Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 30 сағат


Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдаудың механизмдері



бет33/78
Дата05.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#23202
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдаудың механизмдері

  1. Этнопсихологиядағы этноцентризм туралы түсінік

  2. Этностық стереотиптер, негізгі қасиеттері, түрлері

  3. Әлеуметтік каузальды атрибуция

1. Топтың позитивтік бірыңғайлығын сақтау үшін топтар арасында арнаулы механизм – топ ішіндегі фаворотизм қолданылады. Бұл уақытта топтың өз ішінде және оның мүшелері арасындағы бір-бірімен қатынас бөтен топтармен қарым-қатынасқа қарағанда әлдеқайда жақсы болады. Бұл терминді қысқаша өз тобына оң көзқарас деп түсіндіруге болады. Топ ішіндегі фаворотизм түсінігіне этноцентризм ұғымы мысал бола алады. Этноцентризм дегеніміз – өз этникалық тобын жақын тарту. Бұл түсінікті 1906 жылы У.Самнер ұсынды. М.Бруэр мен Д.Кэмпбелл этноцентризмнің төмендегі негізгі көрсеткіштерін ұсынды:



  • Өз мәдениетінің элементтері дұрыс, нормаға сай, бағалы, ал басқа мәдениет дәстүрлері, ерекшеліктері дұрыс емес;

  • Өз тобының әдет-ғұрыптары сапалы және әмбебап;

  • Өз ұлтының адамдарымен қарым-қатынас жасау, бір-біріне көмек беру, өз тобын жақсы көру, мақтан ету, ал басқа топтармен араз болу.

Бірақ та этноцентризмді зерттеушілердің арасында бірыңғай көзқарас қалыптаспады. Бұрын кеңестік қоғамтанушылар этноцентризм негативтік құбылыс, ол ұлтшылдық мен нәсілшілдікке теңеседі деп есептеді. Бірақ этноцентризмді негативті құбылыс ретінде ғана қарау дұрыс емес. Психологтардың зерттеулері бойынша, этноцентризм әртүрлі топтардың арасында дұрыс қарым-қатынас жасауға кедергі жасаса да, сонымен қатар ол топтың ішінде позитивті біріктіру ролін атқарады.
Этникалық топтардың арасында туындаган конфликтілердің нәтижесінде және жағымсыз әлеуметтік кезеңде этноцентризм тез туындай бастайды. Бұл жағдайда пайда болған этноцентризм жауынгерлікке тән этноцентризм деп аталады. Жауынгерлік этноцентризм басқа топтарды жек көреді, оларға сенбейді. Олар өздерінің жолы болмауын басқа топтардың кінәсі деп ойлайды. Мысалы, Қытайда өте ерте заманнан бастап «Біздің отанымыз жердің кіндігі, сондықтан күннің шығуы мен батуының арақашықтығы бірдей» деп тәрбиелейді. Жауынгерлік этноцентризм – делегетимизация формасында көрінеді. Делегетимизация – топтардың арасындағы айырмашылықты ұлғайтып, өз тобының олардан басымырақ екенін айқындайды. Мысалы, алғашқы еураопалық көшіп келушілердің американдық байырғы халықтарға көрсеткен қуғын-сургіндері, т.б.

2.Этникалық стереотиптер және стереотипизация процестері


Топтар арасындағы қарым-қатынаста әлеуметтік стереотиптер маңызды роль атқарады. Стереотиптер балалық шақтан бастап қалыптаса бастайды.
Американдық әлеуметтанушы У.Липпман «стереотип» ұғымын «біздің санамыздан бұрын сезімімізге әсер ететін дүниені тану мен қабылдаудың ерекше формасы ретінде» таниды да, алғашқылардың бірі болып «стереотипті дүниедегі шым­шытырық, күрделі белгілерді қабылдауды жеңілдететін, адам санасында қалыптасқан, реттелген, терминделген «әлем бейнесі» деп түсіндіреді. Ол стереотип ұғымын 1922 жылы «Қоғамдық көзқарас» деген кітабында қолданды. Ол адамға күрделі әлеуметтік объекктіні түсіну үшін көмектеседі. Басқаша айтқанда стереотиптер адам баласын ақпараттар ортасына әкеліп, оның құндылығын сақтау үшін көмектеседі. Әлеуметтанушының пайымдауынша, стереотиптердің ұрпақтан ұрпаққа тұрақты табандылықпен үздіксіз берілетіні соншалық, қажетті, нақты дәйек ретінде қабылдана бастаған. Сол қасиеттеріне сәйкес стереотиптер ұлт мәдениетіне тереңдей бойлап, логикалық тұрғыда ұғындыруға көнбейтін әрекеттер мен деректерді түсінуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйене отырып, стереотиптер білім мен бағалауды сақтаудың айрықша формасы, яғни бағдарлаушы мінез-құлық концептілері болып табылады деп айтуға негіз бар.
И.М.Сеченовтың пайымдауынша, шексіз және әр алуан сезіну ақпараттары мен ассоциациялардан ақиқат дүниенің ерекше мәнді мазмұны қалыптасады. Сезінудің өзі – адамның санасы мен танымын жетелейтін бір элемент. Сезіну ассоциациясы – бұл адамның индивидуальді тәжірибесін сақтаушы із, яғни алғашқы түсінік. Адамзат баласы бес сезім мүшесі арқылы ақиқат дүниені қабылдай отырып, оны жадында сақтай отырып, оған қоса санада кеңінен өңдей отырып өзінің сол дүние туралы білімін мен танымын, ассоциативтік қатарын кеңейтеді, күрделендіреді. Ассоциация мәселесін психологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырған ғалымдардың бірі – И.П.Павлов. Ғалымның пікірінше, ассоциация толықтығы динамикалық стереотип құбылысымен астасып жатады. Динамикалық стереотип пен ассоциацияның байланысы неде? Ассоциация стереотиптен туындай ма? деген сұрақтарға ғалым былай жауап береді: «Барлығымызға белгілісі – ақиқат дүниені танытатын алғашқы түсініктер – ассоциациялар, солардың жиынтығынан жүйе құралады, ол жүйеден гештальт ұйымдасады. Демек, ассоциация қалыптасқаннан кейін барып, қалғандары (стереотип, гештальт) туындайды екен, керісінше емес». Стереотип ассоциациялардың жалпыхалықтық сипат алып, автоматты түрде сол дүниені таныту үшін қолдану мақсатында жиі-жиі қайталана беру нәтижесінен барып қалыптасады. Мысалы, әйелдердің – нәзік, екінші орында болуы мен ерлердің – қажырлы және бірінші орында болуы стереотиптік танымға жатады.
Этникалық стереотиптердің нағыз көп кездесетін қасиеттерінің бірі - эмоционалды бағалау сипаты. 50-жылдардың ортасынан бастап зерттеушілер когнитивизм идеясына сүйене отырып, оның когнитивтік компонентіне назар аударды. Стереотиптер оң және теріс зарядта болады. С.Фиск стереотиптердің 4 түрін ұсынады:

  1. Жек көру стереотипі – бұл стереотип «бөтен», төменгі статусты, «салқын» топтарға арналған.

  2. Таң қалу стереотипі – бұл өз тобының мүшелеріне арналған, жоғары статусты, «жылы».

  3. Қызғаныш стереотипі

  4. Патернализм стереотипі – төменгі статусты. Қысқаша айтқанда, «өз» және «жат» топтарда позитивті стереотиптер бола алады.

Этникалық стереотиптің келесі қасиеттерінің бірі – тұрақтылық. Мысалы, Пристон университетінің студенттерінің үш буынның түлектерінің (1933, 1950, 1969) мінез-құлқы өте көп өзгерген жоқ. Мәскеулік жоғары класс оқушылары 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында көп өзгеріске түспеді. Бірақ топтар арасындағы қарым-қатынас өзгерген кезде немесе жаңа ақпарат қабылдағанда тұрақтылық өзгеруі мүмкін. Мысалы, Пристон университетінің студенттері арасында екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында неміс және жапондарға негативті көзқарас қалыптасты.
Этникалық стереотиптің тағы бір қасиеті – келісімге келу немесе әлеуметтік консенсус. А.Тэфел келісімге келуді стереотиптің ең маңызды қасиеттерінің бірі деп есептеді.

3.Әлеуметтік каузальды атрибуция


Әртүрлі этникалық қоғамдардың өкілдерінің қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін, бір-бірінің мінез-құлқын білмегендіктен жалған атрибуция жасауға мәжбүр болады.
ХХ ғ.70-жылдарының басында каузальды атрибуцияны зерттеу американдық, содан кейін бүкіл әлемдік әлеуметтік психологияда айтулы орын алады. Топтар арасындағы атрибуциялық қарым-қатынасты АҚШ пен Канада ғалымдары сараптады.
Каузальды атрибуция-оппонент туралы алынған ақпарат жеткіліксіз болғанда оның мүмкін болатын әрекеттері мен қасиеттерін тауып, басқа объектіге телу жағдайы.
Каузальды атрибуцияны зерттеген ғалымдар – Гарольд Келли, Фриц Хайдер, Ли Росс.
Г.Келли атрибуцияның 3 түрін бөліп көрсетті:
- жеке тұлғалық атрибуция (іс-әрекет етуші адамға себептерді телу)
- объектілік атрибуция (іс-әрекет бағытталған объектіге себепті телу)
- жағдайлық атрибуция (жағдайға себепті болуы).
12 дәріс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет