Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
№13 дәріс.
Тақырып: Жаңа мәдени ортаға бейімделу
Дәріс мазмұны:
Бейімделу. Аккультурация. Адаптация
Мәдениаралық бейімделу кезеңдері
Жаңа мәдени ортаға бейімделуге әсер ететін факторлар
1. Бейімделу. Аккультурация. Адаптация
Ежелгі уақыттан беру соғыстар мен стихиялық апаттар, бақыт іздеу мен білуге құмарлық адамдарды жер шары бойынша орын ауыстыруға итермеледі. Шынында да, адамзат тарихында әртүрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы арақашықтық және қоршаған орта жағдайы мәдениет өкілдерінің бетпе-бет кездесуіне кедергі болып отырды. Мәдениаралық байланыс тек саясаткерлер, жауынгерлер, дипломаттар және саудагерлер арқылы жүзеге асты.
Қазіргі кезде біздің қоғамда халықтар арасындағы байланыс және оған әсер етуші жағдайлар өте көптеп кездесуде. Мәдениаралық байланысқа түскен топтар мен индивидтерді үш негізгі фактор бойынша бөліп көрсетеді:
кеңістікте орын ауыстыру немесе ауыстырмау
миграцияның еріктілігі мен күштеу
миграцияның уақыттық шектеулері.
Кейбір адамдар этносаралық байланыста өзге мәдени ортаға өз еркімен түссе (эмигранттар, босқындар), ал өзгелері күштеу арқылы түседі (босқындар). Қоныс аударушылар, яғни эмигранттар өз туған жерлерін қайта оралмайтындай тастайды. Визитерлер (шпиондар, миссионерлер, іскер адамдар мен студенттер) өзге мәдениетте ұзақ уақыт бойы өмір сүреді. Туристтер, сонымен бірге ғылыми конференцияға қатысушылар, т.б. өзге жерде аз уақыт өмір сүреді. Әрақашан әртүрлі мәдениет өкілдері арасында ашық, сенімді қатынас, өзара түсінушілік және сүйіспеншілік жағдай орнайды деп ойлау қате. Өзара байланыс процесінде этносаралық салмақты проблемалар, оқшауландыру, кикілжіңдер болып тұрады.
Зерттеушілер әртүрлі мәдениет өкілдері мен этностарға қолайлы өзара әрекеттерге тәуелді көптеген айнымалықтарды қарастырады:
ортақ немесе белгілі бір топтың «өзінің» территориясы;
өзараәрекеттің ұзақтығы (тұрақты, ұзақ, қысқа уақыттық)
мақсаты (біріккен іс-әрекет, бірігіп өмір сүру, оқу, т.б.)
қоғам өміріне араласу түрі (қатысудан бақылауға дейін);
байланыстың жиілігі мен тереңдігі;
мәртебе мен құқықтардың салыстырмалы теңдігі;
сандық қатынас;
айқын айыратын белгілер (тілі, діні, раса, т.б.)
Байланыс жағымды жағдайда болғанның өзінде, мысалы, сәтті біріккен іс-әрекет, жиі және терең қарым-қатынас, салыстырмалы түрде тең мәртебе мен айқын айыратын белгілердің болмауының өзінде қоныс аударушы мен визитерлерде келген елінің өкілдерімен қарым-қатынаста қиыншылықтар мен қысымшылық пайда болуы мүмкін. Мигранттарда туған отанына деген сағыныш жиі болады. Сондықтан мәдениаралық адаптацияны зерттеу үлкен мәнге ие болды. Бұл адамның жаңа мәдени ортаға, дәстүрлерге сәтті бейімделу кезінде болатын күрделі процесс ретінде түсініледі. Адаптацияның ішкі және сыртқы жақтары бар. Ішкі жағы – ол қанағаттанушылық және өмірдің толыққандылығын білдіреді, сыртқы жағы – ол индивидтің жаңа мәдениеттің әлеуметтік және мәдени өміріне қатысуынан, оның мүшелерімен тең құқықты, тұлғааралық қарым-қатынасынан байқалады.
Мәдениаралық адаптацияға қызығушылық әлемдік ғылымда ХХ ғасырдың басында пайда болды. Мұны Линтон, Херсковиц «бір немесе бірнеше топтардың мәдениеттеріндегі өзгерістерден көрінетін әртүрлі мәдениеттегі топтардың ұзақ, тікелей байланысының нәтижесі ретінде анықтады». Бастапқыда аккультурация топтық деңгейдегі феномен ретінде қарастырылып, кейін психологиялық аккультурация түсінігі пайда болды. Аккультурация – топ мәдениетінің өзгерісі болса, ал психологиялық аккультурация – индивидтің психологиялық өзгеріс процесі.
50-жылдардан бастап психологияда жеке қоныстанушылар мен визитерлердің мәдениаралық адаптациясына қызығушылық туды. Мұнда жаңа ортаға патологиялық феномендер (невротикалық, психосоматикалық ауытқушылықтар, ауытқыған және қылмыстық мінез-құлық, т.б.) басыңқылығымен бейімделуге көптеген зерттеулер арналған. Жаңа мәдени ортаға бейімделе алмайтын адмадарды психиатрлар зерттеген. Отанға деген сағыныш ауруын швейцариялық дәрігер И.Хофер ностальгия деп атады, олар оны 17ғ.бастап зерттей бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |