И.Г.Песталоци Швейцария педагогы, 1746 жылы Женева каласында туған. Ол неміс бастауыш мектебін, латын орта мектебін бітіріп гуманитарлык бағыттағы оқу орны — коллегиумға түседі. Оған үлкен әсер еткен Ж.Ж.Руссоның "Эмилі".
Иоганн Генрих Песталоци 1774 жылы кедейлер үйін ашты. Онда "балалардың өздері еңбек етіп тапқан табыстарымен бір үйді ұстауға болады",- деген ойын іске асырады. Балалар ауыл шаруашылығы еңбегімен және тоқыма кәсібімен шұғылданды. Өзі балаларды оқуға, жазуға және санауға үйретті. Осылайша Песталоци окуды еңбекпен ұштастырды. Бұл тәжірибенің кемшілік жағы - тек қана балалардың табысымен тәрбие үйінің каражатын өтеуге болады деуі. Сондықтан оның оқу мен еңбекті ұштастыруы іске аспады. Кедейлер үйі 1780 жылы жабылды. Себебі оны ұстауға каражат жетпеді. Содан кейін Песталоци әдеби еңбек жазумен айналысты. Ол өз еңбектерінде көпшіліктің назарын шаруалардың тұрмысын жақсарту, білімін және адамгершілік дәрежесін көтеруге аудармақ болды. Бұл туралы оның "Лингард және Гертруда" романында жазылды. Бұл еңбегінде Песталоци шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру және тәрбиелеу ісін дұрыс жолға кою арқылы шаруалардың тұрмысын жақсарту идеясын насихаттады. Ол 1799 жыл Бургдорф каласындағы мектепте мұғалім болды. "Бақылау әліппесі", "Сан жөніндегі көрнекі ілім" деген еңбектерінде бастауыш білім берудің жаңа әдістерін ұсынды.
И.Г. Песталоци өзінің негізгі идеясы - адамды үйлесімді дамытуға сүйеніп ақыл-ой тәрбиесін адамгершілік тәрбиесімен байланыстырып, тәрбиелейтін оқыту талабын ұсынады. Оның ақыл-ой тәрбиесінің негізіне танымдык тұжырымдамалары (таным процесі сезімдік қабылдаудан басталады, содан соң идеялар көмегімен санада өңделеді) алынған. Песталоцидің пікірінше барлық оқыту бакылау мен тәжірибеге негізделіп, корытыдыларға әкелу керек. Бақылау нәтижесінде бала көреді, естиді оның ойы және сөйлеуге деген кабілеті оянады. Адамның алғашқы кезде сыртқы өмір туралы түсініктері анық емес және дәл болмайды, оларды ретке келтіріп, нактыландырып, дұрыс ұғымдарға жеткізу қажет, ретсіздерді-жүйелеу, жүйелілерді анық және анық көзге емес көрсету қажет. Оқыту біріншіден сезім аркылы алынған білім қорын жинактатады, екіншіден акыл-ой қабілетін дамытады. "Ойдың күшін жедел арттырып, білімді сан жағынан көбейтудің пайдасы аз, онымен шектелмеу керек. Окыту процесінің екі жақты сипаты туралы осы пікір сол кез үшін жаңалық еді. Ол ең алдымен баланың ақыл-ой кабілетін дамыту керек деді. Ақыл-ой тәрбиесін жүзеге асыру үшін ол әрбір оқу сатысы үшін іріктелген жаттығулар ұсынады. Пестолоци оқытуды жеңілдету үшін заттар туралы кез-келген білімнің қарапайым элементтері бар деген ойға келді. Ол элементтер сан форма сөз. Оқыту процесінде бала формаларды өлшеу, санды санау аркылы, сөзді тіл дамыту арқылы үйренеді. Сонымен қатар, элементарлык білім беру үшін ең алдымен баланы өлшеуге, санауға, сөйлеуге үйрету керек деді. Песталоци сол замандағы бастауыш мектеп мазмұнын түбірінен өзгертті оған оқу, жазу, геометрия элементтері бар арифметиканы, өлшеуді, суретті, әнді, гимнастиканы сонымен катар география тарих және жаратылыстану бойынша ең керекті білімдерді енгізді. Балаларды білімдермен сусындатып олардың ақыл-ой күші мен қабілетін дамытатын оқытудың жаңа әдістемесін жасады. Оқытудың аса маңызды негізі Песталоци пікірінше көрнекілік. Көрнекілікті кең түрде қолданбаса қоршаған өмір туралы дұрыс түсінік алмайды, ойы мен тілі дамымайды. Песталоци оқытудың жоғарғы негізгі принципі- көрнекілік, ол барлық танымның ең биік негізі деді. Ол Коменскийге қарағанда көрнекілікті психологиялық тұрғыдан терең түрде негіздеді. Песталоцци оқыту процесін жекеден тұтасқа қарай біртіндеп өту жолымен құрды. Оның пікірінше оқыту қатаң жүйемен жүру керек. Балаға ол түсіне алатындарды айту керек, әлі келмейтіндерді беріп керегі жоқ. Іскерліксіз білімді меңгеру Песталоцци пікірінше үлкен қателік. Песталоцци білімдегі сөздің көптігімен табанды түрде күресті, Адамның ақыл-ойын енбек және практикамен байланыстыратын сабақтар жаксы дамытады деді. Ол баланың қабілетін дамыту, білімдерін толыктырумен катар міндетті түрде оған іскерлік және дағдыны беру керек. Қарапайым жұмыстағы дағдылардан күрделі киын жұмыстағы дағдыларға үйрететін жаттығулар білімді саналы меңгеруге көмектеседі.
Адольф Дистервег (1790-1866) - философ, неміс педагогы. Ол окытудың басты міндеті баланың ақыл-ой күші мен кабілетін дамыту деген. Формальдык білім мен материалдық білімнің байланыстылығын көрсетті. Окушының өз бетімен алған білімін құнды деп тапты. Оқыту адамның жан-жақты дамуына және адамгершілік тәрбиесіне көмектесу керек деген. Баланың ақыл-ойын дамытатын маңызды құралға жаратылыс және математика ғылымдарын жаткызды. Себебі олар практикалық іс-әрекетке дайындап, оқушыларға керекті білімдер береді. Дистервег бастауыш мектепте баланың ақыл-ой күші мен қабілетін дамытуға оқу материалдарын өз бетімен меңгере білу іскерлігін дамытуға баса назар аударды. Мұғалімдерді көрнекі оқыту аркылы баланың сезім органдарын дамытуға шақырды. Ол бастауыш мектептің оқу жоспарына жаратылыстану, физика негіздері, практикалық геометрия, география пәндерін енгізді. Сөйтіп накты білім беруді жақтады. Ол дамыта окыту дидактикасын жасаған. Оның талаптарын окытудың 33 заңы мен ережесі түрінде баяндады. Осы ереже бойынша мұғалім әуелі балаға мысал келтіреді, содан кейін ереже шығарады. Затты көрсетеді, одан кейін олар туралы түсінік қалыптастырады. Дистервег материалды бекітуге көп көңіл бөлген. Оқыту әдісінің тиімділігін оқушылардың акыл-ойын оятуға көмектескендігіне қарап анықтаған. Жаксы мұғалім ақиқатты табуға үйретеді, жаман мұғалім балаға бәрін өзі түсіндіреді деген пікірлер айтқан.
№ 10 дәріс тақырыбы:Қазіргі шетелдік мектеп және педагогика.