Әдебиеттер
Беспалько В.П. Слагаемые педагогические технологии.М: Педагогика, 1989.- 47 б.
Кларин М.В. Технология учебного процесса в зарубежной дидактике // Современная дидактика.-М.:Образование, 1994.-215 б.
Ахметова С.Р. Пікірсайыстехнологиясынпедагогикалықүрдістепайдалану. Семей, 2005ж.
Жолдасова Б. Инновациялықтехнологиялардыбілімберудеқолдану. Білім, №2, 2008ж.
Төлеубаева Г. Тарихтыоқытудағыәдістемеліктехнологиялар. Қазақтарихы, №2, 2009ж.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ
Төребекова М. Қ. (Ақтөбе)
Білім берудің ұлттық жүйесін дамыту жағдайында білім беру үдерісінде инновацияларды қолдану мен аппробация, жүйелік эксперименттермен сипатталатын білім беру ұйымдарының инновациялық қызметі басым сипатқа ие болып отыр. Қазіргі таңда педагогтар қауымы алдында тұрған маңызды міндет біріншіден, білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес болса, екінші жағынан дәстүрлі тұрақты ұлттық білім беру құндылықтарына сүйенетін инновациялық технологияларды қолдану болып табылады. Педагогикалық қызмет саласындағы жаңа талаптар білім беру жүйесін модернизациялауға алып келді. Бұл саланың болашақта қарқынды дамуының мүмкін жолдарының бірі инновация болып табылады.
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген мағына. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Инновациялық процес – білім беру процесіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет.
Инновациялық білім процесінің негізінде екі маңызды педагогикалықпроблема жатыр:
1. Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы.
2. Психологиялық – педагогикалық ғылым жетістіктерінің практикасына дейін жеткізудің проблемасы.
Қазіргі инновацияның басым көпшілігі тарихи тәжірибелермен өзара сабақтастық сипат алуында. Бұл инновациялық процестердің мотивациялы-мақсатқа бағыттылығын және құру, меңгеру, қолдану және қазіргі теорияларды осы жағдайға бейімделген, сонымен қатар өзекті, айқындалған белгілі бір критерийлерге сәйкес. Бұндай бейнеде аталмыш бағыт жаңашылдық енгізілген жүйені сапалы жақсартуды ұсына алатын бағыттылық.
Теориялық - әдіснамалық деңгейде іргелі мәселелердің көтерілуі Н.И.Лапина, А.И.Пригожина, Б.В.Сазонова және басқа да Ресейлік және отандық ғалымдардың еңбектерінен көрінеді.
Педагогикалық қызметтегі инновациялық проблемалардың шешімін табуды іздестіру білім беру саласындағы инновациялық процестердің ағымы ерекшеліктері мен зерттеудің маңыздылығының, құрылымының, жіктелуінің нәтижелеріне ие талдаулармен тығыз байланысты.
Педагогикалық процесте инновацияны енгізу мақсатқа, мазмұнға, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдеріне, мұғалім мен оқушының қазіргі қызметін ұйымдастыруға жаңалықтар кірістіруде. Білім беру жүйесіндегі инновациялық процестердің маңыздылығын түсіну екі маңызды педагогика мәселелерініңалдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді тарату мен қорыту, зерделеу мәселелері, сонымен қатар тәжірибелік қызметке педагогикалық, психологиялық ғылымдарының жетістіктерін енгізу мәселесі. Бұндай бейнеде инноватика пәні инновациялық процестердің мазмұны мен механизмдері өзара тығыз байланысты құрылымды, педагогикалық тәжірибелерді қорыту және оларды тарату соңғы мақсаты массалық практикада жаңаны, алдыңғы қатарлы істерді енгізудің объективті өзара байланысуын ұсынады. Демек, инновациялық процестердің нәтижесі біртұтас педагогикалық процесте теориялық және практикалық жаңалықтарды пайдалану болып табылады.
Теориялық инновацияға теориялық процестердің негізінде алынған ғылыми-зерттеу іс-әрекеті нәтижесінде алынған оқыту мен тәрбиелеудің, оқыту әдістерінің қағидалары, жаңа тұжырымдамалар мен тәсілдер, болжамдар, басым бағыттар және заңдылықтар, сонымен қатар классификация да жатқызылады. Практикалық инновацияға жаңа әдістер, ережелер, алгоритмдер, бағдарламалар мен ұсынылымдар жатқызылады. Бұндай жағдайда ұсынылып отырған жаңалықты енгізу тиімділік, нәтижелілік, шығармашыл қолданудың мүмкіндігіне қатысты негізділік критерийлеріне сәйкес келуі қажет.
Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың ұштасуында көрініс беретін теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Осы орайда В.Клипатрик жаңа педагогикалық жүйенің үш негізгі құрамдас бөліктерін көрсетеді:
Оқушылардың қызығушылықтарын тудыратын оқу материалдары;
Мақсатқа бағытталған іс-әрекет;
Оқыту өмірдің үздіксіз құрылымы және оның жоғарғы сатысы ретінде.
В.Клипатриктың жұмыстарында инновациялық процестерді жобалаудың төрт түрі кеңінен орын алады:
Құрушы (өндірістік);
Тұтынушылық (соның ішінде басқа да мәселелермен байланысты);
Мәселелердің шешімін табу немесе зияткерлік кедергілер проектісі;
Жаттығу проектілердің болуы.
Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Бұндай бейнеде білім мен білік критерийлері және оларды инновацияны бағалауда қолдануда педагогикалық шығармашылықтағы педагогтардың жан-жақты мүмкіндіктерін туындататын негізін қарастырады. Педагогикалық қызметтегі инновациялық бағыттылық қазіргі қоғамның даму шарттары келесідей факторлармен анықталады:
Әлеуметтік-экономикалық түрлену білім беру жүйесінің түп негізімен өзгеріске ұшырауы мен жаңғырып, жаңаруына, әдіснама мен технологияны оқу-тәрбие процесінде ұйымдастырылуының қажеттілігін көрсетті.
Білім беру мазмұнын гуманитаризациялаудың белең алуы, оқу дисциплина құрылымдарының, көлемдерінің үздіксіз өзгеруі, жаңаоқу пәндерін енгізу, оқыту технологиясының, ұйымдастыру формаларының жаңаша әдіс - тәсілдерін табуда үздіксіз ізденімпаздықты танытуды қажет етеді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы.
Инновациялық процестерді біртұтас ұғыну жетекші тенденцияларды және олардың дамуындағы қарама - қайшылықтарды ашып көрсетуді талап етеді. Инновациялық процестер қазіргі білім берудің қажетті тенденцияларының жетекшісі болып табылады.
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Бұл құбылыстарды заңдылық ретінде қарастыру келесідей тенденциялардың көрініс беруін болжалдайды:
Үздіксіз білім берудің барлық сатыларының кешенінде әлеуметтік экономикалық және педагогикалық мақсаттарды шешімін табу қажіттілігі мен жүйенің өзгеруіндегі қойылатын педагогикалық талаптар мен оның негізгі бөліктері тәрізді әлеуметтік мәселелер де жаңа мен ескіліктің арасында бой көтеруде;
Білімді дифференциациялау білім мазмұнының басым бөлігіне практикалық және теориялық материалдардың кең көлемде енгізілуінің қажеттілігін болжалдайды;
Шығармашылы тұлғаны қалыптастыратын оқыту әдістерінің қажеттілігі көбеюде;
Педагогикалық ойлау парадигмасының өзі өзгерісті қажет етеді, ал бұл дегеніміз -тапсырманы орындау барысында жүйелі ойлаудың мақсатқа бағытты, үздіксіз дамуын қажет етеді;
Педагогтар арасында жаңа педагогикалық білімнің қажеттілігі;
Инновациялық процестерді енгізу кезеңдері.
Сонымен, жоғарыда айтылған ойларды қорыта келгенде, білім жүйесіндегі инновация – білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқытумен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлері, жаңа мазмұнын әзірлеуге қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу, мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінді мектепті принципті жаңа білімділік бағдары болған жағдайда, білім беру жүйесінің мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие беруді көздейді.
Әдебиеттер
Апатова Н.В. Информационные технологии в школьном образовании. М., 1999.
Әбдіғалиев Қ. Осы заманғыпедагогикалық технология//Қазақстан мектебі.-2001.№2-8-13 бет.
Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудыңқазіргітехнологиялары//Бастауышмектеп.-№3,4,-1999.
Бабанский Ю.К., Поташник М.М. Педагогикалықпроцестіоптималдандыру,/сұрақтар мен жауаптар/.-Алматы: Мектеп,1984.
Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.М.: Педагогика.-1989.
Инновационное обучение: Стратегия и практика./Под.ред.В.Я.Ляудис.-М.-1994.
Шаталов В.Ф. Эксперимент продолжается.-М.:Педагогика.-1989.
Махмутов М:И. Мектептепроблемалықоқытудыұйымдастыру.Алматы: Мектеп.-1981.
БІЛІМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР: ІЗДЕНІС, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЖАҢА БАҒЫТТАР
Тулегенова А. М. (Ақтөбе)
Бала жүрегі – кішкентай күйсандық.
Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады
Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. М. Шаханов.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол-өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықта- рына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Егеменді еліміздің болашағы білім беру жүйесі мен мектептерге байланысты.
Еліміздің білім саясаты оқушыларға жеке тұлға ретінде қарап, оның сапалық қасиеттері мен қабілеттерін дамытуға, даралық ерекшеліктеріне сай білімі мен біліктерін арттыра отырып, оны өзгермелі өмір жағдайында креативтілікпен пайдалана білуді талап етеді. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында, 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында т.б. көрсетілген өзгермелі қоғам өміріндегі жағдайларға терең білім мен білік, дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін-өзі үнемі дамыта отырып, іс-әрекетінде рухани танымдық бағыт ұстайтын ізденімпаз, жеке тұлға қалыптастыру үрдісін мақсатты басқару міндеттерімен сабақтасады.
Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйе-сін жаңарту-білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы талапқа сай оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс - әрекеттері арқылы оқушылар шығармаларын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дамыту,осыған орай оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу-тәрбиешілер алдындағы басты міндет.
ХХ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән-мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Қазіргі қоғам жан-жақты білімді,мәдени ой-өрісі өсіп жетілген,ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы,ой-өрісінің кеңеюі мектепке дейінгі мекеме қабырғасында басталатыны сөзсіз.
Ал өз іс-әрекетін тиімді ұйымдастырып отырған қазіргі кездегі тәрбиешілер жоғарыда айтылған мүмкіншіліктерді пайдалана отырып әр еңбек етудеміз. Жаңа оқулықтағы тапсырмалар жаңа технологияға негізделіп берілген. Қазір заман өзгерді. Қоғам педагогикалық шеберлік деңгейі жоғары, жаңашыл, инновациялық көзқарастағы ұстаздарды қалыптастыруды талап етуде.
Бұл жағдай білімнің сапасына деген қалыптасқан қөзқарастар мен ұстанымдардың өзгеруіне әкеліп отыр. Білім сапасы туралы сөз еткенде ол ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кеін басқарудың ұстаздың, педагогикалық әрекеттің, баланың сапасы, бұлардан барып педагогикалық үрдістің сапасына қол жетеді. Сапалылықты қамтамасыз ететін «сапалы» тәрбиешілер шығармашыл болуы тиіс.
Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салалардағы өзгерістерге, әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту үрдісін ұйымдастыру мәселелері өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап беретіндей етіп икемделіп отырған. Дәл қазіргідей адамның ақыл ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар еселеп артқан тұста еліміздегі білім берудің негізгі басымдылықтары айқындалып, жаңа парадигмалар белгіленуде. Білімді практикалық жолмен меңгерту «инновациялық үрдіс» деп аталады.
Қазіргі дидактикадағы көптеген инновациялық бағыттар мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудың құралы белсенді оқыту әдістері мен педагогикалық технологиялар бүгінгі білім саласындағы демократияландыру, жеке тұлғаны дамыту сияқты келесі мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта «технология ұғымы» педагогикалық мамандардың лексиконына берік енген терминдердің бірі. Педагогикалық технологияларға деген аса зор қызығушылық теория мен практиканың арасындағы алшақтықтың болуымен түсіндіріледі. Ғалымдар атап екеуінің арасын байланыстыратын аралық буынның қызметін технология атқарады.
Педагогикалық технологиялар туралы сөз еткенде олардың «әдіс» ұғымымен қаншалықты байланысы бар, айырмашылығы қандай екендігі жөнінде мәселе туындайды. Белгілі дидактиктердің пайымдауынша педагогикалық технология әдістер жүйесінен тұрады: педагогикалық технологияда танымдық белсенділік білім алушылардың тарапынан болады; педагогикалық технологиялар-оқытудың барлық деңгейінде, барлық пәндерге қолдануға болатын әмбебап құрал; педагогикалық технологиялар ақырғы нәтижеге жеткізеді.
Педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің бүгінгі күні көкейкесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде алар орны ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, тәжірибесін қолдана алатын, өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, кезкелген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін азаматтарды қалыптастырады.
Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Тәрбиешілердің шығармашылық істерді шеше алуы оның негізгі құзырлылықтарының бірі болып табылады.
Интерактивті оқыту-жаңа білімді диалог, полилог жағдайында меңгерту мақсат етілетін танымдық үрдіс.
Көптеген педагогикалық технологиялардың ішінде аса кең тараған технология-ынтымақтастық технологиясы. Оның түрлі аспектілерін зерттеген ғалымдар: В.К.Дьяченко, А.Г. Ривин, Ш.А. Амонашвили, Е.Н. Ильина, Н.Н. Хан, тағы басқалары.
Әуелі ынтымақтастық ұғымына тоқталып өтейік. Н.Н. Ханның пайымдауынша «ынтымақтастық» - оқушылар қиындық деп түсінетін оқу-тәрбие үрдісіндегі қарама-қайшылықтарды жеңуге қажетті мұғалім ұйымдастыратын педагогикалық үрдіске қатысушылардың бірлескен іс-әрекеті. Кездесетін қиындықтарды жеңу кезінде оқу материалын саналы меңгеру және тұлғаны жан-жақты даму іске асырылады.
Сонымен, білім беруді аталған оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру – баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, зерттеу мәдениетінің артуына, белсенді іс-әрекет жасауына, тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиеленуіне, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпіз.
Баланың құзырлылығын қалыптастыру бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсілді, жоғарыдағы айтқанымыздай білім сапасын арттыруы дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды.
Қазақ халқында «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт,бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса,он бес жастан асқасын досыңдай сырлас»-деген тамаша сөздің терең философиялық мәні бар.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында берілетін болса,жарқын болашақтың тамырын терең,тұғырын биік етіп ұстайтын жас ұрпақ-кәзіргі бүлдіршіндеріміздің бойына салауатты өмірді серік етіп,олады әлемдік жаңа заманауи біліммен қамтамасыз ету, осылайша тәуелсіз еліміздің білімді азаматын тәрбиелеу –сіз бен біздің ортақ мақсатымыз деп білген жөн.
Ендеше, табысты оқыту мен құзырлы тәрбиешіге деген талаптар күн сайын артқан инновациялық білім беру кеңістігіне бағдарлану кезек күттірмейді.
Әдебиеттер
1. Жанпеисова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы баланы дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002ж.
2. Жадрина М.Ж. «Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы, 2002 ж.
3. Ахметұлы.Қ., Баймолдаев.Т.«Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру жолдары. Алматы, 2003ж.
4. Шағын мектеп [Республикалық ғылыми – әдістемелік педагогикалық журнал], 1,2012 [3 бет]
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
Турекешова В. Н. (Ақтөбе)
Бүгінгі күнгі білім саласының басты міндеті – жаңа технологиялар арқылы қазіргі өскелең, білімді, ғылымға құштар, жасампаз, замана көшінен қалмайтын өнегелі ұрпақты тәрбиелеу және оқыту оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Педагогика тарихы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты, білім беру бағыты өзгеріп, мазмұны жаңарды.Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталуда. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген технологиялары бар.
Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жаңа технологияның басты міндеті – оқушының оқу – танымдық әрекетін жандандыру арқылы алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жандандыру оқушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбекті тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мектепте оқыту технологиясы оқу үрдісіне қажет әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық іс – әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдалануда. Бір технологияның өзі атқарушы маманның шеберлігіне қарай әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. А.Байтұрсынов: «Жалғыз әліпбидің өзінде толып жатқан әдіс бар»,-десе, орыс халқының атақты жазушысы Л.Н.Толстой: «Олақтың белгісі – бір ғана әдісті білу,керек орында жоқ әдісті де табуда қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек»,-дейді. Оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдану, жаңа технологияны сабақта пайдалану, білім деңгейін мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу – бүгінгі күннің басты талабы.
Жаңа технология әдістерін пайдалану оқушының бос отыруына, зерігуіне мүмкіндік бермейді. Бала өз бетімен білім алуға дағдыланады және пәнге қызығушылығы артады. Егеменді еліміздің ертеңі – білімнің тереңдігімен өлшенеді. Оқушылардың жан-жақ ты білімін, сабаққа қызығушылығын, шығармашылық ізденімпаздығын қамтамасыз етуде жаңа технологияның алатын орны ерекше. Сабақты бастамас бұрын сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда « Не ортақ?», «Мен сізді таныстырғым келеді», «Жүрек жылуы», «Блиц кездесу», « Капитан» ойын – тренингтері ерекше орын алады, тағы басқа ойындардың маңызы зор. Оқушының зейінін оқуға бағыттауда сыныпты топқа бөлу – оқушының сабаққа деген ынтасын арттырары сөзсіз. Сыныпты топқа бөлудің де толып жатқан түрлері бар.
Оқыту – тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау, яғни оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы – оқушының мұғаліммен , құрбы – құрдастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір – бірінің ойын тың дауға, өзекті мәселені шешуге тырысып, қиындықты жеңуге көмектесетін технология. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған сайын оларда төрт параметрдің көрсеткіші өседі: жекеден – жалпыға, дифференциалдыдан -сенімділікке, интуициядан – логикалыққа, бір перспективадан – көпте – ген перспективаға. Бұл көрсеткіш терді өсіру үшін:
өз бетінше тұжырым, қорытындыға келу қабілетін;
ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін талдай білуін;
пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру қажет.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы басты үш бөлімнен тұрады:
Қызығушылықты ояту;
Мағынаны тану;
Ойтолғаныс.
Әрбір жаңашыл ұстаз үшін сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының кез- келген стратегиялары құнды, әрі бағалы. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, ББҮ әдісі, Венн диаграммасы, пікірталас, «дөңгелек үстел», іс ойыны, сайыстар, болжау, автор орындығы тағы басқа стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының көқарасын, түсінігін дамыта түседі. Ой шақыру стратегиясында берілетін талқылау сұрақтары оқушыларды шын мәнінде білімге қызықтырып, белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан технологиясының әдіс – тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Оқушының еркін де, терең ойлануына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, пәнге деген өзгеше көзқарасы қалыптасады. Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жеткізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен септігін тигізеді. Оқушы іс – әрекетке, оның дамуына, оның дамуына, өзгеруіне сын көзбен қарап, бағалауды үйренеді.
Әрбір технология жаңа әдіс – тәсілдерімен ерекшеленеді. Осы әдіс – тәсілдерді мұғалім сабағына, оқушылардың жас ерекшелігіне сай іріктеп қолданады. Сабақ барысында оқушыны ол пәнге қызығушылығы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.
Мұғалім – осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы, сыншыл, білімді тұлға болуы қажет. Болашақта оқушылар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, күрделі мәселелерін шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы қажет. Барлық пәндегі кез – келген тақырыптың тәрбиелік саяси мәні болады, сондықтан белгілі бір мақсатты проблемалық тұрғыдан түсіндіруді қажет етеді, міне осы жағдайда «Сын тұрғысынан ойлау» әдістерін қолдану белгілі бір мақсатты ашуға үлкен септігін тигізеді. Бұл мұғалімнен білімділік пен біліктілікті талап етеді. Ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бағалаған еді.
Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық, өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияларды меңгерген, білімі мен білігі жоғары ұлағатты тұлға болу міндет.
Әдебиеттер
«Қазақстан мектебі» №6 2012
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Туысова А.Е. (Ақтөбе)
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауын іске асыру барысында еліміз ауқымды іс-шаралар жасап жатқаны белгілі. Осыған орай білім беру жүйесінде де соңғы өзгерістер мен қайта жаңғырулар, жаңа мақсаттар жүзеге асуда. Замана ағымына лайықты алдымызда тұрған міндет-халқымыздың ұлттық дербестігін нығайта отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы - жастарға білім мен тәрбие беретін ұстаздар қауымы. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады» деп Абай атамыз айтқандай,мектептің тірегі де, жүрегі де – мұғалім екені анық.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан дамуының басымдық бағыттары айқындалып, еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсаты қойылған. Жаңа технологияны меңгерген білікті, білімді мамандар ғана алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра алады. Қоғамның дамуы – білім беру үрдісінің жағдайына байланысты. Егер біздің жастарымыз сауатты болса,онда біздің қоғамымыздың да болашағы жарқын болары сөзсіз. Мұғалім біліктілігін көтеру – мұғалімнің кәсіби өсуінің маңызды бөлщегі. Қоғам саясаты дамыған мемлекеттер қатарына енудің жолы - жас ұрпақтың білімді, сапалы, бәсекеге қабілетті тұлға болуын талап етіп отыр. Мектеп оқушыларының интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруын қамтамасыз етудің маңыздылығы артуда. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру кезек күттірмейтін міндеттердің бірі болып табылады. Мектеп оқушыларымен жұмыс жүйесіндегі негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалім баланың ата-анасымен бірге оның дарынын алғаш байқаушы, дамытушы. Балаға білімін тереңдетуге, өз бетімен білімін көтеруге ақыл-кеңестерін береді, көмектеседі, оқушының болашақ кәсіптік тағдыры мұғалімге байланысты деуге болады. Мектепте оқушылардың дарындылық қабілеті оқу әрекеттерінде көрінеді.
Оқу әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болу керек. Ол үшін мұғалім бар күшін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға шығармашылық жағдай жасауы керек. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі,шығармашылық ізденісі, алдындағы шәкірттің білімін бағалауы оқу барысында шешуші роль атқарады. Мұғалімге өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға үйрету қазіргі жаңаша білім берудің тірегі. Шығармашылық ойлау арқылы өзінің даралығын,кәсіби деңгейін оны ары қарай шыңдаудың жолдары арқылы жаңашылдыққа жетеді. Білім беру технологиясында оқушылардың ақыл ойын дамыту, білім, білік дағдарысын, ой-өрісін жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Ойлау шығармашылық әрекеттің негізі болып табылады. Логикалық ойлау адамның интеллектуалдық қабілеттерінің негізін құрайды.
Ғұлама ғалым әл-Фараби өзінің «Логикаға кіріспе» деп аталатын трактатында логика өнері сананы әр кез қастерлеуден сақтандыратын дұрыс ойлауға бастайтын заттардан тұратындығына тоқталып кетті. Сондықтан логикалық ойлай алу қабілеті шығармашылықпен еңбек ету үшін мұғалімге өте қажет. Жаңа өмірге бейімделіп, жаңаша ой қорытатын өскелең ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беретін кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалімді жаңашыл педагог деп есептейміз.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Қазіргі заман ұстаздарының алдында ең жауапты да маңызды міндет тұр. Қоғамымыздың болашақ тұтқасы болатын қазіргі жас ұрпақ жан-жақты дамыған, шығармашылық іс-әрекетке бейім, ғылыми жаңалықтарды меңгеруге ынталы, адамгершілік құндылықтарды бойына дарытқан жеке тұлға болуы қажет. Сондықтан еліміздің даму стратегиясына сай бүгінгі ұрпақтың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда педагог мамандардың ғылыми шығармашылық ізденістері күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе. Мұғалімдер оқу- тәрбие үрдісінде М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі мен сызба үлгілері негізінде оқыту технологиясын ғалымдарымыздың өз талаптарына сәйкес шығармашылықпен ұтымды пайдалана білу. Оқушылардың білік пен білім дағдыларын қалыптастыру барысында екі жақты ізденістермен қатар таңдап алынған әдіс-тәсілдердің оқушылар білімінің тереңдігіне, танымдылығының кеңеюіне үлкен ықпалын тигізері анық. Оқыту барысында оқушылардың жаңа технология талаптарына кәдімгідей төселіп, тапсырмаларды орындаудағы белсенділіктері мен шығармашылық ізденістері, өзіндік фантазиялары бұған айқын дәлел болды.
Оқушылармен ұжымдық, топтық, жеке дара жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың білімінің мол, дүниетанымының кең, адамгершілік қасиеттерді бойына дарытқан азамат болып өсуіне мүмкіндік жасау. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа ынтасын берілген тапсырмаларды орындаудағы белсенді іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білу. Мұғалім оқу материалын оқушыларға дайын күйінде бермей, өздері топ, ұжым бойынша шығармашылық іс-әрекетке түсіп, ой қорытындыларын жасай білуге көңіл бөлу. Оқыту үрдісіндегі оқушылардың берілген тапсырмаларды орындауда белсенді әрекеті мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдеріне тікелей байланысты. Осы бағытта түрлі оқыта үйрету ойындарын дұрыс таңдай білу керек. Әр топқа берілген тапсырмалардың жүйелілігі, қойылған сұрақтардың негізгі мақсат, міндеттерден шығатындай болып құрастырылуы маңызды. Еркін пікір алмаса отырып, өзіндік ой- толғауы негізінде фантазияларының дамуына жағдай жасау және күрделі міндеттерді орындауда білімдік пен шеберлікті тиімді ұштастыра білу. Оқушыларды қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмаларды дайындау арқылы және оқушылардың танымдылығын кеңейту мақсатында жүргізген оқыта үйрету ойындарын негізінде құру. Оқушылар берілген тапсырма бойынш өзіндік зерттегендерін жүйелі жинақтап,сол еңбектері арқылы ойларын еркін айта білуге үйрену. Оқушылардың дүние-танымы кеңейіп,жан-жақты дамып қалыптасады және оқушылардың әр тапсырманы орындаудағы жауапкершілігі, еңбекқорлығы мұғалімнің педагогикалық –психологиялық ізденісінде.
«Мұғалім – мәңгілік нұрдың қызметшісі» Я.А.Каменский айтқандай. Жан-жақты дамыған білімді де шығармашыл, адамгершілік қасиеттерді бойына дарытқан жеке тұлға қалыптастырумен бірге, білімді де сауатты, педагогикалық қызметінде өзінің іскерлігі мен шеберлігін көрсете алатын педагог болу - оқытудағы жаңа технологияның талабы. Қазіргі таңда мұғалімдерден проблемаларды жүйелі түрде оқу, зерттеу талап етіледі. Сондықтан өз мамандығының білгірі болам деген болашақ ұстаз оқу, білім беру, тәрбие және білімін толықтырып, үнемі жаңартып отыру керек. Біз болашақ дамушы елміз. Біздің ұрпағымыз дамыған озық елдер қатарында жаңа реформалық үлгімен білім алуы тиіс. Ал,осы ұрпақты саналы да,білімді етіп шығару жауапкершілігі бүгінгі күнгі мектептегі мұғалімдерден талап етіледі.
Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Қазақстан дамуының басты бағыттарының 7-бағыты «Адами капиталдың сапалы өсуі» деген атаумен берілуі бүгінгі мұғалімге зор міндеттердің жүктелгендігін көрсетеді.Бұл бағытта «педагогтар құрамының сапасын арттыру» мәселесі яғни шығармашылықпен жұмысты жандандырудың қажеттілігін нақтылай түседі.
Сондай-ақ, «қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» мәселесі де қоғамдық тұрғыдан күн тәртібіне қойылды. Бұл деген сөз, үй тапсырмасын сұрап, жаңа сабақты мұғалімнің бастап түсіндірумен жүретін оқу үрдісінің жаңа қоғамның оқушысына білім болып жарытпайтынын дәлелдеп отыр.
Қазіргі Қазақстанның 20 жылдан кейінгі жағдайы мүлдем өзгеше, оқушы да өзгерді, ақпараттық технология жоғары деңгейде, компьютерлік құрылғылар қоғамның барлық саласында қызмет көрсетуде. Арнайы интерактивті тақталар, мультимедиалық кабинеттер, тасымалдағыш құралдың өмірге енуі, бүгінгі мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді әрі сабақ үрдісін қызықты өткізуге таптырмас көмек. Қазіргі уақытта педагогикалық жаңа технология мұғалімдердің педагогикалық жұмысының негізделген моделі болды. Жаңа технология дегеніміз – педагогтардың жеке басының шығармашылық күш-қуатын көрсетуде қамтамасыз етудегі адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты рухани жоғарылатудағы кәсіби еңбектегі адамгершілік жүйе болып табылады. Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ал жаңа технологияны енгізудегі мақсат – оқушының сабаққа деген қызығушылығын, ойлануын, пікір таластыру, қабілетін іске асырып күшейту. Бүгінде еліміздегі көптеген мектептердің жаңа технологияны басшылыққа алып жұмыс істеуі жақсы нәтижелер көрсетуде. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, білімін белсенді түрде еріксіз өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылдырады. Оқушылардың білім деңгейін анықтауда пән мұғалімі нұсқаушы, оқушы орындаушы болып есептеледі.
Осы орайда менің өз білімімді көтерудегі мақсатым:
Үнемі ізденісте болу, жаңа технологияны меңгеріп, оқушы бойына сіңіру.
Оқушыларға сапалы білім алу екендігін түсіндіру.
Тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатысып, әдіс-тәсілін үйрену.
«Мұғалім – үнемі ізденіс үстінде болуы керек,Мұғалімнің ізденуі тоқтаған уақытта оның жаңашылдығы да тоқтайды» деген сөз нақты айтылған. Сондықтан, ұстаздар қауымы қашанда үздіксіз біліммен сусындау арқылы өскелең ұрпаққа жұғымды білім бере алатынымызды жадымыздан шығармайық !
КАЗАХСКО-РУССКОЕ ДВУЯЗЫЧИЕ КАК НАЧАЛО ЗАРОЖДЕНИЯ МНОГОЯЗЫЧИЯ В КАЗАХСТАНЕ
Тырнакова Ж. С.( Актобе)
Актуальность модернизации современной системы образования Казахстана обусловлена происходящими в стране коренными социально-экономическими изменениями. В связи с этим перед системой образования стоит фундаментально отличная от предыдущих десятилетий цель: формирование и развитие новой личности, соответствующей требованиям современного общества. В целях реализации данной цели выдвигаются следующие задачи: развитие мыслительной деятельности младших школьников, расширение сферы самостоятельности и независимости мнения, приумножение стремления к образованию, умение актуализировать полученные знания в практике жизни, формирование и развитие компетентности.
Разработанная Концепция образования Республики Казахстан - 2015 отмечает приоритетность национального образования и является основой долгосрочной государственной политикой РК в области развития образования. Основными задачами школьной ступени образования выдвигаются освоение и организация учебного процесса и конечный результат учебной деятельности.
В центре внимания казахстанцев вообще и педагогической общественности страны в частности находится культурный проект «Триединство языков», освещенный в Послании Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Новый Казахстан в новом мире» от 2009 года. Поэтапная реализация данного проекта нацелена на необходимое развитие трех языков: казахского как государственного языка, русского как языка межнационального общения и английского как языка успешной интеграции в глобальную экономику [1].
Поэтому в свете новых требований времени в Казахстане в пилотном режиме внедряется полиязычие в изучении школьных предметов.
Справедливо замечено: кто не знает хотя бы одного иностранного языка, тот ничего не понимает в своем собственном.
В этой связи актуальным является принятое решение о внедрении в 2012-2013 учебном году в пилотном режиме в 35 школах Казахстана полиязычия в изучении школьных предметов. Преподавание будет вестись на русском, казахском и английском языках.
При условии успешной реализации данной долгосрочной культурной программы Республика Казахстан сможет подняться на еще более высокую ступень своего развития, как демократичного правового государства не только с развитой экономикой, но и с высоким культурным уровнем, при котором возможен гармоничный переход от билингвизма к статусу многоязычного государства.
Сегодня распространение английского языка по всему миру, включая наше государство, уже перестало быть экзотикой и вопрос о необходимости знания этого иностранного языка для казахстанцев уже решен однозначно: английский язык - язык международного общения и вести результативный бизнес и полноценную бытовую жизнь без него в условиях ускоренных темпов глобализации практически невозможно. А потому этот язык, а вместе с ним и англоговорящая культура с перспективой культурно-практического взаимодействия с мировм уверенно входят в нашу жизнь – практически на всех ее уровнях.
Однако в настоящее время в Казахстане еще не окончательно решена проблема развития истинного казахско-русского билингвизма.
Билингвизм возникает только в том случае, когда у монолингва, т.е. человека, владеющего только одним языком, а потому имеющего очень прочную связь между мышлением и языком, появляется основа для сравнения - иностранный язык, тогда «мысль, по меткой характеристике Л.В.Щербы "освобождается из плена слов».
Билингв - человек, одинаково владеющий двумя языками (трилингв - тремя). Могут быть два вида билингвов:
1. Билингв чистого вида, когда оба языка используются не вперемежку, а изолированно, например, дома и на работе. Например, в Парагвае испанский как более престижный язык используется для ухаживания, а после женитьбы индеец переходит на индейский язык - гуарани. Если билингв - ребенок, то он может даже не осознавать, что говорит на разных языках (дома и в детском саду). Известен случай, когда крестьянка из Трансильвании (Румыния) говорила бегло по-венгерски и по-румынски, но не могла переводить: в ее сознании эти языки были разделены глухой стеной.
2. Билингв смешанного типа, когда при разговоре он переходит с одного языка на другой. При этом может иметь место постоянная связь между двумя речевыми механизмами, влияющая на речь. В таких случаях нередко возникает интерференция, т.е. неосознанное употребление элементов одного языка в речи, относящейся к другому языку, напр. «Я есть германский зольдат» (IchbindeutscherSoldat).
Известно, что один и тот же индивид может быть членом нескольких социальных групп одновременно (семья, этнос, профессия, религия, партия и т.п.). Особенностью билингва по сравнению с монолингвом является как раз то, что он входит одновременно в три языковые общности. Он является членом: (1) первичной языковой общности, состоящей из монолингвов, пользующихся только первичным языком билингва; (2) вторичной языковой общности, состоящей из монолингвов с вторичным языком билингва в качестве родного; (3) двуязычной языковой общности, состоящей из билингвов, владеющих двумя определенными языками независимо от степени их освоения.Так, например, казахско-русский билингв является одновременно членом трех языковых групп: казахской языковой группы; русской языковой группы; казахско-русской двуязычной группы, причем в последнем случае его первичным языком может быть казахский, а вторичным - русский или же наоборот: первичным русский, а вторичным казахский, кроме того, оба названные языка могут быть первичными.
Двуязычие представляет собой элементарную форму многоязычия. Основным проявлением взаимодействия языков в условиях двуязычия и многоязычия являются билингвизм и интерференция [3, c.29].
Языки могут быть органическими, так и неорганическими. К органическим относятся языки, которые развиваются в условиях конкретной этнической общности и функционируют, в основном, в устной форме, выполняя ограниченное число общественных функций: семейно-бытовая и трудовая сфера, различные виды фольклора (предания, народные песни, сказки и т.п.).
Неорганические языки возникают на основе органических. Это стандартизированные, полифункциональные языки, покрывающие все сферы общественной жизни(образование, наука, искусство, юриспруденция, религия, СМИ и др.)
Двуязычную (и многоязычную) языковую группу не следует смешивать с многоязычным государством, которое представляет собой прежде всего административно-хозяйственное объединение в заданных границах со строго определенной иерархической структурой и органами власти.
Многоязычное государство - это социальное образование более высокого порядка, чем социальная группа, оно включает в себя значительное множество различных по своему характеру одноязычных и двуязычных коллективов. Не удивительно, что в государстве данного типа возникают свои специфические языковые проблемы, не характерные для чистых внутригрупповых отношений. Здесь могут возникать и серьезные различия, когда наряду с автохтонным неорганическим языком, может появиться и функционировать чужой неорганический язык, совершенно не связанный с историей и культурой данного народа и его органическими языками. Карлинский А.Е. предлагает называть такой неорганический язык экзолектом.
Языковая ситуация в этом случае значительно усложняется, т.к. становится иной среда функционирования языков, когда экзолект превращается в важный фактор социалъно-экономической, культурно-политической и организационно-информационной жизни общества. В этом случае может возникать социальное напряжение в связи с тем, что чужой неорганический язык обладает максимумом общественных функций в отличие от автохтонного и тем самым ограничивает социальное развитие последнего. С другой стороны, экзолект проявляет дефицит языковыx средств для выражения семейно-бытовых и культурных реалий автохтонного населения [2, c.28].
Из создавшейся ситуации возможны два выхода, между которыми могут бьпь несколько переходных состояний. В одном случае экзолект полностью вытесняет местный язык из всех социальных сфер и происходит языковая смена (например, история французского, румынского, азербайджанского и арабского языка в Егите). В другом - экзолект вытесняется местным неорганическим языком, который сохраняет впоследствии следы чужого языка в виде суперстратных явлений. Об этом свидетельствует история многих языков (французские элементы в английском, латинские в немецком и т.д.)[3, c.68].
Языковое многообразие в многоязычном государстве не является само по себе непреодолимым препятствием для коммуникации, если хотя бы часть представителей различных языковых групп проявит желание стать билингвами, т.е. желание образовать двуязычную общность внутри данной группы. Ведь билингвизм - это не что иное, как коммуникативный мост между двумя (и более) разноязычными коллективами.
Изучение внутренней социальной структуры языковых групп в условиях различных общественно-политических формаций с точки зрения выяснения того, какие слои населения проявляют большую готовность стать двуязычными, или, наоборот, сопротивляются этой тенденции, представляет собой важную задачу для социолингвистики [4, c.269].
В многонациональной языковой ситуации суверенного государства в определенных социально-политических условиях может возникнуть борьба языков за доминирующее положение в обществе, которую можно наблюдать в странах Африки и СНГ. Протекание языковых процессов в данных условиях может регулироваться целенаправленной языковой политикой государства.
Для языков с наивысшим социальным статусом в мноroязычном обществе имеются два термина, которые до сих пор недостаточно определены. Это понятия "государственный" и "официальный" язык, которые обычно используются либо кaк синонимы, либо как субъективные обозначения неопределеннoй сущности.
В Европе в этом случае используется только понятие "официальный язык" как язык образования, науки, государственных учреждений и средств массовой информации. В одном многонациональном государстве может быть несколько официальных языков. Так в Швейцарии, например, их 4 (немецкий, французский, итальянский и ретороманский); в маленьком Люксембурге их 3 (люцебургский, немецкий, французский); в Бельгии - 2 (французский и нидерландский) и т. д. [5, c.7, 11; 71; 26]. В Африке оба термина употребляются в разных странах без терминологического разграничения. Например в Ботсване государственные языки английский и тсвана, а в Зимбабве - 3 официальных языка: английский, шона, синдебеле [5, c.7, 250; 75].
Первую попытку разграничить эти понятия мы находим у М.М.Копыленко, который считает, что объем понятия "государственный язык" шире, чем "официальный язык". Государственный язык представляет народ, образовавший данное государство, он должен быть средством интеграции и сплочения всех людей данного этноса и субъектом международного права. Все государственные символы, международные документы, переговоры, выступления на международных конгрессах должны быть оформлены на государственном языке. Одновременно государственный язык является официальным на всей территории страны.
Официальный язык - это, прежде всего, язык политической интеграции всех народов, населяющих данное государство. Он должен обеспечивать потребности граждан в образовании, здравоохранении, торговле, в общении граждан с органами управления и власти [6, c.4, 21].
Государственный язык непременно должен быть один, официальных может быть несколько. "Оптимальным для Казахстана, в котором велик процент русскоязычного населения, было бы, по нашему мнению, признание одного государственного языка - казахского и двух официальных языков казахского и русского" [6, c.4, 242].
В многоязычном государстве при условии функционирования языкового многообразия создаются все необходимые условия для возникновения билингвизма, если хотя бы часть представителей различных языковых групп проявит желание стать билингвами, т.е. желание образовать двуязычную общность внутри данной группы. А билингвизм - это ничто иное, как коммуникативный мост между двумя и более разноязычными коллективами и элементарна форма многоязычия.
Литература
1. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Новый Казахстан в новом мире» от 2009 года.
2. Жлуктенко Ю.А. Неорганический язык в многоязычной ситуации//Языковые ситуации и взаимодействие языков, Киев, 1989. С.22-42.
3. Карлинский А.Е. Основы теории взаимодействия языков. Алма-Ата, 1990.
4. Карлинский А.Е. Методология и парадигмы современной лингвистики. --Алматы, 2009. -352 с.
5. Страны мира. Краткий политико-экономический справочник. М., 1988.
6. Копыленко М.М. Государственный язык и официальный язык: разграничение понятий//М.М.Копыленко. Актуальные проблемы лингвистики. Алматы, 1998. С.239-243.
ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕДІ
Уразбекова У. (Қызылорда )
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды», - дейді.
Балалардың ой өрісін ұлттық ойындар арқылы жетілдірудің маңызы зор. Бүгінгі бала ертеңгі болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата -бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым -қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектептегі адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс - әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Баланың бірінші әрекеті - ойын, сондықтан да ойын мән - мәнісі ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бұл саладағы ғалымдар да шұғылданады. Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы ашып берді.
Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі – ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекетінің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің әртүрлі іс-әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойынға шартты түрдегі мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл - ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қаблеті мен дарынын ұштайды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, мұғалімдер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!
Әдебиеттер
Е.Сағындықов / «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» / Алматы, 1993ж.
Қазақтың ұлттық ойындары, Тілашар қазақ халқының ауыз әдебиеті.
БАЛАЛАРДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Успанова С. М.(Ақтөбе)
Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.
М.Жұмабаев
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік - экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп түр.
Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту процесінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Мұндай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту процесін түбегейлі өзгертудің қажеттігін көрсетіп, оқытудың шығармашылық қызметін дамытып, білім мазмұнының ұлттық негізде берілуін жаңа өркениеттік бағдар тұрғысынан жетілдіруді қарастырады.
Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі – оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың қызығушылықтары мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны сана «сүзгісінен» терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемі дамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды бағдар тұтады. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» - деп көрсеткен .
Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде балалардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.
Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.
Жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - баланың оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Қоғамда, айналамызда болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Баланың даму кезеңдерінде потенциялдық қабілеттерін дұрыс қолдана білсек қана үлкен жетістіктерге әкеледі.
Мектепке дейінгі мекемелерде, сабақтарда және басқа іс әрекеттерде жалпы тәрбие беру жүзеге асырылады, арнайы қабілеттері дамиды, шығармашылық қатынасы қалыптасады. Меңгерген дағдының сапасына деген талап топтан топқа өткен сайын күрделене түседі. Берілген тапсырмалар мен шығармалар арқылы балалардың өмірдің сан қилы оқиғаларынан хабардар болады. Сондықтан, уақыт өткен сайын берілетін материалдар да өзгертіп отыру қажет.
Педагогтың міндеті - мектепке дейінгі жастағы бала бойындағы мүмкіндіктерді ашып, оның жас ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойындарда тақырыпты, мазмұнды таңдап алуда және белгілеуде шығармашылық ізденіс қажет. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оларға үнемі ақыл-кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгі көрсету керек. Тәрбие барысында өз ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизациялау, бейнелеу тәсілдерін меңгереді. Тәрбие барысында әсемдікке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабілеттерін дамытады. Шығармашылықты дамыту үшін балалық шақта қызықты жайттардың болуы, білуге құмарлықты, ынтаны, қиялды дамыту қажет, тек сонда ғана мектепке дейінгі балалардың шығармашылық әрекетінің мәнін анықтауға болады.Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру барысында іс-әрекеттің нормалары мен үлгілерін қолдануға белгілі дәрежеде ерік беріледі.
Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.
Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан-2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.
Демек, болашақ педагогтарды мектепке дейінгі мекемелер мен мектептегі тәрбие жұмыс жағдайларына бейімдеу мәселесі, кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы негізінде оқытудың субъектін және баланың әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Осы жаңа білім беру парадигмасы негізінде жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі және адами құндылықтар өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.
Әдебиеттер
Әлия Абдулла “Жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастырудағы халық педагогикасының маңызы”
Бақыт Әжіғұлқызы “Жеке тұлғаның руханилығын байытудағы мұғалімнің кәсіби компетенттілігі”
Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журнал «12 жылдық білім беру» 2010 №4,5,11
«Ұстаз» мұғалімдер газеті. №15-16.
«Управление ДОУ» 2008\4.
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ – ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Утениязова М., Байгожина Г.(Актобе)
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.
Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы.Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.
Н.К.Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.
Н.Ф.Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады» - деген пікір айтты.
В.В.Давыдов оқушыларда танымдақ проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Ұлы классик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын дегеніміз -айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді [8,15].
Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Ойынның құрамына қойылатын талаптар, ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір озат оқушыларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
5. Ойынның эмоциональды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
Ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісін негізге алдық.
Енді, біз әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайық.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
«Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б. дидактикалық ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше әсер етіп, оқуға деген құштарлықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады.
«Сөз құрамы» тақырыптарын қорыту барысында «Білім биржасы», «Брейн ринг» оқыта үйрету ойындары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда шығармашылық сипаттағы тапсырмалар ерекше мәнге ие болады.
Бұл тапсырмалардың ішінде оқушыларға түрлі тақырыпта, мазмұны қысқаша шығарма жаздырту жұмысы маңызды роль атқарады. Оқушыға біріншіден шығарманың үлгісін көрсету немесе тірек схемаларды беру ұйғарылды. Себебі, кез- келген оқушы бірден шығарма жазуға қиналатыны сөзсіз. Екіншіден, ересектердің ықпалынан құтқару мақсатында, оқушыларға алдын-ала осы бағытта ізденуіне жағдай жасай отырып, шығарманы сыныпта жаздыртуға көңіл бөлінеді. Үшіншіден, оқушының еңбегін бағалауға ерекше мән беріледі.
Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып, шығармашылыққа баулитын тапсырмалардың екінші түрі – бұл өлең құрастыру. Мұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас нұсқаларды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлері қолданылады.
Шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың тағы бір түрі – ертегі, әңгіме құрастыру. Алдымен бұл жұмыс түрі ауызша жұргізіледі, содан кейін оқушылар өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіреді. Әңгіме мазмұны күнделікті қоршаған орта құбылыстарынан басталып, оқушылардың қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарды қамтиды. Мұнда оқушыға әңгіменің тақырыбын тандауға бағыт беріп, оның қиялын дамытуға көңіл бөлінді.
Ал ертегі құрастыруда, ең алдымен, оқушылардың білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңа түрде жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше аяқтаулары талап етіледі. Кейін оқушылар түрлі мазмұнда ертегілер құрастыруды еркін меңгеріп, өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп, жұмыс істей алатын болады. Сонымен бірге, әрбір сабақта оқушының ойын дамытып, оны шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулуда жұмбақтар, ребустар, сөз жұмбақтар, анаграммалар, сконвордттар құрастыру тапсырмасын орындау ерекше мәнге ие болады. Бұл оқушыдан салыстыру, жоспарлау сияқты тәсілдерді қолдануды талап етеді. Сондықтан да біз үнемі үлгі, тірек схемасын пайдаланып отырдық.
Сонымен, ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін басты назарға алатын нәрсе:
- өлең шығаруға үйрету;
- ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру;
- ой тастау.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |