Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық, салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз – ертегілер, жырлар, кеңестік ортақ дәуір, Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Осыған орай бүгінгі кешімізді үш кезеңге бөліп отырмыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың кезеңдері:
1. Ежелгі ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз – ертегілер, жырлар сыр шертеді (сұрақ – жауап).
2. Әдеби монтаж.
3. Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық батырлардың ерліктері.
1 кезең. Ежелгі ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрып, аңыз – ертегілер, жырлар сыр шертеді (сұрақ – жауап). Сұрақтарға гүлдерді таңдау арқылы жауап береді.
1.«Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген» өлеңінің авторы кім? (Ж. Молдағалиев) Міне керемет, бұл өлеңнің тарихы өте жақсы қазақтың қазақ
екенін білдіреді. Олай болса барлығымыз осы өлеңнің бірер шумағын қайталап көрейік.
2. Қазағымыздың әйгілі үш данасын кім біледі? (Абай, Шоқан, Ыбырай)
3. Қазақтың ұлттық ойындарын ата (ханталапай, қыз қуу, бәйге, күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, асық)
4. Қасиетті киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық)
5. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата (домбыра, қобыз, сазсырнай, дауылпаз, жетіген).
--- Иә, дұрыс оқушылар, соның ішіндегі домбыра – сан ғасырлардан бері қазақтың сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар.
Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра демекші, Қабылда Дильназ, Асылбек Майдос, Жиренов Ғайниден ұл – қыздарыңыздың қолынан қасиетті домбыраның үнін тыңдайық. Күй «Сарыарқа».
6. Туған жер, отан, еңбек туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер? ( «Туған жердің тауы ыстық», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі».
7. Батырлар туралы қандай жырларды білесіңдер? (Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Қамбар батыр).
8. Қазақ халқының салт – дәстүрлерін атаңыз (беташар, жар-жар, шілдехана, тілашар, бесік той, сүндет той, қыз ұзату, сыңсу, тұсаукесер, асар, шаңырақ көтеру).
|