И.А., Задорожная Н.П., Буйских Т.М. Как развивать критическое мышление (Опыт педагогической рефлексии). – Бишкек, 2005.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ БАҒЫТТАРЫ
Сариева Қ. А. (Ақтөбе)
ХХ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән-мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Қазіргі қоғам жан-жақты білімді,мәдени ой-өрісі өсіп жетілген,ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы,ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.
Әдетте балалар мекемесінде балаларға көтеріңкі көңіл-күй туғызатын,түрлі шығармашылық тақырыптарға толы ашық ақпараттық ортаны пайдалану кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Қай кезеңдерде болмасын балабақша- қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген. Қазіргі кезде білім үрдісінде 50-ден астам оқытудың жаңа технологиялары қолданылады. Олардың бірнешеуі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде де қолданыс тапқан. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін,ұстаз «жаңашыл» ұстаз болуы қажет. Жаңа технологиямен жұмыс жасай отырып,газет-журналдардан,ақпарат құрал көзі болып табылатын интернеттен жаңалықтарды ала отырып,оны өз сабақтарында қолдана отырып, күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өзгеріс,жаңалық енгізеді. Осылайша мұғалімнің жеке басында өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін жаңашыл шығармашылық тұлға қалыптасады.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер-мултимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер,қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып,қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану оқу іс-әрекетін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әрбір оқу іс-әрекеттерін өтер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары анық. Мультимедиялық оқулықтар, біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Балалар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп,өтілетін тақырыптар жүйесі күрделене түседі. Сондықтан балалардың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа технологияларды мектепке дейінгі тәрбиеде тиімді пайдалану қажет екені ескеріледі. Бүлдіршіндерге берілетін оқу іс-әрекеттерінің тақырыптары да бүлдіршіннің даму деңгейіне сәйкес кеңінен беріліп, түсіндіріліп отырғаны дұрыс. Ондағы материалдар әртүрлі ұнамды, әдемі,жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар формасында көрсетіледі. Мысалы,компьютер-мультимедиялық құралды музыка пәнінде қолданудың артықшылықтарын айтар болсақ,қай уақыттарда да балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әндерді табу музыка жетекшілеріне қиындыққа түсіп жатады.Қазіргі заман талабына байланысты айтылатын әндерді жоғарғы даярлық және ересек топтарында үнтаспадан минусовкамен айту кеңінен дамып бара жатыр.Ал, осы орайда музыка жетекшілері сәйкес әндерді тауып жатқанымен, ол ән көп жағдайда 5-6 жастағы балалардың дауыс диапазоны мен тональносіне сәйкес келмей жатады да, мұғалім қиналып жатады. Ал, компьютерді қолдану арқылы жаңағы әннің тональносін оп-оңай еш қиналыссыз өзгертіп балалардың даусына сәйкестендіріп алуға болады. Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау үшін,оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық даму динамикасын жасау қажет.Бұл- педагогтың бүкіл оқу жылына пайдаланатын әдістерді жоспарлауына көмектеседі. Қазіргі заманға лайық мұғалім болу үшін бірнеше түрлі қасиеттер әркез біздің бойымыздан табылып отыру қажет деп ойлаймын. Ол үшін мұғалім өз кәсібінің маманы болумен бірге жан-жақты,яғни өз пәнімен бірге өзге де пәндерді жақсы меңгеруі тиіс. Себебі, балалар өз мұғалімін «бәрін біледі» деп ойлайды. Сол үшін де мұғалімнің біліміне шек келтірмейді. Оқу процесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуі үшін-мұғалім оқытудағы заманауи озық технологиялардан жақсы хабардар болып, білім саласындағы соңғы жетістіктерді балаларға дер кезінде жеткізіп, ортақ игілікке айналдыра білуі және де өмір бойы өз білімін жетілдіріп үйрену ұстанымында болуы керек. Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсатымыз- баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, басқа да әс-әрекеттерге жағымды түрткісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазақ халқында «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқасын досыңдай сырлас»-деген тамаша сөздің терең философиялық мәні бар. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында берілетін болса, жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік етіп ұстайтын жас ұрпақ-кәзіргі бүлдіршіндеріміздің бойына салауатты өмірді серік етіп, олады әлемдік жаңа заманауи біліммен қамтамасыз ету, осылайша тәуелсіз еліміздің білімді азаматын тәрбиелеу –сіз бен біздің ортақ мақсатымыз деп білген жөн.
Әдебиеттер
1.Концепция развития системы образования в Республике Казахстан до 2015 года.-Астана,2004.
2.Бала мен балабақша.Алматы,2011жыл,№11.
3.Бала мен балабақша.Алматы,2011жыл,№12.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Сарсенов Ж.Ж.(Ақтөбе)
Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады. Бірақ оқушыларды білімді игеруде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:
Оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде
Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау
Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы.
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-ші бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Педагог әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Баланың сөздік қорын байыта түседі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуім ше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек.
«Аламан бәйге», «Алтыбақан», «Арқан тарту», «Ақ сүйек», «Теңге алу», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Жамбы ату»... Санамалай берсеңіз, қазақтың ұлттық ойындары осылай жалғаса береді. Біздің алға қойған мақсатымыз халқымызға тән осынау ұлттық ойындарымызды тізіп шығу емес. Керісінше, ата-бабаларымыз бұдан сан ғасыр бұрын ойлап тауып, уақыт өте ұрпағына қалдырған ұлттық ойын түрлерінің маңызы мен мәнін саралап, дәл осы ойындарды жаңа ғасырда жаңаша пайдалануды бұлжымас дәстүрге айналдырсақ деген ой-пікірді иісі қазақ басшылардың есіне салсақ деген ниеттен туындап отыр. Этнограф-ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты, алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді. Қайсыбір ғалымдар қазақ халқының ұлттық ойындары түрінің жүзден асып жығылатынын айтады.
Демек, халқымыз ұлттық ойындар арқылы жастарды өмір сүруге дағдыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәттен жол таба білуге машықтандыруды басты мақсат еткен. Мысалы, «Аламан бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тарту» ойындары адамды төзімділікке үйретуге, ерік-жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені әрбір адам өзінен өрбіген ұрпақтың ынжық, бойкүйез болып қалмай, жан-жақты, білікті де күшті болып өсуін өмірдің мәңгі мәні ретінде қабылдаған.
Жалпы, қазақтың ұлттық ойындарының қай-қайсысының да қоғамдық және әлеуметтік мәні зор. Бұған қоса, ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениетті болғанын айқындайды. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Шындығына келсек, адамның өмір сүруінде қазақтың ұлттық ойындарының атқаратын маңызы ерекше. Басқаны былай қойғанда, әр ұлттық ойын оған қатысушыны өмір сүруге бейімдеп ғана қоймай, қиындықтан қорықпай, қарсы тұра білуге үйретеді. Мысалы, бір ойын шеберлік пен ептілікке, енді бір ойын талғампаздыққа, ал енді бір ойын қиын-қыстау кезеңде тез шешім қабылдап, оңтайлы жол таба білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық ойындардан спорт пен патриоттық тәрбие айқын аңғарылады. Мұның өзі қазақтың ұлттық ойындарының тәрбие берудің таптырмас құралы екендігін дәлелдейді. Өкінішке қарай, қазіргі күні біз маңызы зор ұлттық ойындарымыздың тек бірен-саранын («Аламан бәйге», «Көкпар», «Алтыбақан») ғана игере алдық. Осы тұрғыдан келгенде, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «Тоғызқұмалақ», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Көкпар», «Хан дойбысы» секілді түрлерін спартакиада, олимпиада ойындарына қысылмай-ақ қосуға болады.
Жастардың ұлттық сана-сезімінің дамуында қазақтың ұлттық ойындарының алатын орны айрықша.
Тәрбиелік мәні зор ұлттық ойындарымызды бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру – басты міндетім.
Болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып,әлемдік педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.
Әдебиеттер
1. Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы-педагогикалық технология көзі.Алматы.2001 жыл.
2.Қазақ тілі:әдістеме (Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал)2011 жыл
3.Білімдегі жаңалықтар журналы.2011-2012 жыл.
4.Новые педагогические и информационные технологии в системе образования/под ред.Е.С.Полат-М.:2000.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ – МҰҒАЛІМНІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ
Сарсенова А.А.(Ақтөбе)
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік
туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі
Питер Клайн
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тұжырымдаса, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап көрсетілген. Ендеше, Елбасының «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық»деген сөзі әрбір адамды ойландыруы тиіс. Өйткені мұғалім еңбегінің нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Елбасы Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болмақ. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттерінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге әбден болады. Білім – қоғамды әлеуметтік мәдени-ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, жоғары құндылық. Мұғалім — бұл қай кезде де, ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық білігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс. Білім сапасын арттыру бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу – білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.
Білім мен тәрбие - адамгершілігі мол тұлға қалыптастырудың қос қанаты. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл ойы дамыған азаматын даярлау- бүгінгі күннің талабы. Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алуда. Білікті, білімді мамандар жаңалықты теориялық жағынан меңгерумен қатар, білім беру үрдісіне енгізе отырып, тәжірибе жинақтағанда оң нәтиже беретініне көз жеткізуде. «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз, көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның ұстаздық еңбегінің жемісі болмайды»,- деп К.Д.Ушинский айтқандай, оқытушылар заман көшінен қалмай, жаңалықтың жаршысы болуы керек.
Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
• білім мазмұнындағы инновация;
• оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
• оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
• мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Инновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру.
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Инновациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
• инновацияның себептері;
• жаңалықты жобалау;
• жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн.
Әдебиеттер
1. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002ж.
2. Жадрина М.Ж. «Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы, 2002 ж.
3. Ахметұлы.Қ., Баймолдаев.Т.«Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру жолдары. Алматы, 2003ж.
БҮГІНГІ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ МЕН ШЕБЕРЛІГІ
Сеилханова Ш. А., Халел Л.А. (Ақтөбе)
Педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеру - білім саласындағы басқару қызметі бағыттарының маңызды да міндеттілерінің бірі. Бұл қызмет төмендегідей аса маңызды әрі қажетті бірліктерден құралады:
-мұғалімдердің оқушылармен жүргізетін оқу-тәжірибе жұмыстарының формаларымен әдістерін пайдалану және қолдану шеберлігін жетілдіру,үздіксіз күрделене дамуындағы білім мазмұнын игеруді қамтамасыз ету.
-мектептегі оқу-тәрбие процесінің мүмкіндігінше жоғары деңгейде жабдықталуы мен жалпы деңгейдегі жаңашыл жасампаз іс-әрекеттердің орындалуына жағдай жасау
Кәсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық шеберлігін арнайы курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру мекемелерінде жетілдіріп отыруы міндетті. Бұл бағыттағы жұмыс мазмұны басқару ісінің сараптауы негізінде реттеледі.
Сараптау- педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды да тиімді құралы есептеледі. Сараптау мақсаты-кәсіби деңгейде көтеруге ынталандыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашыл ынта дамыту,педагогтардың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету.
Кәсіби деңгейіне сәйкес педагогтың біліктілік категогриясын тағайындау да осы сараптау қызметінің нәтижесі. Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағыты-оның нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасы есепке алынады. Ол әр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі.
Педагогикалық сарап мақсаты-бұл мұғалімдердің оқу-тәрбие қызметінің тиімділігін шынайы анықтап,оның нақты бағасын шығару. Ал мұғалім педагогикалық деңгейіне берілетін баға ол оқытып,тәрбиелеп жатқан шәкірттердің оқу іс-әрекетінің нәтижелігіне байланысты болатыны әбден түсінікті. Осыдан мұғалім бағасы мен шәкірт тәлім-тәрбиесіндегі нәтижелік көрсеткіштері ажырамас,бір процестің екі тармағы. Бірінші-негізгі сабақ болған білім беру, оқыту процесінің тиімділік деңгейі.екіншісі-нәтиже, яғни оқушының оқудағы үлгерімі мен тәртіптік дәрежесіне берілетін баға.
Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім мен ептіліктер игеру және кәсіби қызметке орай жаңа мазмұн мен соны технологияларды меңгеру үшін кәсіби қайта дайындық оқулары ұйымдастырылады.
Педагогты даярлау жүйесіндегі басты алынар нысана – мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі. Мұғалімдердің жаңашыл тәжіребиесін зерттеу, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты.
Тәжірибе дегеніміз-педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық,педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде меңгерген шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжіребиесі. «тәжірибе» және «практика» ұғымдарының мәні тереңірек, өйткені онда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының озат тәжірибесі жинақталуы мүмкін.
Басқа адамның педагогикалық тәжіребиесін толық зерттеу- үлкен жауапты жұмыс. Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, жалпы педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу, сабақтарға, оқулықтарға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме және тағы басқа іздену шаралары педагогты даярлау жүйесіндегі педагогикалық тәжірибенің негізгі қайнар көзі.
«Мұғалімді білікті етіп даярлауда балалар ұжымымен жұмыс істеген жөн»-деген педагог А. Макаренко. Яғни ол ұжымды төрт бөлікке бөліп қарастырады.олар. педагог, сынып ұжымы, қосалқы ұжымдар сыныбы, жалпы мектеп ұжымы.
Педагог осы төрт ұжыммен тікелей байланыста болып, өзінің тәжірибесін қалыптастырып дамытады. Мұғалім даярлаудағы мұндай бағыттың қажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген. Оған қоса ғалым педагог Ю.К.Бабанскийдің ойларымен қарағанда педагогтың тәжірибесі былай болуы керек деген;
- біртұтас тұлғаны қалыптастыру проблемасын,біртұтас педагогикалық процесстің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес.
- мұғалім іс-әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағыттаушылықпен жету мүмкін емес.
- оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы және тәжірибесі және оның негіздерімен даму заңдылықтары жөніндегі біртұтас түсініктің болуы. Осы іс-әрекеттерді бойына сіңіру арқылы педагог өзінің тәжірибесін арттырады.
Теориялық талдау барысындағы ұстаз іс-әрекеті нысанасының ерекшеліктері мен оның кәсіби даярлығына қажетті элементтерінің өзара байланыстылығын анықтау негізінен іс жүзінде бұл элементтерді қандайда болмасын тиісті білім орындарының контингентінің құрамы мен жас ерекшеліктеріне байланысты түзетумен ұстаздың кәсіби даярлығының өлшемі деп санауға болады.
Ұстаздың іс-әрекетінің нысанасы-біртұтас педагогикалық процесс пен ұстаздың кәсіби даярлығы өлшемдерінің өзара байланыстылығының өзара ерекшеліктеріне тиісті талдау жасау тұрмыстық, төмен кәсіби, ситуативтік, модельдеу алдындағы және модельдеуші деңгейдегі даярлықтарының айырмашылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Берілетін пән бойынша жақсы білім болған жағдайда мектеп ұстаздарының кәсіби міндеттерінің орындауда ұстаздар түсініктері бірдей бола бермейді.
Тұрмыстық деңгейде-мағыналы ойға сүйену. Бұнда ұстаздың барлық назары берілетін пәннің мазмұнына сәйкестікте болу керек деген талабы жұмыста жақсы еәтижелер беруі мүмкін олардың ойынша бұндай болмаса, онда мұғалім-кінә оқушылардан, олар дұрыс талпынбайды,дайындықтары нашар, қабілеттері шамалы деген қорытындыға келеді. Бұндай ұстаз, заң бойынша оқу материялының мазмұнын толық бере алмайды, бұны оқушылардан талап етеді.
Оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру мәселесі бұндай ұстаздың ойына да келмейді. Өзінің әрекеттерін мұғалім оқу материялдардың мазмұнына және оқушыларды бақылаудың кейбір бөлшектеріне сүйене отырып ұйымдастырады. Бұндай ұстаз үшін оқушылардың өзара әрекеттері тиімді, біртұтас педагогикалық процесс мәселе ретінде қарастырылмайды.
Төменгі кәсіби деңгейдегі ұстаз кейбір жеке педагогикалық құбылысарды ғана көре алады,бірақта ол олардың арасындағы байланыстарды анықтау қажеттігін түсінбейді. Сондықтан бұндай деңгейдегі мұғалімдер оларды себеп ретінде қабылдайды және оның педагогикалық ықпал ету құралын қате қолдануы мүмкін. Төменгі кәсіби деғңгейдегі ұстаздар өз әрекеттерін жеке педагогикалық құбылыстар туралы көбінесе бақылау тәсілімен алынған толық емес мәліметтер негізінде ұйымдастырады. Оқушылар әдеттегідей жоғарыда көрсетілген деңгейдегідей репредуктивтік тапсырмаларды орындайды, өзара әрекеттерді ұйымдастыру элементтері көрінбейді.
Профессионалдық кәсіби дайындықтың моделдеуші деңгейіндегі ұстаз үшін қандай да болмасын оқиға өте сирек оның назарынан тыс қалады. Ұстаз бұл ситуацияның өткен оқиғамен байланысын таба алады,оның педагогикалық процестегі орны мен рөлін бағалай алады,оның тек қана себеп-салдарын ғана емес,басқада байланыстарын айқындай алады. Бұл ұстазға педагогикалық пайда болған қайшылықтарды шешуге арналған педагогикалық ықпал ету құралдарын дұрыс таңдап алуға және осыған сай педагогикалық процеске қатысушылардың қажетті белгілі бір нақты нәтижеге бағытталған іс-әрекеттерін, яғни оқушыларды,тұлғаның өзгеруіне байланысты іс-әрекеттерін ретке келтіруге көмектеседі.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында ұстаз-ұстаздармен, оқушылардың бір-біріне әрекеттігіне кеңінен сүйенеді. Бұндай ұстаздардың оқушыларының барлығыда оқу және оқудан тыс жұмыстарда жоғары белсенділік танытады, ата-аналары оқу орнының істеріне ризашылықпен қатысады. модельдеуші деңгейдегі кәсіби дайындығы бар ұстаздардың басшылығымен оқушылар ұжымы өте тиімді қалыптасады.
Сонымен, теорияны терең түсінуді белсенді педагогикалық қызметпен үйлестіруге негізделген оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық бақылау- педагогикалық практиканың алғашқы күнінен бастап-ақ жетекші міндеттердің біріне айналады.
Әдебиеттер
Білім беру жүйесіндегі басты бағдар //Білім кілті. Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал. - Алматы, 2006.
Жақсы істердің бастауы – жаңашылдықта. // Қазақстан мектебі, 2012.
Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. Монография. –Алматы: Ғылым, 2003.
Мұғалімдердің шеберлік іс-әрекетке әдістемелік дайындығының негізгі бағыттары .Алматы.2011.
Система управления экспериментальной работы по переходу на 12-летнее обучение. Методические рекомендации. –Астана РНПЦ проблем 12-летнего образования, 2005.
Учебно-исследовательская деятельность учителей. Учебно-методическое пособие.2009.Астана.
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ САПАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Татебаева Ж. (Ақтөбе)
«Адам қарым - қатынас арқылы ғана жетіледі»
А.C. Экзюпери
Қазіргі заманда мектепке білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт мектепке білім беру қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары анықтайтынын педагогтың іс-әрекеті емес, бала – педагогикалық процестің субъектісі ретінде болатынын көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге мүмкіндік береді.Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш кластарда кеңінен қолданылады.Әр мұғалім технологияның нәтижесі дұрыс болуы үшін мынадай жағдайларды ескеруі қажет:
Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау.
Ойын жүргізетін орынның алдын-ала дайындалуы.
Оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
Ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
Ойынның оқушылардың ынтасын тартып, пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталуы.
Бастауыш класта сабақты үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың білімге деген қызығушылын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы сөздік қорларын молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
«Ойын – бұл баланың рухани дүниесіне оны қоршаған ортасы туралы ұғымдардың және түсініктердің жандандыратын ағыны екенін үлкен жарық терезе сияқты», деп Сухомлинский В.А. жазған болатын.
Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы кластағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.Ал ойын-сауық, демалыс ретінде бола тұрып, оқытуға, шығармашылыққа, адам қарым-қатынастарының өмірдің әр -түрлі салаларында көрінудің, оларды модельдеуіне айналуы мүмкін. Еркін сюжетті-рөлді ойын – бастауыш класс оқушылары үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы – ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсыластарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы – заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын
Ойын – кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды – ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерін тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс.
Сондықтан мұғалімнің бала ойынын ұйымдастыру технологиясын меңгерту мәселесі айрықша өзекті болып отыр. Осы әдістемелік нұсқауларда сюжетті ойынды ұйымдастырудың жаңа әдісі – модельдеу арқылы ұсынылып отыр.
Мектепте тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Бастауыш класс балаларымен сөздік жұмысын жүргізу ісі – тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысын таңдап алады. Осы кезде баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды.
Арнайы ойын –сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала өз жасына сәйкес бағдарламалық міндеттерді меңгереді. Ойын кезінде мұғалім балаларды ойнай білуге, ойын ережесін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Ойын барысында әр бала өз жетістіктеріне қарап қуанып, мәз болады. Сондықтан ойын-тапсырмаларды таңдауда балалардың жас ерекшелігін ескерген жөн. Мысалы:«Қайсысы көп, қайсысы аз», «Бірдей фигураларды тап»,«Бірдей сөздерді тап»,«Бір сөзбен ата»,«Ұйқасын тап», «Қиылған суреттер»,«Есіңде сақта», «Жұмбақ ойла», «Сөз ойла», «Жалғастыр», «Жақсы – жаман», «4-ші не артық?» Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділігін, саусақ бұлшық еттерін дамытады. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны – саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады.Балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Осындай ойындарды ойнап отырып олардың нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады.
Тақырыпқа сәйкес оқылған ертегілерді де рольдерге бөліп, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда қойылым көрсетеміз.Қорыта айтқанда ойын элементтерін қолдану бастауыш сатыда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.
Әдебиеттер
1.Халық ойындары
2. Ж.Мизамхан. Халық ойындары. Өлгей – 1982ж.
3. Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану.Алматы 2010ж.
4. А.Қайырбекова. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі – 2005ж.
ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ОҚУТЫДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МАЗМҰНЫ
Темирова Б.Б., Жумагалиева Ж.С.(Ақтөбе)
Қазіргі таңда оқытудың жаңа мазмұнына көшу, оқу табыстылығын арттыру негізінде ғалымдар түрлі технологияларды ойлап табуда. Ал технологияларды білім беру жүйесіне енгізу нәтижелі оқытудың бірден бір себебі болып отырғандығы баршаға мәлім. Демек, қай пәнді оқыту барысында қандай да бір технологияларды алсақ та оның нәтижеге бағдарланғандығы басты назарға алынады. Осы орайда тарих пәнін оқытудағы қолданылатын технологиялар негізінде оқушылардың оқу табыстылығын арттыру, қазақ тарихына жалпы алғанда тарих пәніне қызығушылықтарын арттырудың мүмкіндігі зор.
Тарих пәнінің мазмұны мен мақсат-міндеттері келесідей түйінді біліктерді қалыптастыруға бағытталады:
Саяси және әлеуметтік- оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығында белсенді түрде бейімделу қабілеті.
Толеранттылық- басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тіл табысушылық.
Когнитивтілік- өз білімін үнемі жетілдіруге дағдылану, шешімін іздеу, түсінігін білдіру, нақты өмірдегі оқиғалардың себеп- салдарын өздігінен тану.
Дүниетанымдылық- әлем туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру, қоғамдағы әлеуметтік орнын дұрыс таба білу, отаншылдық, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрін, адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық өмірдің демократиялық қағидаларын құрметтеу.
Технология-«шеберлік туралы ғылым» деген ұғымды білдіретін грек сөзі. Педагогикалық технология оқү үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрамына мыналар кіреді:
А) тұжырымдық негізі;
Ә) оқыту мазмұндық бөлімі;
-оқытудың нақты және жалпы мақсаты ;
-оқу материалдарының мазмұны;
Б)үрдістік бөлім-технологиялық үрдісі;
-оқу үрдісін ұйымдастыру ;
-оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары ;
-мұғалімнің материалдарды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
Осыған орай әр түрлі ғалымдар өз көзқарастары тұрғысынан педагогикалық технологияларды түсіндіріп олардың анықтамаларын беріп отырды (төменде 1 кесте түрінде бейнеленген)
№
|
Технологиялар туралы түсіндірмелер мен анықтамалар
|
Ғалымдар
|
1
|
Педагогикалық технологиялар теориясының негізін оқытудың талап деңгейіндегі нәтижесіне міндетті түрде қол жеткізу үшін сабаққа диагностикалық мақсат қою қажетті.
|
В.Беспалько
|
2
|
Педагогикалық технологияларды теориялық тұрғыда негіздеп, ұсынуды ортақ тілін, үлгісін анықтады. Қазіргі таңда теориялық және практикалық сабақтарда әртүрлі технология қолданыс табуда.
|
Г. Селевко
|
3
|
Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып, әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі ретінде көрсетті, сонымен қатар оның үнемі өзгеріп отыратындығын дәлелдеді.
|
БЛихачев
|
4
|
Педагогикалық технология-педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы пайдаланылатын барлық қисынды ілім амалдары мен үрдіснамалық құралдардың жүйелі жиыфнтығы және жұмыс істеу реті
|
М.Кларин
|
5
|
Педагогикалық технологиялар-оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі
|
В.Монахов
|
Оқыту технологияларының құрылымдық элементтеріне мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар, оқушы, оқытушысы, нәтиже жатқызылады.
Оқыту технологияларына тән белгілер:
негізділігі (кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжыдымдамасы болуы шарт);
жүйелілігі (құрылымдық элементтердің бір тұтастығы);
басқарылмалығы (оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан-аяқ тексеруге болатындығы);
тиімділігі (қысқы мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі).
«Оқыту технологиясы» ұғымын нақтылау және оларды іріктеп ала білудің өзектілігі бүкіл оқыту үрдісінің түпкілікті нәтижесінің технологияның дұрыс таңдалып алынуына тәуелдігімен түсіндіріледі. Педагогикалық технология тарих сабағы бойынша оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі;
ә) оқыту мазмұндық бөлімі;
б) оқутудың нақты және жалпы мақсаты;
в) оқу материалдарының мазмұны;
б) үрдістік бөлім – технологиялық үрдісі;
г) оқу үрдісін ұйымдастыру;
ғ) оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
д) мұғалімнің материалдарды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті.
Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Бүгінгі таңда тарих сабақтарын оқытуда кеңінен қолданылып жүрген оқытудың жаңа технологиялары қатарына мыналар жатқызылады:
Ынтымақтастық;
білім беруді ізгілендіру;
проблемалы оқыту;
тірек сигналдары арқыла оқыту;
түсіндіре басқарып оза немесе қарқынды оқыту;
деңгеймен саралап оқыту;
модульдік;
ақпараттық коммуникативті технологиялар.
Тарих сабақтарында қойылған міндеттерге қол жеткізудің нәтижесін қамтамасыз ету тұрғысында ақпараттық коммуникативті технологияларды мынадай қолдануға болады:
мультимедиялық презентациялар.
Флеш-фильмдер.
мультимедиялық карталар.
оқу-әдістемелік құралдар
берілген білімді бекіту мақсатында тестер мен жаттығулар
сөзжұмбақтар
Сабақта технологияларды қолдану негізінде оқушылардың бойында төмендегідей сапаларды арттырудың мүмкіндігі зор:
Берілген ақпаратты игеруді психологиялық тұрғыдан қарапайымдатады;
танымдылық қызығушылықты арттырады
Оқушылардың дүниетанымын, ойлау көкжиегін кеңейтеді.
Игерілуі тиіс ақпаратты түсіндіру барысында көрнекі құралдарды пайдалану мүмкіндігі еселенеді
Тарихқатереңінен үңілуге, оқу табыстылығын арттыруға деген қызығушылықты тудырады;
Теориялық материалды барлық мүмкіндігінше меңгеруге тырысады;
Ақпаратты табу, яғни ізденімпаздықтың артуы негізінде табылған мәліметтерді компьютер көмегімен өңдеу;
өз көзқарасын нақты айта білуі;
оқушы мен мұғалімнің еңбек өнімінің жоғарлауы.
Тарих сабақтарында, жаңа тақырыпты түсіндіргенде жаңа технологияларды пайдаланудың негізгі басымдылықтары былайша бейнеленеді:
1. оқушыларғабелгілі бір тақырып аумағында немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. қашықтан оқыту арқылы білімді меңгеру мүмкіндігі;
3. оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі
Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің «оқыту процесінде оқушының ақыл- ойының дамуы «өзекті дамуы» аймағынан «жақын арадағы» аймағына ауысу» туралы теориясы.
Даму – оқушының берілген тапсырманы шешуде белсенділік пен дербестіктің жоғары деңгейіне өтуі.
Выгодскийдің айтуынша, даму балаға берілетін көмек шамасымен анықталады. Выгодский бойынша, дамудың екі аймағы бар:
Өзекті даму аймағы, яғни БИД (білім, икем, дағды) меңгеріп, оны өздігінен пайдалану аймағы.
Жақын даму аймағы, яғни білім игеру үшін баланың ересектер көмегін пайдалану аймағы.
Дамудың ең жоғары деңгейі – өзіндік даму болып табылатын болса, «өзекті дамуы» аймағынан «жақын арадағы» аймағына ауысу» – тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1- деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізінде іс-әрекет арқылы жүзеге асады.
Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.
Барлық жаңа технологияның мақсаты- пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай, электронды оқулық, интернет, web сайдты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |