Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 45 сағат


Тақырып: Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы Дәрістің мазмұны



бет12/20
Дата05.11.2016
өлшемі2,88 Mb.
#767
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

Тақырып: Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы

Дәрістің мазмұны:

  1. С.Т.Шацкий, П.П.Блонскийдің педагогикалық көзқарастары.

  2. Халық ағарту комиссариатының алғашқы тәжірибе мектептері.

С.Т.Шацкий (1876-1934) көрнекті кеңес педагогы. Ұстаздық қызметін 1905жылы бастап Москваның жұмысшылар тұратын аймағында "Сетлемент" қоғамын құрды. Оның міндеті еңбекшілердің балалары арасында тәрбиелік, білімдік жұмыстар жүргізу еді. Бұл клубта балалар ән айтып, би биледі, қолөнерімен айналысты, сурет салды, кітаптар оқыды. Физика мен химиядан өте күрделі емес тәжірибелер жүргізді. Мерекелерде театрларға, мұражайларға барды. Балабақша, мектеп, жұмысшы жастарға арналған политехникалық курстар, қыздарға арналған тігін шеберханалары ұста цехы жұмыс істеді. Балалар бір іс істеуге өздері бірікті, әр топта жалпы жиналыс өткізіп, жауапты адамдар белгіленді. Алуан түрлі қызықты ақыл-ой жұмысы, көркемөнер балаларға және ата-аналарға жақсы әсер етті.

1909 ж. "Балалар еңбегі және демалыс" деген қоғам ашты Москвадан жүз шақырым жерде "Сергек өмір" деген балаларға арналған еңбек колониясы ашылды. Оған әр жаз сайын Москва клубтарының 60-80 баласы келіп жұмыс істеді. 1915 ж. жазылған "Сергек өмір" деген кітабында тәрбиеде ең бастысы балалардың өмірін дене еңбегі, ойын, өнер ақыл ой және әлеуметтік даму арқылы өзара әрекет жасау негізінде ұйымдастыру керек деп жазды.

Шацкий тәрбиені баланың өмірін ұйымдастыру деп білді. Еңбектің бала ұжымына керектігін сезген оқушы ғана оны аткара алады, еңбегі өмірмен, қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстыру, білімді меңгеру мен жұмыс істеу қатар жүру керектігі туралы идеялары әлі өз маңызын жойған жоқ.

Павел Петрович Блонский (1884-1941). Оны көбіне кеңес Песталоций деп атайды. Себебі ол 20-жылдардағы педагогтардың менталитетіне үлкен ықпал етті. Ол негізгі педагогикалық идеяларды тұжырымдады. Оқыту мен тәрбиені баланы дамытатын заңдылықтарға сүйініп жүргізу, баланың жеке тұлғасын құрметтеу, оның қызығушылықтарын және қажеттіліктерін ескеру, баланы әр жакты дамыту (ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік, еңбек) Блонскийдің зерттеу жұмыстарының басты бағыттары. Ол екі негізгі приципке негізделді: дамыту идеясы және баланы тұтастай зерттеу. Ол бала өмірінің толық бейнесін беруге тырысты. "Педология" (1936) оқулығында Блонский әртүрлі жас кезеңдерінде баланың денесі мен психологиясында болатын өзгерістерді сипаттап, оларды ескеріле жүргізетін тәрбие және оқыту жұмыстары туралы жазды.

Еңбек тәрбиесінің және политехникалық білімнің мақсаты жеткіншектердің еңбекке дұрыс көзқарасын, еңбек ету дағдысын қалыптастыру деп санады.

Ол тәрбиені қоғамдық құбылыс деп қарады. П.П. Блонский білім алу үшін белсенділік керек дей келе, оқушыларды оқуға қызықтырып өздік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы олардың белсенділігін және өздігін дамыту туралы пікірлер айтты. Блонский "зерттеу әдістері", "өмірге қоятын міндеттерді шешу әдістері" сияқты оқытуда қолданылатын белсенді әдістерді қолдады. Сезім әлемін зерттеп, оны адам іс-әрекетінің іргетасы деп қарады.

2. Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру төңкерістің алғашқы күнінен басталды. 1917 жылдың 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.

Халық ағарту комиссары А.В.Луначартский жұртшылыққа, мұғалімдерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттеріне сипаттама берді: жалпыға міндетті бастауыш білім алу, мектептің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діннен бөлек болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.

Халық ағарту ісінің ескі жүйесі таратыла бастады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі «Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже» қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару Халық ағарту мемлекеттік комиссиясына, ал жергілікті жерлерде уездік, губерниялық және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне жүктелді. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табыллады. 1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қармағына беру туралы декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қармағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді.

1918 жылы 20 қаңтарда Халық Комиссарлары Кеңесінің «Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы» декрет қабылданды. Онда шіркеуде мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлу жарияланды. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланып, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамны кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркіндігі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлкеттік және қоғамдық сонымен қатар жеке меншік оқу орындарында діни қағидаларды оқуға тиым салынды.

1 Бүкілресейлік халық ағарту съезінде (25 тамыз- 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектеп жүйесі мақұлданды: 1 саты- 5 жыл және 2 саты- 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес өкіметінің осы декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер-буржуазиялар, помещниктер, буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді. 1918 жыл бойы Халық ағарту ісі туралы мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің, П.Н.Лепешинскийдің, Н.К.Крупскаяның жетекшілігімен «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» және «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер» жасауда қызу жұмыс жүргізді.

«Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» педагогикалық жұртшылықтың арасында «Бірыңғай еңбек мектебі туралы» атымен белгілі. Ол кеңес педагогикасының жаңа саяси-идеялық және ғылыми-педагогикалық қағидаларын жариялады.

Кеңес педагогикасында алғашқы жылдары тәрбиенің жалпы мақсаты тұжырымдалды. Бұқара халықтың қызығуымен дүниеге келген жаңа қоғамның қажеттілігін бейнелей келе, кеңестік педагогика буржуазиялық педагогикалық теорияның дарашылдық, ұлтшылдық, саяси және басқа да қағидаларына адамзаттың алдыңғы қатарлы ойының ұлы идеяларын қарсы қойды: гуманизм, ұжымшылдық, интернационализм, демократизм, жеке тұлғаны жанжақты дамытудың қажетті алғышарттары және шарты ретінде оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру.

Тәрбие және білім беру мәселелері қызу талқыланды. Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары» атты декларацияда анық та айқын көрініс тапты. Декларация революцияға дейінгі мектептерге тән тәрбиенің милитаристік және ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға алды.

Кеңестік педагогика өнерді баланың танымдық қабілеттерін дамытудың, рухани бейнесін қалыптастырудың, жоғары идеал мен дүниеге эстетикалық қатынастардың ең күшті құралы ретінде бағалады. Кеңес педагогикасын дамытуда П.П.Блонский ерекше орын алады. Ол «Педагогика» және «Педагогика негіздері» оқулықтарын жазды.

Кеңестік дидактиканың негіздерін талдауда Н.Н.Крупскаяның еңбегі ерекше. Ол тек қана педагогиканың бұл саласында жалпы мәселелерді қарастырып қойған жоқ, сонымен қатар жеке әдістеменің мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және тәрбиелік мәнін қарастырды. Ол жаратылыстануды оқытуға ерекше мән берді, ғылыми-жаратылыстану пәндері оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарастарын қалыптастыруда ерекше рөл атқаратындығын атап көрсетті.

15 дәріс



Тақырып: 1941-1970 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және педагогика

  2. Үлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика (1946-1958ж.ж.)

  3. Жалпыға бірдей міндетті орта білім беруді жүзеге асыру

Кеңес халқының фашистік Германияға қарсы соғысы көптеген материалдық күшті керек етті. Еңбекке жарайтын миллиондаған адамдарды бейбіт еңбектен бөлді. Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне, кеңес мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ.

Сан мыңдаған жоғары сыньш оқушылары, мүғалімдер мен студенттер Кеңес Армиясы қатарына, халық жасақшыларына, партизандық күреске аттанды. Мүғалімдер мен оқушылар, ауыл шаруашылық жүмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жинау, ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік жәрдем беру, іскер отбасыларына қамқорлық жасау жүмыстарына белсене араласты. Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды. Мектеп-интернаттар үйымдастырылды. Немістер уақытша басып алған жерлерде ондаған мың мектеп қиратылды және тоналды. Тек РСФСР аумағында неміс басқыншылары 17 мындай, Украйнада 20 мыңға жуық мектеп үйлерін қиратты. Онымен қатар мектептерде мүғалімдер жетіспеді.

Көптеген жасырын жастар үйымдарын, олардың ішінде ерекше белгілі болған краснодоңдық "Жас гвардияны" ерекше атауға болады, олар фашист басқыншыларына шапқыншылықпен қарсы күресе отырып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ондаған мың мүғалім мен оқушылар партизан отрядтарында күресті. Мысалы, бір ғана Белоруссияның партизан отрядтарында басқыншыларға қарсы 7 мыңнан астам мүғалім мен 30 мыңдай оқушы ұрыс қимылдарына қатысты. Неміс фашистерінің уақытша басып алған жерлерінде Украинаның, Белоруссияның, Брянск, Псков және басқа облыстардың партизандық аудандарында мектептер кеңестік оқу бағдарламалары бойынша жүмыс істеуді жалғастырды. Соғыстың алғашқы жылдарында шалғай тылдағы республика ретінде Қазақстанға күнбе-күн дерлік балаларды тиеген эшелоңцар келіп жатты. Бұлар майдан шебіңдегі аудандардың балалары еді.

Соғыстың және экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, партия мен үкімет мектептер мен тәрбие мекемелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін ерекше қамқорлық жасады. Мектеп үйлерінің, оқулықтар мен оқу құралдарының жетіспеуіне, мұғалімдердің жүктемелерінің ауырлығына байланысты туындаған көптеген мәселелер шешіліп отырылды. Соғыстың алғашқы жылдары ер мұғалімдердің негізгі бөлігі әскерге алынды. 1941 жылдың өзінде Белоруссиядан 10 мың мұғалім, Грузиядан 7 мыңнан астам мұғалім әскер қатарына алынды. Соғыс астындағы аудандар мен тылдағы көптеген мектеп госпитальдерге, казармаларға, әскери-шақыру бөлімдеріне айналды. Соғыс жылдарында ұйымдастыру бағытындағы көптеген кешенді шаралар алынды: сабақтың ұзақтығы 35-40 минутқа дейін, үзіліс 5 минут қысқартылды, кейбір мектептер 3 кезеңмен оқыды. Партия мен үкімет ата-аналарынан айырылған және еліміздің шығыс аудандарына көшірілген жүздеген мың балаға қолайлы жағдайлар жасауға, оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлді. 1942 жылдың басында Халық Комиссарлар Кеңесі панасыз балалармен жұмыс туралы арнаулы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша, облыстық атқару комитетінде ерекше комиссиялар ұйымдасты, аудандық оқу бөлімдерінде панасыз жөне бақылаусыз балалармен жұмыс істейтін инспекторлар лауазымы енгізілді. Балаларды қабылдау және балалар үйлерінің жүйесі ұйымдасты, ересек жеткіншектерді жүмысқа орналастыру шаралары іске асырылды.

Елімізде балаларды жаппай оқыту міндеттері біржүйелі шешіліп отырды. Батыс аудандардан 63 мың оқушысы бар 600ге тарта мектеп көшірілді. Мәселен, өндірісте жұмыс істейтін жеткіншектерді жалпыға бірдей оқытумен қамту үшін 1943 жылы жүмысшылар үшін кешкі-сменалық мектептерін ашу туралы да қаулы қабылданды, ал 1944 жылы ауыл жастарына арналған мектептер ашу туралы қаулы қабылданды. Бүл типтегі мектептер кейіннен кең өріс алды.

1943 жылы желтоқсан айында Халық Комиссарлары Кеңесінің балаларды 7 жастан бастап, жалпыға бірдей міңдетгі оқытуды енгізу туралы ете маңызды қаулысы қабылданды. Жалпыға бірдей міндетті оқытуды іске асыру мақсатында мектептерді мүғалімдермен қамтамасыз ету шаралары белгіленді. Мамандығы бойынша жұмыс істемей, басқа жұмыс істеп жүрген мұғалімдер мектепке қайтарылды, сырттай педагогикалық білім беру жүйесін дамыту туралы арнаулы шешім алынды, қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды.

Партия мен үкімет мұғалімдер материалдық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған әртүрлі шараларды белгіледі. 1943 жылы мүғалімдердің жалақысын арттыру туралы үкіметтің қаулысы қабылданды. Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен 1944 жылы 5 мыңнан астам мүғалім мен халыққа білім беру ісінің басқа да қызметкерлері балаларды оқыту және тәрбилеудегі ерен еңбектері үшін орден, медальдармен марапатталды.

Соғыс жылдарында мектептің оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына кейбір өзгерістер енгізілді. Әртүрлі оқу пәндеріне әскери-қорғаныс тақырыптары енгізілді: физика курсында қазіргі әскери техника оқытылды; химия курсында улы заттар және одан қорғанудың тәсілдері; жағырафиядан "Жастар және карттар" тақырыбын оқыту кеңейтілді; онда карта бойынша және жергілікті жерлерді бағдарлай білу ептілігіне ерекше көңіл бөлінді. Шет тілі және орыс тілі сабақтарында әскери терминология оқытылды; 1941—1942 оқу жылынан бастап тарих және әдебиетті оқытуда патриоттық тәрбиеге ерекше мән берілді. Тарих сабағында біздің халқымыздың қаһармандық өткен тарихына және оның шет ел шапқыншыларына карсы күресіне ерекше көңіл бөлінді. Соғыс жылдарында тимуровшылар қозғалысы мен госпитальдерге қамқорлық көмек беру ісі кеңінен дамыды.

1943 жылдың тамыз айында тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі "Оқушыларга арналған ережені" бекітті, онда оқушылардың мектепке, ұстаздарға, ата-аналарға қатысы туралы міндеттері анықталды, мектептегі және мектептен тыс жерлердегі мәдени мінез-құлық ережелері бекітілді.

Мектептегі оқу жұмысының тиімділігін арттыру және оқушылардың үлгерімін бағалау үшін бес балдық жүйені енгізудің үлкен мәні болды (қаңтар 1944 ж.). 1943 жылы ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде оқыту туралы шешім қабылдаңды, балаларды бөлек оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде өзгертеді. 1944 жылы Халық Комиссарлары Кеңесі "Мектептегі оқу жүмысының сапасын жақсарту шаралары туралы" қаулы қабылдады. Ол қаулыда орта мектепті үздік бітіргендерді алтын және күміс медалдармен марапаттау жөнінде шешім қабылданды.

Соғыстың қиын жағдайына қарамастан, педагогика ғылымы саласында ғылыми-зерттеу жұмысы бір сәт тоқтағаи жоқ. Оқу-тәрбие жүмысының теориялық және әдістемелік мәселелері талданылды, оның ішінде білім берудің мазмұнын жетілдіруге, патриоттық, еңбек және интернационалдық тәрбиеге ерекше мән берілді. Кеңес мектебін одан әрі жетілдіру және дамыту мақсатында педагогика, психология және жекелеген пәңдерді оқыту әдістемесі саласыңца ғылыми-зерттеу жүмысына басшылық жасау және реттеп отыру үшін 1943 жылдың қазан айында үкіметтің қаулысымен Москвада РСФСР Педагогика ғьлымдарының академиясы құрылды, Педагогика ғылымдарының академиясы педагогика ғылымының саласында белгілі ғалымдардың басын бірікгірді.

Сонымен, Ұлы Отан соғысы халықтар достығына ғана емес, кеңес мектебіне де сын болды. Бұл сыннан мүдірмей өтті. Оған кеңес мектебінен тәрбие алған мыңдаған ұл-қыздарымыздың жанқиярлық өшпес ерлігі дәлел бола алады. Ұлы Отан соғысы аяқталғалы 60 жылдан астам уақыт өтсе де біздің қоғамымыз оның сабақтарын толық та терең түсінуге бет алып келеді. Ұлы Жеңіс халқымыздың тарихында тағылымы мол елеулі оқиғалардың бірі болып табылады.

2. Соғыстан кейінгі жылдарда республика еңбекшілерінің алдында орасан зор міндеттер тұрды. Ең алдымен, тез арада соғыстың зардаптарын жою, халық шаруашылығы мен мәдениетімізді шап-шаң қалпына келтіру, еліміздің экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ету. Отанымыздың қорғаныс қуатын одан әрі нығайту. Бұл міндеттерді орындауда еліміздің зиялы кадрлары ерекше рөл атқарды.

Ұлы Отан соғысында жауды жеңгеннен кейін кеңес халқы соғыстың халық шаруашылығына келтірген зиянын қайтадан қалпына келтіруге ерекше ерлеу жағдайында жігерлене кірісті. 1946—1950 ж. арналған халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы соғыстан кейінгі бесжылдық жоспарда соғыс кезінде қираған мектеп үйлерін тек қалпына келтіру ғана емес, сонымен қатар көптеген жаңа құрылыстар салу, мектептердің жүйелерін одан әрі дамыту, балаларды міндетті жетіжыддық оқытумен толық қамту үшін соған сәйкес жағдайлар жасау және орта мектептердің жоғары сыныптарыңца оқитындардың санын 31,8 млн. адамға жеткізу көзделді.

Соғыс жылдарында қиратылған мектептерді қалпына келтіруге және жаңа мектеп үйлерін салуға, олар үшін оқу-шығармашылық жабдықтарын дайындауға мектептерді қамқорлыққа алған өндірістік мекемелер белсене қатысты, ал ауылдық жерлерде — кеңшарлар мен үжымшарлар, сонымен қатар еңбекшілердің өкілдері, мүғалімдер, мектеп оқушылары кеңінен қатыстырылды.

Осындай шараларды іске асырудың нәтижесіңде 1949 ж. жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беруді барлық жерде енгізудің толықтай мүмкіншілігі жасайды.

Партияның XIX съезі халық шаруашылығын дамытудың 1951—1955 ж. арналған бесжыддық жоспарында төмендегі міңдеттерді қойды: жалпыға бірдей жетіжылдық білім беруден жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау (республика орталықтарында, республикада, облыстық, өлкелік және ірі өндіріс орталықтарында). Өткен бесжылдықпен салыстырғаңца съез қалалық және ауылдық мектептер үшін мектеп үйлерінің қүрылысын 70 пайызға арттыруды белгіледі. Осының нәтижесінде бұл жылдары жетіжылдық мектептердің жүйесі біршама артты, сонымен қатар орта мектептердің, әсіресе, ауыл мектептерінің жүйесі өсті.

1955—56 оқу жылы еліміздің орта мектептерінің жалпы санының жартысынан астамы ауылдық жерлерде болды. 1959-1960 оқу жылы жалпы білім беретін мектептердс 33361 мың, ал 1964-1965 оқу жылында - 46700 мың адам оқыды. 1964 жылы сегізжылдық мектепті 4 млн. адам бітірді, орта білім беретін мектепті - 1 млн. 400 мың адам тамамдады. Соңғы 5 жылда 7 мыңнан астам жаңа сегізжылдық мектеп ашылды.

Жалпыға бірдей міндетті білім беруді іске асырудағы ерекше жетістіктерге қарамастан, ауылдық мектептерде әлі де мектеп жасындағы көптеген бала оқумен қамтылмаған еді. Ұлы Отан соғысына дейінгі қалыптасқан халыққа білім беру жүйесі, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы соғыстан кейінгі жылдарда да ешқандай елеулі өзгеріссіз сақталды. Басшылық құжаттарда айтылғандай, мектептің жұмысында өмірмен, тәжірибемен кейбір байланыс болмады, оқытудың сөздік сипаты берік орын тапты.

Партияның XIX съезі өзінің шешімдерінде жалпы білім беретін политехникалық мектепті құрудың қажеттігін атап көрсетті, бірақ ол партияның XX съезінде де күн тәртібіне қойылғанмен, бұл шешімдер іске асырылмады. 1956~1960ж. арналған халық шаруашылығын дамыту жоспарында жалпы білім беретін мектепте политехникалық оқытуды одан өрі дамытудың міндеттері қойылды.

50-жылдары орта мектептің жоғары сынып оқушьшарының саны біршама артты. Егер 1950-1951 оқу жылында УІІІ-Х сыныптарда 2 млн. адам оқыса, 1955-56 оқу жылында олардың саны 6 млн. адамға жетті. Орта мектептердің санының өсуіне байланысты пән мүғалімдерінің қажеттілігі артты. 1950-51 оқу жылында олардың саны 1330 мың, ал 1958-59 оқу жылында 1813 мың адамға жетті.

50-жылдардың екішпі жартысында, XX съезден кейін оның шешімдеріне сәйкес оқу орыңдарының жаңа түрлері мектеп-интернаттар ашылды, оларға негізінен жалғыз басты аналардың, еңбек және соғыс ардагерлерінің, сонымен қатар отбасында бала тәрбиелеуге қажетті жағдайы жоқтардың балалары қабылдаңды.

Соғыстан кейінгі жылдарда мектептің өмірмен байланысына, оның ішінде мектептегі политехникалық оқытуға ерекше мән берілді. Мәселен, 1954-55 оқу жылынан бастап РСФСР мектептерінде оқу жоспарына төмендегі пәндер енгізілді: І-ГУ сыныптарда - еңбек, У-УІІ сыныптарда- шеберханадағы және оқу-тәжірибе аландарындағы практикалық сабақтар, УІІІ-Х сыныптарда - машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығынан практикумдар. Осындай пәндер Одақтас республикалардың мектеп бағдарламаларына да енгізілді.

Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке баулудың өте қажетті түрлерінің бірі оқушылардың өндірістік бригадаларын ұйымдастыру болып табылады. Алғашқы рет осындай бригадалар 1955 ж. Ставрополь өлкесіңде ұйымдасты, ал содан кейін басқа облыстар мен республикада кең өріс алды. 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың бас кезінде педагогика ғылымы мектептің оқу-тәрбие жұмысының идеялық-саяси деңгейін арттыру мәселелерін зерттеуге және пракгикалық іс-әрекетке оқушыларды даярлауға ерекше мән берді.

Бұл кезеңде педагогика теориясы мен тарихынан монографиялар мен оқулықтар жарық көрді: Н.К.Гончаровтың "Педагогика негіздері" (1947), И.А.Кайровтың педагогикалық институттар мен университеттерге арналған "Педагогика" (1948), И.Т.Огородников пен П.Н.Шимбиревтің "Педагогика" (1950), Б.П.Есипов пен Н.К.Гончаровтың педагогикалық училищелерге арналған "Педагогика" оқулықтары (1950).

Партияның XX съезі (1956) педагогика ғылымының алдына көптеген жаңа өзекті мәселе қойды және мектептің оқу-тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, политехникалық білім беруді дамыту, мектептің өмірден алшақтығын жоюдың қажеттігін атап көрсетті.

Осыған байланысты Педагогикалық ғылымдар академиясының және педагогикалық институттардың педагогикалық кафедраларының ғылыми бағыты мектептердің өзегі мәселелерін зерттеуге біріктірілді: орта мектептегі жалпы және политехникалық білім беруді оқытуды үйымдастыру және әдістері, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ғылыми негіздері, балалардың жас және дара ерекшеліктерін ғылыми жаратылыстану және психологиялык тұрғыдан зерттеу.

50-жылдардың аяғыңда мектептегі білім берудің мазмұнын жетілдірудің жолдарын теориялық және эксперименттік ізденістер басталды. Осыған байланысты жан-жақты мәселелер зерттелді: білім берудің мазмүнының, ғьлымның, техниканың және мәдениеттің деңгейі мен сипатына тәуелділігі, жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беруге қойылатын жаңа талаптар; оқушыларды оқытудың әртүрлі төрбие жүмысының бағдарламаларын құрудың қағидалары және т.б.

Педагог-теоретиктер 7—10 жастағы балалардың бастауыш мектепте оқыту үрдісінде жалпы дамуының мәселелері зерттелді. Профессор Л.В.Занковтың басшылығымен "Оқыту және даму" атты өте күрделі және болашағы зор мәселе зерттеліне бастады, сонымен қатар орыс тілі және арифметиканы оқыту мәселелері, алты жасар балалардың сауат ашу, санау, жазу дағдыларын қалыптастыруда тәжірибе жұмыстары жүргізілді.

Қарастырылып отырған кезеңде педагогика тарихынан зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады. Оның нәтижесінде педагогикалық институттарға арналған "Педагогика тарихы" (1955) оқу құралы жарық көрді. Сонымен қатар Е.Н.Медынскийдің "Украина мен Белоруссиядағы XVI—XVII ғ. туысқан мектептері" (1954), Н.А.Константинов және В.Я.Струминскийдің "Ресейдегі бастауыш білім беру тарихының очерктері" (1949), М.Ф.Шабаеваның "Орыс прогрессивті — демократиялық педагогикасының қалыптасу тарихынан" (1951), Н.А.Константинов және Е.Н.Медынскийдің "РСФСР кеңес мектебі тарихының очерктері" (1948) және т.б.

Аса көрнекті орыс педагогтары К.Д.Ушинскийдің, Д.Д.Семеновтың, В.Я.Стоюниннің, В.И.Водовозовтың, Н.И.Пироговтың, Л.Н.Толстойдың, П.Ф.Лесгафтының еңбектері кеңестік педагогика тарихы ғылымын байытты.

16 дәріс



Тақырып: 1980-1990 жылдардағы кеңес мектебі мен педагогикасы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Жалпы білім беретін және кәсіби білім реформасының негізгі бағыттары

  2. Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері

1. 80-жылдардың бас кезінде жалпы алғанда халыққа білім берудің кеңестік жүйесі және оның ішінде жалпы білім беретін мектептің дамуында басты оқиғалармен ерекшеленді. Партия "Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттарын" (1984) дайындады. Бүл құжатта жастарды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасалынды, қазіргі жағдайда оларды өмірге және еңбекке даярлау, бірыңғай, еңбек, политехникалық мектеп туралы идея одан әрі дамыды, білім беру саласындағы партияның стратегиялық бағыты белгіленді.

70-80-жылдары мектептің жағдайы күрт төмендеді, дағдарыс пен тоқыраудың белгілері байқала бастады. Ондай жағдайда оқушылардың сабаққа деген қызығуы болмады, балалардың тәртібі мен қойылатын талап түсіп кетті, отбасының тәрбиелік жауапкершілігі әлсіреді, мектеп еңбектен қол үзді, тәрбие жүмысындағы формализм, процент қуушылық, бағдарламалардың ғылыми негізделмегендігі, шамадан тыс ауырлығы, ескі әдістер мен тәсілдер кеңінен орын алды.

Реформаның эволюциялық сипаты қайта құрудың революциялық мәнімен қайшы келді. Реформа мектептің әлеуметтік сұранысын орындаудың экстенсивтік түріне бағытталды. Осындай жағдайдан келіп, мүғалімдер, ғалымдар, ата-аналар, журналистер баспа бетінде өздерінің революциялық ұсыныстары мен мектепті қайта өзгертудің қажеттігін және жобаларын ұсына бастады. Әсіресе, баспасөз бетінде М.М.Постниковтың1 және Ю.П Азаровтың жобалары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар "Учительская газетаның" бетінде білім беру жүйесін қайта құру туралы әртүрлі мақалалар жариялаңды.

М.Постников кеңес мектебінің "құрылымын" түбірінен қатты сынға ала отырып", оның бұқаралық сипаты және еңбекке бағытталғандығы ескірген элитарлық-гимназиялық қағидасымен "пәндерді оқыту немесе ғылым негіздерін" оқытумен ұштаспайды деп көрсетті. Ол орта мектепте ғылымдардың негіздерін оқытуға қарсы болды, ғылым негіздерін оқытудың орнына жобаның авторы мектеп баланы өмірге дайындауы қажет дейді. М.Постников жобасының кемшілігі балаларды күнделікті өмірге даярлау қажеттігі туралы утилитарлық-тәжірибелік, прагматикалық түсінігінде жатыр. Бүл жобаның басты кемшілігі: орта мектепте ғылым негіздерін оқытуды жоққа шығаруы.

Ал екінші жобаның, Ю.Азаровтың ұсынған жобасының мәні М.Постников сияқты пәңдік оқытуда ғылым негіздерін оқытуға қарсы болды. Ол "пәндік оқытуды" кешенді бағдарламамен өзгерту қажеттігін күн тәртібіне қойды. "Мәселен, оқу, жазу, ауызша сөйлеу бір пәнге білікті — тіл өнері". Ол оқу орындарында негізінен гуманитарлық және эстетикалық пәндер циклін оқытуға ерекше мән берді.

Бүл кезеңде мектептердің оқу жоспарына реформаға байланысты бірнеше жаңа пәндер енгізілді: "Кеңес мемлекеті мен құқының негіздері", "отбасы өмірінің этикасы мен психологиясы", "Информатика және есептеу техникасы", "Қоршаған ортамен танысу", "Өндіріс негіздері. Мамандық таңдау" кейінгі жылдары оқу жоспарларынан алынып тасталды.

Реформаның негізінде мектептерде оқу-өндірістік комбинаттары кеңінен ұйымдаса бастады. Сол кезде мектептерде ұйымдасқан оқу-өңдірістік комбинатгар (УПК) материалдық игіліктерді өндіруден алшақ болды, оның орнына оқушылардың өндірістік оқуына баса көңіл бөлді. Кейін өмірдің өзі оның дәрменсіздігін көрсетті.

1980 ж. тоқырау жылдары деп аталса, бұл кезеңде, яғни 1970-жылдардың аяғы мен 1980-жылдардың бас кезінде мектептерде және жоғары оқу орындарында Л.И.Брежневтің "Тың", "Өрлеу", "Кіші жер" еңбектерін міңдетгі түрде оқып-үйрету іске асты. Брежнев қайтыс болғаннан кейін, 1984 жылы, мектеп реформасы жүргізілді, реформа өзінің ойланылмаған ұйымдастырушылық қадамдарымен білім беру саласында тек тоқырауды қиындата түсті.

"Тоқырау" М.Горбачевтің "қайта құруымен" ауысты. Сонымен, жүргізілген қайта құрудың нәтижесінде еліміздің саяси және экономикалық жүйесі шайқалды, ұлтаралық қанды қақтығыстар мен СССР-дің құлауына алып келді.

1980 ж. аяғында жалпы сенімсіздік жағдайында демократияға, жариялыққа, рухани және экономикалық өрлеуге, білімге ұмтылыс кенеттен түсіп кетті. Мәселен, 1989 жылы мектеп бітірушілердің тек қана 10 пайызы оқуға қызығушылық білдірді, оны әлеуметтік құндылықтардың тізімінде тек орта тұсында атады.

Сөз жоқ, бүкілресейлік білім беру жүйесін қамтыған өзгерістердің жағымды жақтары да болды. Білім беру жүйесіне мемлекеттік монополияның жойылуынан кейін жаңа тұрпатты мектептер мен оқу орындары пайда бола бастады. Мемлекеттік оқу орындарымен қатар ақылы білім беру жүйелері, жаңа тұрпатты оқу орындары, гимназиялар, лицейлер, колледждер, атаулы мектептер, авторлық мектептер пайда болды.

2. 1980-1990 ж. аралығында жалпы білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Міндетті оқытудың мерзімі қысқарды: бастауыш мектеп және толық орта мектептің арасында аралық саты қалыптасты, мемлекеттік емес (жекеменшік) оқу орындары пайда болды.

Жекеменшік оқу орындары ақылы оқытылды, кейбіреулері өте қымбат тұрды. 1994—95 оқу жылында Ресейде шамамен 450 мемлекеттік емес бастауыш және орта мектеп болды. Онда 40 мыңға жуық мектеп оқушылары білім алды, бүкіл оқушылардың шамамен 0,1 пайызын құрайды.

Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрды:

1-саты — бастауыш мектеп (3-4 жыл); 2-сатысы — негізгі жалпы білім беру мектебі (5-6 жыл); 3-сатысы — толық орта мектеп (8-12 жыл). Мемлекеттік және муниципалды мекемелердің барлық үш сатысында жалпы ұлттық білім беру стандарттарының шеңберінде азаматтарға оқытудың жалпыға бірдейлігі мен тегіндігі қамтамасыз етілген.

Пәндерді тереңдетіп оқыту мектептерінде (лицейлер, гимназиялар және т.б.) конкурстық негізде қабылданды. Негізгі мектепте оқыту стандарт бағдарламасын және тандау бағдарламасын қамтиды. Ол міндетті жалпы кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының бірнеше түрін қамтиды: кәсіптік-техникалық училищелер (1-2 жыл), техникумдар (2 жылдан 4 жылға дейін), техникалық лицейлер (1-2 жыл) және техникалық колледждер (2-ден 4-ке дейін). Кәсіптік мектептердің оқу-жоспарлары мен бағдарламалары жалпы білім беретін және арнаулы болып бөлінеді.

Жоғары білім беру жүйесіне университеттер, академиялар және институттар кіреді. 1987 жылы басталған реформа жоғары мектепте одан әрі жалғасты. Реформаның жетекші идеясы жоғары білім беру жүйесін демократияландыру болып табылады, оқу үрдісін ұйымдастыруды өзгерту және оқу орындарын басқару, жоғары білім берудің мазмүнын деидеологизациялау.

Жоғары оқу орындарының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты олардың өмірі елеулі өзгерді. Көптеген жоғары оқу орындары ақылы жұмыспен айналысты. Жоғары мектепте тегін білім алумен қатар ақылы оқыту кең өріс алды. 1980 ж. аяғына дейін Ресей әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің ішіңде жекеменшік жоғары оқу орыңдары болмаған бірден-бір ел болды. 1980-1990 ж. Ресейде мемлекетгік емес (ақылы) жоғары оқу орындары пайда бола бастады. Ресейде мүғалімдердің мәртебесін арттыру үшін арнаулы шаралар алынды, мәселен, "Жыл мүғалімі" аймақтық, ұлттық сайыстар өткізілді. Жалпыресейлік сайыстың жеңімпазы атағы белгіленді.

Ресей ғалымдары идеалдық мүғалімнің және оны даярлаудың моделін талдады. Мүғалім даярлаудың тамаша моделін белгілі ғалым В.А.Сластенин ұсынды. Ол модель негізінен мұғалімнің түтас жеке тұлғасын қалыптастыруға мүмкіншілік береді. Модель бойынша қазіргі мұғалім экономикалық білімнің бастамасын, ұйымдастыру және тәрбие жүмысының ептіліктерін, компьютерлік сауатылықты, жоғары мәдениетті, шет тілін жақсы білуі, ынталы және жауапкершілікті адам болуы, әруақытта білімін байытып және жаңартып отыруы, жаңалыққа қабілетті болуы қажет. 1990 ж. арнаулы тәрбие стратегиясында өзгерістер іске асты. Мектептің алдына қойылған мақсат — қоғамның рухани жаңаруына жағдай жасау және көмектесу. Авторитарлық тәрбиеден бас тартып, мектеп оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеруге ерекше мән берді. 1980 жылдардың аяғына дейін коммунистік, таптық тәрбие идеясы насихатталды. Кеңестік жүйе құлағаннан кейін тәрбиеде ерекше өзгерістер болды. Моноидеологиялық коммунистік тәрбие келмеске кетті. Тәрбиенің жаңа парадигмасы идеялық төзімділікті қарастырды.

Көп мәдениеттік тәрбие интернационалдық социалистік тәрбиеге баламалы түрде ұсынылды, әр ұлт өз мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дамытуға мүмкіншілік алды. Даралап оқытудың ең негізгі бағыттарының бірі дарынды, талантты балалар мен жас жеткіншектерді оқыту болып табылады. Ресей ғалымы В.Юркевич дарындылықтың үш типін бөліп көрсетті: академиялық (оқуға анық байқалған қабілеттілік), интеллектуалдық (ойлауға ептілігі), шығармашьшық (дәстүрлі емес ойлай білу). Көп мәдениетті тәрбиенің ауқымы ұлғая түсті. 90-жылдардан бастап, орыс емес ұлт мектептерінде міндетті компонент ретінде көпұлтты Ресейде әр ұлттың тілінің, тарихының және мәдениетінің бағдарламасы енгізілді.

1990 жылдары жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларында тәрбиенің негізгі бағыттары қарастырылды: берік адамгершілік қағидаларды, жалпы алынған рухани құндылықтар негізінде қалыптастыру, отандық және әлемдік мәдениеттің рухани байлығын меңгеру, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің арасында қарым-қатынасты қалыптастыру.

Діни тәрбие идеяларына да көзқарас өзгерді. Мектепте дінді оқытуға тиым салуды дінге қарсы ескі тәрбиені сақтау деген ұғым тумаса керек. Дінде негізгі қаланған адамзаттық идеалды ескеру ұсынылды. Имандылық тәрбиесіне қарай бетбұрыс байқалды.

Азаматтық тәрбие міндеттері де жаңаша шешілді. 80-жылдары жаңашыл мұғалімдер Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, Т.И.Гончарова және т.б. оқытуды жетілдіруде және оны ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеуде, әдістемелік белсеңді ізденістері педгогика ғылымын дамытудағы алатын орны ерекше болды. Мәселен, бастауыш мектепте оздыра оқьпудың әдістемесін Л.Н.Лысенкова ұсынды. Бүл әдістемеге сәйкес балалар үшін қиын тақырыптар бағдарламадағы сағатта жоспарланған уақытынан бұрын өткізілді, әрбір сабақта аз мөлшерде болса да болашаққа дайындық іске асып отырды. Софья Николаевна Лысенкова Москва қаласының 587 мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі, оның оздырта оқыту туралы іс-тәжірибесі "Қашан жеңіл оқылады?" атты еңбегінде баяңдалады.

Жаңашыл-мұғалімдердің ішінде Донецкінің мұғалімі Виктор Феодорович Шаталовтың есімін ерекше атауға болады, оның азаматтық кәсіби қажырлығы білім берудің өткір және өзекті мәселелерін шешудің кілтін табуға талпыныс жасауы болып табылады. Бұл мәселелерге оқушылардың жүктемесінің ауырлығын жою, оқуға олардың қызығуын, белсенділігін және дербестігін тәрбиелеу В.П.Шаталовтың "Қайда және қалай үштіктер жойылды?" кітабінің баспадан шығуына байланысты еңбекке кіріспе сөзінде белгілі психолог ғалым В.ВДавыдов былай деп жазды: "Оқу- тәрбие үрдісін жетіддіруге бағытталған педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктерінің қатарында В.П.Шаталовтың есімі де зерттеуге және зерделеуге лайықты".

В.П.Шаталовтың еңбектерімен қатар "Педагогака" баспасы басқа да жаңашыл-педагогтардың еңбектері мен іс-тәжірибелерін мұғалімдер жұртшылығына ұсыңды. Олардың ішінде іс-тәжірибелері мен әдістемелік ізденістері жинақталған және жан-жақты талдау жасалған. Москва облысының Реутово қаласының нөмірі 2 мектебінің мүғалімі И.П.Волковтың іс-тәжірибесінің негізінде "Шығармашылыққа үйретеміз" кітабы, Ленинград қаласының нөмірі 516 мектебінің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильиннің іс-тәжірбиесі "Қарым-қатынас өнері" еңбегінде және Ленинградтың нөмірі 536 мектебінің тарих пәні мұғалімі П.Н.Гончарованың іс-тәжірибесі "Тарих сабағы - өмір сабағы" атты еңбегінде жинақталған.

Мәселен, жаңашыл мұғалім, әрі көрнекті психолог ғалым Ш.А.Амонашвилидің пікірінше, алты жасар балалармен жұмыстың мазмұны мен қағидаларының жағдайы мектеп тәжірибесінде ғылыми негізделген және тексерілген. Алтыжасарлармен жүмыста оқудың әлеуметтік жағымды түрткілерін қалыптастыруға, олардың жан-жақты дамуына көмектеседі.

Москваның бастауыш сынып мұғалімі, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім С.Н.Лысенкова бастауыш мектеп оқушыларының оқуын басқарудың тиімді жүйесін талдады, оздыра оқытудың ғылыми-негізделген жүйесін үсынды.

Москваның Реутово қаласының нөмірі 2 мектебінің сызу және сурет пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының каңдидаты, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мүғалім И.П.Волков бастауыш мектеп оқушыларымен шығармашылық сабақтарын өткізеді. Оқу материалының мазмұны және оқыту үрдісін құру, оның сабақтарында балалардың нышаңдары мен қабілеттіліктерін дамытуға және анықтауға мүмкіншілік береді.

В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі бірден-бір өте күрделі педагогикалық міндеттерді тиімді шешуге, яғни, әрбір оқушыны күнделікті қиын ақыл-ой еңбегіне үйретуге, танымдық дербестікке көмектеседі.

Ленинфадтық әдебиетші Е.Н.Ильин оқушылардың рухани дамуын жетіддіруге жол таба білді, әдебиет сабағын өзін-өзі және өмірді тану, адамгершілік сабағына айналдырды.

Дәрігер және педагог А.А.Дубровский тәрбиені және ауру балаларды емдеуді біртұтас мақсатты үрдіске біріктіруге мүмкіншілік беретін емдеу педагогикасын жасау туралы айтты.

17 дәріс



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет