Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 45 сағат


Тақырып: Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогика



бет13/20
Дата05.11.2016
өлшемі2,88 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Тақырып: Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогика.

Дәрістің мазмұны:

  1. Ғылым мен гуманизим – үшінші мыңжылдықтың әлемаралық құндылығы

  2. Қазіргі педагогикалық технологиялар – объективті қажеттілік.

1. Гуманизм тарихи, мәдени және аксеологиялық тұрғыда ғылыммен байланысты. Қазіргі гуманизм ғылыми танымның әдістерін, рационализмді, скептицизмді, агностицизмді және еркін ойлауды ұстану нәтижесінде, сонымен қатар ғылыми бейнеге бағытталуы нәтижесінде ғылыммен тығыз байланысты.

Ресейде ғылым мен гуманизмнің байланысын академик И.Т.Фроловпен бірнеше рет көрсетілген болатын және ол гуманизмнің анализімен емес, қазіргі ғылымның әлеуметтік-этикалық және гуманистік проблемаларына қатысты. Ол адамның өмірлік әрекетінің рухани-практикалық сфералары арасындағы байланысы туралы айтады.

Ғылымның оның гуманизммен байланысына ерекше назар аударған П.Куртц болып табылады. Бұл сұраққа оның көптеген еңбектері арналған, соның ішінде «Искушение потусторонним» деген фундаменталды зерттеуі.

Қазіргі гуманистикада ғылым мен гуманизмнің байланысына көптеген зерттеулер арналған. Мысалы, В.А.Кувакиннің есептеуі бойынша, ғылыми және гуманистік діниеге көзқарастың белгілерінде көптеген ұқсастықтар бар. Солардың ішінен ол әлемге ашықтық, оны қайта түсінуге, нақтылауға, кеңейтуге деген тұрақты ұмтылыс, зерттеу жүргізудегі адалдық, шынайылыққа берілгендік, адамдармен өзінің ашқан жаңалықтарымен бөлісуге тілек, өзінің идеяларын жүзеге асыру тілегі және т.б. В.А.Кувакиннің айтуы бойынша, гуманисттер ғалымдар секілді ғылыми жаңалықтар адамдардың тұрмысының жағдайларын жеңілдететуге, адамдарды ауыр жұмыстан, кедейлік пен аурулардан арылтуға, өмір жасының орташа көрсеткішін ұзартуға, уақыт пен кеңістікте адамдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың бос уақыты мен демалысын көркейтуге қабілетті екенін тұжырымдайды.

2. Оқыту технологияларының жіктелуі.

Педагогикалық технологияларды жіктеу мәселесі В.Г. Гульчевская, В.П.Беспалько, в.Т.Фоменко, Г.К.Селевко және т.б. еңбектерінде.



  1. Қолдану деңгейі бойынша: жалпыпедагогикалық, жеке әдістемелік (пәндік) және модульдік технологиялар.

  2. Философиялық негізі бойынша: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ғылыми (сциентикалық), діни; ізгілікті, ізгілікті емес; антропософиялық, теософтық; прагматикалық экзистенциалистік, еркін тәрбиелеу және зорлау; және т.б.

  3. Психикалық дамудың басым факторы бойынша: биогенді, социогенді, психогенді және идеалистік технология. Тұлға - бұл биогенді, социогенді, психогенді факторлар әсерінен туындайтын нәтиже, нақты технология олардың тек біреуін есепке алып, оны негізгісі ретінде көрсетуі мүмкін.

  4. Тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті-рефлекторлы; бихевиористік, гештальттехнологиялар, интериоризаторлық, дамытушы, нейролингвистикалық бағдарламалау және суггестивті.

  5. Тұлғалық құрылымдарға бағытталуы бойынша: ақпараттық технология (пәндер бойынша білім, білік, дағдыны қалыптастыру); операциялық (ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру); эмоционалдық-көркем және эмоционалдық құлықтық (эстетикалық және құлықтық сапаларда қарым-қатынастарды қалыптастыру); өзін-өзі дамыту технологиялары (тұлғаның өзін-өзі басқару механизмін қалыптастыру(; эвристикалық (шығармашылық қабілеттерді дамыту) және қолданбалы (іс-әрекеттік, практикалық саланы қалыптастыру).

  6. Мазмұн мен құрылым сипаты бойынша: оқыту және тәрбиелеу; зайырлы және діни, жалпы білім беретін және кәсіби-бағдарлы, гуманитарлық және технократтық, кешенді (политехнологиялар) және аралас технологиялар. Монотехнологияларда оқу-тәрбие үрдісі бір басым идея, ұқстаным, тұжырымдамаға негізделсе, политехнологияда – бірнеше технологиялардың бірігуі. Басқа технологияларға жиі енгізілетін технологиялар, олардың элементтері аралас технологиялар деп аталады. Олардың рөлі – катализатор (жеделдеткіш), белсендендіргіш.

  7. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару бойынша ажыратылған (оқушылардың іс-әрекеті бақыланбайды, нақтыланбайды), циклді (бақылау, өзін-өзі бақылау, өзара бақылау), бейтарап (фронтальды), бағытталған (жеке), қолмен жұмыс (вербальді(, автоматтандырылған (оқу құралдарының көмегімен).

Аталған қасиеттерге сәйкес технологиялардың мына түрлері ажыратылады (В.П.Беспалько):

1 – дәстүрлі дәрістік оқыту;

2 – аудиовизуальды техникалық құралдар көмегімен оқыту;

3 – «кеңесші» жүйесі;

4 – оқулық көмегімен оқыту;

5 – «шағын топтар» жүйесі;

6 – компьютерлік оқыту;

7 – «репетитор» жүйесі;

8 – «бағдарламалы оқыту».


  1. Педагогикалық технологияда баланың позициясы, білім беру үрдісінде ересектердің балаға деген қарым-қатынасы өте маңызды орын алады. Осы көрсеткіш бойынша технологияның типтері мынадай:

  1. Авторитарлы технологиялар (субъект-объектілі қарым-қатынас, талап қою мен зорлаудың басылымдылығы);

  2. Дидактоцентрикалық (субъект-объектілі қарым-қатынас, негізгі мақсат – оқыту, тұлғаны қалыптастыру құралдары- дидактикалық құралдар);

  3. Тұлғалық-бағдарлы (бастысы – бала тұлғасы, оның табиғи әлеуетін дамыту. Бала тұлғасы – білім беру субъектісі, мақсаты оларды антропоцентрикалық деп те атайды).

Тұлғалық бағдарлы технологияға:

Антропоцентрикалық,

Гуманистік

Психотерапевтикалық бағыттар тән.

Мақсаты – жан-жақты дамытылған, еркін, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.

Тұлғалық бағдарлы технологиялар дегеніміз педагогикалық ситуацияларда нәтижеге жеткізуде қажет құралмен қамтамасыз ететін, тұлғаны дамытуға бағытталған іс-әрекеттер, операциялар мен шаралардың реттелген жиынтығы.

Тұлғалық бағдарлы технологиялар түрлері:



  1. ізгіліктік-тұлғалық технологиялар – ізгіліктік мәнге ие, тұлғаға психотерапевтикалық қолдауц көрсету, көмек беру. Идеясы – баланы жан-жақты құрметтеу, жақсы көру, оның шығармашылығына сену.

  2. ынтымақтастық технологиясы демократизмді, педагог пен баланың субъект-субъектілі қарым-қатынасындағы теңдік, жолдастық.

  3. еркін тәрбиелеу технологиясы. Балаға таңдау және өз бетімен жұмыстану еркіндігін беру.

  4. эзотериялық технология – «ұғынылмайтын» санаасты, эзотериялық білім жайындағы ілімге негізделген – шындық және оған апаратын жолдар. Педагогикалық үрдіс – бұл шындықты айту емес, оған ену, жақындау.

  1. Оқытудың тәсілі, әдісі, құралы бойынша: догматикалық, репродуктивті, түсіндірмелі-иллюстративті, бағдарламалы оқыту, проблемді оқыту, дамыта оқыту, өзін-өзі дамыта оқу диалогтық, коммуникативтік, ойын, шығармашылық және т.б.

  2. Оқушылардың категориясы бойынша:

  • көпшілік (дәстүрлі) мектеп технологиясы, орташа оқушыға есептелген;

  • алдыңғы деңгейлі технологиялар (пәндерді тереңдетіп, оқыту, гимназиялық, лицейлік, арнайы білім беру және т.б.;

  • орнын толтыра оқыту технологиясы (педагогикалық түзету, педагогикалық қолдау және т.б.);

  • түрлі виктимологиялық (сурдо-, орто-, тифло-, олигрофренопедагогика);

  • мектеп аясында ерекше балалармен (қиын балалар, дарынды балалар) жұмыс жасау технологиясы.

  1. Дәстүрлі жүйені модернизациялау бағыты бойынша:

  1. Педагогикалық қарым-қатынастарды ізгілендіру және демократияландыру негізгі педагогикалық технологиялар – іс-әрекетке бағытталу, тұлғалық қарым-қатынастардың басымдылығы, жекелеу тұрғысы, демократиялық басқару, мазмұнның айқын ізгіліктік сипаты тән. Олар: ынтымақтастық педагогикасы, Ш.А.Амонашвилидің ізгіліктік-тұлғалық технологиясы, адамды қалыптастырушы пән-әдебиетті оқыту жүйесі (Е.Н.Ильинаның) және т.б.

  2. Оқушылардың іс-әрекеттерін белсендендіру және интенсификациялау (жеделдету) негізіндегі педагогикалық технологиялар: ойын техөнологиялары, проблемді оқыту, В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдары конспектісі негізінде оқыту технологиясы, Е.И.Пассовтың коммуникативті оқыту технологиясы.

  3. Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі педагогикалық технологиялар: бағдарламалы оқыту, саралап оқыту, жекелеп оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, компьютерлік (ақпараттық) оқыту технологиялары.

  4. Оқу материалын әдістемелік және дидактикалық қайта құру негізіндегі педагогикалық технологиялар: дидактикалық бірліктерді үлкейту (П.М.Эрдниев), В.С.Библердің «Мәдениеттер диалогы» технологиясы, Л.В.Тарасовтың «Экология және диалектика» технологиясы, М.В.Воловинтің ақыл-ой әрекеттерін деңгейлі қалыптастыру теориясын жүзеге асыру технологиясы және т.б.

  5. Табиғатқа сәйкестік технологиясы, халық педагогикасының әдістерін қолдану, баланың табиғи дамуына негізделген технологиялар: Л.Н.Толстой бойынша оқыту, М.Монтессори технологиясы және т.б.

  6. Альтернативті: Р.Штайнердің вальдорф педагогикасы, С.Френенің еркін еңбек технологиясы, және т.б.

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады.

1-кезең – оқып үйрену.

2-кезең – меңгеру.

3-кезең - өмірге енгзу, тәжірбеде қолдану.

4-кезең – дамыту, нәтижесін тексеру.

18 дәріс



Тақырып: Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (ҮІ-ХҮғғ.) дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер.

Дәрістің мазмұны:

  1. Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы.

  2. Ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, Әл-Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары.

  3. Қазақ халқының халықтық педагогикасы.

Құлпытасқа жазылған түрік ескерткіштерінің бірі ­– Орхон Енисей деп аталады. «Күлтегін» («Түркі қағанаты туралы сөз») ежелгі түркілердің тамаша ерлік сипаттарын бойына жан-жақты дарытқан жаужүрек батыр, ұланғайыр кең даланы еркін билеген дала халқының қайсар жауынгері. Тас жазуларда ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік, тәлім-тәрбие мәселелері әсем айшық өрнектермен, жанды бейнелерге толы сезім, толғаныс-тербеністермен баяндалады. Құлпытастарда жас жеткіншектерді елін, халқын сүюге, үлкенді сыйлауға, зеректік пен ойшылдыққа, батылдық пен тапқырлыққа үйретіп тәрбиелеу жайындағы мәселелер жайында сөз болады. Тасқа жазылған дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі – Қорқыт ата тағылымдары.

Қорқыт ата нақылдарында тәлім-тәрбиелік сипаттағы ақыл-кеңестер әр қырынан сөз болды. Мәселен, имандылық, кісілік, қанағатшылық, әрекетшілік жайында айтылған мынадай ақылдарға құлақ түргеніміз абзал. «Тәңіріне сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды... Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыныштық көрмей, дүние жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді.

Дана ойшыл ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үй ішілік жарасымды қарым-қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның әртүрлі маңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбайтындығын айтқан болатын . Ұлы ойшыл «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. Ананың көңілі балада болар. Ұлың өсіп-жетілсе, от басының мерейі, бас-көзі...» деп өиет айтқан.

Прогреске қатысты мәселелердің бәрін табиғат заңдарынан іздеген орта ғасыр ойшылы Әл-Фараби (870-950). Ол арифметика, геометрия, астрономия, музыка ғылымдары адамды тәрбиелейді деп санады. Осы ғылымдарды меңгерген адам білімді болады деп түсінген ойшыл білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны болса, белгісіз нәрселерді өз бетімен аша алады – деген.

Адамға ғылым қандай жағдайда ұялайды, ол миға қайткенде қонады дейтін сұраққа Фараби былайша жауап береді: қандай да бір ғылым болсын көңілге дербес, ерекше мәндердің кейбіреулерін ғана, ал кейде олардың көпшілігін сезінудің өзі жеткілікті. Осы жағдайлар біздің сезімімізге әсер етіп, ол жан дүниемізді баурап алып, ұғымымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің анамыз өзіне тән рольді атқара бастайды.

Ол жаратылыстану ғылымдарын меңгеруге ерекше көңіл бөледі. Оқытуды шәкірттің сезіміне жақын нәрседен бастау – оның табиғатына сәйкес келеді, - деп Фараби дидактикадағы көрнекілік принципіне тоқталады. Оны білу, білім сияқты негізгі педагогикалық ұғымдардың анықтамасын тізіп, бұл жөнінде музыка ұлы кітабында былай дейді: Білу бір нәрсені түсіну, оның болмысының себебін ұғыну, ол нәрсе басқаша емес, тек сондай болатынын түсіну – деген сөз. Сонымен қатар, осы заттың болу жағдайын және салдарын, затты түсінуді жеңілдететін және оған жол сілтейтін анықтамаларды, ұғымдарды, белгілерді шәкірт меңгеруі тиіс. Бір нәрсені білу – тек ілгеріде белгілі болған басқа нәрселерді білу негізінде ғана жүзеге асады.

Әл-Фараби тәрбие туралы да көптеген ойлар айтады. Ол адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі – деген. Әл-Фараби адамды оқу білім арқылы жақсартуға болады, адамның жан дүниесіне көркемдік жанын әсер етуде таптырмайтын құрал – музыка деген. Ол адамдарды нәтижелі еңбек етіп, дұрыс дем алып, жақсы өмір сүруі үшін тән саулығын сақтауға шақырады. Өмірді ұзарту үшін тәнді емдеу керектігін айтады. Жақсы нәтижеге жеткізетін жанды емдеу керек деп түсінеді. Сондықтан ғылым-білімді үйренемін деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты тек ақиқат пен шындық жолында болу керек – деп өз ойын түйіндеген.

Шәкірттің білімді меңгеруі неге байланысты деген сұраққа ол олардың жақсы әдет пен қажетті дағдыларына, икемділігі мен шеберлікке машықтануы біртіндеп қалыптасуынан – деп жауап береді.

Әл-Фараби баланы оқытып, тәрбиелейтін адам қандай болу керектігіне де тоқталады. Ұстаз шәкіртке адал, сыпайы, ізгі, әділ болу керек, - деп санаған.

Түркі тілдес халықтардың ХІ ғасырдағы аса көрнекті ақыны, данышпан ойшыл, шежіреші ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұни ХІ ғасырдың басында (шамамен 1015-1020жылдары) Баласағұн қаласында дүниеге келген. Ол табиғаттану, математика, астрономия, қоғамдық ғылымдарды жете меңгерген ғұлама ғалым.

Жүсіп Баласағұнидің ғалымдық ұстаздық еңбектерінен бізге жеткені «Құдатғу біліг» («Құтты білік» дастаны). Дастан 6520 бәйіттен (екі жолды өлең) тұрады. Кітапта қоғам өміріндегі түрлі мәселелер туралы ой қозғалған. Олардың ішінде адамгершілік тәрбиесі де жазылған.

Дастанда негізінен төрт сала төңірегінде ой пікірлер айтылады. Біріншеден, елді әділ заңмен әділетті басқару үшін елдің басшысы білімді болу керек дейді ақын. Екіншеден, елге құт, ерге бақ-даулет қону үшін әрбір адам адал еңбек ету керек.Үшіншіден, адамның адамдығы оның ақыл-парасатымен бағаланады. Төртіншіден, ел басшысынан бастап барлық адамда қанағат-нысап болу керек дейді ақын.

Ақынның әрбір бәйіті белгілі бір тәрбиелік мақсат көздей отыра жазылған:


  1. өскен елді, туған жерді ардақтау

  2. ғылым мен білім туралы

  3. еңбек туралы

  4. әділеттік туралы

  5. ата-анасын құрметтеу туралы т.б.

Махмұд Қашғари ХІ ғаырдағы түркі ғалымы, «Диуани лұғат ат-түрік» (Түрік сөздерінің жинағы) атты кітабы арқылы өз заманының аса білімдар тіл маманы, тарихшыы, этнографы, географы, ретінде танылды. Қашғари кітабындағы мысал ретінде келтірілген батырлық, ерлік, күрес жолдары, дидактикалық сарындағы өлеңдер ұрпақты ерлікке, оқу білімді үйренуге, өнерге, әділеттілікке, адамгершіліке тәрбиелейді.

«Таңғұттарға қарсы күрес жырлары» атты шығармада ерлердің жеңіске жетуі ерлікке ғана емес, бірлікте екенін қастерлей баяндайды. Жаудың жеңілуіне себепші болған жағдай оның менмендігі, мақтаншақтығы болды деп, жырдағы идея, даурықпаның, дандайсудың елге зияны, ерге зақым екенін дәлелдеу болып табылады.

«Ер Тұңғаны жоқтау» сияқты шығармалар өткеннен өнеге алу мақсатын орындайтын поэтикалық шығарма. Ер Тұңға түріктің алып батыры, ақылшысы еді, ол опат болды, оның артында қалған ұрпағы аталының рухын ардақтап, жолын қууға міндетті, өйтпесе, «ынжық, жауыз тірілермен елдің тағдыры мәнсіз болады», - дейді.

19 дәріс



Тақырып: Орта ғасырлардағы Қазақстандағы тәрбие, оқыту және педагогикалық ойлар.

Дәрістің мазмұны:

  1. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар.

  2. Ұлы Дала ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері

Орта ғасырда Қытай мен Индияда, Таяу Шығыс пен Европада ересектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың (шіркеудің) қолында болды, білім діни мазмұнда берілді. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарды үстем тапқа бағынуға үйретеді. Иранды, Сирияны, Палестинаны, Египитті, Африканың солтүстік жағалауын 7-8 ғасырларда арабтар жаулап алып, ірі-мемлекет құрды. Бұл мемлекет Қытаймен, Индиямен, Европамен экономикалық байланыс жасады. Арабтар жаулаған жердің халықтарының мәдениеті ертеден дамыған болатын, ол мәдениетке елді жаулаушылар ие болды. 8 ғасырда Арабтар Пиреней түбегін жаулады, соның нәтижесінде Батыс Европа жерінде мұсылман мектептері ашылды.

Пиреней жеріндегі Кордова халифаты арқылы Батыс Европада Ежелгі Шығыс мәдениеті тарады. Соның ішінде Аверроес деген атпен әйгілі болған араб философы Ибн-Рашиданың түсіндірмесі арқылы Аристотельдің еңбектері тарай басталды. Орта ғасырда ғалымдардың инициативасымен университеттер ашылды. Ішкі жұмыстарын олар өздері басқарып, басшы қызметкерлерді де өздері сайлайтын болды. Материалдық көмек көрсету жолымен университеттерде шіркеу өз билігін жүргізуге тырысты. Орта ғасырдағы университеттерде 4 факультет болды. Арабтар жаулап алуының нәтижесінде Ислам және медреселер ашылды. Мектеп мешітінің жанынан ашылып, ер балаларға бастауыш діни білім берді, ал медреседе әзірлейтін болды. Мектептегі негізгі міндет балаларды құранның текстін оқуға үйрету еді. Оқу балаларға түсініксіз араб тілінде жүргізілді. Құранды басқа тілге аударуға тиым салынды.

Мұсылман мектептері балаларды құдайға құдай қалаған үкіметке бағынуды талап етті.

Балалар алдымен араб тіліндегі барлық әріптің атын білуге тиісті болды. Әріптерді қосып оқымастан бұрын, әріптердің атын қосуға жаттықтырылды. Оқудың негізгі әдісі жаттау болды. Жазуды тек қана кітап көшіретіндер ғана меңгере алады. Жазу құралдары өте нашар болды.

Кейбір медреселерде орта біліммен қатар, жоғары білімде, беріледі. Алдымен медереседе арабтың әдеби тілін меңгеру міндеттелді.

Әр халықтың ана тілі оқытылмады. Логика оқытылды, мұсылман діні жөнінде кең білім берілді. Медереседе екі бағытта білім берілді. (дін, және заң) . Медресеге мұғалім болғысы келгендер араб философиясымен шұғылданды . Дін және заң қызметімен шұғылданатындардың негізгі сүйінетіндері құран болды. Құранның араб тілін түсінуді оңайлату мақсатымен Иранға және Орта Азияда оны парсы, тәжік тілінде түсіндіру жүзеге асырылды.

Құранға діни түсінік берушілер оны құдай жасағанын, жерді және адамды құдай жаратқанын түсіндірді, ал құранға заң ретінде түсінік берушілер сауда, неке және мұрагерлік туралы заңдылықтарды уағыздады.

Медреседе лекцияға аз көңіл бөлінді, шәкірттерге өздері оқу үшін тапсырма өте көп берілді. Оқығанын әңгімелеп шығу және жаттау әдістеріне баса назар аударды. Медрессе жаратылыс сабағынан ешбір білім бермеді, математика аз оқытылды. Медресседе көбінесе үстем таптың балалары ғана оқыды.

Қолөнерді, табиғат жөніндегі ғылымды, медицинаны, математиканы, игеру мектептен тыс жүргізілді. Әсер және дене тәрбиесі құс салып, ит қосып аң аулау т.б. Спорт ойындары арқылы жүргізілді.

Мейрамдарда спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Соғыс, жорық туралы , батырлардың ерлігі туралы әңгімелер арқылы балаларға соральдық тәрбие берілді. Мұсылман мектептерінде балаларды қорқытып ұстау, ұрып жазалау үлкен орын алды.

Орта ғасырлық шығармалардың ішінде педагогикалық мазмұнда жазылғандары да кездеседі. Соның бірі-ескі тәжік тілінің диалектісінде жазылған 11 ғасырдағы «Кабуснаме» .Бұл шығарма әкенің баласына өсиеті ретінде болғандықтан, бірнеше Шығыс халықтарының тіліне аударылды.

Кейінгі дәуірлерде ана тілінде оқыту мәселесі қолға алына бастады. Бұдан мың жыл бұрын Ислам дінінің негізін парсы – тәжік тілінде түсіндірген оқулық «Чор-китаб» дүниеге келді. Кейінірек діни өлеңдердің жинағы түркімен, ескі өзбек тілінде басылып, оқулық ретінде пайдаланды.

Халық педагогикасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан – ұрпаққа беріліп, жастарды тәрбиелеуде үлкен қызмет атқарды. Шығыстағы мұсылман халықтарында мынадай мақалдар кездеседі: «Білмеген айып емес, оқымаған айып», «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» , «Атаның ұлы ғана болма , халықтың ұлы бол» т.б.

Қазақ жеріндегі мұсылман мектептері оқушылар құрамы жағынан кішігірім мектептер болды. Көбінесе олар киіз үйге орналасты, мектеп жабдықтары мен оқу құралдары болмады. Байлардың қаражатына қалаларда салынған медреселер ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, оқу программалары және тұрақты сабақ кестелері болмады. Мектептерде діни кітаптардың мағынасына түсінбей, тек қарасын оқып білу үйретіліп, балаларға ешқандай ғылыми білімдер берілмеді.

Өйткені оқу ана тілінде жүргізілмей балаларға түсініксіз араб тілінде жүргізілді. Оқушылар араб әріптерін оқып үйрену үшін айлап, жылдап уақыт кетірді.

Көптеген мектептерде оқуды хат танитын сауаты ғана бар молдалар оқытты. Олардың ұстаздық қызметке ешбір даярлығы болмайтын. Оқудың басталатын белгілі уақыты болмағандықтан, әр бала қалаған уақытта болмағандықтан алынып, молда олардың әр қайсысын жеке оқытты. Балалардың бәрі бір киіз үйде отырғаны болмаса, олардың әрқайсысы жеке тапсырма алды. Мектеп пен медреселерде оқығаны үшін балалар ақы төледі. Шәкірттер аптасына бір рет бейсенбі сайын молдаға ақшалай және заттай ақы төлеп тұрды.

Ал оқу аяқталғанда бағалы сыйлықтар беруге тиісті еді.

Бірте-бірте мектептерде ана тілінде ғылыми білім беретін пәндерді оқытуда жаңа әдістерді қолдану орын ала бастады. Жаңа әдіспен оқытқанмен оларда ескі мектеп, медреселер сияқты діни догмаларды тарататын және Ислам дінін нығайту үшін мұсылман миссионерлерін даярлау жолында қызмет ететін мектептер болды.

Ислам дүниетанымынды Алла болмыс дүниенің барлығын жаратқан секілді, адамдыда жаратады. Жаратылған барлық нәрселер арасында адамның биікте тұрғаны орны бар. Бұл ерекшелікке адамның ие болуы, Алланың оны жарату кезінде өзінің рухынан үрлегендігіне байланысты. Ислам дүниетанымында адам екі жақты жаратылған. Оның негізінде періштелерді өзіне сәнді еткізетін ұлы құдырет болуымен қатар, оны әдептілік, моральдық тұрғыдан жаман қасиетке ие қалдыратын ерекшелік болуда. Адамның осы жаман жағын құран тілге былайша келтірді: (Адам әлсіз түрде жаратылды

Міне, адам жақсылық пен жамандық арасында қалған бір жаратылыс иесі болып саналады. Егер адам жақсылыққа жөнеліп, қасиеттерін осы тұрғыдан жетілдірсе, моральдық тұрғыдан жақсы. Жамандықты таңдап, өзін тұрғыда дамытса, жаман әдетті болып саналады. Ислам дінінің мақсаты –адамдарды жақсы әдет-ғұрыпқа сай тәрбиелей отырып, оны қиындықтардан құтқару, оны жақсы әдет-ғұрып иесіне айналдыру. Жақсы әдепті адамның ерекшелігі – ол жаман қылықтардан өзін аулақ ұстап, жақсылықтарды қалауы және оны іске асыруы болып табылады. Этика ғылымының негіздері кез-келген адам үшін керек, үйретілуі және іске асырылуы тиіс нәрсе. Осы тұрғыдан этика өте қажетті әлеуметтік реттеушілік қызмет атқарады.

Ислам діні - ( араб тілінде, сөзбе-сөз –бағыныштылық, өзін бағыныштау құдайға ) –дүние жүзіне кең таралған діндердің бірі. Ислам дінін әріптеушілер – мұсылмандар. Таяу Шығыс және Африка халықтарының басым көпшілігі Ислам дініне сенеді. Қазір дүние жүзінде шамамен 500 миллиондай мұсылман бар. Мұсылмандар Албания, Балгария, Қытай халық Республикасы Югославия Үндістан сияқты елдерде де көп. Ислам дініне сенушілер Орта Азия республикалары мен Қазақстан, Азербайджан, Дағыстан, Татар және Башқұрт АССР-і халықтарының арасында әлі де кездеседі.

Ислам діні негізінен екі тармақтан тұрады. Суына –мұсылмандардың әдет – ғұрыптары мен этикалық тәрбиесін белгілейтін . Құранның қосымша ережелерінің жинағы Иллинизм жолын ұстаушылар Ғұсман Құранның және екі нұр теориясын мойындайды. Олар Қасіреті Ғалиды және оның ұрпақтарын өздерінің заңды басшылары деп санайды. Шимттер қазіргі мұсылман жұртшылығының едәуір бөлігі. Олардың көпшілігі Иранда, Иракта, Иеменде және басқа да мұсылман елдерінде тұрады. Шинизмнің харижиліктер, исламшылар т.б. ірі секталары мен арабияда ғана кездеседі. Шинизмнің енді бір ірі сектасы – Ислам қауымы.

Батыс Европа елдері мен АҚШ-та Ислам дінінің шығуы мен даму тарихына, оның қазіргі кездігі жағдайына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Париж , Стамбул, Мюнхен қалаларында дін мәселелерін талқылауға арналған халықаралық конгрестер өтізілді.

АҚШ-та қазір Құран суретші насихаттайтын әр түрлі кітаптар шығарылды. Американ империалистерінің қолдануымен Анкара университетінің дін факультеті жанынан, сондай-ақ Корачиде журналдар шығып тұрады. Лондон түбіндегі Уокингте Ислам дінін ұстаушылардың басын қосып отырған Шах-Жохан мешіті бар.

Лондон маңында «Исламдық ревью» атты журнал шығарылды. Ислам дінің 4 орталығы бар. Олар: Ташкент, Баку, Уфа, Буйнакс қалаларында орналасқан. Ислам дінін уағыздауға қажетті мамандар Бухарадағы «Мир-Араб» медресе және Конрдегі Әл-Азғар діни университетінде даярланады.

Ислам діні – салауатты өмірге шақыратын дін. Ислам әлемі – ғылыми, қайырымдылық иман, шапағат, мәдениет, өркениет. Қазақстанға Ислам дінінің таралғанына мың жылдан асыпты. Осы уақыт ішінде ол көптеген халықтар санасына бүкіл адамзатқа ортақ биік моральдық құлдылықтарды, рухани пәктікті, имандылықты, салауаттылықты етті.

20 дәріс



Батыс қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Дәрістің мазмұны:
Тақырып: кеңес дәуіріндегі ресей мектебі мен педагогикасы дәрістің мазмұны:
Тақырып: хү ғасыр мен хіх ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы қазақтандағы педагогикалық ой-пікірлер.
Тақырып: хх ғасырдың басында қазақстандағы педагогиканың дамуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу