Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты


Жалқықтану сатысы (фаза экссудации – вторая фаза)



бет3/15
Дата12.05.2024
өлшемі315,63 Kb.
#202011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Жалқықтану сатысы (фаза экссудации – вторая фаза).

  • Бұл кезде периодонтта жалқықтану үрдісінің күшейіп, периодонт саңылауында қысымның артуына байланысты солқылдап толассыз мазалайтын ауыру сезімі пайда болады. Ауыру сезімі көпке дейін бір деңгейде сақталады немесе бірте-бірте күшейе түседі және көрші тістерге аймағына тарлады. Тіспен ас шайнағанда, қарсы жақ тіс немесе тіл тиіп кеткенде қатты ауырады. Кейде тісі сырқат адам тісін «өсіп» немесе «ұзарып» кеткендей сезінеді және қозғалмалы бола бастағанын байқайды. Мұның себебі – түбір ұшы периодонты аймағындағы коллаген талшықтарының домбығуы және жартылай ыдырап бұзылуы нәтижесінде периодонттың тісті ұясынан шығармай ұстап тұру қызметінің бұзылуына байланысты қабыну аймағында жиналған сарысуылы немесе іріңді жалқық тісті итере бастайды. Қарап тексергенде сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады, сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі болмайды, сауыт қуысы көбінесе ашық. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру деңгейіне ешқандай әсер етпейді. Сауыт қуысы жабық болған сирек жағдайда тістің ЭҚ 100 мка жоғары. Кейде тісте ұлпа қабынуын емдеу сатысында қойылған уақытша пломбы болуы да мүмкін. Қағып тексергенде сырқат тіс қатты ауырады (барлық бағытта), аздап қозғалмалылы боладыар. Тіс төңірегіндегі қызыл иектің кейде қызарып домбыққаны байқалады, түбір ұшы аймағындағы ауыспалы қатпарды сипап тексергенде ауырады.
  • Кейбір жағдайларда жақ сүйегін қоршаған жұмсақ тіндерде коллалатеральды домбығу байқалады, ауыспалы қатпар тығызданып (жасушалық инфильтрат пайда болуы нәтижесінде) тегістелгені анықталады. Осыған орай дер кезінде стоматологиялық көмек көрсетілмесе, тіс аймағындағы периостың жедел қабыну белгілері дамиды. Бұл кезде организмнің реактивтілігіне байланысты дене қызуы көтеріліп, тісі сырқат адамның басы ауырып, жалпы жағдайы нашарлайды. Кейде қанда да өзгерістер орын алуы мүмкін (лейкоцитоз – 15-20*109/л, ЭШЖ-жоғарылайды). Сырқат тіс жақтағы төменгіжақ асты, кейде иекасты лимфа түйіндері ұлғайаяды жіне ауырады.
  • Жоғарғы кіші және үлкен азу тістер периодонтындағы жалқық Гаймор қуысына өтіп, онда қабыну үрдісін туындатуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет