Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты


Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі



бет7/15
Дата12.05.2024
өлшемі315,63 Kb.
#202011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

  • Көбірек өршуге ұшырайтын – периодонттың созылмалы гранулденіп және гранулемаланып қабынулары. Периодонттың жедел қабынуына қарағанда өрши қабынуы жиірек кездеседі. Өршудің басты себептері – организмнің қорғаныс қасиетінің төмендеуі (жедел жұқпалы аурулармен ауру, бойындағы созылмалы аурулардың өршуі, суыққа шалдығу), тіске шайнау күшінің көбірек түсуі, периодонттың созылмалы қабынуының емін дұрыс жүргізбеу.
  • Периодонт қабынуының өршуінің клиникалық белгілерінің ерекшеліктенуі созылмалы қабыну кезіндегі түбір ұшы төңірегіндегі тіндердегі деструкциялану үрдісінің деңгейіне байланысты. Сондықтан сырқат тісте ауыру сезімі қабыну ошағында біраз мөлшерде жалқық жиналғаннан кейін ғана мазалай бастайды.
  • Бұл кезде сырқат тістің толассыз сыздап, немесе солқылдап ауыруы, тістің тез арада қозғалмалы болуы, жұмсақ тіндердегі коллатеральды домбығу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, тіс тұсындағы ауыспалы қатпардың тегістелуі, сипап тексергенде ауыратындығы сияқты белгілер пайда болады. Кейбір жағдайларда сырқат тіс аса қатты мазаламай-ақ, бірінші кезектегі белгілер қатарына сырқат тіс төңірегіндегі және алыстау аймақтардағы жұмсақ тіндерде коллатеральды домбығу және ісіну белгілерінің орын алуын жатқызуға болады.
  • Бұл кезде сырқат тісті қағып тексергенде, аса көп ауыру сезімі болмайды, керісінше көрші тұрған тістер көбірек ауырсынады, тіс аздап қана қозғалуы мүмкін. Сырттай қарап тексергенде, бет аймағында асимметриялану белгілерін көруге болады. Сонымен қатар дымкәстік, бас ауруы, ұйқының қашуы, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбеттің шаппауы сияқты белгілермен қатар, қанда анықталатын лейкоцитоз, ЭШЖ (эритроциттердің шөгу жылдамдығының) жеделдеуі периодонт қабынуының өршуіне де тән. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі (әр түрлерінің) 37% жағдайда жақсүйек аймақтарындағы абсцесстер және флегмоналармен асқынады екен (Боровский Е.В., 2002). Рентгендік тексеру кезінде периодонтта әртүрлі көлемді деструкциялану ошақтары байқалады. Сондықтан, периодонттың фиброзды қабынуы болмаса, гранулденіп және гранулемаланып қабынуының өршуін бір-бірінен ажырату қиындау болады.
  • Периодоннттың созылмалы қабынуының өршуі кезінде тағам шайнағанда сырқат тісте аса қатты ауыру сезімі болмайды (периодонттың жедел қабынуына қарағанда). Түбір ұшы аймағындағы альвеоланың қатты сүйек қабатының ертеректе бұзылуына байланысты жиналған жалқық кедергісіз сүйек қабы астына өтіп, жақын орналасқан жұмсақ тіндерде коллатеральды домбығуды ертерек туындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет