Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 30 сағат



бет27/78
Дата05.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#23202
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Ежелгі және орта ғасырлардағы этнопсихологиялық түсініктер қандай?
2. Кеңестік республикаларда этнопсихологиялық зерттеулердің өріс алуы қалай жүзеге асты?
3. Қазіргі кездегі этнопсихология ғылымының дамуына Л.Н.Гумилевтің қосқан үлесі
4. Этногенез және этностың биологиялық-географилық концепциясы қандай?

5- дәріс.


Тақырып: Қазақстандағы этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы.
Дәріс мазмұны:
1. Қазақстандағы этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы.
2. Қазақстанның ұлы ағартушыларының этнопсихолгиялық ой пікірлері.
3. Қазақстанда этнопсихология саласының дамуы, қалыптасу жолдары.
Мақсаты: Қазақстандағы этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы жөнінде студенттердің білімдерін кеңейту, Қазақстанның ұлы ағартушыларының этнопсихолгиялық ой пікірлерін талқылау, Қазақстанда этнопсихология саласының дамуы, қалыптасу жолдары жөнінде түсіндіру.

Халық педагогикасы көтерген тәліми мәселелердің адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын қолданбалы мәні зор психология ғылымының бір саласы халықтық психология деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып жүйеге түскен ұлттық дәстүрге, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек дене т.б. таптаурында болған нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан дүниесі, өзіндік мінез-құлық, іс-әрекеттің ішкі астарлары сөз болады. Ұлттық дәстүрмен салт-сана адам психологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология - адамдарың қоғамдық және жеке тәжірибесінен өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностық өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнопсихология шұғылданады. Этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол. Мәселен қазақ халқының аңыз-әңгімелерінде батырлық эпос жырларында, ертектері мен айтыс өнерінің сан алуан түрлерінде адамның жан жүйесінің небір түрлері әр қырынан көрініп жатады. Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі болып табылады.


Ежелгі ескі заманнан бастап кешегі кеңестік кезең келмеске кеткенге дейінгі ұланғайыр мерзім-мезгілдер аралығында ұлы дала төсінде небір кемел ойлы кеменгерлер ғұмыр сүріп , көшпенділнр өркениетіне өлшеусіз үлес қосқанын бүгінде ешкім де бекерге шығара алмайды. Үш мыңжылдық дәуір дәурен сырларын қойнауына бүгіп жатқан бұл ХҮ- ХІХ ғасырларда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шалкиіз. Оның шығармашылығы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтар арасына кең тараған. Шалкиіз ел билеу істеріне ертеден араласады . Ноғайлы жұрттың әміршісі Темірдің беделді билерінің бірі болады. Шалкиіздің өлең жырларының мазмұнына қарағанда жырау бірден әскери жорықтарға қатынасып, әміршінің нөкерлерімен бірге Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын аралағанға ұқсайды. Шалкиіз ер жігіттің ерлікпен аты шығатынын, нағыз батыр туған ердің қиындық біткенге шыдап бағып, халық қамын жеуге, ел үшін белін буып , күреске шығуға керектігін айтады.
Қазақтың ұлы ғалымы ағартушы- демократ Ш.Ш Уалиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Өз экспедициялаында ол қыруар матеиалдар - өзі болған аймақтардың тарихы, қазіргі қалпы, ескі қалалардың орны. Шың- тастардағы жазу белгілері , көне ескерткіштер , аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдер жинады. Жинаған материалдарын Омбыда қорыту негізінде ол қазақтардың тарихи ежелгі мекендері, рулық қарым-қатынастар, этнографиясы, әдебиеті туралы еңбектер жазды. 1856 ж Шоқан полковник ММ Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады.Қырғыз елін жете зерттеуге , Ыстық көл аймағының картасын түсіруге тиіс болған бұл экспедицияға қатынасу Шоқанның ғылыми жұмысын ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік берді.Оның «Ыстықкөл сапарлары», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты құнды еңбектер жазды. Ш Уалиханов Қашқарияның экономикалық- саяси тарихын, этнографиясын рухани өмірін зерттеген ғалым, ақындарен кездесіп мағлұматтра жинаған, шығыс қолжазбаларын қолға түсіріп, нуклиматикалық және тау жыныстарының коллекциясын, гербарий жинаған. Ш Ш Уалихановтың «Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаланың жайы» атты еңбегі халықтың тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазылған ғылымның биік деңгейіндегі тұңғыш зерттеу жұмысы болды. Шоқан өз халқының тарихын ерте танылған елдермен сабақтастыра сипаттайды: Біздің халықтың бай және поэзиялық құны жоғары , реалисттік әдебиеті бар. Ол шығыстың эпосына емес индогерманиялық эпосқа ұқсайды- деп түйіндей келе , ол қазақтың рухани байлығын цивилизациясы аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды. Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады.Түрік тілдес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады.
Ш.Құдайбердиевтің педагогикалақ психологиялық пікірлері әр кезде жол жөнекей сөз еткен адамың жан сыры, психология туралы айтқандарымен орайласып жатады. Мәселен ақынның психологияға қатысты «Үш анық», «Мұсылмандық шарттары», «Қазақ айнасы» атты шығармалары бар. Күш қуаты, өнер білімі шамалас елдер өзара бақталасса барлық жаратылыс байлығын әскер ұстауға, қару сыйлауға ғана жұмсаса, устемдікке ұмтылса үсақ халықтардың, әлсіз жұрттарының көрер күні тіпті қараң. Дүлей күші әлсіз аңша құруға момынды құлдануға қызмет етеді. Ақын биіктен барлап тереңнен толғайды. Жауыз халық жоқ., жат нәсіл жоқ.. Бар кілтипан -теріс пиғыл, жемқор қиянатшылдықта жатыр. Адамда ынсап та мейірім мен шапағат та мол. Алайда мылтық билеп тұрған әділет жоқ.. Адамзат оң жолға - бауырластыққа, кісілік жолына түсуі үшін ар түзейтін ғылым керек. Сонда ғана зұлымдыққа тоқтау салынбақ. Шығыс поэзиясын, оның ішінде әсірісе Хожа Хафиздың сырлы жырын бойына сіңіру, бұдан соңғы жерде орыс әдебиетін етене тану, орыс тілі арқылы бүкіл батыс сөз өнеріне қол созу ақын талантына өзгеше қуат берді.
Абайдың дуниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын бір-бірімен өзара байланысты, үнемі өзгеріс дамуда болатын, адамды қоршаған ортаның табиғатының ішкі сырын білім ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады. Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени қатынасынан, рулық талас-тартыстары етек алған көшпелі тұрмысынан туындап отырған бытыранқылығының салдары екендігін жақсы білді. Күнде ұрлық, күнде төбелеспен күн кешкен алты бақан алауыз елінің «жақсыларына» налыған Абай малыңды жауға, басыңды дауға салып өміріңді қор қылмай татулас бірлесіп ел боп егіннің ебін, сауданың тегін үйрен, жан аямай кәсіп қыл деп өсиет айтты. Абай оқудағы мақсат халыққа халыққа адал қызмет ету деп ұқты. Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты ғылыми мәні зор ерекше көңіл аударарлық түрлі ой -пікірлер көптеп кездеседі. Ақын творчествасында психологияның негізгі мәселесі жан мен тәннің ара қатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мн қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де ұлттық мінез-құлық т.б. көрініс тапқан. Ақын туған халқының әлеуметтік жағдайы мен оның әртүрлі топтарының мінез-құлықтарына да ерекше зейін қояды. Ол өз жұртының мінез-құлығын, көңіл-күйін, іс-әрекетерін, күйінші-сүйінішісін, талап талғамын салт-санасын жақсы біледі.. Ол көшпелі халықтың өмірінің ұсақ түйектерінеи дейін тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпының өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, бұл жолда қазақтың рухани мәдеиетіне қатысты деректерді жан-жақты пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет